Қазақ тілі сабағында ұжымдық, топтық, жұптық жұмыс түрлері
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І. Қазақ тілі сабағын оқытудың әдіс тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 . Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық танымының теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2. Қазақ тілі сабағында топтық, жұптық ұжымдық таным іс.әрекетінің педагогикалық ұйымдастырылуыныңмүмкіншіліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
ІІ. Оқыту үрдісін жетілдірудегі топтық, ұжымдық оқыту түрлерінің маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.1.Оқушылардың ұжымдық іс.әрекеттерін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.2.Оқушылардың топтық жұмыстарын ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.3.Топтық жүйеде оқыту және топтық әдістердің тиімділігі ... ... ... ... ... ... ...20
ІІІ. Қазақ тілі сабағында топтық, жұптық ұжымдық таным іс.әрекеттерін дамытудағы педагогикалық.психологиялық шарттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

Қазіргі таңда білім берудің негізгі талаптарының бірі білімді үздіксіз жетілдіру және оқыту үрдісін интенсивтендіру болып табылады. Мұның нәтижесі білімдерді терең және жоғары мәдениетті, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін игерген азаматтарды тәрбиелеумен тығыз байланысты.
Мектеп тек белгілі бір білім қорына ие азаматты тәрбиелеп қана қоймай, еңбек сүйгіш, білім негіздерін терең меңгерген зияттыазаматты тәрбиелеп шығаруытиіс. Мұның барлығы білім беру мен тәрбиелеудің сапасын көтеруді, әрбір пәнді оқытудың ғылыми деңгейін жоғарылатуды талап етеді. Осы деңгейлерді жоғарылатудың бір түрі ретінде мектеп тәжірибесіндегі топтық, ұжымдық оқыту түрлеріне кеңінен тоқталмақпыз.
Көптеген әдіскерлердің еңбектерінде оқу сабақтарын ұйымдастыруды жетілдірудің қажеттігі айтылған. Әрине, мектеп оқушыларының білімдерін бір жүйеге түсіруде оқу сабақтарының әр түрлі түр-пішіндерін ұйымдастыру аса қажет. Оқыту әдістері мен оқу сабақтарының түр-пішіндері бірімен-бірі арқылы жүзеге асады. Оқыту әдістері сабақтың мазмұнының баяндау тәсіліне байланысты болса, оқу сабақтарын ұйымдастыру түр-пішіндері оқушылардың оқу қарекетін ұйымдастыруға тікелей қатысты болып келеді.

1. С.Маусымбаева, Ж.Сыдықова. Оқыту үрдісін жетілдіру үшін.
2. З.Қуандыққызы. Оқытудағы топтық, блоктық және деңгейлік
3. Ә.Әмірова. Ұжымдық іс-әрекеттің рөлі. /Қазақстан мектебі.
4. Ж.Әбиев, С.Бабаев, А.Құдиярова: Педагогика. Алматы. Дарын.
5. Педагогика. Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық
6. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев. Педагогика. Алматы. 2000.
7. И.Ф.Харламов. Педагогика. Минск. 1998.
8. Г.М.Коджаспирова. Педагогика. Москва. Владос. 2003.
9. И.П.Подласый. Педагогика. Москва. Владос. 2003.
10. М.Жұмабаев. Педагогика. Алматы. Ана тілі. 1992.
11. С.Ерматов. Нарық жағдайындағы ұжымдық оқыту (топтық
12. Сухомлинский В.А. Методика воспитания коллектива.
13. Сухомлинский В.А. Коллективтің құдіреті күшті. Алматы.

Қазақстан Білім және Ғылым министрлігі
Астана гуманитарлық колледжі
Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Қазақ тілі сабағында ұжымдық, топтық, жұптық жұмыс түрлері
Орындаған: Исабекова А.Ж
Тексерген: Қалабаева Н.Б
Мамандығы: Бастауыш білім беру
Астана 2015ж

Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І. Қазақ тілі сабағын оқытудың әдіс тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 4
0.1 . Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық танымының теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2. Қазақ тілі сабағында топтық, жұптық ұжымдық таным іс-әрекетінің педагогикалық ұйымдастырылуының мүмкіншіліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
ІІ. Оқыту үрдісін жетілдірудегі топтық, ұжымдық оқыту түрлерінің маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.1.Оқушылардың ұжымдық іс-әрекеттерін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.2.Оқушылардың топтық жұмыстарын ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.3.Топтық жүйеде оқыту және топтық әдістердің тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ..20
ІІІ. Қазақ тілі сабағында топтық, жұптық ұжымдық таным іс-әрекеттерін дамытудағы педагогикалық-психологиялық шарттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Кіріспе
Қазіргі таңда білім берудің негізгі талаптарының бірі білімді үздіксіз жетілдіру және оқыту үрдісін интенсивтендіру болып табылады. Мұның нәтижесі білімдерді терең және жоғары мәдениетті, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін игерген азаматтарды тәрбиелеумен тығыз байланысты.
Мектеп тек белгілі бір білім қорына ие азаматты тәрбиелеп қана қоймай, еңбек сүйгіш, білім негіздерін терең меңгерген зияттыазаматты тәрбиелеп шығаруытиіс. Мұның барлығы білім беру мен тәрбиелеудің сапасын көтеруді, әрбір пәнді оқытудың ғылыми деңгейін жоғарылатуды талап етеді. Осы деңгейлерді жоғарылатудың бір түрі ретінде мектеп тәжірибесіндегі топтық, ұжымдық оқыту түрлеріне кеңінен тоқталмақпыз.
Көптеген әдіскерлердің еңбектерінде оқу сабақтарын ұйымдастыруды жетілдірудің қажеттігі айтылған. Әрине, мектеп оқушыларының білімдерін бір жүйеге түсіруде оқу сабақтарының әр түрлі түр-пішіндерін ұйымдастыру аса қажет. Оқыту әдістері мен оқу сабақтарының түр-пішіндері бірімен-бірі арқылы жүзеге асады. Оқыту әдістері сабақтың мазмұнының баяндау тәсіліне байланысты болса, оқу сабақтарын ұйымдастыру түр-пішіндері оқушылардың оқу қарекетін ұйымдастыруға тікелей қатысты болып келеді.
Курстық жұмыстың өзектілігі.
Қазақ тілі сабағында ұжымдық, топтық, жұптық іс-әрекеттер әлеуметтік тәжірибені игерудегі,өз мүмкіндіктерін жүзеге асырудағы,өзіндік танымдық қажеттіліктерін іске асырудағы қиындықтарды жеңе отырып тәжірибе жинақтау,бірлесе еңбек теу,қарым-қатынас жасау бірліктеріне ие болу сияқты субьект позицияларын қалыптастыру мүмкіндігімен әрбір оқушыны қамтамасыз ететіндей мұғалім ұйымдастырғанының негізіндегі оқушылардың біріккен іс-әрекеті.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер белгілі бір дәрежеде оқу материалын меңгеруі,оқу барысындағы Осал жерлері жөнінде оқушылардан кері ақпараттарды жедел алу сияқты өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік жасайды,оқушыныңтұлғалық қасиетін өз мәнінде дамыту үшін маңызды шарт болып табылатын қарым-қатынастың жетіспеушілігін азайтады.
Диалектикалық қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі деп аталатын заңына сәйкес кез-келген нәрсені дамыту процесінде күрес арқылы қарама-қайшылыықтар пайда болады,олай дамытудың қозғаушы күші де,қозғалыс көзі де қарама-қайшылық.
І. Қазақ тілі сабағын оқытудың әдіс тәсілдері
Қазақ тілін оқытуда ұжымдық, топтық, жұптық жұмыс түрлері қолданылатын бақылау, бағалау тапсырмаларын, аралық, қорытынды сынақтарды компьютерлік жолмен автоматтандыру кезінде тексеруге кететін уақыт мөлшерін бірнеше есеге үнемдеуге, бақылау мен тексеруде объективтілікке қол жеткізіледі.
Сабақтың тиімді жағының бірі - ол заман талабына сай сабақты электронды оқу құралдарын, интерактивті тақтаны пайдалана отырып жүргізу. Тіл үйренушіге мәтінді электронды оқу құралдарынан компьютер көмегімен тыңдап, сұрақтарға жауап беріп, мәтін негізінде бірнеше грамматикалық тапсырмалар орындауға мүмкіндік берілген. Ең бастысы - тапсырмалар күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарға негізделіп берілген, яғни бұл тіл үйренушінің тілді жеңіл түсініп, тез меңгеруіне көмектеседі. Ұсынылған сабақ жоспары тиімді, кезеңдері байланыстырыла, түрлі тапсырмалармен толық түрде ұсынылған. Егер әр сабақты мұғалім аталған сабақтай жоспарлап, мүмкіншіліктерді, жаңа технологияларды толық пайдаланып жүргізсе, мемлекеттік тілді меңгерген азаматтар санының өсері сөзсіз.
Оқу сабақтары түр- пішіндерінің әртүрлілігінің қажеттілігі білім беру мен тәрбиелеу міндеттерінің сан алуандығымен сипатталады:
-оқушылардың ғылым негізі білімдерін жүйелі баяндауға және өз бетімен білім алуға, оларды тәжірибеде қолдана білуге дағдыландыру;
-оқушыларда дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру;
-өз білімдерін жалпылауға және жүйелеуге дағдыландыру.
Білім беру және тәрбиелеу міндеттерінің бұл түрлерін тек бір сабақтың көлемінде шешу мүмкін емес. Әдіскерлердің еңбектеріне сүйене отырып оқу сабақтарын ұйымдастырудың түр-пішіндерінің екі түрін бөліп қарастырамыз:
-жалпы түр-пішін;
-нақты түр-пішін.
Оқушылардың танымдық іс-әрекеті адамдық танымның әр түрлілігі және оқыту процесінің қарама-қайшылықтарымен байланыста болатын өзінің жеке қарама-қайшылығымен сипатталады. Практик мұғалімдер қарама-қайшылықтарды таза интуитивті түрде туғызады.олар бұл қарама-қайшылықтарды білімді меңгеру барысындағы қиыншылық ретінде қабылдайды. Қарама-қайшылықтар оқу процесінде обьективті түрде пайда болатын және оның қозғаушы күші болып табылатын басты қозғаушы күш. Қарама-қайшылықтың,қозғаушы күштің қалыптасуының шешуші шарты болып оқушының өзіндік санасындағы ішкі сипатқа ие болатын және оған қиыншылық ретінде танылатын қарама-қайшылықтың қалыптасуы болып табылады.сонымен қатар қарама-қайшылықтарды танымдық қызығумен байланыстырған бірнеше ғалымдар,психологтарболды: Л.Божович,Б.Теплова,Н.Морозова,Л.Сл авина және тағы басқалары. Қарама - қайшылықтарды шешудің мәні әрбір балаға қоршаған ортаны танып білуіне,өзінің тұлғалық қасиеттерін іске асыруына,өзін-өзі тануына көмектесуде. Сондықтанда ұжымда мұғалім оқушыны оқу барысында туындаған қиыншылықтарды,кедкергілерді жоюға саналы түрде ұмтылдыра отырып осы қарама-қайшылықтарды шешудің сәйкес тәсілдерін айқындауда және оларды қолдана білуде жетекші роль атқарады. Оқушылардың басқа да әлеуметтік қауымдастықтар жүйесіне араласуы,олармен әрекеттесуі,дербестенуі оқу-тәрбие процесінде және ұжымда,тағы басқаларда жүзеге асырылады. Микрожүйе ретінде оқушы өзінің қалыптасуында өзіндік дамуының қарама-қайшылықтарына кездесіп отырады. Оқушылардың өзіндік қарама-қайшылықтарын-оқушыларды танымдық бірлестіктерге,іс-әрекеттерге үйрету арқылы,оқушы мен мұғалім қарым-қатынасының жақсы болуы негізінде құрбыларымен қарым-қатынас жасау арқылы шешуге болады. Сонымен қатар оқушының өзін-өзі бағалауы мен басқа да тұлғалық қасиеттерінің тиімді қалыптасуы мен оның толыққанды дамуы өзара әрекеттестікте болуы қажет. Осылайша іс-әрекет пен танымның субьекті болып табылатын микрожүйе ретінде тұлғаның дамуының қарама-қайшылықтарын шешу қажеттігі-оқушылардың қарым-қатынасы,өзара әрекеттестігі және ынтымақтастығы ретінде ұйымдастыруды қажет етеді.
Оқу процесінің субъектілерінің қарым-қатынасы мен өзара әрекеттестігінің фономені психологиялық және педагогикалық әдебиеттерде және мектеп тәжірибесінде ұжымдық-танымдық іс-әрекет деп түсіндіріледі. Қазіргі педагогикалық және психологиялық әдебиеттерде ұжымдық жұмыс ұғымын көп жағдайда пронтальды жұмыс ұғымымен қатар қалды. Көбінесе оқушылардың жаңа оқу материалына деген белсенді танымдық қатынастарын және соның негізінде пайда болатын оқушылар арасындағы жақын қарым-қатынас, жалпы үлгерім бойынша жүргізілетін жұмыстар, интеллектуалдық құндылықтармен алмасу мүмкіндіктері, салыстырулар жасалатын қарым-қатынастың зерттелінетін объектілері тұрғысындағы әр түрлі қимыл бірлігі сияқты белгілері бар жұмыстарды ұжымдық жұмыстарға жатқызады. Жалпы ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің мәні - мұғалімнің жетекшілігімен оқу процесінде ұжымды ынтымақтастықпен, қарым-қатынаспен байытуда.
Қазақ тілі сабағында ұжымдық, топтық, жұптық іс-әрекетінің педагогикалық ұйымдастырылуының мәселесімен теориялық әдіс-тәсілдерді Н.К.Крупская еңбектерінде, П.П.Блонский, А.С.Макаренко ұжымдық жұмыс жүргізу әдістемесін де қарастырған. Американдық психолог әрі социологы Дж.Морено топ арасындағы қарым-қатынасты зерттеу үшін социометрия әдісін ұсынған. Осы әдіс арқылы ұжымдық қарым-қатынасты зерттеп отырған.
Ұжымдық таным іс-әрекет зерттеу мәселесінде көптеген педагог-психологтардың еңбектерінде Л.В.Занков, А.Ғ.Қазмағамбетов, Л.К.Керімов, Д.Б.Эльконин, Б.И.Мұқанов, С.А.Ұзақбаева, А.Б.Нұрлыбекова, О.С.Сыздықов т.б. зерттелінген.
Алайда бүгінгі таңда бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық таным іс-әрекетінің ұйымдастырылуы мәселесі әлі толық зерттелмеген. Еліміздегі әлемдік білім кеңістігіне ену мен жаһандану талабына орай бастауыш мектептегі білім беру саласын жақсартуды жүзеге асыратын, оқушылардың ұжымдық таным іс-әрекетін ұйымдастыру проблемасы әлі де зерттеуді қажет етеді.
1.1 Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық танымының теориялық негіздері.
Адамдар топтасуының ұйымдасқан түрі - ұжым. Психологияда ұжым дегеніміз - топтың ең жоғары деңгейде ұйымдасқан түрі, мұнда топ ішіндегі қарым-қатынас жалпы мақсатты іс-әрекеттер арқылы жүзеге асып отырады. Ұжымдық қарым-қатынас жасаудың негізгі объектісі - адамдардың ұйымшылдығы мен бірлігі, топтағы психологиялық ахуал, әрбір ұжым мүшесінің көңіл-күйі, сергектігі т.б.
Оқушылардың ұжымдық, топтық, жұптық қызметін іске асыру үшін, оған оқушының оқуға деген қабілетін білген жөн.
Қабілет - баланың бір нәрсеге деген құштарлығы арқылы ашылады. Қабілетсіз бала жоқ. Қабілеттілік нышан арқылы білінеді.
Баланы ұжымда сыныпта оқытудың ерекшеліктері:
- тұрақты оқушылар тобы;
- әр оқушының оқуын қадағалап бақылау, оған көмек көрсету;
- сабақтың мазмұнын сыныпта қабылдау.
Міне, осы ерекшеліктер оқушының ұжымда білім алып, таным қызметінің дамуына мүмкіндік береді.
Ұжымдық, топтық, жұптық жұмысты ұйымдастыруда мына мәселелерді басшылыққа алған жөн:
- әрбір пән бойынша бөлек топтар құрылатындығы, бір пәннің шеңберінде топтық құрамы жеке оқушылардың ілгері басуын ескере отырып анықталуының қажеттігі;
- математика, физика, химия, шет тілі пәндері бойынша ұғымдар оқушылардың білімдерінің және дағдыларының деңгейіне қарай құрылғаны орынды;
- оқу ұғымдарын жинақтауда оқушылардың өзара қарым-қатынастары да ескерілуі тиіс.
Әр түрлі құрама ұжымдарда жұмыс істеу тиімділігін ғалымдар зерделеп, 5 оқушыдан құралған ұжым тиімді болатындығы жөнінде тұжырым жасады. өйткені 3 оқушының талқылау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті пікірлері мен ұсыныстары жеткіліксіз, 4 және 6 адамнан құралған адамдарда жіктілеу пайда болады, ал 7 адамнан құралған топта әрбір оқушының өз пікірін айтуына, өз ұсыныстарын және көзқарастарын жеткізуіне мүмкіндік болмайды.
Ұжыммен орындалатын жұмысты ұйымдастыру үшін топтарды орналастыру да маңызды мәселелердің бірі. Тіпті қарапайым кеңістікке орналастыру да оқушылардың өзін-өзі танытуларына, олардың өзіндік қасиеттерін және осы кезеңдегі өзіндік мәнін қалыптастыруға әсер етеді. Осы ұжымдық іс-әрекет негізінде оқушылардың арасында барынша белсенді байланыс орнайды, қарым-қатынас жақарады, алға деген ұмтылушылық, қызығушылық пайда болады.
Ұжымдық іс-әрекеттерді ұйымдастыруда кеңесшіні сайлау мәселесі де маңызды, яғни балалардың іс-әрекетін ұйымдастыруда өзін-өзі басқарудың психологиялық құралдарын пайдалана алу қажет. Арнайы жүргізілген эксперименттер ғалымдарға мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік береді: кеңесшіні ұжымның өзі мұғалімнің және жоғары социометрилық статусы бар кеңесшінің келісімдерін ескере отырып таңдауы керек; жағдайға байланысты кеңесшілер бжиі ауыстрылып отырғаны дұрыс.
Осылайша танымдық мәселелерді шешуде негізінен бастауыш сынып оқушыларының өзара ықпалдастығы, қарым-қатынасы, ынтымақтастығы, танымдық қызығушылық ерекшеліктері, танымдық белсенділігі, алынатын ұжымдық танымдық іс-әрекет мына түрде көрініс табуы мүмкін.
1. Ұжымдық жұмыс принциптерін ұйымдастыратын фронтальды жұмыс. Мұндай жұмыстарды ұйымдастырудың тапсырмалар түріне проблемалық жағдаяттарды талқылауда, теоремаларды бірігіп отырып дәлелдеуді, орындалатын жұмыстардың жоспарын бірігіп талқылауды, біріге отырып әңгіме құрастыруды, картина бойынша бірігп жұмыстар жасауды, психотренингтер өткізуді т.б. жатқызуға болады.
2. Ұйымшылдық принципі бойынша ұйымдастырылған топтық жұмыс. Оның түрлері: жұптық жұмыс, топтық сауалда, топтық жұмыстарда әңгімелесу, дөңгелек үстел, пікірталас, дебат элементтері бар топтық жұмыстар (форум, сараптау, талқылау топтарының отырыс, сиптозицм, жобаларды ұсыну, ойындық модельдеу бойынша проблемалық пікірталастар, диалогтар т.б.).
3. Топ жұмыстарының бейнесі ретіндегі топтардағы өзара тексерулер: орындалған жұмыс бойынша толық немесе жекелей түсінік беру, өзара пікір алмасу (ауызша, жазбаша, практикалық жұмыстарды өзара тексеру т.б.).
4. Ассистенттердің, кеңесшілердің және белсенді оқу топтарының басқа да мүшелерінің жұмысы.
5. Оқушылар кездесуі.
Міне осылардың негізінде бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық, топтық, жұптық іс-әрекетінің толық ұйымдастырылуын көрсетуге болады. ұжымдық танымдық іс-әрекет қажеттілік арқылы көрініс тауып отырады. Жаңа бір нәрсені білу үшін әрбір бала өзінің тіршілік және рухани қажеттігін өтеп отырады. Міне, осының әсерінен балада бір нәрсеге қызығу пайда болады. Ұжымда мұғалім балаларға ойлауды қажет ететін әр түрлі әдістерді қолдануды түсіндіріп көрсетеді, оларға түрлі жаттығулар мен тапсырмалар бере отырып шеберлікті, дағдыны бекітіп, шығармашылық қолдануды үйретеді. Міне, мұғалім мен оқушының осындай іс-әрекеттері ұжымдық іс-әрекетке айналады.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттің ұйымдастырылуының тағы бір көрінісі - қызығушылық, яғни танымдық қызығу.
Бастауыш мектеп жасындағы баланың ұжымдық танымдық іс-әрекеттері оқу үрдісінде жүзеге асады. Бұл жастағы балалар өте сезімтал. Оның сезімі тәуелсіз және өте ашық болады. бұл жастағы балалардың қиялы өте шапшаң, фантазияға берілгіш келеді. Осы жастағы балаларды қандай да болсын бір іске оп-оңай тартуға жеңіл. Бұл кездегі балалар қиын істерді құштарлықпен орындайды. Балалар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле қарайды, көп нәрсе оларды ойлантады. Кеңестік психологтер зерттеулері бойынша 7 жастағы оқушыны мектепке қатысты жағдайлардың барлығы қызықтырады: жаңа адамдар (сыныптағы оқушылар, мұғалім), жаңа орын (мектеп, сынып) іс-әрекеттің жаңа түрі және т.б. балалар жасына байланысты танымдық қызығу мәселелерін бірнеше ғалымдар өз еңбектерінде қарастырған: Н.Рыбалкина, Л.Горден, М.Беллева, И.Цветкова, Л.Маневцова, В.Иванова, бастауыш мектеп оқушылары бойынша А.Абдуллаева, М.Морозова, М.Щеломенцова т.б. бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығуына жақын мәселелерді В.Дорохова, Р.Жданова, О.Саулина, И.Трегубованың жұмыстарында қарастырылған (Қазақстан мектебі № 7, 2005, 56-58 беттер).
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығуы мынадай көрсеткіштерге ие:
- қоршаған ортадағы құбылыстар мен объектілерге және іс-әрекет сипатына қарай таңдамалы қатынас;
- танымдық үрдіс пен танымдық іс-әрекеттің эмоциональдық көрінуі;
- танымдық іс-әрекетте еріктің болуы;
- танымдық белсенділігінің жалпы сипаты;
- жаңаны білуге ұмтылысы;
- мектепке және басқаларға деген жағымды қатынас.
Қызығу жұмыстағы кемшілікті және қиындықты жеңуге көмектеседі, қол жетпейтін нәтижелерге жеткізеді. Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығу іс-әрекеттерін қалыптастыру, белсендіру, одан жан-жақты дамыған, білімді, шығармашыл қайраткерді қалыптастыруға, ойшаң, эмоцияға бай, қарым-қатынасшыл ұрпақты тәрбиелеуге көмектеседі.
1.2. Қазақ тілі сабағында топтық, жұптық ұжымдық таным іс-әрекетінің педагогикалық ұйымдастырылуының мүмкіншіліктері
Қазақ тілі сабағында ұжымдық, топтық, жұптық іс-әрекетті ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық мағынасы әрбір оқушының іс-әрекет субъектісі тәртібімен қамтамасыз етуде, оның өзін-өзі көрсетуіне көмектесуде. Орынды әдістемелік тұрғыда дұрыс ұйымдастырылған ұжымдық сипаттағы іс-әрекеттері арқылы психологиялық-педагогикалық қарама-қайшылықтарын шешуге, яғни әрбір оқушыны тұлға ретінде қалыптастырып дамытуға мүмкіндік жасайды.
Ұжымда балалардың жаңа өзара қарым-қатынастары қалыптасады. Мектепте өткен бірнеше аптадан соң 1-ші сынып оқушыларының көпшілігінің ұялшақтығы, абыржуы жойылады. Балалар 1 партада отырған көршілерінің мінез-құлқына байыппен қарай бастайды., өзін ұнататын немесе мүдделері сәйкес келетін бір сыныптас балалармен қарым-қатынас жасайды. Бағдарлаудың алғашқы кезеңдерінде балалардың бір бөлігінде оларға тән емес белгілер көріне бастайды (біреулерінде шамадан тыс тұйықтық, екіншілерінде - әдепсіздік, үшіншілерінде - еріншектік т.б.). бірақ балалармен өзара қарым-қатынасты орнату барысында әрбір оқушыны өзінің шын мәніндегі дара ерекшеліктерімен көрінеді (Жас ерекшелік №№№ Петровский).
Бастауыш мектеп оқушыларының өзара қарым-қатынасына тән белгі - олардың достығы, әдетте өмірдің сыртқы мақсаттары мен кездейсоқ мүдделер ортақтастығына негізделеді. Бастауыш мектеп оқушылары үшін мұғалімінің пікірі мейлінше елеулі болып табылады.
Психологиялық көзқарас тұрғысынан ұжым - баланың қоғамдық байланысы қалыптасатын, оның психикалық дамуы жүретін қоғамдық организм. Кез келген ұжымның оны әлеуметтік орта ретінде, тәрбие шарты және т.б. ретінде сипаттайтын белгілермен бірге балар ұжымында біз кемелденіп бітпеген, қалыптасып келе жатқан жеке адамдармен істес боламыз.
Балалар ұжымының айрықша ерекшелігі - ересектердің балаларды біріктірген кезде, олардың қатынастарын құрған кезде көздеген мақсаттарының бағыттылығында.
Балалар ұжымын ұйымдастыруда балалардың өздерінің қарым-қатынасқа деген қажетсінуі мен үлкендер алға қойған міндеттердің арақатынасы ерекше маңызды... балаларды қоғамдық маңызды міндеттерді шешуге белсенді қатыстыра отырып, ұжым жеке адамды дамыту үшін кең мүмкіндік ашатын қарым-қатынастардың сан түрлі формаларына өріс жаюын қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда балалардың ұжымды тек сырттай лайықты деп қабылдамауының психологиялық маңызы зор.
Балалар ұжымының әлеуметтік-психологиялық ерекшелігі мынады: үлкендер ұйымдастырған балалар бірлестіктері қоғамның осы типке тән қарым-қатынастардың үлгісін жасауға мүмкіндік береді. Сондықтан да ұжым ішіндегі балалардың өзара қарым-қатынасының олардың жеке басын қалыптастыру үшін шешуші маңызы бар. Ұжым - мектеп оқушысының жеке басының тұрақты адамгершілік қасиеті неғұрлым белсенді, мақсатты түрде қалыптастырудың шарты.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер
Ұжымдық таным
іс-әрекеттер
Ұжымдық таным
іс-әрекеттер
Оқушы мен мұғалімге байланысты
Оқушы мен мұғалімге байланысты
Мұғалімге байланысты
Мұғалімге байланысты
Қызметі
Қызметі
Құрылымы
Құрылымы
Ұжымды
бағалау
Ұжымды
бағалау
Ұжымды басқару
Ұжымды басқару
Дамыған ұжымға баланың қарым-қатынасының өріс алған жүйесі, оның басқа адамға ерекше қарым-қатынасы іс-әрекет пен балалардың қарым-қатынасының сипатын сапалы өзгертуге негізделген ұзақ үрдіс. Қазақ тілі сабағында ұжымдық, топтық, жұптық жұмыстардың жүргізілуі:
1-2 сыныптардағы мектеп оқушылары арасындағы қарым-қатынасты, әдетте балалардың ұжымдық таным іс-әрекетін ұйымдастыратын, қоғамдық тапсырманы бөлетін мұғалімдер болып табылады.
3-4 сыныптарда оқушылардың өз жолдастары арыснда белгілі орын алуға қажеттілігі өседі, қызығушылықтары артады, осы кезде оқушылардың ұжымының құрылуы басталады.
Дамыған ұжым өзінен-өзі дүниеге келмейді. Оның қалыптасуы, дамуы кіші мектептік шақта басталады, ал түп тамыры одан да гөрі ертерек неғұрлым сәбилік шақта болады. оқушылар ұжымын дамыту дәрежесі оқушылардың өзара қарым-қатынастарының дамыту деңгейлерімен және сипатымен анықталады. Оқушылардың қарым-қатынасының өріс алған жүйесін құрудың негізі - танымдық іс-әрекетін мақсатты бағытта ұйымдастыру болып табылады.
Оқушылар ұжымының тәрбиелеу мүмкіндіктері мыналармен байланысты:
1) оқушылар әрекетінің мазмұнымен;
2) бұл ұжым қаншалықты таным іс-әрекетінің субъектісі ретінде болатындығымен;
3) танымдық іс-әрекетпроцесінде ұйымдастырылатын барлық қарым-қатынастардың жүйесімен айқындалады.
Барлық ұжым мүшелеріне әрбір оқушы үшін орнықты жағдай туғызатын қамқорлық қарым-қатынас ұйымдастыру аса маңызды іс.
Оқушыларды ұжымдық танымдық іс-әрекеттерде ұйымдастыру - ол аса маңызды мақсаттардың бірі. Мұны жүзеге асыру оқушыларды қарым-қатынастыққа, еркіндікке, шығармашылыққа, жинақылыққа, танымдық-шығармашылық деңгейін көтеруге, қабілеттерін дамытуға, жеке тұлға ретінде қалыптасуына, толыққанды ұжымның құрылуына үйретеді, бейімдейді. Осының барлығының негізінде әрбір оқушының меніз-құлқы өзгеріп, ерік-жігер мен ақыл-ой қабілетінің даму дәрежесі жоғарылап, шығармашылығы артып, қабілеті көтеріледі. Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер балаларды ізденімпаздыққа, санылы түрде мақсат қоюына, өздерінің іс-әрекеттерін бағыттап отыруға тәрбиелейді. Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер - танымдық белсенділікпен тығыз байланыста болады. Танымдық белсенділік деп мотивациялық - тұлғалық, мазмұндық-амалдық, жігерлік бөліктерінен тұратын тұлғаның интегралдық құрылымын, сипаттамасын айтамыз. Осы үш бөлік диалектикалық тұрғыда бір-бірімен өте тығыз байланыста болады. Танымдық белсенділіктің негізгі бөлігін мынадай белгілі шарттар мен көрсеткіштердің жиыны арқылы көрсетуге болады.
Сонымен танымдық белсенділік балаға бірден-бір әсер ететін түрткі, яғни баланың ұжымда жұмыс істей алуына өзіндік үлесі зор (Пидкасистый П.И. Оқудағы оқушының өзара әрекеті. М-1980-181-183 беттер). Ұжымдық таным теориясының психологиялық негізінде жеке адамның жан-жақтылығы, қызығушылығы, қарым-қатынас деңгейі, ес, сөйлеу, ұйымдастырушылық қабілеті, өз ойын еркін жеткізе алуы, жігерлігі, белсенділігі, іс-әрекеті, сондай-ақ психикалық процестеріне, таным процестеріне енрекше көңіл бөлініп қарастырылды. Оқушылар ұжымы - мектептің ұйымдасқан бір формасы. әрбір оқушы осы ұжымның мүшесі, сондықтанда бастауыш сынып оқушысына ұжымдық іс-әрекеттің мақсатын таңдауға нақтылы қатысып, оны өмірде іске асырып, көпшілікітің пікіріне ұйымдастырып оқыту қажет. Сондықтанда ұжымдық таным іс-әрекеттерін әрбір сабақта, сабақтан тыс уақытта пайдалану маңызды екені бәрімізге айғақ.
Ұжымдық танымдық іс-әрекет
Ұжымдық танымдық іс-әрекет
Танымдық
іс-әрекет
Танымдық
іс-әрекет
Ұжымдық дамыту
Ұжымдық дамыту
Мақсат пен нәтиженің сәйкестігі
Мақсат пен нәтиженің сәйкестігі
Мақсат
Мақсат
Құрал
Құрал
Мазмұны
Мазмұны
Мазмұн мен құралдың сәйкестігі
Мазмұн мен құралдың сәйкестігі
Орындалу ретінің тиімділігі
Орындалу ретінің тиімділігі
Орындау
Орындау
Нәтиже
Нәтиже
Мақсат пен мазмұнның сәйкестігі
Мақсат пен мазмұнның сәйкестігі
Оқушылардың ұжымдық таным іс-әрекеттері - оқу процесіндегі қарама-қайшылықтарын шешуге, оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға жетістіктері мол. Бұл жөнінде Т.Е.Конникованың және оның шәкірттерінің мектептерде жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижелерінде көрініс тапқан. Бұл зерттеулер сабақ барысында оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға көмектесетін ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің мол мүмкіндіктерін көрсетіп берді. Ұжымдық іс-әрекеттер негізінде оқушыларда меңгерілетін материалдардың көлемі артып, оларды терең түсінулеріне мүмкіндік жасалады. А.Синицкая зерттеулері ұжымдық іс-әрекеттерін ұйымдастырудың мүмкіндіктерін іске асырудың жоғары сатысы бірін-бірі екеніндігін айқындады, өйткені ол оқушыға оқу барысында белсенділік және ізденімпаздық танытуға мүмкіндік туғызады.
Сонымен қатар жеке, фронтальдыоқытуға қарағанда оқушылардың жаттығулар орындау барысында күштерін біріктіруі ұғымдарды, дағдыларды қалыптастыруға оқу уақыты аз жұмсалады. Қазіргі уақытты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz