Тәрбие әдістері. Тәрбие әдістерінің түрлері. Әдістердің анықтамасы



Педагогикалық процеске қатысушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасы педагогикалық ықпал ету арқылы жүзеге асады. Оқу-тәрбие процесінің субъектілері әрекеттестігінің формалары мен әдіс-тәсілдер арқылы шешілетін белгілі бір мақсаттары мен міндеттері, тиісті мазмұны бар, логикалық тұрғыдан аяқталған , белгілі бір уақыт аралығындағы педагогикалық процесс.
Ұйымдастыру формалары тұтас педагогикалық процеске қатысушылардың қарым-қатынасы мен әрекеттестігінің тәсілі ретінде де қарастырылады. Педагогикалық процестің ұйымдастыру формаларын былай жіктеуге болады:
 қатысушылар құрамы (жеке даралық, шағын топтық, топтық, ұжымдық, жаппай);
 тұтас педагогикалық процестің оқу жұмысында қолданылуы;
 таным іс-әрекетінің сыныпта және сыныптан тыс уақыттағы байланысы (сабақ, семинар, факультатив, экскурсия т.б.);
 оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекеті кезіндегі өзара әрекеттестігі (ертеңгілік, пәндік кеш, конференция, олимпиада т.б.).
Тұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру формалары әдістер мен әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады.

Тәрбие әдістері дегеніміз – тәрбие мақсат-міндеттерін шешуге бағытталған тәрбиеші мен оқушының өзара байланысты іс-әрекеті. Педагогикалық процеске қатысушылардың тәрбие мақсаттарына бағытталған оқушылардың белсенді іс-әрекетінің ынталандырудың тәсілдері мен нақты әрекеті.
Сипатына қарай топтастырылған тәрбие әдістері: сендіру, жаттықтыру, мадақтау және жазалау, іс-әрекетті ұйымдастыру, оқушының тәртібіне ықпал ету әдістері.
Нәтижесіне қарай топтастырылған тәрбие әдістері:
• адамгершілікті қалыптастыруға бағытталған түрткілер, қатынастар, түсініктер, идеялар тудыратын әдістер.
• әдептілікті және тәртіптілікті қалыптастыратын әдістер.
А. П. Пинкевич тәрбиені екі топқа бөліп, бірінші тобына педагогикалық ұзақ мерзімді әсер ету әдісін, ал екінші тобына өтпелі әдісті, яғни белгілі – бір жағдайда нәтиже беретін әдістерді енгізген. Жеке тұлғаны қалыптастыруда ұзақ мерзімді педагогикалық әдістер тиімді деп саналады. Олар: ұзақ мерзімді жаттықтыру, оқыту әдістерінің жүйесі, тәрбиешінің жеке басының үлгісі.
1. Мұқанова Б. Ы., Төлеубекова Р. К. «Педагогика», Алматы , 2003ж., 129-139 бет.
2. Ш.Х. Құрманалина, Б.Ж. Мұқанова, Ә.У. Ғалымова, Р.К. Ильясова, Педагогика, Астана 2007 ж.
3. Бабаев С.Б., Оңалбеков Ж.К., Алматы 2011 ж
4. Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярова, Педагогика
5. С.Ш. Әбенбаев, А.М.Құдиярова, Ж.Ә. Әбиев, Педагогика, Астана 2003 ж.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

СӨЖ №1

Тақырыбы: Тәрбие әдістері. Тәрбие әдістерінің түрлері . Әдістердің анықтамасы

Тексерген: Тұрғанбаева Б. Ш.
Орындаған: Ержанова Е.Ж.
Т-441 тобы

Семей 2015 жыл
Педагогикалық процеске қатысушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасы педагогикалық ықпал ету арқылы жүзеге асады. Оқу-тәрбие процесінің субъектілері әрекеттестігінің формалары мен әдіс-тәсілдер арқылы шешілетін белгілі бір мақсаттары мен міндеттері, тиісті мазмұны бар, логикалық тұрғыдан аяқталған , белгілі бір уақыт аралығындағы педагогикалық процесс.
Ұйымдастыру формалары тұтас педагогикалық процеске қатысушылардың қарым-қатынасы мен әрекеттестігінің тәсілі ретінде де қарастырылады. Педагогикалық процестің ұйымдастыру формаларын былай жіктеуге болады:
қатысушылар құрамы (жеке даралық, шағын топтық, топтық, ұжымдық, жаппай);
тұтас педагогикалық процестің оқу жұмысында қолданылуы;
таным іс-әрекетінің сыныпта және сыныптан тыс уақыттағы байланысы (сабақ, семинар, факультатив, экскурсия т.б.);
оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекеті кезіндегі өзара әрекеттестігі (ертеңгілік, пәндік кеш, конференция, олимпиада т.б.).
Тұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру формалары әдістер мен әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады.

Тәрбие әдістері дегеніміз - тәрбие мақсат-міндеттерін шешуге бағытталған тәрбиеші мен оқушының өзара байланысты іс-әрекеті. Педагогикалық процеске қатысушылардың тәрбие мақсаттарына бағытталған оқушылардың белсенді іс-әрекетінің ынталандырудың тәсілдері мен нақты әрекеті.
Сипатына қарай топтастырылған тәрбие әдістері: сендіру, жаттықтыру, мадақтау және жазалау, іс-әрекетті ұйымдастыру, оқушының тәртібіне ықпал ету әдістері.
Нәтижесіне қарай топтастырылған тәрбие әдістері:
адамгершілікті қалыптастыруға бағытталған түрткілер, қатынастар, түсініктер, идеялар тудыратын әдістер.
әдептілікті және тәртіптілікті қалыптастыратын әдістер.
А. П. Пинкевич тәрбиені екі топқа бөліп, бірінші тобына педагогикалық ұзақ мерзімді әсер ету әдісін, ал екінші тобына өтпелі әдісті, яғни белгілі - бір жағдайда нәтиже беретін әдістерді енгізген. Жеке тұлғаны қалыптастыруда ұзақ мерзімді педагогикалық әдістер тиімді деп саналады. Олар: ұзақ мерзімді жаттықтыру, оқыту әдістерінің жүйесі, тәрбиешінің жеке басының үлгісі.
Әдістемелік тәсіл дегеніміз - әдістің жеке көрінісі. Әдіске қарағанда ол бағыныңқы сипатта болады.
Оқыту әдістері оқыту процесінің негізі болып табылады (мұғалімнің баяндамасы, оқулықпен жұмыс, әртүрлі әңгіме-сұхбаттар, жаттығулар), бірақ олармен қоса мадақтау, көңіл-күй жағдайларын тудыру, сендіру, талап қою және ұялту сияқты ынталандыру әдістері де қолданылады.
Оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекетін ұйымдастыруда оқыту мен тәрбиенің барлық амалдары, формалары мен әдістері қолданылуда. Алайда, бұл ретте іс-әрекеттің барлық түрлері кеңінен қолданылады: танымдық (үйірмелер, факультативтер, оқушылардың ғылыми қоғамдастықтары), еңбек (өз өзіне қызмет ету, еңбек десанттары, әртүрлі мектеп бизнесі), ойын ( танымдық, спорттық, іскерлік), эстетикалық (студиялар, мектеп театрлары, фестивальдар). Іс-әрекеттің барлық түрлері қарым-қатынас арқылы жүзеге асады. Бұл іс-әрекеттер барысында мұғалім оқушылардың санасы, сезімі мен ерік-жігерінің қалыптасуына, олардың мінез-құлқы мен тіршілік әрекетін ұйымдастыруға әсер ететін тәрбие әдістерін қолданады.
Тәрбие әдістері, әсіресе ынталандыру әдістері, сыныптан тыс жұмыспен қоса оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыруда да кеңінен қолданылады (әртүрлі мадақтаулар, жарыстар). Олар оқушылардың танымдық тілек-қалаулары мен қажеттіліктерінің дамуына әсер етеді.
Тәрбие әдістерінің жіктелуі.
Жіктеу - арнайы белгілері арқылы құрастырылған жүйе. Әдістерді жіктеу олардың жалпы және өзіне тән, маңызды мен кездейсоқ, теориялық пен тәжірибелік жақтарын анықтауға көмектесіп, оларды дұрыс таңдап, нәтижелі қолдануға әсер етеді.
Көптеген зерттеушілер әдістерді жіктеуде мына қағидаларға сүйенеді:
жеке тұлға іс-әрекет нәтижесінде дамып, қалыптасады;
оқушыларды тәрбиелеу процесі - өте күрделі іс-әрекет, оның негізі - өз санасы, сезімдері, дүниеге, адамдарға, өз-өзіне деген қатынасы, күрделі ішкі дүниесі (мотивтері, тілек-талаптары, ынтасы), өзінің ұйымдасқан және ұйымдаспаған тәжірибесі бар өсіп келе жатқан адам;
жеке тұлғаның қалыптасып келе жатқан қасиеттері құрылысы жағынан күрделі.
Адамгершілік, эстетикалық және басқа қасиеттер сезімдерден, санадан (түсінік), сенімдерден, әдеттерден тұрады.
Қазіргі уақытта тәрбие әдістері мінез-құлыққа негізделген, мотивтік-мақсатты жақтарын біріктіретін бағыттылық-интегративтік сипаттамасы негізінде жіктеу объективті және ең ыңғайлысы болып есептеледі (Т.И. Щукина). Осы сипаттамаға сәйкес тәрбие әдістері үш топқа бөлінеді:
жеке тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері;
іс-әрекетті ұйымдастыру мен қоғамдық мінез-құлық тәжірибесін қалыптастыру әдістері;
мінез-құлық мен іс-әрекетті ынталандыру әдістері.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Тәрбие тәсілдері:
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Тәрбиенің мақсаттарын, міндеттерін, оларға жетудің жолдарын ұсыну.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Ақпараттық - ағартушылық.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Бағдарлау - іс-қызмет.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қатынас.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Бағалау.
Тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін және оларға жетудің жолдарын ұсыну тәсілін қолданып мұғалім оқушыларды идеялық адамгершілік көзқарастармен қаруландырып, өз еңбегі мен ұжым еңбегін жоспарлауға, ұйымдастыруға, еңбекпен іс - қызмет мақсаттарына жету жолдарын таңдауға, іс - қызметтің сапасы мен нәтижелерін олардың алдағы мақсаттарға сәйкестігін анықтауға үйретеді.
Бағдарлау - іс - қызметтік тәсіл оқушыларды еңбекке даярлауға қызмет етіп, еңбек белсенділігін туғызып, іс - қызметке жауапкершілікпен қарауды, халық игілігін молайту жолында еңбек ету қажеттігі сенімін қалыптастырады.
Қарым-қатынас тәсілі (коммуникативтік тәсіл) - балалар мен ересектердің іс - қызмет кезіндегі қатынасына негізделіп, оқушылардың қоғамдық мінез-құлық нормаларын игеруіне көмектеседі. Оқушылар тәртіп ережелері жөніндегі ақпаратты топта, сыныпта, мектепте құрастырып, оны төменгі және жоғары сынып оқушылары, мұғалімдер, ата-аналар, ересек адамдар арасында жетілдіреді.
Бағалау тәсілі көмегімен мектеп оқушылары адамдардың қимыл-әрекеттерін, көзқарастарын , сенімдерін, тәртіп - бағыттарын айқындауға, негіздеуге, өз іс - қызметін, оқу мен еңбектегі жетістіктерін, адамгершілік сапаларын өздері бағалауға үйренеді. Оқушы іс - қызметтің адамгершілік жақтарын бағалауға жаттығады.
Тәрбие құралдары дегеніміз - оқушының адамдық қасиеттерін қалыптастыратын, мұғалім мен баланың санасына тәуелсіз материалдар. Тәрбие құралдары:
Іс-әрекет түрлері (ойын, еңбек);
Заттар (ойыншықтар, электронды есептегіш машиналар);
Рухани және материалдық мәдениет (өнер, қоғам, өмір);
Бұқаралық ақпарат құралдары;
Педагогикалық ықпал жасау құралдары.
Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Жеке адамның санасын қалыптастыру әдістері (ұғым, пайымдау - пікірін айту, баға беру, сендіру) :
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Этикалық әңгіме;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Әңгімелесу;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Пікірталас;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Лекциялар;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Өнеге;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Көндіру (суггестия).
Этикалық әңгіме - этикалық , эстетикалық мәселелерді оқушыға талдату. Этикалық әңгіменің жақсы өтуіне әсер ететін жағдайлар:
бір мәселе төңірегінде бірнеше пікірлердің айтылуы;
оқушы сұрақтарын мұғалімнің мақұлдауы, оған өзінің жауап беруіне көмектесу;
әңгіменің дайын жауаптарының болмауы;
баланың өз ойын айтып, басқалардың пікірлерін тыңдауы;
қарым-қатынас мәдениеті, мұғалімнің оқушы дәлелді пікір айтқанша шыдамдылық көрсетуі;
әңгімені лекцияға айналдырмау;
әңгіменің жылы шырайлы жағдайда өтуі;
баланың ішкі сырын айтуға көмектесуі;
әңгіме материалдарын баланың өмірінен алу;
түрлі пікірлерді біліп, оларды бір-бірімен салыстыру, дұрыс пікір шығару;
жас ерекшеліктеріне сай болуы;
тартымдылығы, қызықтылығы;
мұғалімнің артық сөздер айтпауы.
Әңгіме мұғалімнің қысқаша сөзінен басталады. Ол оқушыларға мәселелі сипаттағы сұрақтар қойып, талдатып, қорытындылайды.
Пікірталас. Пікір білдіру, баға беру оқушының дүниеге сенімін арттырып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Тәрбиенің әдістері
Тәрбие формасы - бұл тәрбие процесінің сыртқы көрінісі
Тәрбие беру
Тәрбие әдістері. Тәрбие әдістерінің түрлері. Әдістердің анықтамасы (кесте)
Қазіргі бастауыш мектеп педагогикасындағы тәрбие әдістері мен формалары
Педагогика бойынша практика
Ойын- тәрбие әдісі
Тәрбие әдістерін таңдау
Тәрбие әдістерінің классификацисы
Пәндер