Интернационалдық париоттық рух



Қоғам дамуында кез-келген мемлекеттің тұтастығы, тәуелсіздігі, мемлекет дербестігі халықтардың отанға деген сезімімен, патриотизмінің денгейімен тікелей байланысты. Қазақстанда патриотизм идеясы ұлттық стратегиясының құрамдас бөлігі ретінде саналады. Ел басының Жолдауында былай деп көрсетілген: «…біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз». Қоғамыздағы өзгерістер ықпалымен адамдардың қарым-қатынастарымен бірге мемлекеттік-ұжымдық дүниетанымның жекешіл дербес дүниетаныммен алмасуы жүріп жатыр. Міне сондықтан да «отаншылдық», «ұлттық біртұтастық», «ұлттық егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау», «ұлттық мүдделер», «қоғамымыздың топтасуы», «біртұтас отбасымыз» деп сезіну сияқты қасиеттер еліміздің жаңа қадамының тірегі болмақ.
Патриотизм-тарихи және әлеументтік мазмұндағы табиғатты бар ұғым. Ол әрбір азаматтың бойындағы туа біткен сезім емес. Патриотизм-ол Отанына деген сүйіспеншілік, өз халқына берілгендік оның мүддесі үшін кез-келген құрбандық пен ерлік жасауға дайын тұрушылық. Соған орай патриоттық сезімнің басты қамқорлығы Отанына арналады. Сондықтан туған жер, ел байлығы мен табиғаты, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер және т.б. ұлттық құндылықтар патриоттық сезімнен тыс қалмайды. Олар әрбір азаматтың ішкі дүниесінде жанашырлық,жақындық туыстық пен сүйіспеншілік, мақтаныш қалыптастырады.
Патриотизм - қасиетті ұғым. Отаншылдық идеясы өмірге ұзақ тарихи-әлеуметтік дамудың нәтижесінде келген. Адам қауымдасып өмір сүргеннен бастап, өз қағамын, өлкесін, табиғатын сүйген. Соларға деген ерекше сезім, ұнатымы қалыптасқан. Қоғам дамуының кезеңдері мен түрлі әлеуметтік арнасы отаншылдық сезімді саяси мазмұнға айналдырған.
Қазақстандық патриотизм болса, ол тек қазақтардың ғана өз отанына сүйіспеншілігі емес, онда мекендеген бүкіл ұлт пен ұлыстардың бәріне қатысты нәрсе. Дегенмен ешкімді елін, Отанын зорлап, күштеп немесе алдап-арбап шын сүйгізу мүмкін емес. Елін сүю әрбір адамның рухани қасиетінің

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Интернационалдық париоттық рух
Қоғам дамуында кез-келген мемлекеттің тұтастығы, тәуелсіздігі,
мемлекет дербестігі халықтардың отанға деген сезімімен, патриотизмінің
денгейімен тікелей байланысты. Қазақстанда патриотизм идеясы ұлттық
стратегиясының құрамдас бөлігі ретінде саналады. Ел басының Жолдауында
былай деп көрсетілген: ...біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық
сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз. Қоғамыздағы
өзгерістер ықпалымен адамдардың қарым-қатынастарымен бірге мемлекеттік-
ұжымдық дүниетанымның жекешіл дербес дүниетаныммен алмасуы жүріп жатыр.
Міне сондықтан да отаншылдық, ұлттық біртұтастық, ұлттық егемендігі
мен аумақтық тұтастығын қорғау, ұлттық мүдделер, қоғамымыздың
топтасуы, біртұтас отбасымыз деп сезіну сияқты қасиеттер еліміздің жаңа
қадамының тірегі болмақ.
Патриотизм-тарихи және әлеументтік мазмұндағы табиғатты бар ұғым. Ол
әрбір азаматтың бойындағы туа біткен сезім емес. Патриотизм-ол Отанына
деген сүйіспеншілік, өз халқына берілгендік оның мүддесі үшін кез-келген
құрбандық пен ерлік жасауға дайын тұрушылық. Соған орай патриоттық сезімнің
басты қамқорлығы Отанына арналады. Сондықтан туған жер, ел байлығы мен
табиғаты, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер және т.б. ұлттық құндылықтар
патриоттық сезімнен тыс қалмайды. Олар әрбір азаматтың ішкі дүниесінде
жанашырлық,жақындық туыстық пен сүйіспеншілік, мақтаныш қалыптастырады.
Патриотизм - қасиетті ұғым. Отаншылдық идеясы өмірге ұзақ тарихи-
әлеуметтік дамудың нәтижесінде келген. Адам қауымдасып өмір сүргеннен
бастап, өз қағамын, өлкесін, табиғатын сүйген. Соларға деген ерекше сезім,
ұнатымы қалыптасқан. Қоғам дамуының кезеңдері мен түрлі әлеуметтік арнасы
отаншылдық сезімді саяси мазмұнға айналдырған.
Қазақстандық патриотизм болса, ол тек қазақтардың ғана өз
отанына сүйіспеншілігі емес, онда мекендеген бүкіл ұлт пен ұлыстардың
бәріне қатысты нәрсе. Дегенмен ешкімді елін, Отанын зорлап, күштеп немесе
алдап-арбап шын сүйгізу мүмкін емес. Елін сүю әрбір адамның рухани
қасиетінің ішкі көрінісі мен мазмұны. Оны өзі анықтайды.
Жалпы адамның дамуы процесі бұл қасиетті туғаннан бастап бойына
сіңіреді. Отбасындағы тәрбие, оқу мен еңбек ұжымы, өмірдің өнегелілік
тәрбиесі, партиялық және түрлі қоғамдық ұйымдар,діни орталықтар отан
сүйгіштік сезімге ықпал етеді. Биологиялық емес бірте-бірте сіңісетін
қасиет, яғни, рухани – психологиялық және саяси-әлеуметтік құбылыс.
Патриотизмнің діттегені – отан үшін біріктіру,оны қастерлеу мен
ардақтауға тәрбиелеу. Өз халқының мүдде мақсатын қорғау болып табылады.
Ал бұл ойымызды көп ұлтты Қазақстанға арнап айтсақ, онда ортақ
Отанымыздың тағдырына арналған сүйіспеншілік сезімін ерекше бағалаймыз.
Әрине патриотизмді әрбір азамат өзінше бағалайды. Біреулер өз ұлтының
жауларын іздеп әуре болады, ал бәз біреулер халқын кім жақсы көреді
немесе ұнатпайды деген пікірлермен әуестенеді. Өмірде мұның бәрі
бекершілік. Сондықтан осы проблеманың белгілі маманы профессор
Ә.Қалмырзаевтың патриоттық тынысы халықтарды жақындастыруға ұмтылудан
басталуы керек деуі өте орынды пікір.
Қазіргі демократиялық реформалар жағдайында жаңа идеялар мен
құндылықтарды қалыптастырудың қажетті шарттарының бірі-саяси тұрақтылық.
Ел басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бүкіл күш-жігері елде саяси тұрақтылық пен
ұлтаралық татулықты сақтай отырып, әлеументтік-саяси мәселелерді байыппен
шешуге бағытталған. Мұның көптеген нәтижелерін көріп те отырмыз. Елімізде
жаңа тұрпатты мемлекеттік басқару жүйесі,
әлеуметтік құрылымдар қалыптасуда. Олардың бәрінің қызметі жаңа қоғамдық
сананы жаңа идеологияны қалыптастыруға бағытталып отыр.
Қоғамымыздың моральдық-рухани бейнесі баяу де болса
өзгеріп келеді, жаңа идеологияның ықпалы байқалуда. Жалпы ғылыми
әдебиеттерде идеология саяси, экономикалық гуманитарлық және мәдени
идеология болып кездеседі. Біздің арқа сүйер идеологиямыз осы
көрсетілгендерді қолдана отырып ел экономикасы мен әл-ауқатын жақсартуға
жету үшін әлеуметтік тұрақтылық пен азаматтық бірлікті қамтамасыз ететін
жалпы ұлттық және жалпы қазақстандық идеологияны қалыптастыру болып
табылады. Осы мәселеде: ...біз идеологияға табынған қоғамды ұзақ уақыт
бастан кешіп қалдық, демек бізге мақсат ретіндегі идеология қажет емес,
әлеументтік-техналогияларды тұрақтандыруға бағытталған шаралардың бөлшегі
ретіндегі идеология, әлеуметтік экономикалық жаңарту және ашық түрдегі
нарық экономикасына көшу процесіндегі ерекше міндеттерді шешуге қоғамды
ұйымдастыратын нақты күш ретіндегі идеология керек деген авторлардың
тұжырымын қолдау қажет.
Патриотизм-тәрбиенің жемісі. Ол тарихи ұлттық дәстүрлерге тығыз
байланысты. Ұлттық сезімдерді патриоизм арнасына, ортақ отанға оған
сүйіспеншілік рухына дұрыс бағыттау үшін бұл ерекшеліктерді жақсы білу
және олармен міндетті түрде санасу керек.
Біздің пікірімізше, біріншіден, патриотизм тарихи қалыптасатын,
ұлттың өмір сүру ізімен жалғасқан дәстүрлі қасиет болғандықтан ұлттан тыс
бола алмайды . Екіншіден, кез-келген ұлтқа еңбек сіңірген өзге ұлт
өкілдері туралы жекелеген мысалдар сол ұлтқа бүтіндей мінездеме бере
алмайды. Үшіншіден, париоттық сезімді тек биологиялық деп бағалау ғылымға
жат нәрсе, оны жануардың инстинктімен шатастыруға әсте болмайды. Ұлттың
патриоттық қасиеті биологиялық емес, ол-әлеуметтік, идеологиялық
дәстүрлі күрделі құрылым.
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасында бір партиялық және жеке
дара таптың идеологиясы жоқ екені белгілі. Оның орнына мемлекет
Конституциясы мен заңдар рұқсат еткен ауқымда партиялар мен қозғалыстар,
ұйымдар саяси пікірталас, сындық ойлар идеяларды жүгізе алады. Алайда,
пікір алуандығы жағдайында да бәрінің ортақ мақсат-мүддесі, мемлекет
келешегі,ұлттардың татулығы болуы тиіс. Осы орайда кейбір зерттеушілер
азаматтық татулық пен ұлтаралық келісімді нығайтудың жалпыұлттық идеяларын
жүзеге асыру үшін еліміздегі партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың іс-
әрекетін былайша анықтайды:
1) азаматтық және ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында күш қосу;
2) өтпелі кезендегі экономикалық дағдарыс салдарын күйзелген республика
халқын әлеументтік жағынан қорғау жөнінде қимыл бірктіру;
3) ұлттық, саяси және діни негіздегі шиеленіс пен кернеулерге жол бермеу;
4) түрлі әлеуметтік және ұлттық топтардың талап-тілектерін зерттеу мен
саралау, пісіп жетілген мәселелер бойынша айқын аппарат тарату;
5) республика халқының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Патриотизм- қасиетті ұғым
Мектептегі музыка пәнінің тәрбиелік маңызы
Күлтегін ескерткіші - түркі тектес халықтардың баға жетпес байлығы
Жамбыл поэзиясының тәрбиелік ролі және поэзиясындағы патриоттық жалыны
Жастарды патриоттық рухта тәрбиелеудегі мемлекеттік емес ұйымдардың ролі
Тарих және мәдени мұраға деген құнды қатынас
Қазақ тележурналистикасындағы ұлттық тәрбие насихаты
Орхон-енисей жазуының зерттелуі
Балалардың мемлекеттік символдарға когнитивтік қатынасын тәрбиелеу
Ұлы Отан соғысы кезіндегі балалар әдебиеті (1941—1945)
Пәндер