Жеке тұлғаның тәрбиесі, қалыптасуын зерттеу


Тақырыбы: Жеке тұлғаның тәрбиесі, қалыптасуын зерттеу
ЖОСПАР
І. КІРІСПЕ БӨЛІМ . . . 3-4 бет
IІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ: Жеке тұлғаның тәрбиесін қалыптастырудың теориялық негіздері
ІІ. 1. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудың мәні, мазмұны мен міндеттері . . . 5-16 бет
ІІ. 2. Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерінің ерекшеліктері . . . 16-22 бет
ІІ. 3. Бастауыш сынын оқушылары: Жеке тұлғасын қалыптастыруда мектеп пен жанұяның бірлескен жұмысының бүгінгі күнгі ерекшеліктері . . . 22-26 бет
ІІ. 4. Адам дамуына ықпал ететін факторлар . . . 26-30 бет
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ . . . …… . . . 31-32 бет
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . …. 33 бет
Кіріспе
Қазақстан Республикасы тәлім тәрбие тұжырымдамасында: «тәрбиенің негізгі мақсаты - дені сау, ұлттық сана - сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар - ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу» - деп көрсетілген. Осыған байланысты, жас ұрпақтың жеке тұлғасын қалыптастыру - қазіргі кездегі тәрбие мен білім берудің басты көкейтесті мәселелерінің бірі болып табылады.
Осы орайда, Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңында Елбасымыздың «Болашақ», «Дарын» бағдарламаларында, «Қазақстан - 2030» атты Қазақстан халқына жолдауында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында» білім беру саласындағы мемлекеттің саясаттың басты принциптері ретінде жеке адамның білімділігін ынталандыру және дарындылығын дамыту, білім берудің дамытушы сипатын арттыру мәселелері айқындалып, басымды міндеттер қатарына қойылған.
Бұл міндеттерді жүзеге асырудың бір жолы - оқушылардың тұлғасын қалыптастыруда мектеп пен жанұяның ынтымақтастық жұмысын дамытудың және оның тиімді әдістемесін жасау болып табылады.
Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке кіруі, демократиялық дәстүрге өту жағдайында халықтың ғасырлар бойы жинақтаған жалпы адамзаттық құндылықтар мұрасына ден қоюы адамгершілік, гумандық процестің айқын көрінісіне айналуда. Бұл мәселе, соңғы жылдар ішінде ғалымдардың зерттеу обьектілеріне айналуымен қатар, мектеп мұғалімдерінің тәжірибесінде бастауыш мектеп оқушыларын жеке тұлға етіп қалыптастыруда олардың қасиеттерін жан-жақты дамыту басты нысанаға алынған.
Жеке тұлға өзіндік құндылық. Оның тұлғалық қасиетінің дамуы мен қалыптасуы мектепте оқыту мен тәрбиелеудің басты мақсаты болуы керек.
Бұл жөнінде ежелден - ақ ұлы ойшылдарымыз Әл - Фараби, Ж. Баласағұн, Ұлы Абай ерекше толғанған, сондықтан еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды үнемі көтеріп отырған Д. Кішібеков, Р. Н. Нұрғалиев жеке тұлғаның дамуы - қоғамдық қатынастардың нәтижесі деген философиялық тұжырым жасаған.
Оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру үшін, ол күн сайын жанұя мүшелері арасындағы ең жарасымды, ең әділетті қарым - қатынастардың куәсі болуы қажет. Жанұя мүшелері бір - бірімен тату - тәтті, өзара түсінікте болса, одан адамгершілік пен әділеттің, көрінісі айқын сезіліп тұрады. Жанұяның бірлігі мен ынтымақтастығы оның құрамындағы адамдардың бір - біріне деген қамқорлығынан, тіпті бірыңғай саяси көзқарасты ұстануымен, соған орай, ерлі - зайыптылық және ата - ананың сезімін терең түсіне білулерінен байқалады.
