Стационарлы ядролық энергетикалық қондырғылардың (ЯЭҚ) схемалары


ҚАЗАҚСТЫН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Инженерлік-технологиялық факультеті
Техникалық физика және жылуэнергетика кафедрасы
СОӨЖ
Тақырыбы: Стационарлы ядролық энергетикалық қондырғылардың (ЯЭҚ) схемалары
МазмұныОрындаған: Омарханов Е. Б.
Топ: ТФ-205
Тексерген: Нургалиев Д. Н.
Семей 2015
Кіріспе3
Стационарлы ядролық энергетикалық қондырғылардың (ЯЭҚ) схемалары4
Әртүрлі типті реакторлардың ядролық энергетикалық қондырғыларының технологиялық сұлбалары4
Қорытынды9
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі10
КіріспеКонтурлар саны бойынша ядролық энергетикалық қондырғылардың (ЯЭҚ) классификациясы. Кез келген ЯЭҚ жүйесінде жылутасымалдағыш реактор арқылы өтіп, жылуды әкетіп оны жұмысшы денеге береді. Осы кезде ол іске қосылады және оның жоғалтулары қызмет көрсетуші қызметкерлерге едәуір радиациялық қауіптілік туғызуы мүмкін. Сондықтан жылутасымалғыштың айналмалы контуры тұйық. Тұйық контурда сонымен қатар жылутасымалдағыштың тазалығына қатаң талапты қоюға мүмкіндіктер бар. Жұмысшы дененің тазалығына қойылатын талаптар да жоғары сондықтан экономикалық жағынан жұмысшы дене контуры тұйық болғаны тиімді.
Стационарлы ядролық энергетикалық қондырғылардың (ЯЭҚ) схемалары Әртүрлі типті реакторлардың ядролық энергетикалық қондырғыларының технологиялық сұлбаларыКонтурлар саны бойынша ядролық энергетикалық қондырғылардың (ЯЭҚ) классификациясы. Кез келген ЯЭҚ жүйесінде жылутасымалдағыш реактор арқылы өтіп, жылуды әкетіп оны жұмысшы денеге береді. Осы кезде ол іске қосылады және оның жоғалтулары қызмет көрсетуші қызметкерлерге едәуір радиациялық қауіптілік туғызуы мүмкін. Сондықтан жылутасымалғыштың айналмалы контуры тұйық. Тұйық контурда сонымен қатар жылутасымалдағыштың тазалығына қатаң талапты қоюға мүмкіндіктер бар. Жұмысшы дененің тазалығына қойылатын талаптар да жоғары сондықтан экономикалық жағынан жұмысшы дене контуры тұйық болғаны тиімді.
а - бірконтурлы; б - екіконтурлы; в - толығымен екіконтурлы емес; г - үшконтурлы; 1 - ядролық реактор; 2 - біріншілік биологиялық қорғаныс; 3 - екіншілік биологиялық қорғаныс; 4 - контурдағы қысымды реттегіш; 5 - булы немесе газды құбыр; 6 - электргенератор; 7 - конденсатор немесе газсуытқыш; 8 - қоректенгіш насос немесе компрессор; 9 - жылутасымалғышты неемесе жұмысшы денені толтыру үшін қосымша сыйымдылық; 10 - регенеративі жылуалмастырғыш; 11 - БГ; 12 - айналдырғыш насос немесе газ айдағыш; 13 - яроаралық жылуалмастырғыш.
1-сурет. Контурлар саны бойынша ЯЭҚ-дың классификациясы
ЯЭҚ-дың негізгі классификациясы оның контурлар санына байланысты жүргізіледі. ЯЭҚ-ды бірконтурлы, екіконтурлы, толығымен екіконтурлы емес және үшконтурлы деп бөледі.
Бірконтурлы ЯЭҚ-да жылутасымалдағыш пен жұмысшы дене контурлары бір-бірімен сәйкес келеді (1-сурет, а) . Мұндай ЯЭҚ-да су-сулы немесе қайнап тұрған су-графитті немесе жоғарытемпературалы газбен суытылатын реактор қолданылуы мүмкін. Реакторда бу пайда болады немесе газдың қызуы болады, ары қарай бу құбырға бағытталады, онда ол кеңейіп электр генераторында электр энергиясына айналатын жұмысты жасайды.
Кең қолданысқа ие болған екіконтурлы ЯЭҚ-да жылутасымалдағыш пен жұмысшы дене контурлары бір-бірінен бөлек орналасқан (1-сурет, б) . Сәйкесінше жылутасымалдағыш контуры бірінші, ал жұмысшы дене контуры екінші деп аталады. Екі контурлы ЯЭҚ-да жылутасымалдағышы сұйық металды реакторлардан басқа энергетикалық реакторлардың барлық түрлерін қолдануға болады. мұндай ЯЭҚ-да реакторда қызған жылутасымалдағыш бу генераторына (БГ) түседі, онда жылу қыздырғыш беті арқылы жұмысшы денеге - екінші контур суына беріледі. БГ-да осы су қайнайды сосын бу пайда болып құбырға жөнелтіледі. Бірінші контур радиоактивті болып табылады және толығымен биологиялық қорғаныстың ішінде орналасқан. Әсіресе реактор сенімді әрі тиімді қорғанысқа ие. Екінші контур радиациялық қауіпсіз өйткені радиоактивті жылутасымалдағыш еш жерде жұмысшы денемен араласпайды. Сондықтан айналмалы бумен және екінші контур суымен қарапайым жылу энергия станциясындағыдай (ЖЭС) жұмыс істей берсе болады. Біракта екі контурлы ЯЭҚ міндетті түрде БГ болуы ЯЭҚ схемаларын қиындатады.
Ядролық энергетикалық қондырғы толығымен екіконтурлы емес болуы мүмкін (1-сурет, в) . Бұл жерде жылутасымалдағыштың жекелеген бірінші контуры бар, сонымен қатар екінші контурмен қосылған жылутасымалдағыш контуры бар. Жылутасымалдағыш БГ-на түседі және өз жылуын екінші суына береді, БГ пайда болған қаныққан бу қатты қыздыру үшін реакторға жіберіледі де жылутасымалдағышқа айналып ары қарай екінші контур бойымен өтеді. Осылай бірінші және екінші контурлар бір-бірімен бу арқылы қосылған болып табылады. Бу суға қарағанда әлдеқайда аз активтендіріледі, сондықтан бұл жерде булы (екінші) контур қондырғылары бір контурлы ЯЭҚ қарағанда әлдеқайда аз мөлшердегі радиоактивті жағдайда жұмыс істейді. Бұл қондырғыны пайдалануды жеңілдетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz