Дамыта оқыту технологиясы арқылы оқушының ойын жетілдіру



Кіріспе
1. Дамыта оқыту технологиясы арқылы оқушының ойын жетілдіру
2. Дамыта оқытудағы баланың рөлі
2.1 Дамыта оқыту жүйесі бойынша сабақты оқыту
2.2 Дамыта оқытуда мұғалімнің басты міндеті:
Қорытынды
Пайдаланған әдебиет тізімі
Қазіргі таңда оқыту үрдісіне қойылатын талаптардың өзгеруіне байланысты оқыту технологиялары негізінен қолданылуда. Оқу үрдісіндегі оқыту технологиялары дегеніміз қойылған мақсаттарға және күтілетін нәтижеге тиімді жету жолдарын қамтамасыз ететін оқу бағдарламаларында қамтылған білім мазмұнын меңгертудің жүйеленеген формалары, әдіс – тәсілдері. В.В. Давыдов «Дамыта оқыту дегеніміз – ақыл – ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай,қорытындылай алу дағдысы» – дейді. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің осы кезге дейінгі білетін тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезініп, содан барып оның білім алуға деген ынтасы артып, білім алуда әрекет жасайды. Ең алдымен «техника», «технология», «оқыту технологиясы», «білім беру технологисы», «педагогикалық технология», жаңа педагогикалық технология терминдерінің мағынасын түсініп, тереңінде не жатыр, соны ақылмен аңғаруымыз керек.
Шетел мамандары оқыту технологиясының үш кезеңі болғанын айтады. Алғашқы кезеңде мұғалім бірде-бір көмекші құрал-жабдықсыз ауызша оқыту арқылы оқушыға білім берген. Екінші кезеңде – кітап басып шығару игерілген соң оқыту технологиясы елеулі өзгеріске түсті, адамдарға әр түрлі дидактикалық материалдар көмекке келді.
1. «Дамыта оқыту технологиялары» Б.А.Тұрғанбаева Алматы, 2000ж
2. «Бастауыш білім берудегі жаңа технологиялар»
Нағымжанова Қ.М, Нұрғазиева Н.М Өскемен 2008 ж
3. Эльконин-Давыдов «Дамыта оқыту технологиясы» Педагогикалық шығармалар, 1998 ж.
4. Оқу үрдісіндегі дамыта оқытудың мәселелері
/ Психологиялық ғылым және білім беру №1/2003 ж /

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе 2
1. Дамыта оқыту технологиясы арқылы оқушының ойын жетілдіру 3
2. Дамыта оқытудағы баланың рөлі 5
2.1 Дамыта оқыту жүйесі бойынша сабақты оқыту 6
2.2 Дамыта оқытуда мұғалімнің басты міндеті: 7
Қорытынды 9
Пайдаланған әдебиет тізімі 10

Кіріспе
Қазіргі таңда оқыту үрдісіне қойылатын талаптардың өзгеруіне байланысты оқыту технологиялары негізінен қолданылуда. Оқу үрдісіндегі оқыту технологиялары дегеніміз қойылған мақсаттарға және күтілетін нәтижеге тиімді жету жолдарын қамтамасыз ететін оқу бағдарламаларында қамтылған білім мазмұнын меңгертудің жүйеленеген формалары, әдіс - тәсілдері. В.В. Давыдов Дамыта оқыту дегеніміз - ақыл - ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай,қорытындылай алу дағдысы - дейді. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік - зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің осы кезге дейінгі білетін тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезініп, содан барып оның білім алуға деген ынтасы артып, білім алуда әрекет жасайды. Ең алдымен техника, технология, оқыту технологиясы, білім беру технологисы, педагогикалық технология, жаңа педагогикалық технология терминдерінің мағынасын түсініп, тереңінде не жатыр, соны ақылмен аңғаруымыз керек.
Шетел мамандары оқыту технологиясының үш кезеңі болғанын айтады. Алғашқы кезеңде мұғалім бірде-бір көмекші құрал-жабдықсыз ауызша оқыту арқылы оқушыға білім берген. Екінші кезеңде - кітап басып шығару игерілген соң оқыту технологиясы елеулі өзгеріске түсті, адамдарға әр түрлі дидактикалық материалдар көмекке келді.

1. Дамыта оқыту технологиясы арқылы оқушының ойын жетілдіру

Сен ешбір жаңа нәрсе меңгермеген және өзіңнің біліміңе
ештеңе қоспаған осынау күнді немесе сағатты бақытсыз сана
Я.А.Коменский

Дамыта оқыту технологиясы қазіргі уақытта жаңа технологиялардың бірі деп келеді. Дамыта оқытудың негізін Ян Амон Коменский өзінің XVII ғасырда Ұлы дидактика атты еңбегінде айтып талданған. Содан кейін орыс ғалымдары К.Д.Ушинский, Л.С.Выгодский еңбектерінде қарастырылып, 1969 жылдары Ресей ғалымдары Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов көтерді. Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың зерттеулері оқушыны субъект ретінде тануға бағытталды.
XVII ғасырда Я.А.Коменскийдің дидактикалық жүйесінің негізгі қағидаларының бірінде де баланың ақыл - ой күшін, қабілеттерін дамыту олардың білімге деген құштарлығын оятып, лаулата түседі делінген.
И.Т.Песталоцци баланың ақыл - ойын, барлық қабілет - қасиеттерін дамыту идеясымен арқауланған бастауышта оқыту әдістемесін жасауға әрекет етеді.
Дамыта оқыту ұлы неміс педагогы А.Дистервегтің әйгілі Неміс мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық (Руководство к образованию немецких учителей) атты еңбегінің де негізі болып табылады. Дамыта оқыту деп ол баланың білім алуға әрекет етуін ұйымдастыратын оқытуды атаған. Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді,-деген.
Орыстың ұлы ағартушысы К.Д.Ушинский де өз дидактикалық еңбектерінде бастауыш мектеп жасындағы балаларды оқыта отырып дамыту мәселелеріне ерекше тоқталып, арнайы әдістеме жасаған.
Дамыта оқыту деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж.Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін (Л.В.Выгодский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн) және басқа да психиканың функциясын зерттеген (Б.Г.Ананьев, Г.С.Костюк, А.А.Люблинская, Н.А.Менческая) және т.б., іс - әрекет теориясының пяихологиясын жасаған (А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин) еңбектерінде жан - жақты талданды. Нәтижеде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, ал екіншісі Л.В.Занков басқарады.
Зерттеулердің мақсаты Л.С.Выгодскийдің 1930 жылдардың басында жасаған оқыту мен дамытудың ара қатынасы жайлы болжамының дұрыстығын тексеру , нақтылау. Л.С Выготскийдің дәлелі бойынша ол баланың дамуының екі аймағын көрсетеді. Бірінші: Бала үлкендердің көмегімен даму үстінде, ал екіншісінде бала өз қолының жету арқылы, яғни үлкендердің көмегінсіз дамуы. Бірақ алғашқы сатыдан өтпей баланың екіншіге қол жеткізуі мүмкін емес - дейді.
Дамыта оқыту идеясын алғашқылардың бірі болып 1959-1960 жылдары қолға алған академик Л.В. Занковтың басшылығымен жасалған. Л.В.Занков ақыл - ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс - әрекеттер атқара білу.
В.В.Давыдов ақыл - ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейді.
Кейінгі жылдары дамыта оқыту психология мен педагогика ғылымдарының келелі мәселесіне айналды. Жүйенің авторлары Дамыта оқыту деп - оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс - тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды атайды. Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа құрылымдардың пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Жүйенің басты мақсаттарының бірі - баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау. Дамыта оқыту - дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі өзгертуші субъект.

2. Дамыта оқытудағы баланың рөлі
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік - ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта - ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады:
1. Оқу мақсаттарының қойылуы.
2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру.
3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Бұл - үшеуі дамыта оқытудың Д.Б.Элконин - В.В.Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері.
Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор.
Біріншіден - дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады.
Екіншіден - дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушының өзінің деңгейіне дейін дамуға қол жеткізе алады. "Жақсы оқушы", "Жаман оқушы" ұғымының болмауы, балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады.
Үшіншіден - оқушының жеке басын дамытатын басты құрал - ол өзінің әрекеті. Сол себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны белсенді жұмыс жағдайына қоя отырып, мәселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды.
Төртіншіден ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дамыта оқыту әдістері
Инновациялық-компьютерлік технологияны қолдану арқылы экономикалық білім берудің педагогикалық алғышарттары
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістеме
Педагогикалық процесінің компоненттері Мазмұндағы басымдылық
Проблемалық оқыту технологиясы. Деңгейлеп оқыту технологиясы
аңа технологиялардың түрлері мен мазмұнын сипаттап, жоғары оқу орындарында мемлекеттік тілді меңгертудің жаңа технологиялық әдістерін көрсету
Педагогикалық процестің жеке бағдар негіздері педагогикалық технологиясы
Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерінің негізгі белгілерінің салыстырмалы сипаттамасы
Оқушы қызметін белсендіру негізіндегі педагогикалық технологиялар
Модульді оқыту технологиясы
Пәндер