Орыс тілдерімен ұқсатығы мен өзгешелігі неде Дереккөздер дегеніміз не


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ

Тақырыбы: «Дереккөздер дегеніміз не? Орыс тілдерімен ұқсатығы мен өзгешелігі неде?»
Топ:
Қ - 319 с

Орындыған: Құрманбаева Ақмарал

Тексерген: Ахметова Г. С.



Семей 2015

Мазмұны

  1. Дереккөзсіз мәлімет
  2. Дереккөзін көрсету міндетті емес жағдайы
  3. Дереккөздерді бағалау
  4. Тәуелсіз қосымша дереккөздер
  5. Белгілі бір типтегі дереккөздердің сенімділігі
  6. Жарияланған өзіндік дереккөздер
  7. Өзі туралы мақалалардағы өзі жариялаған және дау тудыратын дереккөздер
  8. Онлайн әлде офлайн дереккөздер?
  9. Офлайн дереккөздеріне нақты сілтемелер мен оларды іздеуді оңтайландыру
  10. Өзге тілдегі дереккөздер
  11. Дереккөздер мен сілтемелер

Уикипедияда көпшілікке қолжетімді мәліметтер жарияланған дереккөздер деп саналады. Мысалы, телехабар жарияланған дереккөз болып саналмайды, себебі ол мәліметке қол жеткізу тым қиын. Бірақ бұл телехабардың Интернетке енгізілген жазбасын немесе фильм түрінде шыққан мәліметін кез келген адам көріп, фактілеріне көз жеткізе алатындықтан, ол жарияланған дереккөз болып саналады. Бұл бірінші кезекте сенімді дереккөздерге қатысты екенін тағы бір атап өткен жөн. Біреудің жеке сайтына енгізілген радиохабардың стенограммасын дереккөз ретінде алуға болмайды.

Факт - бұл өмірде бар және болған жайттар. Энциклопедияда тақырыпқа қатысты саладағы ғалымдар мен сарапшылардың келісілген тұжырымдамасы факт ретінде саналады. Пікірдің өзіне емес, фактілерге, соның ішінде пікірлер жайындағы фактілерге сүйеніңіз. Күмән тудырмайтын, жалпыға мәлім тұжырымдамаларға сілтеме сұраудың қажеті жоқ (мысалы, мынадай тұжырымдама: Марс - Күн жүйесіндегі планета) .

Пікір - бұл біреудің ұстанатын, мазмұны тексерілуі де тексерілмеуі де мүмкін, көзқарасы. Дегенмен дара немесе бір топ адамдардың ұстанатын көзқарасы факт болып саналатындықтан, Уикипедияда жариялана алады (жеке немесе бір топ адамдардың ұстанатын көзқарасы екендігін растайтын сенімді дереккөздер көрсетілуі шарт) . Мысалы, Құдайдың бар екені факт емес, дегенмен көптеген сенушілер Құдайдың бар екенін болжайтыны - күмәнсіз факт.

Негізгі дереккөз - фактілерге тікелей дәлел бола алатын адам немесе құжат. Ол айтылып жатқан оқиға немесе тұжырымдамаға жақын дереккөз. Бұған көбінесе оқиғаға қатысқан немесе бақылаған қатысушыдан алынған мәтін жатады. Ол журналисттің оқиға жерінен жасаған репортажы, ресми жариялау немесе автобиографиялық шығармалар болуы мүмкін. Беделді агенттік жасаған статистика негізгі дереккөз бола алады. Уикипедия мақалаларында негізгі дереккөзіне емес, негізгі мәліметтер қолданылған қосымша дереккөзге сүйену керек. Негізгі дереккөзін қолдану үшін, әсіресе тарих саласында, арнайы дайындық керек. Егер негізгі дереккөздер сенімді басылымдарда жарияланған болса, онда оны мақалада қолдануға болады. Мысалы, радиостанция сайтына шығарылған радиохабар стенограммасы немесе сенімді жинаққа жиналған тарихи құжат (мысалы - В. И. Ленин және ВЧК. М. : Саяси әдебиеттер баспасы, 1975)

Қосымша дереккөз бір немесе бірнеше негізгі дереккөздерді сипаттайды. Ғылыми мақала және кітап түріндегі қосымша дереккөздер ғылыми баспалардан (әсіресе ғылыми журналдарда басылған) мұқият тексеріліп шығады. Мазмұны сенімді мәліметтерден тұратындықтан, оны беделді дереккөздер ретінде қолдануға мүмкіндік береді.

