Кәсіптік білім беру және оның тиімділігі



1. Кәсіптік білім беру және оның тиімділігі.
2. Сабақтас құрмалас сөйлем. Сабақтас құрмаластың түрлері.
3. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Пайдаланған әдебиеттер
Кәсiптiк бастауыш және орта бiлiм беру оқу орнының жетекшісі.
Лауазымдық мiндеттері. Оқу-әдiстемелiк, ғылыми-әдiстемелiк, әкiмшiлiк-шаруашылық және қаржы-экономикалық жұмыстарын қолданыстағы заңнамаларға және оқу орнының жарғысына сәйкес, қабылданған шешімдердің салдарына толық жауапкершілікті өзіне ала отырып басқарады. Оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу процесiнің кестесiн, ішкі тәртiп ережесiн және өзге де нормативтiк актілерді бекiтедi. Басқару құрылымын, штаттық кестені, оқу орны қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулығын бекітеді. Білім алушылардың контингентін қалыптастырады, олардың әлеуметтiк қорғалуын қамтамасыз етедi. Оқу орнында жұмыс істеу үшін қоғамдық тамақтандыру медициналық қызмет көрсету ұйымдарын қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді, оқушылар мен қызметкерлердің денсаулығын нығайту мен сақтау мақсатында олардың жұмысына бақылау ұйымдастырады.
1. Исаев С. « Қазіргі қазақ тіліндегі грамматикалық ұғымдар ». Алматы, 1992 ж.
2. «Білім беру деңгейінің көрсеткіштері»; Ембергенов Қ.С. Қазақстан заман; 22 ақпан, 2002 жыл, 6 бет.
3. «Білімді жастардың болашағы – жоғарыға өрлететін жол»; Орталық Қазақстан; 6 қаңтар, 1998 жыл, 2 бет.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

1. Кәсіптік білім беру және оның тиімділігі.

2. Сабақтас құрмалас сөйлем. Сабақтас құрмаластың түрлері.

3. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Кәсiптiк білім беру және оеың тиімдідігі.
 Кәсiптiк бастауыш және орта бiлiм беру оқу орнының жетекшісі.
Лауазымдық мiндеттері. Оқу-әдiстемелiк, ғылыми-әдiстемелiк, әкiмшiлiк-
шаруашылық және қаржы-экономикалық жұмыстарын қолданыстағы заңнамаларға
және оқу орнының жарғысына сәйкес, қабылданған шешімдердің салдарына толық
жауапкершілікті өзіне ала отырып басқарады. Оқу жұмыс жоспарлары мен
бағдарламаларын, оқу процесiнің кестесiн, ішкі тәртiп ережесiн және өзге де
нормативтiк актілерді бекiтедi. Басқару құрылымын, штаттық кестені, оқу
орны қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулығын бекітеді. Білім алушылардың
контингентін қалыптастырады, олардың әлеуметтiк қорғалуын қамтамасыз етедi.
Оқу орнында жұмыс істеу үшін қоғамдық тамақтандыру медициналық қызмет
көрсету ұйымдарын қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді, оқушылар мен
қызметкерлердің денсаулығын нығайту мен сақтау мақсатында олардың жұмысына
бақылау ұйымдастырады.
Жұмыс берушілер және демеушілермен жүргізілетін жұмысты үйлестіреді.
Қолда бар мүліктер мен құралдарға биік жүргізіледі, оқу-материалдық базаны
толтыруды және оның есебі мен сақталуын, санитарлық-гигиеналық ережелер
режимін және еңбекті қорғау ережесінің сақталуын қамтамасыз етеді,
құрылтайшылар қаражатының келіп түскен және шыәыстары туралы жыл сайынғы
есепті ұсынады. Материалдық-техникалық базалардың қайта жарақталуы мен
қайта құрылуын ұйымдастырады.
Кадрларды іріктеу мен орналастыруды жүзеге асырады, педагогикалық және
тәрбие процесінің қажетті деңгейімен қамтамасыз етеді, олардың біліктілігі
мен кәсіби шеберлігін арттыру үшін жағдай жасайды.
Үздіксіз кәсіптік оқыту бойынша колледждермен, жоғары оқу орындарымен,
мектептермен бірлескен жұмыс бойынша жалпы басшылықты жүзеге асырады.
Жұртшылықпен байланысты қамтамасыз етеді, ата-аналармен (оларды
алмастырушы адамдармен) жүргізілетін жұмысты үйлестіреді. Қоғамдық және
өзге де ұйымдарға жоғары тұрған білім беру ұйымдарын таныстырады, қажетті
есептілікті дайындау мен ұсынуды қамтамасыз етеді.
Білуге міндетті. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан
Республикасындағы Азаматтық кодексті, “Білім туралы”, “Қазақстан
Республикасындағы бала құқығы туралы” Қазақстан Республикасының Заңдарын
және оқушыларға білім беру мен тәрбиелеу жөніндегі басқа да нормативтік
құқықтық актлерді; педагогиканы, психологияны, қазіргі педагогикалық ғылым
мен практиканың жетістіктерін; еңбек туралы заңдар негіздері; экономиканы,
оқу орнының қаржы-шаруашылық қызметтерінің мәселелерін, еңбекті қорғау,
техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы қорғаныстың ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары кәсіптік білім, білім беру
ұйымдарындағы немесе ұйымдардағы жетекші лауазымындағы, оқу орнының тиісті
бейініндегі стажы 5 жылдан кем болмауы тиіс.
 
Кәсіптік бастауыш және орта білім беретін оқу орындарының оқу-
өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары
Лауазымдық мiндеттері. Оқу орнының қызметін нормативтік-құқықтық
актілерге және оқу орнының жарғысына сәйкес басқарады. Оқу орнында оқу-
өндірістік, оқу, әдістемелік жүмыстарды ұйымдастырады, бақылайды және
талдау жасайды. Құжаттамалардың белгіленген есептілігін уақытында жасауды
қамтамасыз етеді. ¤ндірістік оқыту шеберлері кадрларын іріктеу мен
орналастыруды жүзеге асырады, олардың жетекшілеріне ұсыныс жасайды,
біліктілік пен кәсіптік шеберлікті арттыруды ұйымдастырады. ¤ндірістің
қазіргі техникалары мен технологияларын оқып-үйренуді, жаңа және қайта
жабдықталған оқу кабинеттерін, шеберханаларын зертханаларын жасауды
ұйымдастырады. Кәсіптік-техникалық цикл пәндері бойынша әдістемелік жұмысты
үйлестіреді. Аға шебер, өндірістік оқыту шеберлерінің, диплом жұмысы
алдындағы практика жетекшілерінің жұмыстарын басқарады, арнайы пәндер
оқытушыларының жұмыстарын талдайды. Оқу орнын бітірушілерге қорытынды
біліктілік емтихандарын және жұмыспен қамтылуды өткізеді және
ұйымдастырады.
Оқытудың инновациялық-дамытушылық элементтерін практикаға енгізеді
және таратады, зерделейді. Оқу-материалдық базаны толтыруды және оның есебі
мен сақталуы, шеберханалар мен өндірісте санитарлық-гигиеналық ережелер
режимінің және еңбекті қорғау ережесінің сақталуы жөніндегі жұмыстарды
ұйымдастырады.
Кәсіпорындарда, оқу шеберханаларында, өндірістік-шаруашылық
учаскелерінде, базалық кәсіпорындарында, өндірістік оқыту сабақтары кезінде
оқушылардың өмірі мен денсаулығының сақталуына жағдай жасауға, шеберханалар
мен өндірісте техника қауіпсіздігі ережелерінің сақталуына жауап береді.
Білуге міндетті. Қазақстан Рспеубликасының Конституциясын, Қазақстан
Рспеубликасындағы Азаматтық кодексті, “Білім туралы”, “Қазақстан
Республикасындағы бала құқығы туралы” Қазақстан Рспеубликасының Заңдарын
және оқушыларға білім беру мен тәрбиелеу жөніндегі басқа да нормативтік
құқықтық актлерді; педагогиканы, психологияны, қазіргі педагогикалық ғылым
мен практиканың жетістіктерін; еңбек туралы заңдар негіздері; экономка
негіздерін, оқу орнының қаржы-шаруашылық қызметтерінің мәселелерін, еңбек
қорғау, техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы қорғаныстың ережелері мен
нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары кәсіптік білім, педагогикалық
немесе ұйымдардағы жетекші лауазымындағы, оқу орнының тиісті бейініндегі
еңбек стажы 5 жылдан кем болмауы тиіс.  
Кәсіптік бастауыш және орта білім беретін оқу орындары жетекшілерінің
оқу жұмысы жөніндегі орынбасары
Лауазымдық мiндеттері. Оқу орнының қызметін қолданыстағы заңнамаға,
оқу орнының жарғысына және өзге де нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес
ұйымдастырады. Оқу орнының ағымдағы және болашақтағы жұмыстарын жоспарлауды
ұйымдастырады. Оқытушылардың келешекке арналған және тақырыптық
жоспарларының, мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарттарының
талаптарына сәйкес оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуы жөніндегі
жұмыстарын ұйлестіреді, сондай-ақ оқу процесінің сапасыз қамтамасыз ету
үшін қажетті оқу-әдістемелік құжаттамаларды әзірлеуді ұйымдастырады.
Сабақтар, консультациялар, емтихандар кестелерін жасайды. Құжаттамалардың
белгіленген есебін уақытында жасауды қамтамасыз етеді.
Педагогикалық кадрларды іріктеу мен орналастыруға қатысады, олардың
біліктілігі мен кәсіптік шеберлігін арттыруды ұйымдастырады. Білім беру
процесін жетілдіру жөнінде ұсыныс енгізіледі. Оқу-әдістемелік жұмыстардың
жай-күйін талдайды және ұйымдастырады, эксперименттік жұмыстардың
нәтижелерін қорытындылайды. Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттауды
өткізу және дайындау жұмыстарына қатысады. Оқу зертханаларды мен
кабинеттерін қазіргі жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқытудың
техникалық құралдарымен жарақтау, кітапханалар мен әдістемелік кабинеттерді
оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен, баспасөз басылымдарымен
толықтыру жөніндегі жұмыстарды қамтамасыз етеді. Оқу жабдықтары мен
оқытудың техникалық құралдарын тиімді пайдалану,
құжаттамаларды есепке алу мен сақтау, санитарлық-гигиеналық талаптарды
сақтау жөнінде шаралар қолданады.
Білуге міндетті. Қазақстан Рспеубликасының Конституциясын, Қазақстан
Рспеубликасындағы Азаматтық кодексті, “Білім туралы” Қазақстан
Рспеубликасының Заңдарын және оқушыларға білім беру мен тәрбиелеу жөніндегі
басқа да нормативтік құқықтық актлерді; педагогиканы, психологияны, қазіргі
педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін; еңбек туралы заңдар
негіздері; білім беру ұйымдары қызметтерінің мазмұның, білім менеджменті
мен социология, физиология, гигиена негіздерін; жалпы орта және кәсіптік
білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті білім беру стандарттарының
талаптарын; оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеудің
әдістемесін; еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы
қорғаныстың ережелері мен нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары кәсіптік білім, педагогикалық
жұмыс стажы 5 жылдан кем болмауы тиіс.  
Кәсіптік бастауыш және орта білім беретін оқу орындары жетекшілерінің
тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары
Лауазымдық мiндеттері. Оқу орындарында тәрбие жұмыстарының
ұйымдастырылуына, оқушылардың тәрбие жұмысы жөніндегі жоспарларын әзірлеуге
жауап береді, оның ұйымдастырылуын жаңа қатынастармен қамтамасыз етеді. Оқу
орындарындағы тәрбие жұмысын жоспарлайды және талдайды, кәсіби бағдар беру
жұмыстарының ағымдаәы және болашақтағы жоспарлауын, сынып жетекшілердің,
өндірістік оқыту шеберлері мен дене тәрбиесі сауықтыру және көркемдік
эстетикалық циклдың қосымша білім беру оқытушыларының қызметтерін
ұйымдастырады, олардың іске асырылуына бақылауды жүзеге асырады.
Тәрбие жұмысына педагогикалық талдау жасайды, тәрбие жұмысы, мәдени-
тәрбиелік іс-шараларды өткізу мен дайындау бойынша қажетті әдістемелік
құжаттамаларды әзірлеу жөніндегі жұмыстарды ұйлестіреді, тәрбие процесінің
сапасына, үйірмелер, секциялар жұмыстарына және тәрбие жұмысының басқа да
түрлеріне, девианттық мінез-құлықты балалармен жүргізілетін жеке тәрбие
жұмысына жүйелі түрде бақылау жасайды. Тәрбие жұмысының мазмұның, нысанын
және әдістерін жетілдіреді, сынып жетекшілері мен өндірістік оқыту
шеберлерінің педагогикалық шеберлігін арттыруға жәрдемдеседі. Дене тәрбиесі
процесін, спорттық-сауықтыру және әскери-патриоттық жұмыстарды дамытуды
ұйлестіру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады.
Бала құқығын іске асыруға ықпал етеді, жетім балалар мен ата-
аналарының қамқорлығынсыз қалған балалармен, тәрбиеленушілермен жұмысты
ұйымдастырады, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес
олардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғайды. Жасөспірімдер арасындағы
құқық бұзушылықтың алдың алу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады. Сыныптан тыс
жатақханаларға қатысты оқу-материалдық базаларды нығайту жөніндегі
жұмыстарды ұйымдастырады.
Білуге міндетті. Қазақстан Рспеубликасының Конституциясын, Қазақстан
Рспеубликасындағы Азаматтық кодексті, “Білім туралы”, “Қазақстан
Республикасындағы бала құқығы туралы” Қазақстан Рспеубликасының Заңдарын
және білім беру педагогиканы, психологияны, физиология негіздері,
таланттыларды іздестіру мен қолдау әдістемесі жөніндегі басқа да
нормативтік құқықтық актлерді; еңбек туралы заңдар негіздері; еңбекті
қорғау, техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы қорғаныстың ережелері мен
нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары кәсіптік білім, педагогикалық
қызметтегі немесе ұйымдардағы жетекші лауазымындағы, оқу орнының тиісті
бейініндегі жұмыс стажы 5 жылдан кем болмауы тиіс.
 Кәсіптік бастауыш және орта білім беретін оқу орындары жетекшісінің
оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары
Лауазымдық мiндеттері. Оқу орнының ғылыми-әдістемелік жұмысын
қолданыстағы заңнамаға және оқу орнының жарғысына кәйкес басқарады. Оқу-
әдістемелік жұмыстардың ағымдағы және болашақтағы жоспарлауын
ұйымдастырады, оқу-әдістемелік құжаттамалар мен құралдарды, сондай-ақ
Циклдік комиссияның жұмысын жоспарлау мәселелері жөніндегі әдістемелік
ұсынымды әзірлейді. Оқу-әдістемелік құжаттамаларды дайындау жөніндегі
Циклдік комиссияның жұмысын ұйымдастырады және бақылайды. Білім беру
процесін жетілдіру жөнінде ұсыныс енгізеді.
Семинарлар, конференциялар, оқытушылардың біліктілігін арттыру мен
қайта даярлау курстарын өткізу және дайындау жұмыстарына қатысады.
Әдістемелік кабинетті жабдықтармен, көрнекі құралдармен жабдықтау жөніндегі
жұмыстарды ұйымдастырады, әдістемелік жұмыстар бойынша есептілік
құжаттамаларын дайындайды. Қолданбалы сипаттағы аса маңызды мәселелер үшін
зерттеу жүргізу жөнінде оқу-әдістемелік басшылықты жүзеге асырады, олардың
өткізілуіне тікелей қатысады, тәжірибелік-зерттеу жұмыстарының жоспарын
құруға қатысады, оларды қорытындылайды және олардың іске асырылуын ғылыми
басшылықпен қамтамасыз етеді. Педагогикалық қызметкерлерге авторлық
бағдарламаларды, оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттерді әзірлеуге
жәрдемдеседі, оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі жинақтарды, ұсынымдар мен
басқа да жарияланымдарды дайындау бойынша баспалармен жүргізілетін жұмысты
ұйымдастырады. Оқытудың инновациялық-дамытушылық элементтерін практикаға
енгізеді, таратады және зерделейді.
Оқушылардың ғылыми қоғамдарының жұмыстарын, конкурстар мен
олимпиадалар өткізуді ұйымдастырады.
Білуге міндетті. Қазақстан Рспеубликасының Конституциясын, Қазақстан
Рспеубликасындағы Азаматтық кодексті, “Білім туралы” Қазақстан
Рспеубликасының Заңдарын оқушыларға білім беру, педагогика және жас
ерекшелік психологиясының негіздерін, еңбек туралы заңдар негіздері;
басқарудыњ инновациялық әдістерін, әдістемелік ақпараттық материалдардың
жүйелілік принциптерін; баспалармен жүргізілетін жұмыстың негіздерін, оқу-
бағдарламалық құжаттарды әзірлеудің принциптері мен тәртіптерін; еңбекті
қорғау, техника қауіпсіздігі мен өртке қарсы қорғаныстың ережелері мен
нормаларын.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Жоғары кәсіптік білім және оқу
орнының бейіні бойынша жұмыс стажы 3 жылдан кем болмауы тиіс.
 Кәсіптік бастауыш және орта білім беретін оқу орындарының әдіскері
Лауазымдық мiндеттері. Оқу орнының оқу-әдістемелік жұмыстарын
ұйымдастырады және талдайды. Озық педагогикалық тәжірибелерді анықтау,
қорытындылау және енгізу бойынша оқу орнының әдістемелік және циклдік
комиссиясының жұмысын ұйлестіреді. Оқу-әдістемелік құжаттамаларды дайындау
жөніндегі жұмысты бақылайды, оқу-жоспарлау құжаттамаларын жасауға қатысады.
Оқу орнының әдістемелік және циклдік комиссиясының жұмысына басшылық
жасайды.
Озық педагогикалық тәжірибелерді анықтайды және қорытындылайды,
оқытудың инновациялық-дамытушылық элементтерін, үздік жаңашыл педагогтардың
жұмыс тәжірибелерін практикаға енгізу, педагогикалық қызметкерлерге
авторлық бағдарламалар, оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттер әзірлеуге
жәрдемдеседі. Білім процестері мен әдістемелік жұмыстардың тиімділігін
арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді. Семинарлар, конференциялар,
оқытушылардың біліктілігін арттыру мен қайта даярлау курстарын өткізу және
дайындау жұмыстарына қатысады. ¤зара сабақтарға қатысуды, ашық сабақтар
өткізуді және оларды талдауды ұйымдастырады. Әдістемелік кабинеттерді
жабдықтармен, көрнекі құралдармен жабдықтау жөніндегі жұмыстарды
ұйымдастырады.
Білуге міндетті. “Білім туралы” Қазақстан Рспеубликасының Заңдарын
және білім алушыларға білім беру мен тәрбиелеу мәселелері бойынша басқа да
нормативтік құқықтық актілерді; дидактика принциптерін, педагогика және жас
ерекшелік психологиясының негіздерін, еңбек туралы заңнамалар негізін;
басқарудың инновациялық әдістерін, әдістемелік және ақпараттық
материалдардың жүйелілік принциптерін; баспалармен жүргізілетін жұмыстың
негіздерін, оқу-бағдарламалық құжаттарды әзірлеудің принциптері мен
тәртіптерін; еңбек туралы заңдар негіздері.
Тиісті санат алу үшін міндеттерін айқындаумен бірге біліктілігіне
қойылатын талаптар:
Біліктілігі жогары деңгейдегі санатсыз маман:
Кәсіптік бастауыш және орта білім беру әдіскеріне қойылатын жалпы
талаптарға жауап беруі тиіс, одан басқа: ақпаратты компьютерлік өңдеудің
технологиясын талдау мен дайындау әдістерін жоспарлауды меңгеруі керек.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Кәсіптік жоғары білім және білім беру
үйымдарындағы жүмыс стажы 2 жылдан кем болмауы тиіс.
Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты маман:
Біліктілігі жоғары деңгейдегі санатсыз әдіскерге қойылатын жалпы
талаптарға жауап беруі, одан басқа: оқу-әдістемелік қүжаттамаларды баспаға
әзірлеу мен дайындауды, оқу сабақтарына талдау жүргізуді ұйымдастыра білуі
тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Кәсіптік жоғары білім және білім беру
үйымдарындағы жұмыс стажы 3 жылдан кем болмауы тиіс.
Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатгы маман:
Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскерге қойылатын жалпы
талаптарға жауап беруі, одан басқа: білім беру мекемелерінің оқу-
әдістемелік жүмыстарын талдау әдістемесін меңгеруі; шыгармашылық
семинарларды, әдістемелік бірлестіктерді басқара алуы және өз бетінше оқу
және тақырыптық жоспарларды әзірлей білуі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Кәсіптік жоғары білім және білім беру
үйымдарындағы жүмыс стажы 4 жыддан кем болмауы тиіс.
Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты маман:
Біліктілігі жогары деңгейдегі бірінші санатты әдіскерге қойылатын
жалпы талаптарға жауап беруі, одан басқа: білім процесінің өзекті мәселерін
әзірлеу жөніндегі шығармашылық топтарды басқару әдістерін меңгеруі тиіс.
Біліктілікке қойылатын талаптар. Кәсіптік жоғары білім және білім беру
үйымдарындағы жүмыс стажы 5 жылдан кем болмауы тиіс.
 Кәсіптік орта білім беретін оқу орындарының жалпы білім беретін
пәндердің оқытушысы
Лауазымдық міндетгері. Мемлекеттік жалпы міндетті білім стандарттарына
сәйкес оқытылатын пәндерді ескере отырып, оқушыларды тәрбиелеу мен оқытуды
жүзеге асырады. Жеке бастың жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді,
білім алушылардың жеке қабілеттерінің дамуына жәрдемдеседі және анықтайды.
Оқытудың анағүрлым тиімді формаларын, әдістерін және қүралдарын қолданады,
оқушылардың білім, білік пен дағды алуларын қамтамасыз етеді. Білім беру
бағдарламаларын әзірлеу мен орындауға қатысады, оқу процесінің оқу жоспары
мен кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асуы үшін жауап береді.
¤зінің кәсіптік біліктілігін жүйелі түрде артгырып отырады. Жабдықтарды
пайдалану кезінде техника қауіпсіздігінің талаптарын орындайды.
Бастауыш әскери дайындықтьщ (БҒД) оқьпушы-ұйымдастырушысы үшін
қосымша: оқушьлардың әскери-патриоттық тәрбиесін үйымдастырады. Директордың
тәрбие жүмысы жөніндегі орынбасарымен, сынып жетекшілерімен бірлесе отырып,
оқу жылына арналған әскери-патриоттық жүмыстардың жоспарын әзірлейді және
оның орындалуын қамтамасыз етеді. Білім беру үйымдарындағы БҒД-ның
материалдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 – 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Білім беру жүйесін басқарудың теориялық аспектілері
Оқыту құралдары
Кәсіптік білім беру мекемелерінің сабақтарында оқытудың жаңа техникалық құралдарын қолдану ерекшеліктері
Факультативтік сабақтарды ұйымдастыру
Озық педагогикалық тәжірибе және педагогика ғылымы жетістіктерін практикаға енгізу, педагогикалық инновацияның критерийлері
Арнайы пәндер оқытушыларының кәсіптік білімін жетілдіру формалары мен мазмұны
Бастауыш және орта кәсіптік оқыту
Білім беру жүйесінің ресурстары
Кәсіптік бағдар
Пәндер