Іскерлік ойындар


Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлімІскерлік ойындарды ұйымдастыруІскерлік ойынның іс-әрекеттілік қызметі. Іскерлік ойындарды дайындау барысындағы психологиялық-педагогикалық принциптер. Баланың танымдық белсенділігін, интеллектісін дамытатын ойындар.
- Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазіргі кезде білім мазмұны мен білім беру жүйесі оның нәтижесіне қарап бағаланатыны мәлім. Сондықтан білім беру жүйесінде ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру, дамытуда оны кәсіби тұрғыдан шыңдауға басты назар аудару қажет.
Бүгінгі таңда қоғам алдында Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңы, «Қазақстан 2030» бағдарламасындағы: «Барлық Қазақстандардың өсіп өркендеу қауіпсіздігі мен әл - әуқатының артуы» деген ұзақ мерзімдік міндетті үшінші мыңжылдықта іске асыру жауапкершілігі тұр.
Бұл талаптар оқыту үрдісінде оқыту технологияларын жетілдіру, инновациялық бағыты білім, біліктілік, және дағды жиынтығын меңгеру үрдісі ретінде мамандық ауқымында, пәндік сипат алып отыр
Оқу бағдарламаларының мазмұны білім беру мақсаты мен міндеттеріне жауап бере алатын білім-біліктілік-дағды жүйесімен құрылып, арнайы ептілікке ұласады десек, арнайы білім мен біліктілік кәсіпке даярлау барысында жүзеге асады деуге болады .
Оқыту мен оқу әрекетінің бір - бірімен тығыз байланыста болып, баланың ақыл-ойының дамуында зор рөл атқаратындығы белгілі. Ал оқыту барысында ақыл - ойдың интеллектінің дамуы, «оқи алуға үйрену» бүгінгі күннің басты талабы. Оқушылардың оқу әрекеті - ол орындайтын әрекеттердің жетекшісі, негізгісі. Оқу әрекеті арқылы осы кезеңге тән психологиялық жаңа құрылымдар теориялық сана және ойлау қалыптасады.
Осылайша оқу әрекетінің мазмұны болып табылатын теориялық ілім, оқушының қажеттілігіне айналады. Ал қажеттіліктерді өтеу мотивтермен байланысты. Тапсырманы табысты орындап шығуға басшылық ететін ынта-ықылас, ішкі түрткілер пайда болады.
Әлеуметтік тұрғыда адамның белсенділігі мен дербестігі оның еңбегінің жемістілігін айқындайды және тапқырлығының мәнін құрайды. Ендеше оқушыларда осы қасиеттің пайда болуын тудыру әрбір ұстаздың негізгі міндеттерінің бірі болып саналады. .
Жеке тұлғаның белсенділігін және өзіндік дамуын оятуға бағытталған жүйе бұл белсенді оқыту әдістері. Бұл өзіне жартылай - зерттеу әдіс, проблемалық түсіндіру, зерттеу әдістерін кіріктіруге ұмтылдырады, оқушыларды белсенділігін арттыру негізін негізге алады. Қазіргі педагогика ғылымы, барлық педагогикалық тұжырымдамаларының құндылығы оқыту үрдісі мен тәрбиелеу барысында оқушылардың белсенділігін арттыру мәселелерін қарастыруға байланысты болуда.
Іскерлік ойындарды ұйымдастыру
Оқу үрдісінде оқушылардың белсенділігін арттырудың жолдары мен тәсілдерін, танымдық ізденімпаздық, танымдық белсенділігін қалыптастыру мәселелері туралы жазылған еңбектерді атап өтсек, олар Ы. Алтынсарин, О. А. Абдуллина, Ю. К Бабанский, В. А Сластенин., А. Е. Щуркова.
Бүгінгі таңда белсенділік оқыту әдісінің идеясы мен ғылыми тұжырымдамасы арнайы түсіндіруді қажет ететін бірқатар ұғымдарды қарастыруды қамтиды.
Белсенді оқыту тұжырымдамалары анықталған қағидаларға жүгінеді:
1. Проблемалық қағидасы.
2. Контексті оқыту қағидасы.
3. Іс - әрекеттің оқу - танымдық мотивация қағидасы
4. Тікелей қатысу қағидасы
Әдебиеттерде бұл терминдер «Белсенді оқыту әдісі» (БОӘ-МАО) болып кездеседі. Осы жөнінде толық жіктелу туралы мәліметті М. Новик жасады. Ол белсенділікті имитациялық және имитациялық емес топтар арқылы бөліп қарастырады. Соған байланысты сабақтың формасын да имитациялық және имитациялық емес деп анықтайды.
Имитациялық тренинг, имитациялық жаттығуларды қарастыру мәселелері ескерілді.
Оқыту барысында жеке тұлғаны белсенділігін арттырудың басты құралы белсенді оқыту әдістері болып саналады. Әдебиеттерде бұл терминдер «Белсенді оқыту әдісі» болып кездеседі. Осы жөнінде толық жіктелу мәліметті М. Новик жасады. Ол белсенділікті имитациялық және имитациялық емес топтар арқылы бөліп қарастырады. Соған байланысты сабақтың формасын да имитациялық және имитациялық емес деп анықтайды.
Имитациялық емес сабақтарының сипаты оқытылатын үрдіс немесе іс-әрекеттердің моделдерінің болмауында. Оқыту белсенділігі оқытумен мен оқушының арасындағы тіке және кері байланыстары арқылы жүзеге асады.
Имитациялық сабақтардың айқын ерекшелігі оқытылатын үрдіс (жеке дара немесе ұжымдық кәсіптік іс-әрекеттер имитациялары) моделінің болуында. Сонымен қатар олардың ойындық және ойындық емес болып бөлінуінде. Оқушылардың анықталған бір рөлдерде ойнауы негізінде жүзеге асатын әдіс ойындық деп аталады.
Іскерлік ойындардың конструкциялық үрдісі 4 кезеңнен тұрады:
І - кезең. Ойынның мақсатын анықтау.
ІІ- кезең. Мазмұнын анықтау. Мұғалімнің, сынып жетекшісінің, қызметінің құрылымы бойынша типтік ситуацияларды таңдау.
ІІІ- кезең. Ойынның жүзеге асуын дайындау. Ойын құжаттары: ойынның жаңа ережелері; ойыншылардың міндеттері; персонаж кіріспесі; екі рөлді ойнаушылар; мінез - құлықтарының қарама-қайшылығы; марапаттау; нәтижелерінің визуальдық ұсыныстары;
ІV-кезең. Ойынның құрылымдық-функциональдық бағдарламасын құру: мақсаты, міндеті, ойынның өтілу барысы, ұйымдастыру құрылымы мен бірізділігі, ойынға қатысатындар саны мен олардың қызметтері, сұрақтар мен тапсырмалар, стимул жүйесі.
Іскерлік ойынды өткізу әдісі 4 кезеңнен тұрады:
1. Алдын ала дайындық - ұйымдастырушылық, мини топтарға бөлу, арбитражды құру, көкейкестілікпен қорытындылау.
2. Дайындық - мини топтардың өзіндік жұмыстары, нұсқаулары, рөлдерді бөлу, қосымша ақпараттар, мәлімет кестесін толтыру, жазбаша жауаптарды бағалау.
3. Ойындық - тапсырмаларды мини топтар имитациялайды. Басқа топтағылар толықтырады, аз уақыт арасында импровизацияларды ендіру. Арбитраждар барлық жұмыстарды қадағалайды, толықтырады, алдын ала дайындалған 3 деңгейде бағалайды.
4. Шешімдерге талдау жасау. Қорытындылау. Ойынның өтуі, тыңдаушылардың белсенділік танытуы, қателіктерге назар аудару, дұрыс шешімдер, жарыс қорытындылары.
Іскерлік ойындар- әр түрлі ситуациялардың шешішмін топ бойынша немесе ЭЕМ - де берілген тапсырмалар шешу барысында қолайлы келеді.
Топтағы пікірталас - өзге оқыту түрлерімен комбинациясы аралас қолданылатын жалпыға таныс әдіс.
Рөлдік ойын: рөлдік ойын қайғылы оқиға немесе «қулық» қатысушылардың берілген рөлдерінің шындыққа ұқсатуы мен шын мәнісіндегідей әрекет ету мүмкіндігін береді.
Рөлдік ойын - ол дағдыға, жеке тәжірибеге де топтағы нақты жағдайға байланысты дамуға рұқсат беретін салыстырмалы «ашық» техника. «Рөлдік ойын» сөз тіркесі «драма», немесе «жағдайды ойнау» сияқты түсініктермен алмастыруға болады.
Имитациялық жаттығулары негізінде зерттеу жұмысымыздың мазмұны ойындық емес әдістердері негізінде ұйымдастыру негізге аланыды:
Ойынның имитациялық түрлерінен «Интеллектуальды футбол», «Қақпан», «Ситуацияны шешу», «Іскерлік ойындар», ал инновациялық бойынша элементтеп оқыту, лекция сабақатары, практикалық жұмыс т. б. зерттеу жұмысымыздың жүзеге асуына мүмкіндік береді.
Оқшылардың шығармашылық іс-әрекетін, эстетикалық талғамдарын, ептілік, икемділік, ұқыптылық, тазалық қабілеттерін дамытуға кәсіпке баулу сабақтарының орны ерекше.
Қыз балаларды, ұлттық өнерге тән кесте тігу, киім тігу, түрлі түске боялған түстерді пайдаланып маталардан құрақ құрау т. б. сияқты көркемдік істерге араластыру, қазірде кең қолданылып келе жатқан сәндік бұйым үлгілерімен мақсатты түрде таныстыру. Бұйымдардың әсемдік нақышы туралы оқушылардың өз ойын пайымдай білуге баулу олардың эстетикалық талғамын кеңейтіп, танымдық белсенділігін арттырудың бірден-бір әдісі.
Іскерлік ойындары - бұл да белсенді оқытудың бір түрі. Ойынның бұл түрі әртүрлі практикалық жағдайларды көрсету арқылы жүзеге асады. Қазіргі кездегі соғыс ойындары, спорт ойындары, дидактикалық және тағы басқа ойындар осы байырғы мәдениеттен туындаган. Осылайша XX ғ 50 - ші жылдарынан бастап басқару, экономикалық ойындар, бертін келе психологиялық, педагогикалық ойындар пайда бола бастады. Іскерлік ойыны сабақтың дәстүрлі емес түріне жатады. Бұл ойын қызығушылықты тудырып, шет тілін оқыту кезінде қолдануға үлкен мүмкіндік береді. Ойында ойыншынын кәсіби - педагогикалық ойлау образына енуі, бұл ойынның басты ерекшелігі болып табылады. Іскерлік ойынның негізі- проблемалық педагогиканың ситуацияларды тудыру және оларды әртүрлі проблемалық ролдік шешуді жүйесі. Ойында образға кіру ерекшелігі басқа ойындармеи салыстырғанда проблемалық жағдайларды шешуші фактор ретіндс қарастырылады. Ойыншы белгілі ережелерді қолдана отырып ойынның толық мағынасын түсініп, талдау жасап, алда болатын өзгерістерді жобалап отыруы қажет. Әртүрлі педагогикалық жағдайларды модельдеу болашақ педагогтың әрбір ойын кәсіби түрде жеткізе білуге жетелейді. Осылай ойлау кабілеті нәтижесіндс ойыншылар педагогикалық образға толығымен кіріп, қандай өзгеріс болатынын түсіне алады. Ойыншыларда педагогикалық процесс моделінің біркелкі образы ойьнда болған әртүрлі жағдайлар нәтижесінде калыптасады. Бұл модель жеке түлғалық сипатқа ие болады және ойын кезіндегі ойыншының жасаған іс - әрекетінің таңбасына ойыншының өзін ойын барысында ұстай білуі, ойын толық жеткізе білуін және әр ойыншының өзіне ғана тән ерекшеліктеріне байланысты калыптасады. Сонымен қатар іскерлік ойынның барысында әр ойыншыда өзін басқалардың көмегімен, яғни сырт көзбен қадағалау және басқаларды да танып білу қалыптасады. Өздеріне берілген тапсырмаларды бірігіп шешу жолында өзіндік нәтиже шығарумен қатар басқалармен бірігіп жұмыс істеу және ой тудыру әрбір ойыншыда қалыптасатын жайт Ойынның шартты модельдері және ойын барысында жинақталған іс-әрекеттер ойыншылардың көзқарасын едәуір кеңейтеді.
Қорытынды
Іскерлік ойында ойыншыларда екі түрлі козқарас қалыптасады. Біріншіден, ойыншы образға кіріп, ойын образын жасайды яғни осы образды толық сіңіреді, басқалармен осы образда қарым-қатынаста болады. Екіншіден, бұл ойыншылар арасындағы нағыз қарым-қатынас орнығады, себебі әр ойыншы образды өзі деп есептейді. Образға кіру жолында ойын шарты тез үғынылады сондай - ақ төзімділік, басқалардың ойын құрметтеу, бірігіп жұмыс атқару, жауапкершілік қалыптасады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz