Вундеркинд оқушыларды анықтау және дамыту ерекшеліктері



Кіріспе
І. Вундеркинд оқушыларды анықтау және дамыту ерекшеліктері
1.1. Мектеп жасындағы вундеркинд балалар психологиясы
1.2. Вундеркинд балалармен жұмыс істеудің жолдары
ІІ. Вундеркинд оқушылардың қабілетін анықтау және олардың психологиялық ерекшеліктері
2.1. Вундеркинд балалардың қабілетін анықтау
2.2. Вундеркинд оқушылардың психологиялық ерекшеліктері, және олардың көріну сипаты
2.3. Дамыта оқыту жағдайында оқушылардың ойлау қабілетін арттыру
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Тақырып өзектілігі. Бүгінгі таңда вундеркинд балалар психологиясы ең өзекті мәселелерінің бірі болып саналады. Өйткені қоғамымыздың қарқынды әлеуметтік дамуы белсенді, жасампаз тұлғаны қалыптастыруға жоғарғы талап қояды. Ал қоғамның қазіргі жағдайында, елдің саяси, мәдени әлеуметтік-экономикалық жақтарын жаңарту кезінде - жас ұрпақтың болашақта ізгі ниетті азамат болып дамуына олардың тұлғасының дұрыс қалыптасу үрдісі үлкен ықпалын тигізетіні сөзсіз.
Вундеркинд балаға тән қасиеттер де болады. Көп жағдайда олар көрсеқызарлық, алған әсері бойынша жаңа ақпарат іздеуі, мақсатына жетуі, ойын айта білуі және т.б. Алайда, кейбір вундеркинд бала көлеңкеде байқалмай қалып та шығармашылық жұмыспен айналысады, ол оқытушы назарынан тыс қалмауы керек. Вундеркинд балаларды оқыту топта немесе жеке жұмыс беру арқылы жүзеге асырылады. Өз қабілетін сабақ уақытында көрсете білген, жақсы көрсеткішке жеткен оқушыларды ғылым мен мәдениетті шығармашылық жолмен тануға дайындау керек. Оларды шығармашылық жолға бағыттап, оны іске асыра білу және ғылыми-білім кеңістігінде қалыптасқан жеке тұлға үшін мына талаптар мен міндеттерді оқытушы ескеруі керек.
Ерекше қабілеттік қабілеттілік белгілері:
1. Тұлғаның ерте дамуы, жалпы қабілеттілікке тән /вундеркинд/.
Оларды жылдамдатып оқыту керек,өйткені олар өз құрбыларынан әлдеқайда білімді болады.
2. Ғылымның немесе пәннің жеке түрінен қабілеттілік. Мысалы:гуманитарлық пәннен мықты оқушы математикадан нашар болуы да мүмкін.
3. Вундеркиндтік белгілері кең түрде дамыған оқушы.
Олар қабілетімен, өз беттілік әдісімен, өз көзқарасын айтумен ерекшеленеді. Күнделікті сабақ уақытында вундеркинд оқушыға жеке тапсырма беру арқылы өз бетімен жұмыс орындау кең тараған. Алайда, осы типтегі оқушыларды үнемі бағыт-бағдар беру арқылы шығармашылық жолға жетектеп отыру керек.
Курстық жұмыстың мақсаты:
 дарынды баланың шығармашылық қабілетін және өз бетінше шығармашылық ізденісін дамыту;
 пәнге терең қызығушылығын арттыру;
 оқушының әсерлілік сезімін қалыптастыру;
 оқушының белсенділігін арттыру мақсатында даму деңгейін, танымдық белсенділігін арттыра оқыту;
 жалпы білім білік дағдыларын дамыта оқыту;
 білімнің бағасын арттыру;
1. Белова Е.С.,Одаренность малыша: раскрыть, понять, поддержать.-М.1998г.
2. Мелхорн Г., Мелхорн Х.-Г.Гениями не рождаются.Общество и способности человека.-М., 1989г.
3. Венгер Л.А., Венгер А.Л., Домашняя школа.-М.1994г.
4. Савенков А.И.,Одаренный ребенок в массовой школе/М:Сентябрь, 001г.-208с
5. Выготский Л.С.,Вопросы детской психологии.-М.,1997г.
6. Жексенбаева У.Б.,Теория и практикум работы с одаренными детьми.Алматы, 2005г
7. Юркевич Е.С., Одаренный ребенок.-М., 1996г.
8. Лейтес Н.С., Об умственной одаренности.-М.,1968г
9. Одаренные дети.Перевод с англ.,(Под ред.Буменской Г.В., Слуцкого В.М.)-М.,1986.
10. Қазақстан Республикасының «Білім туралы»Заңы 1999
11. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандарты туралы ережесі, 1996,200ж
12. М.Жұмабаев.Педагогика.Алматы.Рауан, 1993
13. Закон Республики Казахстан «06 образовании» от 7 июня 1999 года
14. БейсенбаОза А.А. Теория и практика гуманизации школьного образования. Монография.- Алматы. Ғылым, 1998. 225-6.
15. Аренова А .X. Научно-педагогические основы орга-низации самостоятельной учебно-познавательной дея-тельности младших школьников. Монография. -Алма-ты. Ғылым, 1999. 240-6.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І. Вундеркинд оқушыларды анықтау және дамыту ерекшеліктері
1.1. Мектеп жасындағы вундеркинд балалар
психологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Вундеркинд балалармен жұмыс істеудің
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
ІІ. Вундеркинд оқушылардың қабілетін анықтау және олардың психологиялық
ерекшеліктері
2.1. Вундеркинд балалардың қабілетін
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.2. Вундеркинд оқушылардың психологиялық ерекшеліктері, және олардың
көріну
сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.3. Дамыта оқыту жағдайында оқушылардың ойлау қабілетін
арттыру ... ... .23
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ...25
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ..26
Кіріспе

Тақырып өзектілігі. Бүгінгі таңда вундеркинд балалар психологиясы ең
өзекті мәселелерінің бірі болып саналады. Өйткені қоғамымыздың қарқынды
әлеуметтік дамуы белсенді, жасампаз тұлғаны қалыптастыруға жоғарғы талап
қояды. Ал қоғамның қазіргі жағдайында, елдің саяси, мәдени әлеуметтік-
экономикалық жақтарын жаңарту кезінде - жас ұрпақтың болашақта ізгі ниетті
азамат болып дамуына олардың тұлғасының дұрыс қалыптасу үрдісі үлкен
ықпалын тигізетіні сөзсіз.
Вундеркинд балаға тән қасиеттер де болады. Көп жағдайда олар
көрсеқызарлық, алған әсері бойынша жаңа ақпарат іздеуі, мақсатына жетуі,
ойын айта білуі және т.б. Алайда, кейбір вундеркинд бала көлеңкеде
байқалмай қалып та шығармашылық жұмыспен айналысады, ол оқытушы назарынан
тыс қалмауы керек. Вундеркинд балаларды оқыту топта немесе жеке жұмыс беру
арқылы жүзеге асырылады. Өз қабілетін сабақ уақытында көрсете білген, жақсы
көрсеткішке жеткен оқушыларды ғылым мен мәдениетті шығармашылық жолмен
тануға дайындау керек. Оларды шығармашылық жолға бағыттап, оны іске асыра
білу және ғылыми-білім кеңістігінде қалыптасқан жеке тұлға үшін мына
талаптар мен міндеттерді оқытушы ескеруі керек.
Ерекше қабілеттік қабілеттілік белгілері:
1. Тұлғаның ерте дамуы, жалпы қабілеттілікке тән вундеркинд.
Оларды жылдамдатып оқыту керек,өйткені олар өз құрбыларынан әлдеқайда
білімді болады.
2. Ғылымның немесе пәннің жеке түрінен қабілеттілік.
Мысалы:гуманитарлық пәннен мықты оқушы математикадан нашар болуы да мүмкін.

3. Вундеркиндтік белгілері кең түрде дамыған оқушы.
Олар қабілетімен, өз беттілік әдісімен, өз көзқарасын айтумен
ерекшеленеді. Күнделікті сабақ уақытында вундеркинд оқушыға жеке тапсырма
беру арқылы өз бетімен жұмыс орындау кең тараған. Алайда, осы типтегі
оқушыларды үнемі бағыт-бағдар беру арқылы шығармашылық жолға жетектеп отыру
керек.
Курстық жұмыстың мақсаты:
– дарынды баланың шығармашылық қабілетін және өз бетінше
шығармашылық ізденісін дамыту;
– пәнге терең қызығушылығын арттыру;
– оқушының әсерлілік сезімін қалыптастыру;
– оқушының белсенділігін арттыру мақсатында даму деңгейін, танымдық
белсенділігін арттыра оқыту;
– жалпы білім білік дағдыларын дамыта оқыту;
– білімнің бағасын арттыру;
Курстық жұмыстың міндеттері:
– Баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін дамыту, оны қоғамда өмір
сүруге психологиялық тұрғыдан дайындау.
– Балалардың кәсіби және жеке даралық қабілетін анықтай алуына
психологиялық –педагогикалық көмек көрсету.
Вундеркинд оқушы өз бетімен жұмыс істеу арқылы білім алудың қарапайым
дағдыларын меңгереді және алған білімді біліктік дәрежеге көтереді. Оқушы
күрделі тапсырмаларды орындау барысында салыстыру, қорытынды жасау, пікір
айту, түрлі жағдайда өздігінен шешім қабылдау баспалдағынан өтеді,
өздігінен алған біліміне риза болады.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспеден. Екі тараудан, қорытынды мен
пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. Вундеркинд оқушыларды анықтау және дамыту ерекшеліктері
1.1. Мектеп жасындағы вундеркинд балалар психологиясы

Еліміз тәуелсіз даму жолына түскен сәттен бастап, қоғамда болып
жатқан құбылыстар білім беру мазмұнына елеулі өзгерістер әкелді. Оқушыны
жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыту күннің көкейкесті мәселесі. Оның
маңызды факторы – баланың ақыл-ой әрекетінің тәсілдерін қалыптастыратын оқу
барысын жолға қою. Қазіргі білім беру саласындағы күрделі міндеттердің бірі
– қабілеті жоғары, вундеркинд әрі қарай дарынды қабілеті жоғары оқушыларды
анықтап, оларға қолдау жасау арқылы Қазақстан Республикасының интелектуалды
потенциалын қалыптастыруға үлес қосу. Бұл – қоғам мүддесінен туындап
отырған әлеуметтік сұраныс. Бұл сұраныс педагогикалық және психологиялық
үрдістер арқылы жүзеге асады. Орыс педагогикасының белгілі ғалымы П.Ф
Каптерев өз еңбегінде былай деп жазады: Педагогикалық үрдіс өзіне тән екі
белгіні түйістіреді, олар: жеке тұлғаның дамуына жүйелі түрдегі көмек және
оның жан-жақты жетілуі.
Әр оқушыны жан-жақты жетілдіру үшін оны жан-жақты зерттеу керек.
Бұл – ұлы педагог К.Д.Ушинскийдің тұжырымды ойы. Зерттеу арқылы әр
тұлғаның бойындағы ерекше психологиялық қасиеттері айқындалады. Баланың
психологиясы мен педагогикалық психология саласындағы зерттеулер арқылы
оқыту ісінің мазмұны мен әдістерін өзгерте отырып, жекелеген психикалық
процестер мен функцияларды дамыту жағынан жетістіктерге қол жеткізуге
болады.
Баланың ақыл-ой әрекетінің тәсілдерін қалыптастыру мазмұнына мыналар
кіреді: ғылыми ұғымдар мен ғылыми заңдылықтарды түсіну және практикалық
міндеттерді шешуге бағытталған ойлаудың жалпы амал-тәсілдерін меңгеру.
Ғалымдар дәлелдегендей, адамның өмірден меңгереген білімі мен дағдысын
практикалық істерді төте және ең ыңғайлы жолдармен қолдана білу шеберлігі
қабілеттілік деп аталады. Ал тамаша кәсіби ұстаздық кез-келген ерекше
қабілетті оқушыны дарынға айналдыра алады. Адам бойындағы дарындылықты
нағыз данышпандылықты нағыз данышпандыққа айналдырудың бір ғана шарты –
табиғи талантпен шектеліп қалмай, табандылықпен еңбектену.
Дарындылық (вундеркинд) – табиғаттан берілетін ерекше қабілет. Өмір
сүретін орта, берілетін білім мен тәрбие осы ерекше қабілеттің одан әрі
дамуына көмектеседі немесе оны мүлде өшіреді. Дарындылық – көпқырлы.
Ағылшын ғалымы Ж.Рензуллидің анықтамасы бойынша: Дарындылық – бала
бойындағы интелектуалдық қабілеттің , шығармашылық қабілеттің және
табандылықтың болуы.
Дарындылықты анықтау – өте күрделі процесс. Ол дәрігерлік-
психологиялық және педагогикалық шаралар арқылы жеке тұлғаның болашақтағы
табыстарын үздіксіз бақылау маақсатында жүргізіледі. Дарынды оқушыларды
анықтау үшін өзара тәуелді үш көрсеткішке назар аударылады. Олар: дарынды
оқушының ішкі сезімі жағынан ерекшелігі, физикалық тұрғыдан ерекшелігі және
әлеуметтік тұрғыдан ерекшелігі.
Вундеркинд оқушының ішкі сезімі жағынан өзгешелігі:
1. Дарынды оқушы толыққанды, аңғарлы болады.
2. Өзінің қабылдау мүмкіндігімен ерекшеленіп, өзін қоршаған ортаға
өте сезімтал келеді. Ол бірнеше үрдісті қатар бақылап, қабылдауға бейім
тұрады және оны белсенді түрде зерттеуге әуес болады.
3. Құбылыстар мен заттар арасындағы байланысты қабылдап, оған
лайықты қорытынды жасай алады және оған өз қиялы арқылы балама жүйе жасауға
қабілетті келеді.
4. Есте сақтау қабілеті жоғары болады.
5. Сөздік қоры мол, бұл оның не нәрсені еркін де нақты баяндауына
мүмкіндік береді.
6. Логикалық ойлау қабілеті жоғары.
7. Табандылық басым.
8. Қиялы кең болады.
Физикалық тұрғыдан ерекшелігі:
1. Дамудағы шапшаңдылық.
2. Дарынды оқушының бойында энергиясы мол болады, ол мөлшерден аз
ұйықтайды.
3. Психомоторикасы танымдық қабілетіне қарағанда баяу болады. Мұндай
интелектуалдық және физикалық дамудағы қарама-қайшылық өмірлік позициясына
нұқсан келтірмеу жағдайында болу керек.
Әлеуметтік тұрғыдан ерекшелігі:
1. Дарынды бала әділетсіздікке төзімсіз болады.
2. Жоғары моральдық қасиеттерге ие.
3. Алдына қойған мақсатқа ұмтылу белсенділігі жоғары болады.
4. Өзіне өзгелердің және қоршаған әлеуметтік ортаның назар аударуын
қалайды.
5. Жағдайларға байланысты іскерлік қатынасы мен өз басы қажеттілігі,
үлкендерден қалыспау, әлдебір нәрсені бірдей атқаруға деген құштарлығы
басым келеді.
Дарындылықты анықтаудағы назар аударатын осы басты ерекшеліктердің
аясы бұдан да кең болуы мүмкін.
Дарындылықты анықтаудың 2 кезеңі бар. Оның 1-ші кезеңі –
анимистикалық кезең. Бұл ата-ана мен мұғалім анықтаған, оқушының қандай да
бір іс-әрекетке қабілеттілігі. Ол тесттер алу арқылы айқындалады. Дарынды
оқушыны анықтау баланың даму динамикасымен байланысты екенін практикалық
зерттеу кезеңінде ескерген жөн. Сауалнама беттерін толтырудағы ата-
аналардың өз балаларыныңқабілеттерін асыра бағалауы негізгі фактор емес, ол
нақты жауапқа нұқсан келтрмейді.
Психология ғылымы қабілеттілікті жалпы, арнаулы, практикалық деп үшке
бөледі. Қабілеттің бұл түрлері бірін-бірі жоймайды, қайта бір-біріне
байланысты дамиды.
Жалпы қабілеттілік – жеке тұлғаның өз ойын жаңа мақсат, міндеттерді
орындауға саналы түрде бағыттауы.
Арнаулы қабілеттілік – белгілі бір бағытта ерекше дағды таныта білуі.
Практикалық қабілеттілік – өмірден алған білімін шығармашылықпен
пайдаланып, бір деңгейден екінші деңгейге көшірілу. Баланың бойындағы осы
қабілеттерді ең әуелі ата-анасы байқайды.
Ерекше қабілеттер жиынтығы – дарындылықты анықтаудың 2-кезеңі:
Диагностикалық кезең. Бұл – педагогикалық және психологиялық тесттер
мен түрлі әдістемелер арқылы жүргізіледі. Ол баланың психологиялық
ерекшеліктері мен шығармашылық мүмкіншілігін бағалаумен сипатталады.
Дарындылық үш бағытта анықталады:
- интелектуалды дарындылық.
- шығармашылық дарындылық
- лидерлік дарындылық.
Интелектуалды дарындылық баланың ойының ұшқырлығымен ерекше есте
сақтау қабілетімен, байқағыштығымен айқындалады. Интелектуалды дарындылығы
бар бала қиналмай-ақ және талаптанып оқиды, өз ойын жүйелі жеткізе алады.
Ол әр істе өз біліміне сенімді болады. Оны қиын тапсырмалар қызықтырады.
Шығармашылық дарындылық баланың өз қызығушылығы, өмірлік позициясымен
айқындалады. Ол көбіне тәуелсіз, өзі әрекет жасайды және ісінің нәтижесін
көре алады. Нақты жағдайлардың шешімін таба біледі, көркем өнер оқулары мен
ойындарға бейім келеді.
Лидерлік дарындылыққа жаңа жағдайларға жылдам қалыптасу, өзге
балалардың оны таңдауы, ойындар мен шараларды басқара алуы, үлкендермен
және құрбыларымен қарым-қатынасқа оңай түсуі, жауапкершілік сезімнің
басымдығы тән.
Бастауыш сыныптарда дарынды оқушыны анықтау мектептегі педагог –
психологтардың басшылығымен жүзеге асады. Дарындылық бірінші кезеңде
байқау, бақылау, әңгімелесу, сауалнамалар арқылы анықталады. Бұл анықтау
келесі кезеңде педагогикалық-психологиялық диагностика арқылы нақтылан
түседі. Психологиялық зерттеу жұмыстары арқылы әр баланың даралық қасиеті
ескеріліп, оның дарындылығын ашу жас ерекшелігіне сай келетін анықтаулармен
жүргізілуі қажет.
Көрнекті психолог Л.С.Выготский баланың кешегі күнгі дамуына емес,
ертеңгі күнгі дамуына қарау керек деп ескертеді. Бала дамуының дербестік,
шығармашылық таным әрекеті, логикалық ойлау дәрежесі сияқты негізгі
белгілерін біліп, жеке дара жұмыстар жүргізу арқылы белгілі бір нәтижелерге
қол жеткізуге болады. Баланың оқуы мен психикалық дамуының бастапқы
негіздері бастауыш сыныптарда қалыптасатындықтан, әр тұлғаның бойындағы
қабілет, дарынды ашу арқылы оның мүмкіндігін дамыту керек.

1.2. Вундеркинд балалармен жұмыс істеудің жолдары

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында мемлекеттік саясат
негізінде ең алғаш рет Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы
жеке адамның дарындылығын таныту сияқты өзекті мәселелер енгізіліп
отырғаны белгілі. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі
дәрежесіне сәйкес жүргізу бір жағынан қоғамға талантты мамандар даярлауда
тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың тек өзінің
интеллектуалдық дамуын қамтамасыз етеді.
Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті,
дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше
қиын іс.
Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу-
ұстаз парызы. Баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін
оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту-
бүгінгі күннің басты талабы.
Дарындылық мәселесін зерттеушілердің еңбектері көп болғанымен,
дарындылықтың мән-мағынасы жөнінде олар ортақ бір пікірге келе қоймады.
Сондықтан да, біз баланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен
салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінің шоғырлығымен аса
ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінеміз.
Вундеркиндтікке педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама
берілген: вундеркинд-белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке
жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі.
В.Крутецский өзінің математикалық қабілеттіліктің құрылымын зерттеген
еңбегінде: Егер қабілеттіліктер деген ұғымды жеке психикалық қасиеттер деп
түсінсек, онда дарындылық дегенді адамның ерекше қабілетінің жиынтығының
бірлігі деуге болады,-деп тұжырымдады.
Дарындылық ұғымымен қатар шығармашылық, талант, данышпандық ұғымдары
да бар.
Шығармашылық-өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін өнім
алуға мүмкіндік жасайтын, жеке тұлға бойындағы қабілеттіліктің, білім мен
біліктіліктің болуы.
Талант-қабілеттіліктің ең жоғары деңгейі.
Данышпандық-қоғам өмірінде тарихи маңызы бар, шығармашылықпен
сипатталатын дарындылықтың жоғары деңгейі.
Вундеркинд балаларды анықтау-баланың дамуын таңдаумен байланысты ұзақ
процесс. Осы айтылғандарды ескере отырып, дарынды балаларды анықтаудың
мынадай ұстанымдары тұжырымдалды:
1. Баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін
қызмет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу.
2. Дамытушылық ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін
жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану.
3. Баланың дарындылық белгісін оның психикалық дамуының нақты
деңгейінде ғана емес, сондай-ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке
ала отырып бағалау.
4. Жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелеу, мұғалімдер мен ата-
аналардың сипаттамалық бағалары.
5. Түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең
көлемде қамтуға мүмкіндік беретін баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан-
жақты бағалаудың кешенді сипаты. Білім беру жүйесінде жаңаша мазмұн беру
арқылы жан-жақты дамыған шығармашыл, рухани ой-өрісі кең жеке тұлғаны
тәрбиелеу міндеті тұр.
Вундеркинд оқушымен жұмыс істеудің негізгі мақсаты-олардың
шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру.
Ал мақсатқажету оқу бағдарламасын тереңдетіп, оқыту және оқушының танымдық
белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
Оқушының дарындылығын анықтап, дамыту мақсатында әр пән мұғалімінің
алдында төмендегідей мақсаттар мен міндеттер болуы орынды:
1. Дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы
мен ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру;
2.Жан-жақты ақпараттандыру;
3.Коммуникативті бейімдеу;
4.Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған
ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету;
Осы мақсаттар мен міндеттерді орындауда мектеп ұстаздары мынандай
жұмыс түрлерін қолданады:
1. Икемді және ұтқыр оқу жоспарын құрады;
2. Жеке пәндерді оқытуда тәуелсіз қозғалыс жасайды;
3. Дарынды оқушының өзінің жұмысын өзі жоспарлап, шешім қабылдауына
ықпал етеді;
4. Дарынды оқушының қызығушылығына байланысты оқу жоспарын құрады;
Жеделдетіп оқыту бағдарламасын мұғалім оқушымен және ата-анасымен
бірігіп құрады.
Мектеп психологы пән мұғалімдерімен бірігіп отырып, сауалнама арқылы
оқушының дарындылық сферасын анықтайды. Оқушының дарындылығы анықталған
кезде, дарынды оқушының жетекшісі, психолог оның жеке құжаттарын,
мінездемесін, сынып журналын зерттейді,баланың сабақтағы, сабақтан тыс
кездегі іс-әрекетіне үнемі бақылау жасап, талдау жүргізеді, әр түрлі
формада білім тексеру жұмыстарын ұйымдастырып, білім деңгейін
анықтайды,психо-педагогикалық диагностика жүргізеді.
Мектепте жеке пәндерді оқуда ерекше білім жетістіктерін көрсеткен
оқушылардың мәлімет банкісі құрылып, оқушылардың білім жетістіктері мен
психопедагогикалық диагностикалары салыстырылып, әр оқушыға күнделік
жүргізіледі.
Вундеркинд оқушылармен жасалынатын жұмыс түрлері:

1. Баланың қызығушылығына әрі табиғатына қарай ғылыми жұмысқа баулу;
2. Пәндік олимпиадалық жұмыстарға дайындау;
3. Қазіргі кезде жақсы дамып келе жатқан дебаттарға, пікір – сайыс
яғни интеллектуальды ойындарға дайындау;
4. Мектептің ғылыми қоғамындағыүйірме жұмыстарын ұйымдастыру.
ХХІ-ғасырда әлемдік білім беру жүйесінің дамуындағы негізгі
басымдықтарының бірі – мектеп білімін жаңарту. Ол оқушылардың неғұрлым өз
бетінше білім алып, оны іс жүзінде қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге
бағытталған.
Оқушылардың ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыруы мақсатты әрі жүйелі
түрде бағыттау керек. Сондықтан да ғылыми жоба технологиясының тиімділігі
күннен күнге артуда. Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі мақсат –
оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу
арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру
және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы оқушыны болашақта әр
түрлі жағдаяттарда, әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге
бейімдеу. Егер оқушы ғылыми жобасы тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай
білсе, оны дұрыс орындай алса - ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып
қалыптасады. Әр түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай отырып, әр түрлі
адамдармен тіл табыса отырып, әр ортада дұрыс бағыт – бағдар бере алады.
Сонымен, оқушының ғылыми жұмысының тиімділігі – көзбен көріп, құлақпен
естіп, есте сақтай отырып,оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға,
шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге,
тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде.
Пәндік олимпиадалардың негізгі мақсаттары мен міндеттері педагогтардың
ғылыми-әдістемелік деңгейлерін анықтау, кәсіби және ақпараттық құзыреттілік
деңгейлерін арттыру мен қатар, дарынды оқушының өзін қызықтыратын пәнде
шығармашылық белсенділігін ынталандыру және қызығушылығын дамыту, ғылыми
білімді насихаттау болып табылады. .
Қазіргі кезде жақсы дамып келе жатқан дебаттардың, пікір – сайыс яғни
интеллектуальды ойындардың мақсаты -Қазақстандық қоғамдағы өзекті
мәселелерді ғылыми тұрғыдан зерттеп, ашық пікірталас алаңында талқыға салу
арқылы оқушылардың шығармашылық және қоғамдық белсенділігін арттыру;
жастардың ғылымға қызығушылығын туғызып, мемлекетшілдік сананы дамыту болып
табылады.
Вундеркинд баланың қабілетіне білім беру тарапынан және тәрбиеішілік
жұмыстар тарапынан қолдау болуы шарт. Ол ең алдымен: дарынды баланы анықтау
жолдарымен және дұрыс бағыт-бағдар беру жолдарымен айқындалады. Дарынды
баламен жұмысты бастау жолында төмендегідей проблемаларға кездесеміз:
әлеуметтік жағдайының әсері, жаңадан келген оқушының ортаға бейімделе
алмауы; жас кезеңіндегі өтпелі кезеңі, оқуда жетістікке жете алмауы,
ұяңдығы, психофизиологиялық себептер. Әртүрлі жағдайда кездесетін жоғарыда
көрсетілген проблемадан негізінен ата-ана мен сынып жетекшісінің, пән
мұғалімдерінің және әкімшіліктің тығыз байланысы шешуші жолды анықтайды.
Оқушының дарындылығын анықтауда:
1. Вундеркинд бала туралы педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік
ақпараттар, мәліметтер жинақтау.
2. Бақылау
3. Анкета
4. Психодиагностика
5. Социометрия
6. Әңгімелесу
7. Интервью сынды жұмыс түрлері жүргілуі тиіс.
Аталмыш жұмыстар негізде психологиялық ерекшеліктерін
айқындап,психологиялық зерттеу жұмысының қорытындысын
(темперамент,зейін,ес,қабылдау,ойла уы, т.б.) және басқа мәліметтерді
салыстыра арқылы, баланың әлсіз жақтарын дамытуға бағыт – бағдар беріп
отыру. Ол салыстыру өмірдегі ғұлама ғалымдардың балалық шағымен
байланысқаны ұтымды болады. Атақты адамдардың мектеп қабырғасында кей
пәндерде білімі төмен болғанымен танымдық қабілеті жүре дамитындығын дәлел
ретінде айтуға болады. Мысалы:Лейбниицтің, Ньютонның, Лобачевскийдің
математикаға қабілеттері 20 жастан соң байқалыпты. Томас Эдисонның бала
кезінде есте сақтау қабілетінің өте нашар болғандығын және мектепте
үйреткенін ұмыта беріп, мұғалімдерді жиі ренжітетін. Ол мектепте барлығы үш
ай ғана оқыды.
Қашықтықтан ақпарат жіберетін прибор құрастырды, жазу машинкасымен
әлемді таң қалдырды.
Осындай өмірдегі жағдаяттармен таныстыра отырып, баланың тек жақсы
оқуына ғана емес, бойындағы қабілеттілікті көре, тани білуіміз керектігін
естен шығармағанымыз да дұрыс. Вундеркинд балалардың шығармашылық
қасиеттерін дамыту жұмыстары сынып ішінде психо-эмоционалды климатты
қалыптастыру бағдарымен де тығыз байланысты. Ол бағыт:
-Әлеуметтік жағдайы төмен отбасының дарынды балаларына мектеп
тарапынан материалдық көмекпен қамтамасыз ету (мұражай, театр, қаланың
көрнекті жерлеріне саяхат ұйымдастыру т.б.)
- физиологиялық денсаулығын бақылап отыру,
- демалыс кезінде тегін сауықтыру орындарына жіберу;
- психологиялық қызмет қолдауы (психологиялық тұрғыда денсаулығын
бақылау,консультация,
- профилактика, тренинг, қабілетіне қарай іс-шаралар ұйымдастыру,
ақпараттандыру,жинақтау,тарату,т.б. )
- кітапханамен тығыз байланыс,қажетті материалдар қарастыру.
Көрсетілген жұмыстар сынып жетекшісімен ата-ана байланысы негізінде
мектеп әкімшілігінің қолдауымен жүзеге асады.
Аталмыш жұмыстар жүйелілікке негізделіп, вундеркинд оқушымен жұмыс
түрлері іске асу барысында оқушының өзін өзі бақылауы негізінде
төмендегідей өзгешелікті байқауға болады:
1. Интеллектуалды эмоциялық бірлікті сақтай біледі;
2. Шешім қабылдайды;
3. Сенімділік туындайды;
4. Өзгелермен салыстырады;
5. Өзін-өзі бақылайды;
6. Жауапкершілік туындайды;
7. Мінез-құлқы өзгеріледі;
8. Ғылыми тұрғыда ізденеді;
9. Материалдарын жинақтайды.
Вундеркинд баламен жасалынатын жұмыс барысында төмендегідей бағыт-
бағдарды жоспарлаған орынды:
1.Оқушымен жасалынатын жұмыстың икемді және ұтқыр формасы құрылуы
тиіс;
2.Жеке пәндерді оқытуда бағдарламадан тыс материалдар негізі қамтылып,
тәуелсіз құрылымы жасалуы қажет;
3.Вундеркинд оқушының ғылыми жұмысының жоспары өзі қалауындай етіп
жасағаны орынды,өзіндік шешім қабылдауына ықпал ету қажет;
4. Вундеркинд оқушының қызығушылығына байланысты мұғалімнің өзіндік
оқу жоспарын құру;
Вундеркинд балалармен жұмыс түрлерін ұйымдастыруда төмендегідей
мәселелерге назар аудару керек;
1.Пән сабақтарында шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды іріктеу,
орындау, талдау жұмыстарын жүйелі жүргізу.
2.Вундеркинд оқушылардың білім деңгейі мен олардың өз мүмкіндіктерін
пайдалану көрсеткішін арнайы әдістемелер бойынша жүйелі түрде тексеріп
отыру.
3.Сабақтан тыс мезгілінде жүргізілетін жұмыстарды- пәндік олимпиада,
ғылыми конференцияға, интеллектуальдық турнирлер мен шығармашылық
байқауларға дайындық жұмыстарын жыл бойы жоспарлы жүргізу керек.
4.Білім беру мекемелерінде дарынды оқушылар үшін арнайы сыныптар мен
топтар құрып, оқу бағдарламаларын жеделдетіп оқытуды ұйымдастыру;
Вундеркинд баланың жасаған жұмысына қолдау көрсету де оның болашағына
ерекше әсер береді. Оның өзінің білімділігіне деген сенімділігі арта
түседі. Қолдау көрсету дегеніміз өзі баланың жұмысын таныстыру, тарату
ұғымдарымен астасып жатады. Ол:
1. Тәжірибелерін газет,журнал беттеріне беру;
2. Байқауларға қатысу;
3. Іс-шаралар ұйымдастыру;
4. Мектептермен тәжірибе алмасу.
5. Бақылау күнделігін жазып отыру;
6. Психологиялық материалдар жинақтау;
7. Кітапша құрастыру.
8.”Реферат”;
9.”Портфолио”
Вундеркинд баламен жұмыс мұғалімнің бақылауымен тікелей жүзеге асып
отыруы қажет. Бұл дегеніміз- әр жұмыс түрлері талданып, сараптама жасалып
отыру деген сөз. Осы сараптама негізінде дарынды балаларды мектепішілік,
қалалық, облыстық, республикалық іс-шараларға қатыстырып, қабілеттерін
дәлелдеу – баланың өз біліміне деген сенімін арттырады. Әр дарынды баланың
ынтасын, дарындылығын қамти отырып, шығармашылық жұмыстарын таратуға
мүмкіндіктер жасалынады. .Осы жағдай дарынды баланы бақылауға, дұрыс бағыт
беруге, жеке тұлғалық дамуына мүмкіндік туғызатын бірден бір жол. Жас
ерекшелігін ескере отырып қабілетіне қарай баланы жүйелі дамытып, қолдау
көрсетіп отыру - келешек жастардың мемлекетімізге әкелер үлесінің зор
екендігін айқындай түседі.
Вундеркинд баламен жұмыс негізінде біріншіден: өзін-өзі тануға, өзін-
өзі тәрбиелеуге, жаңашыл, төзімі берік, үнемі өзін дамытуға, ізденетін,
экспериментшіл, принципке берік, ешкімді қайталамайтын, энтузиазист,бойына
дарындылықты қалыптастыра білетін тұлғаны күтеміз.Екіншіден: дарынды
балалар келешектегі кәсіби мамандық таңдауда өздері шешім қабылдайды.Және
олар мектептегі жасалынған жұмыс негізінде болашақ мамандықтарын қателеспей
таңдай алады және болашақта жақсы маман иелері болып шығады. Үшіншіден:
дарындыбаламен жұмыс барысында мектеппен ғана шектелмей, жоғары оқу
орындарымен байланыс жасалынады; төртіншіден өз беттерімен дарындылық
орталығын құруға мүмкіндік жасалынады;
Вундеркинд балалармен жасалынатын жұмыс түрлері нәтижесінде
төмендегідей жетістіктерге қол жеткізуге болады:
1.Вундеркинд оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы
мен ерекшеліктерінің өзіндік көзқарас тұрғысынан дамиды.
2.Жан-жақты ақпаратты қабылдауы, сол ақпараттар негізінде өз ойын
жеткізіп, өмір ағымына сай көзқарасы пайда болады.
3.Вундеркинд оқушының шығармашылық деңгейі дамып, кез-келген ортады
өзін еркін ұстау мүмкіншілігі арта түседі.
4.Вундеркинд оқушының қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалау деңгейі яғни
өз білімін көрсете білуі дұрыс жолға қойылады.
Бүгінгі таңда білім беру орындарында баланы шығармашылық тұрғыда
дамытуға арналған жұмыс түрлері жеткілікті.
Вундеркинд балалардың қабілетін дамытудың келесі жолдарын іріктеп
алуға болады:
1. Сабақтар, ОҒҚ-ның жұмысы;
2. Пәндік үйірмелер;
3. Тіл мерекесі;
4. Абай, оқулары;
5. Олимпиадалар;
6. Интеллектуалдық ойындар, дебат (пікір сайыс) клубы;
7. Ғылыми-практикалық конференция (ізденімпаздық жұмыс, зерттеу
жұмысы, рефераттар қорғау, жоба қорғау);
8. Оқушылардың білім деңгейлерін арттыру (мұражайға бару, белгілі
адамдармен кездесу);
9. Шеберлер байқауы (ақындар айтысы, шешендер сайысы, би үйірмесі,
шебер қолдар үйірмесі);
10. Оқушылардың аудандық, облыстық, республикалық шығармалар, жобалар
байқауларына қатысу.
Осы тұрғыда оқушылардың ғылыми қоғамының алатын ролі ерекше. Аталмыш
ғылыми қоғам өзінің арнайы бағдарламасын нақтылап алғаны жөн. Ол
бағдарламада жасалынатын жұмыстың мазмұны мен түрлері төмендегідей сипатты
қамтығаны орынды.
1. Өзін-өзі басқару ұйымдарының өкілеттілігі: мектепішілік өзін-
өзі басқару лидерлері оқушылардың ғылыми қоғамының міндетті мүшесі.
2. Білімнің түрлі жағынан оқушылардың шығармашылық жұмыстарға
қызығушылығын зерттеу.
3. Түрлі деңгейдегі мектепішілік, қалалық, облыстық,
республикалық олимпиадаларға және байқауларға қатысу.
4. Жоғарғы сынып оқушыларының әртүрлі деңгейдегі ғылыми-
практикалық конференцияларында ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысу.
5. Халықаралық көрме, жәрменкелерге қатысу
6. Сынып сағаттарында, сабақтарда ғылым, техника, технология
жаңалықтары туралы оқушыларды хабардар ету, ғылыми білімдерге қызығушлығын
арттыру.
7. Әр тоқсанда бір рет ОҒҚ жаңалықтары туралы газет шығару.
Әрине, кейбір ғылыми қоғам өзіндік ерекшелігін алып қосуына болады.
Оқушы дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көп жағдайда
мұғалімнің кәсіби біліктілігі мен шеберлігіне, оның тұлғалық қасиеттеріне
тікелей байланысты – деп, М. Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды
балаларға арналған мамандырылған мектеп-интернатының психологы А.О.
Елубаева мұғалімге қойылатын педагогикалық-психологиялық талаптарды
төмендегідей іріктеген.
Мұғалімнің бағыт-бағдарына байланысты талаптар
• Вундеркинд оқушымен жұмысқа тұрақты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектептегі қабілетті оқушы балалар
Дарынды балаларды тәрбиелеу ерекшеліктері
Жасөспірімнің өзін-өзі кәсіпке бейімдеуі
Дарынды оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Дарынды және талантты балаларды оқыту ерекшеліктері
Дарындылықтың қалыптасу дәрежелері критериі
Мектеп жасындағы дарынды балалар психологиясы
Дарынды балалардың қабілетін анықтау
Дарынды оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерінің көріну сипаты
Жасөспірімдерді кәсіпке бейімдеу
Пәндер