Ана тілін оқыту әдіістемесі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжі

Реферат

Тақырыбы: « Ана тілі арқылы оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу»

Орындаған: Абилова А. Р.

Тексерген:

Қарағанды - 2014 ж

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім:

  1. Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру
  2. Ана тілін оқыту - ғылым, шығармашылық құбылыс
  3. Шәкәрім Құдайбердиевтің әдебиетке деген көзқарасы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Егеменді еліміздің жарқын болашағы болар жас ұрпаққа терең, мазмұнды білім беру мен ұлтын сүйер патриот азамат етіп тәрбиелеу - бүгінгі алға қойылған басты міндет. Ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар - бүгінгі мектеп оқушысы.
Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің негізгі идеялары Елбасының "Қазақстан-2030" стратегиялық жолдауында: "Олар . . . күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы, өз елінің патриоттары болады", -делінсе, ҚР-ның "Білім туралы Заңында" "Білім беру жүйесінің басты міндеттері азаматтық пен ел-жандылықты, өз Отаны ҚР-на сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрін қастерлеуге, әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқы мен республиканың басқа халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілдерін меңгеру" делінген. Осыған орай, бүгінгі жас ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеу, жеке тұлға талабы, қоғам қажеттілігі.
Ерте заманда елім деп еміреніп, егеулі найза қолға алып, еңку-еңку жер шалып, өз елін жаудан қорғау үшін қасықтай қаны қалғанша, ақтық демі біткенше алысқан, Махамбетше айтқанда "Қара қазан, сары баланың қамы үшін соғысқан" батырларымыз аз болмады. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Исатай, Махамбет, тағы басқа батырларымыздың ерен ерліктерін ерекше айтуға болады.
Халық ауыз әдебиетінің бір саласына жататын ел қорғау, батырлық істер жайында туған халық мақалдары да халықтың бұл ой-тілегі, арман-мүддесі, патриоттық сезімі, ұлттық мақтанышы қандай екенін көрсетіп отырады. Осы тақырыптағы мақалдар, ең алдымен кімге болса да, туған жер, өсіп-өнген ел - Отанды аса қажетті, қадірлі, қымбат деп көрсетеді. Мысалы: "Ел іші - алтын бесік", "Туған жердің топырағы да ыстық", Туған жерден топырақ бұйырсын деп, отансүйгіштік сезімді дәріптеген халқымыз "Отанды қорғау - азаматтық парызың" дейді.
Ал "Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі", "Елін суйген ер болар", "Ерлік білекте емес, жүректе" т. б. мақалдар өз елін жаудан қорғау үшін қасықтай қаны қалғанша, ақтық демі біткенше алысу, сөйтіп дұшпаннан Отанын қорғап қалу нағыз халқын сүйген әрбір адамның міндеті болатынын танытады.
Ұлттық зердеміз бен ой-санамызға бойтұмар болар қасиетті рәміздеріміздің тарихын, мән-мазмұнын білу Отанын сүйген әрбір азаматтың перзенттік борышы. Себебі, мемлекеттік нышандар арқылы да оқушылардың бойына еліне сүйіспеншілік, мақтаныш, патриоттық сезімдер табанды сіңері хақ. Сондықтан да Туымыз, Елтаңбамыз сияқты халықтың қасиетті белгілерін оқушы қауымға қайталап оқытып отырудың артықтығы жоқ. Осы орайда сыныбымда "Менің елім - Қазақстан", "Менің Қазақстаным - менің болашағым", "Елімнің ардақты белгілері", т. б. тәрбие сағаттарын өткізіп, шәкірттерімді ұлтжанды, отансүйгіш рухта тәрбиелеуге өз үлесімді қосып келемін. Тарих тағлымына адалдық, би-шешендеріміздің үлгі-өнегесін беріктік, шешендікке, өз елін сүюге деген құштарлық сөз өнерінің бір саласы әдебиет пәні арқылы жүзеге асады.
Көркем шығармалар, ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылықтарын оқыту жеке тұлғаның өз елінің ұлылары мен халықтың тарихын тануына кең жол ашады. Әдебиетімізде ондай шығармалар көптеп саналды. Солардың бірі букіл саналы өмірінде елінің болашағын жырлап өткен, халқына деген махаббатын тек поэзияда ғана емес, өмірде де, күресте де үлкен азаматтық пен қорғай білген Ж. Молдағалиевтің "Мен қазақпын" поэмасы. Ақын шығармасы өз ұлтын сүйетін жасқа үлгі болатын шығарма.
Поэманың негізгі тақырыбы - еліңе, жеріңе, өз ұлтыңа деген сүйіспеншілік. Өз ұлтын сүю - ұлтжандылық. Ақынның елі алдындағы бірінші - халқын, ұлтын таныта білу.
XVIII ғасырда "Дала Демосфендері" деп аталған үш бидің бірі Қаз дауысты Қазыбек би:
Біз қазақ деген мал баққан елміз,
Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Жау аяғына басылмаған елміз,
Дұшпан аяғына жаншылмаған елміз, -
десе, Жұбан ағамыз "Мен қазақпын" деп жырлап өтті. Ақын өмір сүрген кезең - кеңес дәуірі. Міне, сол кездің өзінде ақын атамыз қазақты бөліп алып, "Мен қазақпын" деп жырлады. Мұндай ерлік кез-келген адамның қолынан келмес еді", - деп ұғындыру оқушылардың поэманы оқуға деген қызығушылығын арттыра түсетіні сөзсіз.
Әдебиетті оқыту - ғылым, шығармашылық құбылыс. Олай болса, оқытудың нәтижелі, жемісті болуы, тәрбиені ұлттық бағытта өрістету, әдіс-тәсілдерді жүйелі қолдана білуге байланысты. Сөздік әдіс, көрнектілік әдіс, зерттеу әдістерінің әдебиет сабағына қосар үлестері мол. Мысалы: сөздік әдіс - әдебиет сабағының күре тамыры, себебі көркем шығармадағы сөздің мағынасын түсінбесе, одан ешқандай нәтиже шықпайды. Сондай-ақ, көркемдеп оқу әдісі - оқушының көркем шығарманы қабылдау белсенділігін, әсерлі сезімін дамытуда өте тиімді болып келеді.
Әдебиетті оқытуда кейіпкерлерді салыстырмалы әдіс-тәсілмен түсіндіру де пайдалы. М. Жұмабаев пен С. Сейфуллин шығармаларын оқыту кезінде салыстыру әдісін өз тәжірибемде былай пайдаландым:
Салыстыру әдісі
М. Жұмабаевтың "Батыр Баян" поэмасы С. Сейфуллин "Көкшетау" поэмасы
Оқиға орны - Көкше
Кейіпкерлері - Абылай, Батыр, қалмақ қызы.
Оқиға - Абылай жорығы, қазақ-қалмақ арасындағы шабуыл.
Ерекшелігі - Батыр Баян. Халықтың намысы ушін тұтқын қыз түгілі туған бауырын да аямаған өзі де ел намысы үшін құрбан болған патриот. Оқиға орны - Көкше
Кейіпкерлері - Абылай, Батыр, қалмақ қызы.
Оқиға - Абылай жорығы, қазақ-қалмақ арасындағы шабуыл.
Ерекшелігі - Батыр Адақ. Халықтар достығын тілеуші, жауына жақсылық жасайтын гуманист.
Әдебиет сабақтарында оқушылардың көркем шығармалардан алған әсерін, өз Отанына деген патриоттың сезімін арттыруға тәрбиелеудің бір жолы ол “ой толғау” әдісі. Бұл әдіспен жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін дамытуға жұмыстанып отырамын. Мысалы, оқушылар шығармаларынан үзінділер келтірсем, "Менің елім - менің болашағым" тақырыбында оқушы ой-толғанысын былайша жеткізген:
"Келешек кілті - жастарда" - дейді халық. Еліміздің бақыты үшін жастардың білімді де, іскер болып өсуі шарт. Сондықтан да мемлекетімізде біздің білім алуымыз бен салауатты өмір сүруімізге бар жағдай жасалуда. Осы қамқорлық менің туған еліме, оның халқына деген мақтаныш сезімімді еселейді. Себебі мен елімді сүйемін.
Мен елімнің болашағына, нұрлы келешегіне сенемін. Ол үшін ұлан байтақ Отанымның гүлденуіне үлес қосуға әрқашанда дайынмын.
"Туған жер" тақырыбында:
Ауылым - құтты мекенім. Әрбір адам өзінің кіндік қаны тамған, өсіп-өнген, қасиетті топырағында аунап-қунап ер жеткен, туған жерінің көркеміне үлес қосады. Мен де ауылымның болашағынан көп үміт күтемін. Ер жеткен соң ауылымның бір бұрышына кірпіш болып қалансам деген арманым бар.
"Менің елім" тақырыбында:
"Менің Отаным, туған елім - Тәуелсіз Қазақстан!" деп бар дүниеге бар дауыспен айқай салғым келеді. Мен өз елімді барлық жан дүниеммен сүйемін. Мен үшін оның әрбір тасы, суы, тіпті жәндігіне дейін бәрі-бәрі ерекше. Отанға деген ұлы махаббаттың бүкіл құпиясы да сонда. "Отан" деген біз үшін аса қасиетті сөз, киелі ұғым. Мен өзімді өте бақытты адамдардың қатарына қосамын. Сондықтан да мен әр кун сайын:
Менің елім, менің елім!
Гүлің болып егілемін.
Жырың болып төгілемін, елім!
Туған жерім менің - Қазақстаным! -
деп шаттана жар саламын, - деп оқушы өз еліне деген сүйіспеншілік сезімін мақтанышпен жазған.
Қазақ елін, жерін сүюдің үлгісі болатын тұлғалар тарихта өте көп. Қазақстанда тұратын диаспоралардың таңдаулы өкілдері Герольд Бельгер, Асылы Османова, Надежда Лушникова, Зейнеп Ахметова т. б. қазақ жерін өз елі санап кеткен көптеген азаматтарды мысалға келтіруге болады.
Қорыта келгенде, әдебиет пәні де жас ұрпақты елін сүюге үндеп, патриоттыққа тәрбиелейді.