Үшінші дереккөздер өз кезегінде қосымша дереккөзді қорытады, сонымен қатар олар басқа да дереккөз тобы болып жинақталуы мүмкін. Уикипедия көп жағдайда екінші және үшінші дереккөздерге басымдық беруі тиіс. Мақала жазған уақытта дереккөздерге сілтеме жасауға тырысыңыз. Ол үшін мақала ішінде дерек келтірілген сөйлемнен кейін <ref>Дереккөзге сілтеме</ref> белгісін қою қажет. Мақаланың соңында == Дереккөздер == деген тарау жасап, оған{{Дереккөздер}} үлгісін қою керек, содан кейін бұл тарауда көрсеткен дереккөздер тізімі пайда болады.

Дереккөзсіз мәлімет

Уикипедия қатысушыларының көбісі нақты қайдан естіп, оқығанын есіне түсіре алмайтын фактілерді мақала мәтініне енгізеді. Мысалы, «Біз ми мүмкіндігінің тек 10%-ын ғана пайдаланамыз» немесе «25-кадр жарнамадағы ең жақсы әсер беретін құрал болып есептелінеді» деген тұжырымдар кең таралғанымен факт бола алмайды. Себебі бұл айтылғандарды растайтын беделді дереккөздер берілмеген. Осы тәріздес тұжырымдамаларды мақалада қолдану үшін сенімді дереккөз табу өте маңызды, өйткені өзге қатысушылар тұжырымдаманың сенімділігіне күмән келтіріп, әлдеқандай әрекеттер жасауы мүмкін. Егер Сіз осындай мәлімет енгізген болсаңыз, дереккөздермен растау Сіздің жауапкершілігіңізде болады. Өзге қатысушылар бұл мәліметтің бұрыс екендігін Сізге дәлдеуі қажет емес. Себебі Сіз мәліметтің дұрыс екенін дереккөздер арқылы растауыңыз қажет.

Көзі тірі адамдардың өмірбаяндары

Көзі тірі адамдардың немесе қазіргі кезде бар ұйымдардың беделіне нұқсан келтіретін ақпараттарды қосымша сілтемесіз енгізбеңіз (толығырақ қараңыз УП: Көзі тірі адамдардың өмірбаяны) . Джимми Уэйлстің баяндауында,

Редакторлар қатарында «мен бұны бір жерден естігенмін» деген ақпаратты «дереккөзі жоқ» үлгісімен белгілеп кетуді әдет еткендер кездеседі. Бұл дұрыс емес. Оны ешбір дереккөз растамайтын болса, өшіру қажет. Бұл кез келген ақпарат жайында дұрыс әрекет, бірақ бұл көзі тірі адамға қатысты кері ақпараттар саналады.

Түпнұсқасы (ағыл. ) [көрсет ►]

Дереккөзін көрсету міндетті емес жағдайы

Кей жағдайларда дереккөздерді көрсету міндетті емес немесе қажеті жоқ. Көбінесе жалпыға белгілі фактілерді растайтын дереккөздерді талап ету керек емес. Өнер туындыларына арналған мақалаларды (фильмдер, кітаптар және т. б) немесе компьютер ойындарын қосымша дереккөздермен растаудың қажеті жоқ. Алайда қаралып жатқан мәліметтерді фильмнен немесе ойыннан білу мүмкін болмаса, дереккөз берілуі тиіс. Сонымен қатар жеңіл тексерілетін мәліметтерді - сәулет ескерткіштерінің қанша қабатты екенін, айналымдағы ақша бірлігінде қандай сурет бар екенін сілтемемен растаудың қажеті жоқ.

Дереккөздерді бағалау

Дереккөздің беделділігі салыстырмалы түрде бағаланатындықтан, нақтылыққа және мәнмәтінге тәуелді болады. Салыстырмалық дегеніміз - Уикипедияда кез келген мәселеде беделді немесе барлық мәселеде беделділігі жоқ дереккөздер болмайтындығын білдіреді. Нақтылық пен мәнмәтінге тәуелділік дегеніміздің өзі беделділік мәселесінің әлдебір нақты тұжырымдамаға қатысты қарастырылатындығын білдіреді.

Беделді дереккөз - танымал ғылыми журналда жарияланған шолу мақала. Өз қаражатына немесе баспагердің қолдауымен басып шығарылған кітапқа қарағанда ғылыми журналдардың әр басылымы алдын ала ғалымдардың сараптамасынан өтеді. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрілігінің аттестация комиссиясының сайтынан үлкен дәрежедегі, ресми түрде беделділігі танылған журналдардың тізімін табуға болады. Google Scholar іздеу жүйесі арқылы шетелдік журналдардың басылымдарын да таба аласыз. Дегенмен, егер Сіз кітапханадағы компьютерден емес, үйде оқуға талпынсаңыз, тегін мақаланың аз ғана бөлігі қолжетімді болмақ. Сонымен қатар elibrary. ru жүйесін қолдана аласыз (бұл жүйенің артықшылығы Сіз дерекқордан өзіңіз іздеген мәліметке мазмұндық жақындығы бар өзге де ақпараттармен таныса аласыз), сонымен қатар Elsevier баспа үйінің іздеу жүйесін қолдануға болады.

Кітаптың сенімділігін тексеру қиынға соғады, себебі көптеген кітаптар ғылыми сараптамадан өтпейді. Мына баспаханадан басылған кітаптарға сенім білдіруге болады:

Қазақстанның ірі ЖОО-ның және ҒА-ның және басқа да зерттеу институттарының баспаханалары;

Осы салада білікті сарапшылар болып табылатын авторлар;

Тағы да өзіңізден өзіңіз сұраңыз:

Аталған салада жариялаушының өзіндік мүддесі жоқ па, яғни берілген ақпаратты бұрмалайтындай ниетінің бар/жоқтығы. Кикілжің кезінде кімнің қай тарапты қолдайтыны белгісіз және ақпаратты бұрмалағандығы бірден байқалмайды. Радикалды көзқарас дереккөз ретінде пайдаланбаудың негізі болып табылмайды, алайда экстремистік ұйымдардың мәліметтерін қолданбауға тырысыңыз (Әл-Кәйида секілді) . Мұндай дереккөздерді осындай ұйымдар немесе олардың көзқарастары жайлы жазған кезде қолдануға болады. Билік органдарының немесе шенеуніктердің мәлімдемелерін беделді дереккөз ретінде қолдануға болмайды. Себебі олардың мәлімдемелерінде ақпаратты бұрмалайтын элементтер болуы мүмкін. Сондықтан мақалада «Шешенстандағы соғыс 2001 жылы аяқталды» немесе «батыс және Ресей насихатшылары өздерінің тұрғындарына Ислам - бұл лаңкестік деп сендіруге тырысуда» деп жазбаған дұрыс, алайда «2004 жылы желтоқсанда президент Владимир Путин Шешенстандағы соғыс үш жыл бұрын аяқталғанын мәлімдеді» немесе «шешен сеператистерінің басшысы Шәміл Басаевтің мәлімдеуінше, Батыс және Ресей өздерінің тұрғындарына «Ислам - бұл лаңкестік» деп насихат жүргізіп, осыған сендіруге тырысуда» (сәйкес дереккөзіне сілтеме жасап) деп жазу қателік болып саналмайды. [3]

Олар сол жерде болды ма? Комментаторлар мен оқиғаны көзімен көргендердің сөздерін ажырата білу керек. Оқиғаны көзімен көргендердің сөздері - ақпараттың негізгі дереккөзі, комментаторлардың түсіндірмесі - қосымша дереккөздер болып саналады. Екеуі де сенімді дереккөздер бола алады, алайда екеуін ажырата білу қажет.

Бұл дереккөз жайында өзге адамдар не дейді? Көбісі сенімсіз деп есептейтін шығар? Немесе бұл дереккөз жайында ешкім атап өтпей ма?

Бұл дереккөз басқа оқиғаларды қалай баяндайды? Басқа жағдайларды шынайы суреттей ме? Өзіңіз білетін ақпараттармен осы жайттарды салыстырыңыз.

Біздің пайдаланған дереккөздер басқа адамдарға қолжетімді ме? Кез келген қатысушы Сіз берген ақпаратты тексере алатын болуы керек. Дереккөз тәуелсіз оқырманға қолжетімді болу қажет (Internet желісінде қол жетімді болу міндетті емес) . Дереккөз кітап болатын болса, ол Орталық мемлекеттік кітапханада, ҒА кітапханасында немесе әлемнің басқа да кітапханалары каталогтарының тізімінде бар/жоғын тексеріңіз.

Бірнеше негізгі дереккөздер қолданылды ма? Сіз қолданғыңыз келген материал тек бір адамның мәлімдемесіне негізделген болуы да мүмкін.

Бірнеше дереккөздерді қолданыңыз

Ақпараттың бұрмаланғандығы оқырманға әрқашан анық көрінбейтіндіктен, бір ғана дереккөзбен шектелмеу керек. Өзге де дереккөздерді қолданып, салыстырыңыз. Егер бірнеше дереккөздердегі ақпарат бір-бірімен сәйкес келсе және ақпараттың бұрмалануына себеп жоқ болса (немесе себептер болуы да мүмкін), ақпарат сенімді болып есептелуі мүмкін. Біз сенімді дереккөздерден алынған ақпаратқа өз жеке пікірімізді қоспай, тек қана жариялай аламыз.

Тәуелсіз қосымша дереккөздер

Тәуелсіз дереккөздер келесі талаптарға сай болуы қажет:Авторлардан тәуелсіз редакторлық бақылау мен фактілерді тексеру бар ма?Қызығушылық білдірген белгілі бір тараппен серіктестік құрмайды, Ақпаратқа қатысты өзіндік түсіндірме жасай алады.

Негізгі дереккөздер бір болғанымен, алынған ақпаратты талдаушылар әртүрлі шешімге келуі мүмкін. Шын мәнінде қосымша дереккөздер өздерінің көзқарастарына сәйкес келетін негізгі дереккөздерді іздеп табады. Бұрмаланған ақпараттар, қателер көп ретте біліне бермейді, сондықтан оларды болдырмаудың ең тиімді жолы - ақпаратты басқа қосымша дереккөздермен салыстыру.

Жарияланған өзіндік дереккөздер

Әрбір адам веб-сайт немесе кітап шығарып, белгілі бір салада өзін маман ретінде жариялай алады. Сондықтан да автордың қаражатына шығарылған кітаптардан, ақпараттық бюллетендерден, жеке веб-сайттар мен бәріне қолжетімді уики-сайттардан, блогтардан, веб-форумдар және басқа да осындай ақпараттық құралдардан алынған дереккөздер тиімсіз болып саналады.

Белгілі бір салада сарапшы болып танылған автордың бұрын беделді дереккөздерде жарық көрген мақалалары өзі басып жариялаған жағдайда да сенімді дереккөз ретінде саналуы мүмкін. Кез келген жағдайда мұндай дереккөздерді сақтықпен қолданған дұрыс. Егер ақпарат сенімді болса, материал жариялануға тиімді болған жағдайда, бұл материалдың немесе дереккөздің алдын ала жариялануы әбден мүмкін болғандықтан, тексеріп алу қажет.

Көзі тірі адамдар жайлы мақалаларда мақала авторы танымал кәсіби зерттеуші немесе жазушы болса да өзі жариялаған материалды дереккөзі ретінде қолдануға тыйым салынған; Қараңыз: Уикипедия:Көзі тірі адамдардың өмірбаяны#Сенімді дереккөздер.

Өзі туралы мақалалардағы өзі жариялаған және дау тудыратын дереккөздер

Мақала авторының өз қаражатына басылған материалдарды және даулы дереккөздерді, сонымен қатар адамдар айтқан, ұйымдар білдірген мәліметтерді төмендегі шарттар атқарылған жағдайда пайдалануға болады.

Қолданылып жатқан ақпарат берілген тұлғаның танымалдығымен байланысты;

Дау тудырмайтын болуы;

Басты мақсаты өзін-өзі мақтау немесе жарнама жасау болмаса;

Үшінші жақтың мүдделерін қозғамаған жағдайда

Мақала тақырыбына тікелей қатысы жоқ оқиғалар мен деректер жарияланбаса.

Ақпарат нақты берілген кезде;

Мақала тек қана осы тәріздес дереккөздермен шектелмесе.

Діни, саяси және экстремистік ұйымдардың басылымдары

Саяси партиялар мен діни топтардың веб-сайттары мен жарияланымдарына аса сақтықпен қараған дұрыс. Олардың материалдарының саяси ұстанымды, діни сенім үлгісін білдіретіндігі дереккөз ретінде пайдаланбауға негіз болмайды.

Уикипедияда дереккөз ретінде кең танымал саяси, діни, нәсілшілдік және экстремистік топтарға қатысы бар сайттарды қолданбаған жөн. Оларды тек осы топтардың көзқарастарына қатысты мақалаларда негізгі дереккөз ретінде пайдалануға болады. Алайда мұндай жағдайдың өзінде де оларды қолданарда сақ болып, басқа да дереккөздермен бекіту керек.

Компания мен ұйымдардың басылымдары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дереккөздер туралы ақпарат
Дереккөздер дегеніміз не. орыс тілдерімен ұқсатығы мен өзгешелігі неде?
Дереккөздер дегеніміз не? Орыс тілдерімен ұқсастығы мен өзгешелігі неде?
Оқушылардың математикалық білімдерін бақылау және бағалау құралы
Танымның философиялық тұғырнамалары
Көне түркі тілі – түркі халықтарының алғашқы жазба - әдеби тілі
Түркі тілдерінің зерттелу тарихы
Оқушымен байланыс
Зат есімнің көптік тұлғада қолданылуы
Иштван Қоңыр Мандоки еңбектеріндегі түркі әдебиетінің мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz