Жай сөйлемді оқытудағы тіл дамыту жұмыстары



КІРІСПЕ

1. ЖАЙ СӨЙЛЕМДІ ОҚЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ . ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Жай сөйлемді оқытудың теориялық негіздері

Оқушылардың тіліне тән кемшіліктердің лингвистикалық және технологиялық сипаты

2.ЖАЙ СӨЙЛЕМДІ ОҚЫТУДАҒЫ ТІЛ ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

Тіл дамытуды жүргізу жолдары

Жай сөйлемді оқытудағы тіл дамытудың эксперименттік жұмысының нәтижесі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуы – елдің саяси-әлеуметтік, экономикалық дербестікке ие бола алғандығының жарқын көрсеткіші. Ендігі міндет осы Тәуелсіздікті сақтап қалуға байланысты қойылады. Оның бір тармағы – қазақ мектебінде қазақ тілін оқыту әдістемесінің жаңалануына жоғары деңгейлерге көтерілуіне тікелей байланысты болмақ. Қазақстан Республикасының Тәуелсіз мемлекет ретіндегі болмысы оның мектепке беріп отырған сұранысынан танылады. Қазіргі кезде мектеп оқушыларының ойлауы мен тілі сапалы дамытылуы басты нысанға айналып отыр.
Қазақстан Республикасының болашақта дамыған елдер қатарынан танылуы үшін, Елбасымыздың «Қазақстан - 2030» бағдарламасындағы нысандар орындалу керектігі белгілі. Бірақ соның барлық бастауы қазіргі мектептерде екендігін ұмытпау керек. Қазақ тілін теориялық деңгейде оқыту барысы оқушыларды теориялық біліммен қаруландырып қана қоймайды, оқушыны өз бетімен ғылыми білім алуға үйрететін ғылыми әдістермен де байытады. Ғылыми ойлау тәртіптерін үйрету арқылы, ойлау мәдениетін қалыптастыру, оның жалғасы болып табылатын ойын сыртқа шығару, яғни сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мен дамыту міндеттері де шешіледі.
1. Қазақ тілі пәнін қоғам, мектеп реформасына сай жетілдіру тұжырымдамасы
2. Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы. – Алматы: Дәнекер, 2001 – 7 б.
3. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы Жетісу – 3012 – 2003
4. Арғынов Х. Қазақ тілі синтаксисі методикасыны негіздері Алматы, 1969 – 72 б.
5. Балақаев м. Қазіргі қазақ тілі. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі: Алматы, Ана тілі, 1992 – 247 б.
6. Сауранбаев Н. Ана тілін оқыту туралы халық мұғаілімі 1941 №11 6-8 бб.
7. Хасенов Ә. Жай сөйлем синтаксисін оқытудың кейбір мәселелері А., 1967
8. Жиенбаев С. Сөйлемнің тыныс белгісі – А., 1946
9. Әміров Р.С. Ауызекі сөйлеу тілінің синтаксистік ерекшеліктері А., 1977, 40-б.
10. Выготский Л.С. Собрание сочинении. В 6-ти проблемы общей психологии (под ред. В.В.Давыдова) М., 1982 – 504 с.
11. Хрестоматия по психологии Состав Мироненко В.В. (под ред. проф. А.В.Петровского) – М., 1987 – 447 с.
12. Афанасьев Л.О., Лемберг Р.Г. Методы обучения в школе Ученое записки КазПИ А., 1958
13. Педагогика Под редакцией И.А.Кайрова, Н.К.Гончарова, Б.П.Есипова, Л.В.Занкова М., 1956
14. Зайченко П.А. Методы обучения в Советской политической школе Томск – 1956
15. Голант Е.Я. Методы обучения в Советской школе М., - 1957
16. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматикалық ұғымдар А., 1992 4-б.
17. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы – Алматы: Ана тілі, 1992 – 448 б.
18. Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалары Алматы, 1994 – 285 б.
19. Рахметова С. Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту Алматы, - 1996
20. Әлімжанов Д., Маманов И. Қазақ тілін оқыту методикасы А., 1965 81-87 б.
21. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі Синтаксис А., 1966
22. Пейтлин С.Н. Речевые ошибки и их предупреждение – М., 1985
23. Ягодовский В.К. Особенности словаря устной речи учащихся 1-класса М., - 1983
24. Щербак М.К. Словарная работа в 2 классе М., 1958
25. Пути изучения словарного запаса учащихся ІҮ-ҮІІІ классов и совершенствования методики словарной работы на уроках русского языка (под ред. М.Т.Баранов) М., 1969
26. Жинкин Н.И. Психологические основы развития речи В сб. ст. «В защиту живого слова» М., 1966 с 7-13
27. Люссер Ж. Реальность французской культуры М., 1974 с 218
28. Кәтенбаева Б. Тіл ұстарту жұмыстары бойынша методикалық нұсқаулар А., 1991 16 б.
29. Кәтенбаева Б. Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту (Методикалық нұсқау)
30. Лурия А.Р. Язык и сознание М., 1979 с 211
31. Соколов А.И.Внутренняя речь и мышление М., 1968 с 38
32. Қайырбекова А., Барақова Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі – А., 2004 – 176 б.
33. Балақаев М. Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту – А., - 1989 – 96 б.
34. Сарыбаев Ш.Х. Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері – Алматы, ҚазМОМБ, 1956 – 124 б.
35. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер – А., 1999
36. Аханов К. Тіл біліміне кіріспе – А., 1994
37. Шонанұлы Т. Тіл дамыту Оқулық – А., 1932– 55 б.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ
Педагогика және психология факультеті

Мектепке дейінгі және бастауыш білім кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: ЖАЙ СӨЙЛЕМДІ ОҚЫТУДАҒЫ ТІЛ
ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ

Орындаған: З.Тасболатова

Жетекшісі: п. ғ.к., аға оқытушы

К.М. Метербаева

Алматы
2007

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ

1. ЖАЙ СӨЙЛЕМДІ ОҚЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ – ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. Жай сөйлемді оқытудың теориялық негіздері ... ... ... ..

2. Оқушылардың тіліне тән кемшіліктердің лингвистикалық және
технологиялық сипаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

2. ЖАЙ СӨЙЛЕМДІ ОҚЫТУДАҒЫ ТІЛ ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

1. Тіл дамытуды жүргізу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2. Жай сөйлемді оқытудағы тіл дамытудың эксперименттік жұмысының
нәтижесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
...

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Зерттеудің көкейтестілігі: Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуы –
елдің саяси-әлеуметтік, экономикалық дербестікке ие бола алғандығының
жарқын көрсеткіші. Ендігі міндет осы Тәуелсіздікті сақтап қалуға байланысты
қойылады. Оның бір тармағы – қазақ мектебінде қазақ тілін оқыту
әдістемесінің жаңалануына жоғары деңгейлерге көтерілуіне тікелей байланысты
болмақ. Қазақстан Республикасының Тәуелсіз мемлекет ретіндегі болмысы оның
мектепке беріп отырған сұранысынан танылады. Қазіргі кезде мектеп
оқушыларының ойлауы мен тілі сапалы дамытылуы басты нысанға айналып отыр.
Қазақстан Республикасының болашақта дамыған елдер қатарынан танылуы
үшін, Елбасымыздың Қазақстан - 2030 бағдарламасындағы нысандар орындалу
керектігі белгілі. Бірақ соның барлық бастауы қазіргі мектептерде екендігін
ұмытпау керек. Қазақ тілін теориялық деңгейде оқыту барысы оқушыларды
теориялық біліммен қаруландырып қана қоймайды, оқушыны өз бетімен ғылыми
білім алуға үйрететін ғылыми әдістермен де байытады. Ғылыми ойлау
тәртіптерін үйрету арқылы, ойлау мәдениетін қалыптастыру, оның жалғасы
болып табылатын ойын сыртқа шығару, яғни сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мен
дамыту міндеттері де шешіледі.
Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретінде танылып, ана
тілінің мемлекеттік тұрғыда қамқорлыққа алынуы білім беру жүйесінің алдына
қазақ тілінің оқытылуымен байланысты үлкен міндеттер жүктеп отыр. Бұл
міндеттер тілдің коммуникация құралы ретінде қоғамда алатын орнын танытумен
байланысты еді.
Әр ұлттық тіл, мәдениет дербестігі, әр ұлт республикаларының экономика
саласындағы егемендігі, сөз жүзінде емес, іс жүзінде танылуға тиіс, -
делінген. Қазақ тілі пәнін қоғам, мектеп реформасына сай жетілдіру
тұжырымдамасында. Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы және тілге
қатысты басқа да құжаттар тілдің қоғамдағы әлеуметтік рөлін өз дәрежесінде
танып, оның коммуникация құралы ретіндегі потенциалын толық пайдалануға
мүмкіндік туғызып отыр.
Белгілі әдіскер – ғалымдар Х.Арғынов[4], М.Балақаев[5],
Н.Сауранбаев. [6], Ә.Хасенов[7], С.Жиенбаев[8], Р. Әміров[9], т.б.
Қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисін теориялық тұрғыдан зерттей отырып,
оқушылардың ойлау қабілеті мен тілін дүниетанымын дамытудың жолдарын
қарастырған.
Баланың тілді меңгеруі жайлы ғылыми зерттеулер жазған психолог –
ғалымдар Л.С.Леонтьев [10], А.Л. Имедадзе [11], А.Л.Леонтьев, [11] т.б. жас
кезінде баланың танымдық, қабылдағыштық қабілеттерінің ерекше болатындығына
байланысты тілді тез меңгеретінін ғылыми негізде дәлелдеп берді.
Көрнекті педагогтер Р.Г.Лемберг [12], И.А.Қайыров, Н.К.Гончаров,
Б.П.Есипов, Л.В.Занков [13], Е.Я.Голант [15] тағы басқалардың оқыту
әдістерін саралаған пікірлерімен таныса отырып, нәтижесінде қазақ
мектептерінде жай сөйлемдерді оқытудың төмендегідей әдістерін қарастырдық:
байқау әдісі, түсіндіру әісі, әңгімелесу әдісі, кітапты пайдалану әдісі,
грамматикалық талдау.
Ана тілінің баға жетпес құдіреті мен қуаты туралы тұңғыш ұлттық
педагогика пәнінің негізін қалаған М.Жұмабаев тілсіз ұлт, тілінен
айырылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ.
Ұлтының ұлт болуы үшін бірінші шарт – тілінің болуы. Ұлт тілінің кеми
бастауы, ұлттың құри бастағанын көрсетеді. Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе
болмауы тиіс. Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихи тұрмысы, мінезі
айнадай ашық көрініп тұратындығын көрсете келе, ана тілін ұмытқан халықтың
толыққанды ел болып өркендеп, қанат жаюы мүмкін еместігін дәлелдеген.
Ірі қоғам қайраткері, үлкен талант иесі, қазақ халқының рухани көсемі
Ахмет Байтұрсынов [17] өз ана тіліндегі сөз ақыл-ой дамуының асыл қазынасы,
- дей келе, жасөспірімдердің лингвистикалық тәрбиесінің өмірге келген
сәттен бастап, өз ана тілінде жүргізілу керектігін ерекше атап көрсеткен.
Қазақ халқының тұңғыш ағартушы-педагогы Ы.Алтынсарин [18] оқушыларды
оқыту мен тәрбиелеу ісінде тіл сезімін дамыту олардың сөз қорын әрі қарай
байыту, ол әбден ойланған жүйені талап ететінін көрсеткен.
Республикамызда бастауыш сынып оқушылары тілінің дамуын жан-жақты
зерттеген ғалым С.Рахметова [19] зерттеу нәтижелері негізінде бастауыш
сынып оқушыларының тілін дамыту әдістемесінің негізін жасады.
Қазақстан Республикасында қазақ тілін оқыту мәселесі бойынша тарихи-
әдстемелік, ғылыми-теориялық арнайы зерттеулер жүргізген ғалымдар Х.Арғынов
[43], Д.Әлімжанов, И.Маманов [20], Ә.Хасенов [7], М.Балақаев, Т.Қордабаев
[21] т.б. зерттеулері нәтижесінде ғылыми-әдістемелік еңбектер, оқу
құралдар, бағдарламалар жасалынып, құнды тұжырымдар жасалған.
Оқушы тілін дамыту туралы еңбектерді талдау нәтижесінде жай сөйлемді
оқыту барысында тіл дамыту мәселесінің ғылыми-теориялық тұрғыдан зерттеу
нысанына айналмағандығы белгілі болды.
Тіл дамыту жұмыстарының мүмкіндіктері мен оларды бастауыш мектептердің
оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың қазіргі жағдайымен, бүгінгі қоғам
сұранысына сай жай сөйлемді оқыту барысында оқушылардың тілін дамытудың
өзектілігі мен оны пайдаланудың ғылыми-педагогикалық тұрғыда негізделген
әдістемелерінің жоқтығы арасында қайшылықтар туындап отыр. Сол себептен
қайшылықтардың шешімін табуда біздің жұмысымыздың мәселесі жай сөйлемді
оқытқандағы тіл дамыту жұмыстарының ғылыми-теориялық және әдістемелік
жолдарын қарастыру болып табылады. Сондықтан да, зерттеу жұмысымыздың
тақырыбын Жай сөйлемді оқытудағы тіл дамыту жұмыстары деп таңдадық.
Зерттеу мақсаты: Тілге қатысты ғылыми-практикалық жаңалықтарға сүйене
отырып, жай сөйлемді оқыту барысында тіл дамыту жұмысын жүргізудің
мазмұнын, жолдарын, әдіс-тәсілдерін айқындау.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер жай сөйлемдерді оқыту бағдарламалық
талаптарға сай жүйелі жүргізілсе; жай сөйлемді оқытуда оқушылардың тілін
дамыту, олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес материалдарды сұрыптап, оны
меңгертудің тиімді әдіс-тәсілдері арқылы жүзеге асырылса; жай сөйлемді
оқыту оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етілсе, онда оқушылардың тілін
дамытуға негіз болады.
Зерттеу объектісі: Бастауыш сыныптағы оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеудің міндеттері:
- жай сөйлемді оқытудағы тіл дамыту жұмыстарының қазіргі жағдайы мен
педагогикалық мүмкіндіктерін анықтау;
- жай сөйлемді оқытудағы тіл дамыту жұмыстарының қазіргі жағдайы мен
педагогикалық мүмкіндіктерін анықтау;
- жай сөйлемді оқытудағы тіл дамыту жұмыстарының қазіргі жағдайы мен
педагогикалық мүмкіндіктерін анықтау;
- тіл дамыту жұмыстарының тиімді әдіс-тәсілдерін саралау, өлшемдері мен
көрсеткіштерін анықтау, моделін құру;
Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселесіне байланысты теориялық,
философиялық, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік еңбектерге
ғылыми тұрғыда талдау жасау; білім беру бағдарламалары мен оқу-әдістемелік
кешендеріне ғылыми тұрғыдан талдау; бастауыш мектептегі оқу-тәрбие
жұмыстарын бақылау; озат тәжірибелерді жинақтау, қорыту; педагогикалық
эксперимент жүргізу, оның нәтижелерін сұрыптау, оларды математикалық
жағынан өңдеу.

Зерттеудің нысанасы:
Зерттеу жұмысы Алматы облысы Панфилов ауданы Жаркент қаласындағы
Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепте өткізілді. Экспериментке 40 оқушы оның
ішінде 20 оқушы эксперименттік, 20 оқушы бақылау тобына алынды.
Дипломның құрылысы: диплом кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. Зерттеу жұмысында оның нәтижелері
туралы мәліметтерді көрнекі түрде бейнеленген кесте, сурет орналасқан.

1. Жай сөйлемді оқытудың ғылыми-теориялық негіздері.

1.1. Жай сөйлемді оқытудың теориялық негіздері.

Қай тілдің болса да өз алдына жеке тіл екенін оның негізгі сөздік қоры
мен сөздік құрамы және грамматикалық құрылысы ғана айқындай алады. Сөздік
қор мен сөздік құрам грамматиканың қарауына түспей тұрғанда, тек қана тіл
материясы болып есептелінеді. Ал олар грамматиканың қарауына енген соң,
ойдың шындығы, қарым-қатынас құралы бола алады. Грамматиканың арқасында тіл
адамның ойын білдіре алады. Міне, грамматиканың күрделі де көлемді
саласының бірі – синтаксис.
Х.Арғыновтың Қазақ тілі синтаксисі методикасының негіздері 1969
деген еңбегінде грамматиканың осындай күрделі саласы – синтаксисті оқыту
негзінен мақсаттарды көздейтіндігі туралы айтылады:
1. Оқушылардың ойлау қабілеті мен тілін, дүниетанымын дамыту;
2. Қазақ тілі ғылыми табысының негізінде оқушыларға синтаксиспен
тиянақты да терең, саналы білім беру;
3. Оқушыларға қазақ тілі нормасына сай ойын, өз түсінігін дұрыс айта
және жаза алатындай дағды беру;
4. Оқушыларды ана тілін сүюге, оның алтын қорын пайдалана білуге және
оны құрметтеуге тәрбиелеу;
5. Дене еңбегін де, ақыл-ой еңбегін де атқаруға, ғылым мен мәдениет
саласында белсенді қызмет етуге қабілетті, коммунистік сана-сезімді
және білімді адамдар тәрбиелеп, даярлап шығаруға үлес қосу. [4]
Автордың грамматиканың күрделі саласы синтаксисті оқытуда көзделетін
негізгі мақсаттары туралы айқындаған тұжырымы дұрыс. Бірақ синтаксис және
оның объектілері туралы зерттеу еңбектеріндегі анықтамаларға сүйенсек [5],
синтаксисті оқытудағы мақсат бұдан да айқынырақ болар еді. Мәселен,
синтаксистің грамматикалық ілім ретінде сөз тіркесінің синтаксисі және
сөйлемнің синтаксисі деп бөлінетінін ескере отырып, ірі сала объектісін
жеке-жеке талдасақ, ол жоғарыдағы мақсатты кеңейте түсуге, нақтылай түсуге
ықпал етеді.
Осы мақсаттың негізінде синтаксисті оқытуда көзделетін мақсатының
мазмұнын мынадай тармақтар қосу арқылы кеңейтуге болады:
1. Тіл – ойлау мәдениетінің, сезім мәдениетінің көрсеткіші
болғандықтан, алдымен сөйлемді құру принциптеріне мән беру керек;
2. Ойды жеткізудегі мақсаттың айқындылығына байланысты сөйлемнің
толыққанды болуын қамтамасыз ететін ең басты компоненттерінің көріну
сауаттылығына көңіл бөлу. Айталы, белгілі бір тақырып төңірегінде
сөйлеу қажет болса, сол тақырыптың білімдік, информациялық жағын
ашатын қажет атауларды, сөздерді сауатты пайдалануға, ал оны
(тақырыпты) экспрессивтік-эстетикалық жағынан ашу керек болса,
контекске лайық образдылық тудыратын формаларды орынды жұмсауға
үйрету.
Жай сөйлемді бастауыш мектепте оқытыла бастауы 1939-1940 оқу жылынан
басталады, өйткені 1939 жылы С.Аманжолов пен Н.Сауранбаевтың авторлығымен
Қазақ тілі синтаксисі атты оқулық дайындалған еді. Ал 1939-1957 жылдар
аралығында жай сөйлем синтаксисін оқытудың әдістемесі туралы шағын
мақалалар мен кішігірім кітаптар жарияланды, бірақ көлемді монографиялық
еңбек болған жоқ. 1958-1961 жылдар аралығында жай сөйлем синтаксисін оқыту
жайында Ф.Мұсабаеваның, М.Достановтың, Қ.Жақыповтың, Ә.Айсауытовтың,
С.Хасеновтың мақалалары жарық көрді. Содан кейінгі жарияланған еңбектің
бірі – Жай сөйлем және оның түрлерін оқытуға байланысты қайталау. Бұл
еңбектердің барлығында мектеп оқушыларына ұсынылуға тиісті синтаксистік
жүйе зерттеуші тарапынан ғылыми тұжырым арқылы негізделеді, бірақ мектеп
бағдарламасының талаптарына сай жинақтап беру жеткіліксіз. Х.Арғыновтың
Жай сөйлем синтаксисінің көрнектік құралы (1961), Д.Әлімжанов пен
И.Мамановтың Қазақ тілін оқыту методикасы атты еңбектерінде жай сөйлемді
оқыту мәселесі сөз болады.
Бұдан шығатын қорытынды: жай сөйлем лингвистикалық тұрғыдан біраз
зерттелініп, ғылыми жүйеге түскен. Ал әдістемелік тұрғыдан баяндалуы 1940
жылдардан шығатын мақалалар көлемінде басталса да, методиканың тұрақты
зерттеу объектісіне айналуы 1960 жылдардан басталды.
Қазақ тілінің жай сөйлем синтаксисі теориялық тұрғыдан Қ.Жұбанов,
Н.Сауранбаев, С.Аманжолов еңбектерінен кейін де жан-жақты зерттеледі. [9]
Лингвист ғалымдарымыздың тіл мәдениеті, стилистика, тілдегі кейбір
грамматикалық категориялардың синонимдік қатарлары мен стильдік
ерекшеліктері туралы, сонымен қатар, жай сөйлем синтаксисінің
лингвистикалық зерттелу аспектісі туралы ғылыми талдаулары жай сөйлем
синтаксисін оқытумен бірге ұйымдастырылатын тіл дамыту жұмысының
лингвистикалық негізі ретінде алынды. Әсіресе, Тілдің синтаксистік
жүйесінде кездесетін эмоциялық тудыратын формалар мен олардың стильдік
ерекшеліктері [9] жай сөйлем синтаксисін оқыту кезінде жүргізілетін тіл
дамыту жұмысының оқушыға тілдегі грамматикалық амал-тәсілді түрлі тілдік
ситуацияға орай ұтымды жұмсауды үйрететін түрлерін анықтауға негіз болды.
Мысалы, баяндауыштың (Мына шіркін бір ауыз сөз қатса қайтеді. М.Ә.),
толықтауыштың (Сен қоян екеш қоянды ұстай алмайсың. С.Мұратбеков) жай
сөйлем синтаксисінің жүйесіндегі тағы да басқа тақырыптардың эмоциялық
бояуы бар мұндай формалары оқушыларға олардың тілдік сезімін
қалыптастыруды, әрі грамматиканы оқыту кезіндегі тіл дамыту жұмысын
образдылық тудырып сөйлеуге үйрету жұмысын жетілдіруде лингвистикалық
материал бола алатынына көзіміз жетті. Бұл қасиеттердің барлығы тідің
эстетикалық экспрессивтік қызметінің көрінуіне себеп болады.
Ойды білдірудің ең кіші тілдік единицасы – сөйлем. Сөйлемнен кіші
тілдік единицалар (сөз тіркесі, сөз т.б.) ойды білдіре алмайды. Сонда
ойлаудың бір бұтағы – ой білдіру тілде сөйлем арқылы көрініп іске асады
[16].
Адам ойының әр алуандығы ойды айту үшін жұмсалатын сөйлемдердің құрамы
мен түрлерінің әртүрлі болып келуіне ықпал етеді. Тілдік единица –
сөйлемнің ойды жұмсауда ең көп жұмсалатын түрі жай сөйлем болғандықтан,
зерттеуімізді қарапайымнан күрделіге өту принципі негізінде алдымен жай
сөйлемнің табиғатында жүргізгенді дұрыс деп таптық. Көрнекті педагогтар:
Г.Лемберг [12], А.А.Қайыров, Н.К.Гончаров, Б.П.Есипов, Л.В.Занков [13],
П.А.Зайченко [14], Е.Я.Голант [15], Н.О.Афанасьев [12] тағы басқалардың
оқыту әдістерін саралаған пікірлерімен таныса отырып, қазақ мектептерінде
синтаксисті оқытудың әдістері қандай екен деген оймен тілімізді оқыту
әдістемесін осы жағынан да қарастырдық. Нәтижесінде қазақ тілі
грамматикасының синтаксис саласын оқытуда негізінен мынадай әдістердің
қолданылатынын байқадық: байқау әдісі, түсіндіру әдісі, әңгімелесу әдісі,
кітапты пайдалану әдісі, грамматикалық талдау [20].
Қазақ тілі синтаксисін оқытудың әдістері жай сөйлемді оқытуда тіл
дамыту жұмыстарын ұйымдастырудың әдістемелік негізін құрайды және оның
өзіндік әдістерімен ұштасады.

1.2. Оқушылардың тіліне тән кемшіліктердің лингвистикалық және
психологиялық сипаты.
Жинақталған материалдардың негізінде оқушылардың тіліне тән кемшіліктер
мен олардың жіберілу себептерін анықтауда жай сөйлемді оқыту барысында
жүргізілетін тіл дамыту жұмысының мазмұнын белгілеу үшін қажет.
Оқушылардың тілін егжей-тегжейлі зерттей отырып, ондағы кемшіліктердің
сипаты мен олардың жіберілу себебін анықтау мәселесіне қазақ тілін оқыту
методикасында әлі күнге дейін көңіл бөлініп келеді. Әрине, оқушыладың
тілідегі кемшіліктерді жіктеу өте күрделі методикалық проблема. Тілдегі
қателерді жіктеу тілдік бақылаудың критерийлерін қалыптастыруға негіз
болады.
Орыс тілінің метдикасында даулы болса да оқушылар тіліндегі қателерді
топтау жөнінде принципьтер мен терминдер туралы айтылп жүр [22].
Жай сөйлемді оқыту барысында оқушылардың тілін дамыту жұмысының
мазмұнын анықтау үшін бізге ең алдымен балалардың тілін зерттеп, оын алған
кемшіліктер мен олардың қандай себептерге байлансты жіберілетініне тоқталу
қажет болды.
Осы мақсатпен жүргізілген зерттеу жұмыстары оқушылардың өз оларын
ауызша және жазбаша жеткізуде жіберетін қателерінің психологиялық,
лингвистикалық сонымен бірге, олардың не себепті жіберілетінін анықтауға
мүмкіндік береді.
Жалпы тілді оқыту методикасында әртүрлі мақсатта болса да, орыстың
әдіскерлері мен психологтары оқушылардың тілін зерттеу фактісіне тоқталған.
Айталық, Н.И.Рыбников мектепке дейінгі балалардың сөздік қорын зерттесе,
В.Г.Ягодовский [23], М.К.Шербаков [24] бастауыш класс оқушыларының
В.И.Мамушин, М.Т.Баранов, Н.Н.Пойов [25], ІҮ-ҮІІІ класс оқушыларының сөздік
қорын зерттеген. Әрине, бұлардың зерттеу мақсатары да әртүрлі: тілшілер тіл
дамуының жалпы заңдылықтарын анықтаса, психологтар баланың психологиялық
дамуын байқау үшін, ао методистер оқушының сөздік қорын жетілдірдірудің
алғышарттарын жасау үшін пайдаланады. Қазақ тілі әдістемесінде оқушылардың
байланыстырып сөйлеу қабілетін зерттеуді былай қойғанда сөздік қорына
байланысты кемшіліктердіғң сипатын анықтау үшін, яғни баланың сөздік қоры
неліктен аз деген сұраққа жауап беру үшін арнайы негізгі мақсатта жүйелі
түрде зерттеу жұмысы болған жоқ. Осы айтылғандарын ескере отырып, жай
сөйлем синтаксисін оқту барысында оқушылардың тілін дамыту әдістемесінің
мазмұнын анықтаудың алғы шарттарының бірі оқушылардың тілін зерттеу деп
тауып, бұл міндеттің шешілуін мынадай екі бағытта қарастырдық:
1. Оқушының сөздік қорын зерттеу;
2. Сөздік қорда бар материалды жұмсау қабілетін зерттеу.
Тіл үшін оған коммуникацияның барлық аспектісінде көріну мүмкіндігін
туғызатындай дәрежеде сөздік қорды жетілдіру мен ондағы бар материалды
сауатты жұмсауға үйрету – қазақ тілі грамматикасының келген тақырыбын оқыту
барысында жүргізілетін тіл дамыту жұмысының толыққанды мазмұнын белгілеуде
бірін-бірі толықтырып тұратын компоненттер. Ал сөздік қорды жетілдіру
процесі жан-жақты зерттелінген сөздік қор туралы материалға сүйеніп
жүргізілетіндіктен, алдымен оқушының сөздік қорының деңгейін анықтау,
екінші кезекте оқушыға тілдегі грамматикалық амал-тәсілдерді дұрыс, сауатты
жұмсаудың жолдарын үйрету үшін олардың тіліндегі статистикалық қателердің
сипатын анықтау керек. Баланың сөздік қорын зерттеудің нәтижесінде біз тек
сөздік жұмыс үшін ғана материал алып қоймаймыз, сонымен қатар, лексика,
морфология, орфография, синтаксис, стилистика сияқты грамматиканың барлық
талдаулары үшін жаттығулар жүйесін анықтау мүмкндігіне ие боламыз. Сөздік
қорды зерттеу қазіргі ақпарат легі көп тұста оқушының сөздік қорының жұтаң
болуының сыры неде деген сұраққа жауап беруге көмектесетіндігін байқадық.
Жай сөйлемді оқыту барысында 4 сынып оқушыларының сөздік қорын зерттеу
біздің жұмысымыздың негізгі міндеттерінің бірі болды. Сөздік қорды ашу үшін
(баланың сөздік қоры жеткілікті дәрежеде ме, жоқ әлде тайыз ба, тайыз
болса, сипаты қандай дегенді ашу үшін) оқушыларғы нақты тақырыптар
ұсынылды.
Алдымен, тақырып таңдамас бұрын сөздік қорды танытатын өлшемдерді
анықтап алу қажеттігі туады. Тақырып сол өлшемдердің бар-жоқтығын ашу
керек. Өйткені кез-келген тақырыпты ұсынуға болмайтынын ескердік.
Тақырып ұсынбас бұрын оқушылардың сөздік қорының деңгейін анықтайтын
критерийлерді белгілеуіміз керек. Орыс тілінің методисі М.Т.Баранов өзінің
Пути изучения словарного запаса учащихся ІҮ-ҮІІІ классов и
совершенствования методики словарной работы на уроках русского языка деген
мақаласында оқушылардың сөздік қорын байыту методикасы:
а) оқушылардың сөздік қорының деңгейін анықтау;
ә) сөздік қорды байытудың алғышарттарын табу;
б) сөздердің мағыналарын түсіндірудің жолдарын белгілеу;
в) сөздік-семантикалық және сөздік-стилистік жаттығулардың жүйесін
табу;
г) лексика қателер, оларды түзету және болдырмаудың жолдарын анықтау;
д) оқушылардың сөздік қорының деңгейін анықтайтын критерийлерді
белгілеу сияқты бөлімдерден тұратынын айта келіп, соңғы бөлім, сөздік
қорды анықтайтын критерийлерді белгілеу, енді ғана назарға алып отыр,-
дейді.
Өзінің тілінде сөйлейтін адамның барлығының сөздік қоры дұрыс, мол деп
айтуға болмайды. Ендеше қандай сөздік қорды мол, жетілген сөздік қор
дейміз? Біздіңше, мектеп оқушыларының сөздік қорында баланың ұлттық ойлау
ерекшелігін танытатын сөздер, атаулар, ұғымдар жеткілікті болуы керек.
Өйткені бұл баланың өз ұлтының мәдениетін, өнерін түсіну арқылы жалпы
интеллектісін дамытуға ықпал етеді.
Ал интеллектінің төмендеуі оқушы тілін дамытудағы басты кедергілердің
бірі екндігі туралы психологиялық еңбектерде де айтылған [26]. Оқушының
сөздік қорының деңгейін анықтауда маңызды болып саналатын басты өлшемдері
баланың сөздік қорында қоғмдағы саяси ағымға, ғылымға, техника мен
мәдениетке қатысты терминдердің болуы. Бұл екеуі де, түптеп келгенде,
интеллектіге келіп тіреледі. Осыған байланысты белгілі француз әдіскері
Ж.Люссер былай деген екен: Әрине, оқушылардың тілдік механизмдерді
меңгеруіне көңіл бөлген дұрыс. Бірақ мұғалім ең құнды ережені ұмытпаған
жөн: ол айтатын ештеңе боласа, айтуға үйретудің де қажет еместігі [27].
Қазақ тіл әдістемесінде оқушылардың сөзік қорын арнайы, белгілі бір
мақсатта жүйелі түрде зерттеу жұмысы болмағандығын ескере отырып, өзіміз
жоғарыда белгіленген критерийді негізге алып жүргізген зерттеуіміз
балалардың сөздік қорының деңгейін және оған (сөздік қорға) қатысты
кемшіліктің сипатын анықтауға мүмкіндік берді. Сөздік қорды зерттеу
мақсатындағы тақырыпты таңдамас бұрын сынып оқушыларлының жас ерекшелігі де
ескеріледі.
Зерттеу объектісіне алынған Жаркент аласындағы Ы.Алтынсарин атындағы
мектебінің 4 сынып оқушыларына олардың сөздік қорының деңгейін анықтау үшін
Алматы – қазақ мәдениетінің ордасы деген тақырыпта шығарма жазғыздық.
Мақсат – оқушылардың сөздік қорында қазақ халқының тарихын, өнері мен
мәдениетін ұғындыратын атаулар, ұғымдар тіпті термин сөздер бар ма, жоқ па,
жоқ болса, немен байланысы деген сұраққа жауап беру. Жұмыстың нәтижесінде
шығарма жазуға қатысқан барлығы 120 оқушының 12-сі (пайызға шаққанда 71
пайызы) тақырыптың мазмұнын мүлдем ашпағаны, ал қалған 18 оқушының жартылай
ғана ашуға тырысқаны анықталды. Шығарма жұмыстарында Алматы қаласының қазақ
мәдениетінің ордасы екендігін ашатын атаулар, терминдер мүлдем қолданылмай,
дерексіз сөзге көп орын берілген.
Сөзіміз дәлелді болу үшін С.Ғ. деген оқушының жұмысынан үзінді
келтірейік: Қазақстанның әсем қалаларының бірі – Алматы. Ол өте әсем,
көрікті, сұлу қала Алматыда биік-биік үйлер, театрлар, музейлер, саябақтар
өте көп. Алматының ең биік үйлерінің бірі – Қазақстан қонақ үйі. Ол жерге
әр жақтан келген қонақтар демалады. Алмаыда гүлденген бау-бақша, мөлдіреген
сулар көп. Алматыда қазақ мектептері де өте көп. Медеу мұз айдыны да
үнемі адамға толы. Ол жерде шаңғымен, шанамен, конькимен сырғанауға
болады.
Өзіміз көріп отырғандай, оқушының сөздік қорында оның интеллектісін
анықтайтын халықтың өнері мен мәдениеті туралы білімді, информацияны
жетелейтін атаулардың жоқтығы анықталды.
Оқушылардың тілді эстетикалық жағынан тану, қабылдау, сезіну
қабілетінің төмендігі сөздік қорда тағы бір мотивпен көрінеді. Атап
айтқанда, бұл кемшілік сөздік қорда эмоциялық бояуы бар, экспрессивті мәнді
сөздердің болмауынан байқалады.
Сөздік қорды анықтайтын критерийдің бірі – эмоциялық бояуы бар, образды
сөздер оқушының сөздік қорында болуы керек деген ойды басшылыққа ала отырып
жүргізген зерттеу жұмыстарымыздың нәтижесі балалардың тілді эстетикалық
жағынан қабылдау және сезіне білу қабілетінің төмендігін мынадай мысалдар
арқылы танытты:
Алматы қаласы - әсем, биік қала. Бұл қалада миллиондаған халық тұрады.
Қазір Алатаудың ең биік шыңында қар жатыр. Бұл қалада әсем биік-биік үйлер
көп. Олар бірнеше этажды. Бұл жерде көптеген музейлер, парктер, театрлар,
дүкендер көп. Бұл жерде мұз айдыны да бар. Мұз айдыныныда жексенбі күндері
көп адамдар жиналады. Бұл қалада көптеген айтыстар мен тамашалар болып
тұрады. Бұл қалада көптеген өзендер бар.
Кішкене ғана мәтіннің өзінде бұл қалада деген тіркес 4 рет, бұл
сөзі 6 рет, бұл жерде деген тіркес 2 рет, Алматы қаласы деген сөз 2 рет
қайталанады. Мұның өзі тілдің нәзіктігін, әсерлілігін жоғалтып, қарабайыр,
оғаш көрінуіне әкеліп соқтырады. Әр сөздің орнында айтылғанын, ойдың
айқындылығымен, дәлдігімен үйлесіп жататындығын, тілде бардың асылы мен
жасынын, әдебиеттілігін, нормалылылғын айыра, талғай алған адамның тілге
деген эстетикалық сезімінің де күшті болғаны. Тыңдағанда, оқушының тілді
сезінуі, түсінуі, сөз ойды әйтеуір қалай болса солай жеткізу құралы емес
екендігін сезіну дәрежесінің төмендігі салдарынан тілдегі эмоциялық бояуы
бар, көркем сөздерді пайдалана алмайтындығы байқалады.
Тіл коммуникация құралы ретінде өзінің потенциалын толық таныту үшін
экспрессивтілікті қамтуы қажеттігін ескерсек, оқушылардың тілдегі
образдылық тудыратын формаларды меңгеруі өз алдына, олардың сөздік қорында
образдылық тудыратан сөздердің де жеткілікті болуы шарт. Ал енді мына бір
екі шығармаға көңіл аударалық. Шығарманың тақырыбы: Кең байтақ туған
жерім. Мен өз туған жерімді әрқашанда мақтан етемін. Біз ылғи жаз
ортасында ауыл шетінен жеміс-жидек теруге және өзенге шомылуға барамыз.
Барлық адамға өзінің туған жері ыстық. Туған жерден бөлек алыста жүргенде
сағынасың. Мен туған жерімді мәңгі сүйіп, оны мақтан етемін. Мен мына
өлеңіммен туған жерге деген ыстық сезімімді жеткізгім келеді:
Туған жерім, асқар тауым,
Сені мәңгі мақтан етем.
Қазір, міне, туған жерді,
Бір көруге ынтықпын мен.
Бұл шығармада көптеген олқылықтар болса да, оқушының туған жеріне деген
бала махаббатын, тұнық сезімін образды, эмоциялы жеткізуге тырысқанын
көруге болады. Әдеби тіліміздің бай ресурстарын орынды, жүйелі пайдалануға
баулу – мұғалімнің міндеті. Сонымен, 4 сынып оқушыларының сөздік қорын жан-
жақты зерттеу жұмысы олардың сөздік тән мынадай кемшіліктерді анықтауға
мүмкіндік береді:
1. Оқушының сөздік қорында оның интеллектуалдық жағынан жетілуін
анықтайтын ааулардың, ұғымдардың жеткіліксіздігі;
2. Тілді тану, оны эстетикалық жағынан қабылдау қабілетінің төмендігінің
эмоциялық бояуы бар, образды сөздердің сөздік қорда болмауы.
Сөздік қорға қатысты анықталған бұл кемшіліктер жай сөйлемді оқыту
барысында оқушылардың сөздік қорын жетілдіру мақсатында ұйымдастыратын
сөздік жұмысының мазмұнын бегілеуге мүмкіндік туғызып отыр.

2. Жай сөйлемді оқытудағы тіл дамыту әдістемесі
2.1. Тіл дамытуды жүргізу жолдары

Тіл қарым-қатынас жасаудың жолы болса, сол қарым-қатынас жасауда
адамның өз ойын жеткізуінің негізгі формасы – сөйлем. Басқаша айтқанда,
сөйлем- пікір алысуды, қарым-қатынас жасауды қамтамасыз ететін тілдік
материалдың біртұтас бөлшегі [21]. Бұл жерде сөйлемнің жеке компоненттері,
олардың өзара байланысу заңдылықтары мен құрылу принциптері, сөйлемнің
сөзден айырмашылығы бар үлкен единица екенін анықтайтын басты белгілері
туралы айтыпжатудың қажеттілігі жоқ деп ойлаймыз.
Адам ойының әр алуандығы оны айту үшін жұмсалатын сөйлемдердің құрамы
мен түрлерінің әртүрлі болып келуіне ықпал етеді. Соның бірі – жай сөйлем.
Жай сөйлем грамматиканың синтаксиси деп аталатын саласының объектісі
ретінде қарастырылады. Ал орта мектепте қазақ тілін оқытуға арналған
бағдарламада жай сөйлем синтаксисі жеке курс ретінде оқытылып, мұнда
оқушыларға жай сөйлемің түрлері, сөйлем мүшелері, бірыңғай мүше, оқшау сөз
т.б. грамматикалық белгілерін ажырата білуге, сөздерді синтаксистік
құрылымда ауызекі сөйлеу мен жазу тлдерінде дұрыс қолдануға дағдыландырып,
курс бойынша жүйелі, толық білім беру қамтылады.
Грамматиканың фонетика, лексика, морфология салалары сияқты
синтаксистің де тілдік материалында жарыстырыла, тіл фактілерімен сабақтаса
жүріп, іске асырылатын тақырып – тіл дамыту.
Тіл дамыту жұмыстары – оқулықтардағы тілдік материалдар негізінде
оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне қарай, педагогикалық
принциптермен тығыз байланыста жүргізілетінпрактикалық жұмыстар.
Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, дүниетанымын, көзқарасын қалыптастыру, сөзді
мағынасын дұрыс түсініп, орынды қолдана білуге тәрбиелеу, сөйлеу, жазу
жағдайларын жетілдіру жұмыстарының бәрі де тіл дамыту мәселесіне келіп
саяды. Бағдарламада тіл дамытуға арнайы сағат тіл ұстарту деген атпен
белгіленеді. Тіл дамыту жұмысын ауызша-жазбаша жаттығулар, шығарма,
мазмұндама, диктант сияқты жұмыс түрлері арқылы іске асыру міндеттелінген.
Методикалық әдебиетте тіл ұстартуға тіл дамытудың және сабақ болып өтілетін
түрі, ауызша және жазбаша тіл дамытулар [28] деп анықтама беріледі. Осыған
байланысты айта кету керек, тіл дамытуды тіл ұстарту деп атап, оны ішінен
ауызша және жазбаша тіл дамыту деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Грамматика және тіл дамыту
Жай сөйлемді оқыту
Тіліміздің грамматикалық амалдары түрліше
«Грамматика, емле және тіл дамыту жұмыстарына үйретудің әдіс-тәсілдері»
Мемлекеттік тілді деңгейлік оқыту технологиясы
«Бастауыш мектепте шет тілін оқытудың теориясы мен техникасы»
Тілдік-кешенді талдау технологиясы
Қазақ орфографиясының ғылыми-теориялық негіздері
Орфографияны оқытудың лингвистикалық, психологиялық және методикалық негіздері
Қазақ тілі сабағында оқушының сөздік қорын байыту жұмыстарының түрлеріне тоқталу және олардың тілді үйрену барысында алатын орнын анықтау
Пәндер