Қазақ халқының тарихы мен мәдениетінде өзіндік із қалдырған, ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас кезінде өмір сүрген, ұлы Абай мектебінің дәстүрін жалғастырушы, өзінен кейінгі ұрпаққа сарқылмас мол мәдени мұра қалдырған Шәкәрім Құдайбердиев белгілі гуманист ақын, ойшыл тарихшы-шежіреші ағартушы, ғұлама болды.
Шәкәрім Құдайбердиев халықымыздың қоғамдық ағартушылық, мәдени және әдеби өміріне белсене атсалысқан, ағартушылық-демократиялық, гуманистік идеяларды насихаттаған, Шоқан, Абай, Ыбырай ұстаған ағартушылық дәстүрді ілгері жалғастырушылардың бірі болды.
Шәкәрім жөнінде жарық көрген әдебиеттерді жан-жақты талдай отырып, оның педагогикалық көзқарасын, ағартушылық қызметін, ақынның даралық ерекшеліктерін танытатын қасиеттерін саралай келе ғылыми жүйеге келтіріп зерттеу және болашақ мұғалімдерді даярлау жүйесінде кеңінен пайдалану, мектеп мұғалімдеріне бұл бағытта әдістемелік нұсқаулар беру қажеттілігі туындайды.
Шәкәрімнің ағартушылық-педагогикалық көзқарасы туралы айтқанда, оның өлеңдері мен поэмаларын, ғылыми еңбектері мен аудармаларындағы тәлім-тәрбие мәселелеріне талдау жасалады.
Адам санасына сіңіп, бойына тазалық пен инабаттылық дарытатын көркем шығармалардың тәрбиелік мәні зор. Өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жанып, егемен ел болған заманда туған халқымен қайта қауышқан алыптарымыздың бірі Шәкәрімнің шығармаларын оқыту, оқытып қана қоймай, терең сырлы құпиясын ашып, оның адамдық, азаматтық құқық жайында жазған өлеңдеріне талдау жасау мектеп мұғалімдеріне зор міндет жүктейді. Жас ұрпақты адамгершілік биік мұраттарға, адалдық пен ақылдылық, парасаттылық пен азаматтыққа үндейтін Шәкәрім шығармалары бүгінгі күні жоғары және орта оқу орындарында оқытыла бастады.
Шәкәрімнің «Кісіге адамшылық неге керек?» өлеңінде адамдық пен айуандық бір-бірімен бетпе-бет келіп, адамдық қасиеттің орны белгіленеді.
Кісіге адамшылық неге керек,
Адамдық өзге айуаннан артық демек.

Ит талаған төбеттей қалай дейсің,
Аямай әлі келгенді жұлып жеген жемек, - деп оқырманға ой тастайды, пікір сұрайды.
Мейірім жақсы, зұлымдық жаман дейсің,
Қасқырлыққа қайтасың құр дөңгелеп,
Жаны ашып, жәрдем қылмай өткен адам,
Өсіп, өніп құлаған бір бәйтерек, - деп өзі өлеңінде адамды адам ететін, адалдық пен азаматтыққа жеткізетін амалды, түрлі жолдарды іздестіреді. Адамның түзу жолда жүруіне, ар тазалығы мен жан тазалығына ақылдың ұнемі көшбастаушысы болып отыруын қалайды.
Білімділер сөз жазып зарлағанда,
Ой кезіп, жердің жүщін шарлағанда,
Алдаусыз адам өмірін түзетерлік,
Әділет, ынсап, мейірім бар ма адамда, - деп толғанып, өз заманының, қоғамын сынап, адам бойындағы жағымсыз мінез-құлықтарға жиіркене қарайды, басқаларды да жиіркендіреді.
Ұлы ақынның бұл өлеңдері жақсылық, әділдік, азаматтық сезім, ар-ұят өзін-өзі бағалау, қамқорлық, қарапайымдылық, кішіпейілділік сияқты адамгершілік қасиеттерді қалыптастырады.
Шәкәрім Құдайбердиевтің азаматтық рухты жоғары көтеретін, эстетикалық сезімге баулитын өлеңдерінің бірі - «Насихат». Бұл өлеңнің идеясы тұнып тұрған өсиет, ақыл мен нақыл. Ақын жастарға өнер, ғылымға жету жолардарын көрсетіп, оқуға шақырды.
Сен ғылымға болсаң ынтық, бұл сезімді әбден ұқ,
Білгеніңнің жақсысын қыл, білмегенді біле бер.
Білген ердің бол шәкірті, білмегенді қыл шәкірт,
Үйренуге қылма намыс, үйретуге болма кер, - деген жолдарында ғылым мен білім, адамдық пен азаматтыққа жеткізетін бірден-бір құрал екенін айтып, шәкірттік пен ұстаздық арасын айшықтап көрсетеді. Шәкәрімнің оқу-білімге, өнерге, еңбекке, биік гуманизм, адамгершілік идеясына көзқарасы үнемі Абаймен үндес келіп отырады.
Қай ғылымды білсеңіз де қазір оны елге жәй,
Құры ішінде кеткенше пайдалансын өзгелер, - деп ғылым мен білімнің көпке ортақ байлық екенін түсіндірді.
«Піскен мен шикі» мысал өлеңі ақынның замандасы, педагог-жазушы Ыбырай Алтынсариннің «Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесімен төркіндес, тәрбиелік мән-мағынасы ұқсас.
Шәкәрім поэзиясының биік тұғыры - гуманизм, туған халқына деген махаббат, жан мен тән тазалығы екенін айтып, ұрпақ санасына сіңіру - көкірегі ояу, сезімі сергек, зерделі жастық парызы.
Шәкәрім еңбек тәрбиесіне ерекше мән бере келіп, өз шығармаларында еңбекті адам бойындағы қасиеттердің ең керектісі деп түсінеді. Еңбектің тек жеке адам өмірінде ғана емес, бүкіл адамзат дамуындағы тарихи маңызына көз жеткізе білді.
Жалпы, адам өмірін осылайша жас ерекшеліктеріне қарай кезең-кезеңге бөліп сипаттау қазақ поэзиясында ертеден келе жатқан дәстүр.
Жастық қызығын дәріптеген ақын адам өмірінің осы екі кезеңін шендестірумен шектелмейді, бертін

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілін оқыту әдістемесі жайлы
Қазақ тілін оқыту әдістемесін талдау
Қазақ тілін оқытудың зерттеуі
Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі
Қазақ тілін талдау оқыту әдістемесі
Қазақ тілінің заңдылықтары мен методикалық принциптері
Сауат ашу әдістемесінің мектептің оқу-тәрбие жұмысының жалпы жүйесіндегі маңызы
Шет тілін оқыту әдістемесі пәні бойынша оқу құралы
ТІЛ ДАМЫТУ ӘДІСТЕРІ
Қазақ балаларының орыс тілін үйренуі туралы мәселе жөнінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz