Тəрбиенің міндеттері мен қызметтері, тəрбие процесінің ерекшеліктері



1. Тəрбиенің міндеттері мен қызметтері, тəрбие процесінің ерекшеліктері
2. Тұлғалық . іс.əрекеттік бағыттың негізгі мазмұндық бірліктері
3. Оқу мен тəрбиенің ортақ белгілері
Тəрбие педагогикада бірнеше қырларымен танылған:
– əлеуметтік мағынада – бұл аға буын жинақтаған тəжірибені жас ұрпақ өкілдеріне өткізу. Тəжірибе дегеніміз – адамзаттың өз тарихи даму барысында жасаған рухани мұрасы, дəлірек айтсақ : адамдарға белгілі болған білімдер, ептіліктер, ойлау тəсілдері, құқықтық, адамгершілік жəне т.б. нормалар.
– педагогикалық мағынада – бұл тəрбиеленушіге ықпал жасау үшін ұйымдастырылған арнайы іс-əрекет, тұлға қалыптастыруға бағытталған мақсатты процесс.
Тəрбие қоғамдық талаптарға сəйкес болуы міндетті. Егер қоғам құқықтық демократиялық мемлекет құрып жатса, ендеше ондағы адам тəрбиесі адамгершілік, азаматтық заңдар мен қылық-əрекет нормалары рухында жүріп жатуы қажетті. Жалпы адамзаттық құндылықтар қалыптастырудың маңыздылығын ескерумен бірге əлеуметтік ортаның кездейсоқ та, мақсатты бағытта да əсер, ықпал жасайтынын естен шығармаған жөн.
Қазіргі заман тəрбиесі гуманистік негізде болып, тұлғаның əлеуметтік-мəдени (өмір жəне əрекет-қылық кейпін таңдау жəне іске асыру), даралықты (тұлғаның өзіндік қалыптасуы), жауапкерлікті қатынас (құндылықтар таңдау) бағыттарында дамуына орайласады. Мұндай тəрбие технологиялық икемшілдігіменен (адамның қабылдау жəне психологиялық даму заңдылықтарына сай орындалады), көңіл-күйге сəйкестігімен (көңіл-күй тəжірибесін қалыптастырады), сұхбаттастығымен (екінші біреуге ұсыну үшін емес, өз меншікті
тəжірибесін құрастыру үшін), жағдайға орай орындалуымен (негізгі құралы – тəрбиелік жағдай), болашаққа бағытталуымен (дамудағы тұлғаға арналады) ерекшеленеді.
Сонымен, тəрбие – бұл жалпы, ортақ міндеттерді іске асыру барысында мұғалім мен оқушының ықпалдасты əрекеттерін қамтамасыз етуші арнайы ұйымдастырылған тəрбиелік жүйе жағдайында мақсаты тұлға қалыптастыру болған əлеуметтік процесс.
Берілген анықтаманың мазмұндық құрылымына зер салайық:
«мақсаты тұлға қалыптастыру болған əлеуметтік процесс» мəні- процесс нақты мақсаты болғанда ғана тəрбие деп аталуы мүмкін.
«əлеуметтік процесс» мəні – тəрбие əрқашан адамды ұнамды өзгеріске келтіруші көптеген қоғамдық іс-əрекеттердің арнайы түрі.
«тұлға қалыптастыру» мəні – бұл тəрбиеге басқарым, оны іске асыруға жағдай жасау, тəрбиелік іс-əрекеттерді ұйымдастыру (зорлау, əкімшіл ықпал мүлде болмауы тиіс). Қалыптастыру екі өзара байланыстан тұрады: педагогикалық қызмет жəне тəрбиеленушінің жауап іс-əрекеті.
«арнайы ұйымдастырылған тəрбиелік жүйе» мəні: неліктен жүйе? Себебі практикалық іс-əрекет процесінде қандай да жалғыз əдіс, тəсіл, жоба қолданумен шектелуге болмайды. Бұлардың бəрі өзара байланыста, бірін-бірі толықтырып, жетілдіретін болса ғана, оқу нəтижесі тиімді болады.
«тəрбиелеуші мен тəрбиеленушінің ықпалдасты əрекеттері» мəні – тəрбие процесі кері байланысқа міндетті түрде негізделуі тиіс, ол болмаған жағдайда мұғалім қызметінің нəтижесі жөнінде əңгіме болуы мүмкін емес.
Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы -2002.-250 бет
Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық.Алматы-2005.- 359 бет
Намазбаева Ж.И. Психология, оқулық Алматы-2005.- 430 бет
Алдамұратов А. Жалпы психология,Алматы,1996. – 300 бет
Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы 1993. – 300 бет
Илина Т. А. Педагогика:- Алматы, 1977.- 488 бет.
Ж..Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаев. Педагогика. – Алматы, 2002. - 369 бет.
Педагогикалық психология. -Алматы, 1995. -350 бет.
Ж.Әбиев, С. Бабаев, А.Құдиярова. Педагоика. -Алматы. 2004. - 460 бет.
Педагогика және психология сөздігі. - Алматы, 2002.-254 бет.
Детская практическая психология. / Под редакцией проф. Т.Д. Марцинковской. М.: Гардарики, 2003. – 350 бет

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Тəрбиенің міндеттері мен қызметтері, тəрбие процесінің ерекшеліктері

Тəрбие педагогикада бірнеше қырларымен танылған:
– əлеуметтік мағынада – бұл аға буын жинақтаған тəжірибені жас ұрпақ
өкілдеріне өткізу. Тəжірибе дегеніміз – адамзаттың өз тарихи даму барысында
жасаған рухани мұрасы, дəлірек айтсақ : адамдарға белгілі болған білімдер,
ептіліктер, ойлау тəсілдері, құқықтық, адамгершілік жəне т.б. нормалар.
– педагогикалық мағынада – бұл тəрбиеленушіге ықпал жасау үшін
ұйымдастырылған арнайы іс-əрекет, тұлға қалыптастыруға бағытталған мақсатты
процесс.
Тəрбие қоғамдық талаптарға сəйкес болуы міндетті. Егер қоғам құқықтық
демократиялық мемлекет құрып жатса, ендеше ондағы адам тəрбиесі
адамгершілік, азаматтық заңдар мен қылық-əрекет нормалары рухында жүріп
жатуы қажетті. Жалпы адамзаттық құндылықтар қалыптастырудың маңыздылығын
ескерумен бірге əлеуметтік ортаның кездейсоқ та, мақсатты бағытта да əсер,
ықпал жасайтынын естен шығармаған жөн.
Қазіргі заман тəрбиесі гуманистік негізде болып, тұлғаның əлеуметтік-мəдени
(өмір жəне əрекет-қылық кейпін таңдау жəне іске асыру), даралықты (тұлғаның
өзіндік қалыптасуы), жауапкерлікті қатынас (құндылықтар таңдау)
бағыттарында дамуына орайласады. Мұндай тəрбие технологиялық
икемшілдігіменен (адамның қабылдау жəне психологиялық даму заңдылықтарына
сай орындалады), көңіл-күйге сəйкестігімен (көңіл-күй тəжірибесін
қалыптастырады), сұхбаттастығымен (екінші біреуге ұсыну үшін емес, өз
меншікті
тəжірибесін құрастыру үшін), жағдайға орай орындалуымен (негізгі құралы –
тəрбиелік жағдай), болашаққа бағытталуымен (дамудағы тұлғаға арналады)
ерекшеленеді.
Сонымен, тəрбие – бұл жалпы, ортақ міндеттерді іске асыру барысында мұғалім
мен оқушының ықпалдасты əрекеттерін қамтамасыз етуші арнайы ұйымдастырылған
тəрбиелік жүйе жағдайында мақсаты тұлға қалыптастыру болған əлеуметтік
процесс.
Берілген анықтаманың мазмұндық құрылымына зер салайық:
мақсаты тұлға қалыптастыру болған əлеуметтік процесс мəні- процесс нақты
мақсаты болғанда ғана тəрбие деп аталуы мүмкін.
əлеуметтік процесс мəні – тəрбие əрқашан адамды ұнамды өзгеріске
келтіруші көптеген қоғамдық іс-əрекеттердің арнайы түрі.
тұлға қалыптастыру мəні – бұл тəрбиеге басқарым, оны іске асыруға жағдай
жасау, тəрбиелік іс-əрекеттерді ұйымдастыру (зорлау, əкімшіл ықпал мүлде
болмауы тиіс). Қалыптастыру екі өзара байланыстан тұрады: педагогикалық
қызмет жəне тəрбиеленушінің жауап іс-əрекеті.
арнайы ұйымдастырылған тəрбиелік жүйе мəні: неліктен жүйе? Себебі
практикалық іс-əрекет процесінде қандай да жалғыз əдіс, тəсіл, жоба
қолданумен шектелуге болмайды. Бұлардың бəрі өзара байланыста, бірін-бірі
толықтырып, жетілдіретін болса ғана, оқу нəтижесі тиімді болады.
тəрбиелеуші мен тəрбиеленушінің ықпалдасты əрекеттері мəні – тəрбие
процесі кері байланысқа міндетті түрде негізделуі тиіс, ол болмаған
жағдайда мұғалім қызметінің нəтижесі жөнінде əңгіме болуы мүмкін емес.
Тəрбие процесінде ықпалдасты іс-əрекеттердің арқасында тəрбиеленуші
ұсынылған ұйымдастырылып, белгілі тəжірибені игереді. Осыдан,
тəрбиелеушінің басты міндеті – оқушыны көргенін, оқығанын қайталап, оларды
өз бойына сіңіріп, өзінің меншікті əрекеті ретінде қайта жаңғырта алатындай
оқу жұмыстарына қосудың жолдарын табу. Сонымен, тəрбие- бұл əрқилы іс-
əрекет түрлерін ұйымдастыру процесі. Тəрбие теориясында мұндай бағыт
тұлғалық- іс-əрекеттік атауын алған. Оның мəні: адам барша əлеуметтік
тəжірибеден өзіне табиғаты жағынан жақын, əрі қызықтысын таңдайды.
Тұлғалық – іс-əрекеттік бағыттың негізгі мазмұндық бірліктері төмендегідей:
- сан қилы тұлғааралық қатынастардың бəрінің негізі – ортақтасу (общение):
- іс-əрекет барысында тұлға дамуына басшылық жасау;
- тұлға дамуы мен əлеуметтенуі.
Гуманистік педагогикада тəрбие –көзделген мақсатқа жеткізуші тəрбиелеуші
мен тəрбиеленуші арасындағы тиімді қызметтестік процесі.
Мақсат –адамның қол жеткізуі тиіс нəтижені саналық деңгейде алдын-ала
ниеттеуі.
Тəрбие мұраттарын анықтауда жаңа жағдайлар мен жаңа қоғамға икемдескен адам
мұраты арқау етіледі. Тəрбие мазмұны, формасы, əдістері – бəрі де мақсатқа
тəуелді. Тəрбие мақсатын түсінуден оны іске асырудың технологияларын
таңдауға жол ашылады. Жан-жақты əрі үйлесімді дамыған тұлға тəрбиелеу
мақсаты ҚР Білім туралы Заңында бекітілген.
Оның баптары:
- тəрбие процесінің мазмұнын анықтайды;
- тəрбие нəтижесінің шарттарын белгілейді;
- педагог қызметінің өлшемдері ретінде қызмет етеді;
- тəрбие жүйесін толықтай айқындайды.
Тəрбие мақсаттары жалпы (барша адамдарға арналған) жəне даралықты (жеке
адамға арналған) болып бөлінеді.
Тəрбие мақсатын белгілеуде жекеленген іс-əрекеттердің ғана емес, бүкіл
оқу–тəрбие процесінің де бірлік элементі ретінде психологиялық-
педагогикалық диагностика маңызды роль атқарады. Осыдан, тұлғаны зерттеудің
əрқилы əдістерін білу жəне олар негізінде тұлға мен ұжымды зерттеудің
бағдарламаларын түзе алу қажеттіктері туындайды.
Бір тəрбиелік жүйеде əрдайым бір тəрбие ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тəрбие мəн-мағынасы
Тұлғаны дамыту және тәрбиелеу
Педагогика нысаны, пəні жəне қызметтері
Педагогика жəне басқа ғылымдар
Тұтас педагогика ұғымы
Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқу еңбегіне үйретудің ғылыми педагогикалық негізі
Тəрбие принциптерi
Кіші мектеп жасындағы оқушы тұлғасының педагогикалық-психологиялық диагностикасы
Мектеп оқушыларына тәрбие берудің жалпы сипаты мен ерекшеліктері
Пәндер