Жанұя мен мектептің ынтымақтастығының негізгі міндеті - баланың тұлғасын қалыптастыруға, жарқын сезімдер мен нұрлы мұраттарға тәрбиелеу және адамдар арасында өмір сүре білуге үйрету. Бұл қасиеттедің барлығы - негізінен жанұя мен мектепте, яғни жан иелерін тәрбиелеп шығаратын ортада дамып, қалыптасып нығаяды.
Барлық зерттеу жұмыстары баланы өмірге дайындауға жанұя тәрбиесіне үлкен жауапкершіліктің жүктелгенін көрсетеді. Әділдік пен бауырмашылдық, өзара түсінушілік, ата - анаға және туған туыстарына деген сүйіспеншілік пен сыйластық, отанға және айналадағы қоршаған табиғатқа деген махаббат, адамдарға және еңбекке леген құрмет тағы да сол сияқты тұлғалық қасиеттер баланың кішкентай кезінен жанұяда және мектеп қабырғасында қаланады. Сондықтан, жанұядағы, мектептегі және айдаладағылармен қарым-қатынас жасаудың дұрыстығы өте маңызды. Соңғы жылдары Азаров Ю. П, И. В Гребенников, А. И. Лихачев, Ю. П Петров, А. О Пинт және т. б жанұяда баланың тұлғасын қалыптастыру мәселелерін зерттеген ғалымда, ал Қазақстанда Ж. Б Қоянбаев, Р. М Қоянбаев және т. б жанұяның мектеппен ынтымақтастығы мәселелерін зерттеген.
Көрнекті педагогтар К. Д Ушинский, А. С Макаренко, В. А Сухомлинский, Ы Алтынсарин шығармаларында оқушы тұлғасын қалыптастырудың жолдары қарастырылса, оқушы тұлғасын қалыптастыруға бағыт-бағдар беруді ең алғаш тәрбие жұмысының мазмұнына енгізген белгілі педагог ғалым М Жұмабаев болды. Психологтар мен педагог ғалымдар Ж. Пиаже, Л. С. Выготский, Л. С Рубинштейн, Л. В. Зоньков, А. Н. Леонтьев, Д. Б. Эльконин, А. Г. Ковалевтің және Қазақстандық көрнекті ғалымдар Т. Тәжібаев, С. Қ. Қалиев, К. Ж. Қожахметовалар өз еңбектеріне жеке тұлғаны дамыту мәселелеріне теориялық және практикалық талдау жасаған.
Оқу-тәрбие процесінде баланың тұлғалық қасиеттерін дамыту мәселесі Ш. А. Амонашвили, К. К. Платонов, В. С. Библер, Б. М. Теплов, А. Н. Лук, Б. Т. Ананьев, В. А. Крутецкий, В. И. Кириенко, Н. С. Лейтес, А. В. Петровский, В. Т. Пушкин, Д. Б. Богословский, В. Ш. Андреев, Г. А. Давыдова және т. б еңбектерінде қарастырылады. Қазақстанда бұл мәселеге назар аударған ғалымдар М. Ә. Құдайқұлов, Е. Ө. Жұматаева, А. Б. Мырзабаев, Л. Т. Дирксен, К. К. Жұмадилова, және т. б.
Көптеген психологтар М. Мұханов, Қ. Жарықбаев, А. В. Петровский және т. б ғалымдардың айтуы бойынша бастауыш сынып кезеңі орта мектеп оқушыларының І - ІҮ сыныптарын және 6-11 жас аралығын қамтиды. Бұл кезеңнің негізгі психологиялық ерекшелігін оның өз бойында мектеп жасына дейінгі балалық шақтың белгілерін оқушының ерекшеліктерімен ұштастыратын өтпелі кезең. Бұл белгілер - оның мінез-құлқында, санасында күрделі, ол кейде қайшылықты үйлесім түрінде қатар жүреді. Кез келген өтпелі күй сияқты бұл кезең «Көзі ашылмаған балалықтай» даму мүмкіндіктеріне бай, оларды дер кезінде байқап қолдап отыру маңызды. Адамның көптеген психикалық негіздері бастауыш сынып кезеңінде қалыптасады және әдетке айналады.
ІІ. Жеке тұлғаның тәрбиесін қалыптастырудың теориялық негіздері.
ІІ. 1. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудың мәні, мазмұны мен міндеттері.
Педагогика ғылымының соңғы жетістіктері тұрғысынан қарағанда, бастауыш мектеп оқушысы жеке тұлғасын, қалыптастыру өзекті мәселенің біріне айналды.
Баланың жеке тұлғасын дамыту ісінде тәрбие институттары ішінде мектепке ең күрделі міндеттер артылады. Алайда, ол мектепте жеке тұлғаның дамуын оқу қызметіндегі бірінші кезектегі міндет деп танығанда ғана іске асады.
Соңғы психологиялық-педагогикалық зерттеулер осы күрделі міндетті шешу мектепте, ең алдымен, оның бастауыш буынында, оқу мазмұны мен әдістерін түбегейлі өзгертумен байланысты екендігіне көз жеткізеді. (Ш. Амонашвили, В. Давыдов, Л. Заньков, В. Репкин, Д. Эльконин және т. б. )
Бастауыш мектептегі оқытудың жаңа эксперименттік жүйелері шеңберінде мектеп окушысы жеке тұлғасының мотивациялық қажеттілік саласында елеулі өзгерістерді айқындайтын фактілер жинақтала бастады. Сөйтіп, оқу және тәрбие арасындағы байланысты айқындайтын педагогикалық тәжірибе пайда болды. Бұл оқушының жеке тұлғасы дамуының заңдылықтарын зерттеу міндетін толық мөлшерінде қоюға мүмкіндік туғызды. Осы міндетті шешумен 70-90 жылдары ғалымдар ұжымы айналысты. Ол оқу материалы мазмұнын талдау және жинақтау ұстанымы негізінде бастауыш мектепте оқу қызметін қалыптастыру шеңберінде жүзеге асты (Д. Эльконин, В. Давыдов тұжырымдамасы) .
Бұл эксперимент, біріншіден, зерттеудің тұтастығын талап етті. Сол себептсн оқушы тұлгасының дамуын, сынып ұжымын және оларды біріктіретін оқу қызметін зерттеу міндеті бірге қамтылды. Біріншіден зерттеу эксперименттік-эстетикалық болды. Баланың жеке тұлғасы мектепте болған кезең бойы оқу қызметіне кіріскен сотпен аяқталған дейін зерттелді. Бұл дамудың психологиялық механизмдерін, бір жастан келесіге ауысу кезіндегі өзгерістерді айқындап баяндауға мүмкіндік берді.
Жеке тұлғаның оқудың екі амалындағы даму нұсқаларын салыстырып талдау көзделді: біріншісі, білім берудің бұқаралық жүйесінде қалыптасқан және қарапайым дағдылар мен ептіліктерді қалыптастыруға (бағытталады; екіншісі, оқу пәндерінің мазмұны теориялық ұғымдар жүйесіне негізделеді. Мектеп оқушылары ұғымдардың пайда болуын оқу үрдісінің орталық буынын құрайтын ортақ ұжымдық жұмыс барысында оқып үйренеді.
Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде бастауыш мектепте бала тұлғасының мотивациялық құрылымында түбегейлі өзгерістер болатыны анықталды. Олар балалардың танымдық мүдделерінің жедел қалыптасуы негізінде оқу қызметі мотивтерінің қайта құрылуынан басталады. Олар бастауыш мектеп жасының аяғына таман жинақталып қалыптасады да, баланың әр түрлі оқу материалына көзқарасы, арқылы айқындалып қызығуын қанағаттандыратын көздерді өз бетімен іздеуге жетелейді. Яғни, оқу-танымдық мотивтер оқуда ғана емес, оқушы тіршілігінің бүкіл жүйесінде жетекіші орын адады. Өйткені, осы мүдделер ортақ ұжымдық қызмет барысында пайда болады, оларды бала толық қоғамдық формасы - топтық құндылық бағдары ретінде ұғынады.
Дамыта оқыту теориясы шеңберінде де әр түрлі мәселелер бойынша қатар зерттеулер жүргізілді. Олар - бастауыш сыныптарда дамыта оқытуды теориялық және әдістемелік қамтамасыз ету (В. Ренакин), оқу барысында жеке тұлғаның дамуы (А. Дусавицкий), оқу барысындағы қатынас түрлері (Г. Цукерман), оқу қызметінің қалыптасу деңгейіне баға беру (В. Репкина) және т. б.
1995-1996 жылдары В. Репкиннің басшылығымен мектептерде арнайы тексеру жүргізілді. Тексеру бастауыш мектептегі оқу жылының аяғында Эльконин-Давыдовтың жүйесі бойынша оқу қызметінің қалыптасу деңгейінің негізгі көрсеткіштерін белгілеп, олар тұжырымдаманы және мектеп-зертхана жағдайындағы жүйесін әзірлеу кезіндегі көрсеткіштерімен, сонымен қатар қазіргі мектепте іске асырылатын өзге оқыту жүйелерін сипаттайтын деректермен салыстыруды көздеген, нәтижесі мынадай болды. Тексерілген сыныптардың 80 пайызында мұғалімдер дамыта оқыту жүйесі жобасын жүзеге асыруды қамтамасыз еткен. Оқу қызметінің қалыптасуы, оқушылардың интеллектуальды дамуы, сондай-ақ оқу ұжым мен жеке тұлғаның даму көрсеткіштері мектеп-зертхана жағдайында тіркелген көрсеткіштермен бірдей болған. Бұл дамыта оқыту жүйесі жобасының пайдалылығын дәлелдеді. Сонымен қатар, зерттеу осы жүйені игеруге байланысты кейбір мәселені айқындап берді. Мұғалімдердің, көбі 80 пайызға дейін) жүйе жобасының негізін құрайтын педагогикалық қызмет жүзеге асыру барысында, әсіресе, ұйымдастыру-коммуникациялық деңгейінде кездесетін елеулі қиындықтарға ұшырасқан.
Алынған нәтижелерге теориялық талдау, А. Дусавицкийдің «Жеке тұлғаны оқу барысында дамыту» еңбегінде жасалған. Талдау бастауыш мектепте оқуды ұйымдастыру әдісі және бала тұлғасын дамыту арасындағы байланыстың психологиялық механизмдерін айқындауға мүмкіндік берді. Қазіргі жағдайда бастауыш мектеп кезеңі - қоршаған ортаға деген субьективтік эгоцентристік көзқарастың объективтік (танымдық, өнегелік) көзқарасқа ауысуына ең қолайлы мезгіл екендігі көрсетілді. Алайда, бұл оқу мазмұны мен оқыту әдістерін түбегейлі өзгерту жағдайында мүмкін болады.
Балалар қарым-қатынасында алуан түрлі тұлғааралық байланыстар құрудың өзгермелі үрдісі бала тұлғасы сана-сезімінің дамуына ықпал етеді: алдымен, оқудағы жетістіктерін дәл бағалауға қатысты, екіншіден жеке тұлғаның моральдық қасиеттеріне байланысты. Қарым-қатынас барысында белгілі жұмысты атқаруға орай қасиеттер емес, баланың тұлғасы, оның адамгершілігі үлкен маңызға ие болады.
Сөйтіп, бастауыш мектеп жасында келесі кезеңдерге өтуді қамтамасыз ететін тұлғалық әлеует қалыптасады. Орта және жоғары сыныптарда жеке
тұлғаның тұрақты кұрылымы қалыптасатынын зерттеулер байқатты. Оның негізін тіршіліктің саналы мотиві ретінде айқындалатын идеял құрайды. Оқушылардың өмірі туралы анық түсінігі қалыптасады, бұл имандығын саналы түрде таңдауды қамтамасыз етеді. Оқу мерзімі бойы сынып ұжымы құрбылар үшін негізгі референттік тән нағыз тәрбие ортасы болып қалады.
В. Давыдов оқу қызметінің, құрылымында оқу қажеттілігі, мотивтер, міндеттер, әрекеттер мен операциялар секілді бөліктерді атап көрсетеді. «Мектептің бірінші сыныбына келген балаларда оқу қызметінің біртұтас құрылымы болмайды. Қолайлы жағдайда ол мектеп қабырғасында бірнеше жыл ішінде, әсіресе, бастауыш сыныптарда қалыптасады» - дейді ғалым. Бастауыш мектепте оқу қызметінің негізгі және жекеше түрі болып табылады. Оны атқару барысында оқушылардың бойында жаңа психикалық құбылыстардың дамуына негіз қалайтын және ең алдымен, заттардың пайда болу және даму заңдылықтарын ашуға бағытталған теориялық ойлау негізінде дамиды. «Педагогика ғылымы теориялық жағынан іргелілік сипатта болса, тәрбие мен оқытудың теориясын іске асыру жағынан қолданбалы сипат алады.
Тұлғаның құрылымдық компоненттері үш бөліктен тұрады. Біріншіден, оның ақыл-ойын дамыту арқылы санасын жетілдіру, екіншіден азаматтық өркениетті тұлғаның біртіндеп сіңіру, үшіншіден, жеке тұлғаны іс-әрекетке ендіру арқылы өзін-өзі тәрбиелеуге белсене қатыстыру. Тұлғаны тәрбиелеп жетілдіруде осы үш компонент тығыз бірлікте қызмет етеді.
Әлеуметтік көзқарас тұрғысынан қарағанда, тәрбиеге қоғамдық бақылау және түзету енгізетін, жастарды мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар арқылы басқарып бақылайтын, қоғамның қазіргі және болашақ өміріне мақсаттылықпен даярлау ісі деп қараймыз. Тәрбие ісі адамның қабілетін қоршаған ортада және оның санасында қалыптастыруды мақсат ететін болғандықтан, ол психологиялық процесс.
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерін қалыптастырудың мазмұны мен міндеттері тәрбие бағыттарымен өзара тығыз байланысты дамиды.
Бастауыш сынып оқушыларының тұлғалық қасиеттерінің бірі - оның интеллектуалдық мәдениетін қалыптастыру болып табылады. балалардың интелектуалдық мәдениетін қалыптастыруда мынадай міндеттерді шешу арқылы жүзеге асады:
- Оқушылардың пәндерге қызығуға, алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу;
- Табиғат құбылыстарын және өмірді дұрыс қабылдай білуге тәрбиелеу.
Балаларды бірінші сыныптан бастап, мектепте алған білімінің өмірлік қажеттілігін түсіндіре білуге үйрету қажет, олардың оқуға ынтасын арттыру, сабақ үстіндегі белсенділігін қалыптастыру орынды; әр оқушыны сыныптың жалпы шараларына қатысуға, сыныпта және үйде тапсырмаларды үнемі орындауға бағыттап отыру керек.
Бастауыш сынып оқушыларында бақылау, салыстыру, зерттеліп отырған құбылыстардың ішінен жалпысын және ерекше көзге түскенін бөліп ала білу сияқты ойландыратын істерді дамыту қажет, сондай-ақ оқу еңбегін ұйымдастыру, алған білімдерін өмірде қолдана білу, балалардың мезгілді баспасөздерді, жазбаша және ауызша мазмұндамаларды өздігінен оқу, өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын қалыптастыру керек.
Бастауыш сынып оқушыларын жақсылықты жаманшылықтан айыра білуге үйрету, достыққа, жолдастыққа, ұйымшылдыққа, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу қажет.
Бастауыш сынып оқушыларының жеке тұлғасын қалыптастыруда мынадай басты ерекшеліктерді есепке алу қажет:
- Өз Отанына, еліне деген сүйіспеншілікті ету, сондай-ақ көрші елдерге деген достық қатынасты сіңіру, мейірімділікке, қарапайымдылыққа, адалдыққа, әділдікке, шындыққа, міндеттілікке тәрбиелеу;
- Үлкендерге құрмет көрсетуге, туыстық қарым-қатынасты бағалауға үйрету;
- Зұлымдыққа қарсы тұра білуге, немқұрайдылықты жоюға тәрбиелеу;
- Үсті-басын ұқыпты ұстауға, ұқыптылыққа, мәдениетті сөйлеуге, қоғамдық орындарда ұстамды болуға, мәдениеттілікке, қонақжайлылық көрсете білуге тәрбиелеу;
- Ой және дене еңбегін ажырата білуге, қоғамдық-пайдалы еңбектің мәнін түсіне білуге, мектепте алған біліктерін өмірде қолдана білуге, әрбір істе жауаптылықты сезінуге үйрету;
- Еңбек үрдісінде бастысы - жұмыс орнын таза ұстауға, жұмыс аспаптарына ұқыптылықпен қарауға, ұжымда ынтымақты болуға, кәсіптің ұлттық түрін, соның ішінде зергерлік өнерді игеру мүмкіндігін жасауды үйрету;
- Еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу және қоғамдық меншікті жеке меншіктіктен ажырата білуге баулу;
- Буды, ауаны және еліміздің кеңістігіндегі космостық тазалықты сақтауға қабілетті ұрпақ тәрбиелеу.
Бастауыш сынып оқушыларының экологиялық және экономикалық мәдениетін қалыптастыруда табиғатты қорғауға, жерді, суды және т. б. өз заттарын ұқыпты пайдалануға, ұжымдық, еңбексүйгіштік, ұқыптылық, тәртіптілік, мүдделік сезімдері мен қасиеттерін дамытуға мүмкіндік береді.
Әр оқушының өз әлсіздігі болады және әрқайсысынан өзіне тән жақсы сапаларды да табуға болады, мысалы жинақтылық немесе басқалармен қарым-қатынас жасай білу. Оқушының мінез-құлқының жақсы жақтарына сүйене отырып, оның өз күшімен мүмкіндігіне сенімін арттыру керек.
Бастауыш сынып оқушыларының бойында табиғатты қорғаудың алғашқы ұғымдарын қалыптастыру орынды және оларға адамның еңбекке қабілеті табиғатқа байланысты болуының мәнін, адамның табиғатты өз қызметінде пайдалануы туралы түсіндіру қажет.
Қоғамдық пайдалы еңбектің қажеттілігін сынып ұжымының істеріне қатысудың өркениетті, демократиялық қоғамдағы өмірін білудің қажеттілігін түсіндіріп тәрбиелеу орынды.
Адамгершілік тәрбиесі үрдісінде ерте кезден бері қалыптасып келе жатқан құрмет көрсетушілік, адалдық және ұждандық, кішіпейілділік пен мейірімділік, қарапайымдылық және басқа да маңызды адамдық сапалар ұстанымын оқушылардың игеруін қамтамасыз ету қажет. Ата-аналар мен үлкендер отбасындағы балалар тәрбиесіне, өзара достық қарым-қатынасқа, сондай-ақ аса маңызды іске қоғамдық орындардың қатысуына көңіл бөлу керек.
Оқушыларға экологиялық тәрбие беруде табиғат әсемділігін түсіну арқылы адамдықтың жақсы сапаларын қалыптастыруда үлкендерге көмек көрсету жүзеге асырылады.
Рухани-адамгершілік тәрбиесі еңбекке дұрыс көзқарас қалыптастыруды да қарастырады. Сондықтан мұғалімнің басты міндеттерінің бірі оқушылардың бойына адам еңбегін құрметтей білуді, адам өміріндегі еңбектің рөлін түсіне білуді дарыту болып табылады.
Бастауыш сынып оқушыларын кез келгсн жұмысты тиянақты дер кезінде орындай білуге, басталған істі ақырына дейін жеткізе білуге, еңбек мәдениетінің қарапайым элементтеріне, ұжымда еңбек ете білуге, жұмыс орнын таза ұстауға, еңбек құралдарын дұрыс пайдалана білуге үйрету керек.
Бастауыш сынып оқушыларында қоғамдық-пайдалы еңбекке қатысуға, өзінің еңбегімен басқаларға пайда келтіруге ынтасын тәрбиелеу, сонымен бірге өздігінен бастама жасай білу қабілетін қалыптастырған орынды.
Оқушыларды бірінші күннен бастап жеке басының
заттарына (киімге, оқу құрал-жабдықтарына, ойыншықтарға, көрнекі құралдарға, кітапхана кітаптарына, бәрі ойнайтын ойыншықтарға, әлдекімнің еңбегімен жасалынғанның бәріне ұқыптылық көзқарасқа тәрбиелеу қажет.
Экономикалық тәрбие оқушылардың бойында жинақылықты, ұқыптылықты, сапалы өнім даярлай білуді қалыптастыруды және дамытуды қарастырады. Оларға қазіргі, нарықтық дәуір жағдайларында экономикалық тәрбиенің ерекше маңызға ие болатынын жан-жақты түсіндіру қажет.
Бастауыш сыныптан бастап нарықтық экономикалық табыс, жалгерлік пен жалға алудың еңбек процесінде қоғамға пайдалылығы, жеке меншік пен мемлекеттік кәсіпорынның арасындағы айырмашылық, товар ақша айырбастау сияқты ұғымдарға үйрету қарастырылады.
Бастауыш сынып оқушыларын күн режимін сақтау арқылы уақытты үнемдей білуге; еңбек сабағында және оқудан тыс кезде жасалатын заттарға жұмсалатын материалдарды үнемді пайдалана білуге; өздері шығарған өнімдерден пайда ала білуге және ақау жібермеуге, жеке және мемлекеттік меншік арқылы алынған табыстың салмағын айыра білугс үйрету қажет. Ақшаны тиімді жұмсай білу арқылы тиыннан теңге құралатынын түсіндірген жөн. Еңбек сабақтарында немесе қызметтің басқа түрлерінде есеп жұмыстарының дағдыларын игеруге мүмкіндік жасау керек.
Оқушыларды әсемдікке тәрбиелеуде мынадай міндеттерді басшылыққа алу қажет.
Әсемдікті сезіне білу, түстерді заттардың сыртқы кескінін ажырата білуге және оны графика немесе сөз арқылы бере білуге, табиғаттың сұлулығын көре білуге тәрбиелеу.
Өнер туындыларын қабылдай білуді және оның мәдени құндылығын қорғай білуді қалыптастыру.
Ұлттық өнерге сүйіспеншілікті, киімді кие білуді, сыртқы пішіннің әсем болуына мән беруді, сол сияқты адамдардың мінез-құлқындағы белгілерін талғай білуді үйретіп тәрбиелеу.
Бастауыш сынып оқушылары көркем шығармалардан бастапқы адамгершілік және эстетикалық ұғымдарды, сондай-ақ, табиғаттағы, адамдық қызмет жөне өнер туралы ұғымдарды игеруі керек. Оқушылармен мәнерлеп оқуға, сурет салуға, музыкаға және биге қызығушылығын тәрбиелеуге бағытталған жұмыстар жүйесін жүргізу, сондай-ақ мектепке жақын орналасқан мәдени ескерткіштерімен және басқа да тарихи-этнографиялық құндылықтармен таныстыру қажет. Ұлттық түр өлшемдерін қалыптастыруда эстетикалық тәрбиенің (сыртқы түр киім үлгісі, ою-өрнек және т. б. ) маңызы зор.
Бастауыш сынып оқушыларын дене мәдениетіне тәрбиелеуде мынадай міндеттерді жүзеге асыру көзделеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz