СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ



КІРІСПЕ
1. СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ
1.1.Сыни ойлау туралы түсінік
1.2.СТО технологиясының стратегиялары
1.3.Сыни ойлауға негізделген сабақ құрылымындағы өзгешеліктер
2. СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН БИОЛОГиЯДА ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ
2.1 СТО.ны пайдалану мүмкіндіктері мен тиімді жақтары
2.2 Биолгияда сын тұрғысынан ойлау технологиясын оқытудың тиімділігі
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Қазіргі кезеңде білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік.Өйткені, мектептің әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге толы. Бұрын оқу үрдісінде мұғалім басты роль атқарған болса, қазір оқушының белсенділік көрсететін кезі туды. Сабақ мұғалімнің емес, оқушының іс-әрекетімен бағаланады. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Солардың бірі сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Бұл технология Совет өкіметі кезінде 1973жылдан, Қазақстанда 1997 жылдан бері таныла бастады. Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау,яғни, RWCT жобасы 29 мемлекетте қолданылады.Технологияның негізін қалаушылар американдық ғалымдар Чарльз Темпл, Джон Дьюи, Мередит. Кезінде жоба ретінде ұсынылып, көпшіліктің қолдауын тапқан бұл технологияда Выготский, Пиаже, Эльконин-Давыдовтардың, басқа да ғалымдардың еңбектерінің ең құнды жерлері көрініс тауып, идеялар тоғысып, біріктірілген іспетті.
Сыни ойлау деген не?
Сыни ойлау- өзіндік ойлау.Сыни ойлау – сұрақ қоюдан және шешімін талап ететін проблемаларды айқындаудан басталады. Оқушы өзі сұрақ қойып, шешімін өзі айқындайды.Сыни ойлау- әлеуметтік ойлау, бірлесе оқыту идеясы. Сыни ойлау сабағының құрылымдық формуласы 3 кезеңнен (ERR) тұрады:
I.-қызығушылығын ояту ( «көпір жасау», ой қозғау)
II.- мағынаны таныту ( мағынаны ажырату)
III.- ой-толғаныс ( рефлексия, жаңа білім құрастырылады)
Құрылым былай болуы да мүмкін: ER ( ERR) R. Бұдан шығатын тұжырым: сабақ кезеңі тізбектей ғана емес, айналмалы циклді құрылым. Білім берудің маңызды шарты оқу үрдісінде оқушылардың қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға құштарлықтарын дамыту болып табылады. Ендеше, дәстүрлі сабақта оқушы мұғалімнің көмегімен білім алса;
оқушы мұғалім білім
сыни тұрғыдан ойлау сабағында оқушы білімге өзі жетеді, мұғалім тек бағыт беруші.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
1. СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ
1.1.Сыни ойлау туралы түсінік
1.2.СТО технологиясының стратегиялары
1.3.Сыни ойлауға негізделген сабақ құрылымындағы өзгешеліктер
2. СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН БИОЛОГиЯДА ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ
2.1 СТО-ны пайдалану мүмкіндіктері мен тиімді жақтары
2.2 Биолгияда сын тұрғысынан ойлау технологиясын оқытудың тиімділігі
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе

1. СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ

1.1.Сыни ойлау туралы түсінік

Қазіргі кезеңде білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік.Өйткені, мектептің әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге толы. Бұрын оқу үрдісінде мұғалім басты роль атқарған болса, қазір оқушының белсенділік көрсететін кезі туды. Сабақ мұғалімнің емес, оқушының іс-әрекетімен бағаланады. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Солардың бірі сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Бұл технология Совет өкіметі кезінде 1973жылдан, Қазақстанда 1997 жылдан бері таныла бастады. Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау,яғни, RWCT жобасы 29 мемлекетте қолданылады.Технологияның негізін қалаушылар американдық ғалымдар Чарльз Темпл, Джон Дьюи, Мередит. Кезінде жоба ретінде ұсынылып, көпшіліктің қолдауын тапқан бұл технологияда Выготский, Пиаже, Эльконин-Давыдовтардың, басқа да ғалымдардың еңбектерінің ең құнды жерлері көрініс тауып, идеялар тоғысып, біріктірілген іспетті.
Сыни ойлау деген не?
Сыни ойлау- өзіндік ойлау.Сыни ойлау - сұрақ қоюдан және шешімін талап ететін проблемаларды айқындаудан басталады. Оқушы өзі сұрақ қойып, шешімін өзі айқындайды.Сыни ойлау- әлеуметтік ойлау, бірлесе оқыту идеясы. Сыни ойлау сабағының құрылымдық формуласы 3 кезеңнен (ERR) тұрады:
I.-қызығушылығын ояту ( көпір жасау, ой қозғау)
II.- мағынаны таныту ( мағынаны ажырату)
III.- ой-толғаныс ( рефлексия, жаңа білім құрастырылады)
Құрылым былай болуы да мүмкін: ER ( ERR) R. Бұдан шығатын тұжырым: сабақ кезеңі тізбектей ғана емес, айналмалы циклді құрылым. Білім берудің маңызды шарты оқу үрдісінде оқушылардың қызығушылығын арттырып, өздігінен білім алуға құштарлықтарын дамыту болып табылады. Ендеше, дәстүрлі сабақта оқушы мұғалімнің көмегімен білім алса;
оқушы мұғалім білім
сыни тұрғыдан ойлау сабағында оқушы білімге өзі жетеді, мұғалім тек бағыт беруші.
мұғалім оқушы білім
СТО мен дәстүрлі сабақтарды салыстырсақ:
СТО сабақтарда
Дәстүрлі сабақтарда
Оқушылар жекелей, жұппен, топпен жұмысты жақсы ұйымдастырады.
Оқушы бірден жұмысқа кірісіп кетпейді.
Өз беттерімен жұмыс істеу қабілеттері, белсенділіктері басым.
Белсенділік орташа, мұғалімнің көмегін керек етеді.
Шығармашылық қабілеттері артады, топтағы әр
оқушының жауапкершілігі басым.
Шығармашылығы бірқалыпты, ынта-ықыластарын білдіре қоймайды.

Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдануымен жүргізілген сабақтың жоғары деңгейде өтуінің алғы шарты оның қағидаларында,яғни, стратегияларында. Стратегия дегеніміз - философия, әдістемелік ұстаным. Мұғалім мен оқушы кез келген стратегияның әдіс-тәсілін, қыр-сырын жетік түсіне білуі қажет. Сонда ғана жұмыс нәтижелі болмақ. Стратегиялар оқушыларды шығармашылықпен әрекет етуге, ізденімпаздыққа баулиды, еркін, терең, жан-жақты ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады, стратегияның 80-нен аса түрі бар. Жұмыстың ыңғайына қарай стратегияларды өзгертіп те жіберуге болады. СТО технологиясын пайдалана отырып, сабақ құрылымын жоспарлауға шығармашылықпен қарау, әдістемелік лабораторияны жинақтау секілді мүмкіндіктерге қол жеткіздім. 2- сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, жазу мен оқу арқылы сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру мақсатында қолданып жүрген стратегиялардың мүмкіншіліктеріне тоқталайын:
РАФТ Бұл стратегияны кейіпкерге хат деп алса да болады. Формасын түрлендіруге мүмкіндік бар: хат, хабарландыру, жеделхат, өтініш, бұйрық, жарнама. Оқушы жұмысқа кіріспес бұрын мәтіннің мазмұнын жетік түсінуге тырысады, ол үшін оны бірнеше қайтара оқып, ой елегінен өткізеді. Рафт оқушылардың тілін дамытады, қиялын өрбітеді, өз ойларын қағаз бетіне түсіру арқылы эссе жазуға жетелейді, ресми іс қағаздары жөнінде түсініктері қалыптаса түседі.
Жуан-жіңішке сұрақтар: оқушылар мәтінмен жұмыс істей отырып, мәтін мазмұны бойынша өздері тың сұрақтар құрастырады. Бұл дегеніміз, оқудың барлық әдістерін меңгеру болып табылады. Өйткені, оқушы алдымен қатесіз, түсініп оқуға тырысады, қойған сұрағына өзі жауап беруге дайын тұрады, басқа балалардың сұрақтарын мұқият тыңдап, сұрақ құрастырудың қиын жұмыс екенін біліп, ең үздік сұрақтарға ілтипат білдіреді.
Қосжазба күнделігі: мәтінде берілген оқиғаларға өзінің пікір жазады, ендеше, оның сөздік қоры молаяды, кейіпкердің жан дүниесін түсінуге тырысады.
Осындай жұмыстар арқылы ең әуелі оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады, бір-бірімен пікір алмасып, сөздік қоры молаяды, еркін сөйлеу, өз ойларын жеткізе білу дағдылары қалыптасады, оқулықпен жұмыс істеуге, бір-біріне жүйелі сұрақ қоя білуге дағдыланады. Бұл кестедегі көрсеткіштер арқылы СТО технологиясының мүмкіндіктері негізінде оқушының субъект ретінде қаншалықты өскенін аңғаруға болады.

1.2.СТО технологиясының стратегиялары

Осы мақсаттарды жүзеге асырудың негізінде оқытудың жаңа технологиясын педагог - ғалымдар мен республика мұғалімдері жан-жақты ізденіп, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыруда білім берудің тиімді жолдарын қарастырып, оқытудың жаңа көп нұсқалық қағидасын бекітті. Оның өзіне оңтайлысын таңдай білуді ұсынды. Кез-келген технология мұғалімнен терең теориялық білім мен үлкен педагогикалық шеберлік, жан-жақты ізденіс пен баланың жан дүниесін түсіне білетін психолог болуды талап етеді.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының 60-тан астам стратегиялары бар:
Соның ішінде:
1. Топтастыру
2. Венн диаграммасы
3. Ішіне - сыртына
4. Дөңгелек үстел
5. Бес жолды өлен
6. Ой шақыру
7. Ой қозғау
8. Семантикалық карта тағы басқада стратегияларын сабақтарымда пайдаланамын.
Сыни тұрғыдан ойлауды қалыптастыруда Венн диаграммасын, Семантикалық картаны, түртіп алу әдісін, пікірсайысты, салыстырмалы ойлауды, екі түрлі түсініктеме күнделік жұмыстарын қолданған жағдайда, оқушылар не нәрсенің болса да жақсы, жаман жағын салыстыру, ненің сапалы, сапасыз екенін саралап, өзіне, өмірге деген көзқарас қалыптастыра бастайды.
Тақырып бойынша сын тұрғысында ойлауды сұрақ қою тәсілдері арқылы дамытамын. Оқушылар өздеріне қойылған сұрақтар арқылы ізденеді, идеяларды жинақтайды, қорытады, талдайды. Менің мақсатым - оқушыларды ойлау салысының ең төменгі денгейінен жоғарғы, терең ойлау денгейіне дейін көтермелеп жеткізу. Бұл оқушы денгейін шығармашылық сатыға көтереді.
Соның нәтижесінде оқушылар кез келген мәселені шешуде сыни ойлау тұрғысынан келе отырып, шығармашылық қатынас жасауға дағдыланады. Бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда оқушының өз даму денгейіне сәйкес оны шыңдалып, белгілі жетістіктерге жетеді:
1. Еркін ойлауға мүмкіндік береді.
2. Ақыл-ойын дамытады.
3. Шығармашылық белсенділігін арттырады.
4. Ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді.
5. Тіл байлығын жетілдіреді.
6. Жан-жақты ізденушілігін арттырады.
7. Барлық жұмысты өздері атқаруға ынта қояды, белсенділігі жоғары болады.
8. Алға қойған мақсатты орындауға тырысады, пікір айтады.
Көрнекілік әдістерінің тәсілдері пайдалантып көрнекіліктің түріне қарай өзгеріп отырады. Көрнекілік әдістері арқылы оқушыларға жаңа ұғым берумен қатар.
Олардың бұрын алған білімін де кенейтеді және ол оқушылардың эмоциялық көңіл-күйіне әсер етеді. Соның әсерінен заттар мен құбылыстардың қасиеттерін салыстыра білуге, айырмашылығы мен ұқсастарын көре білуге дағдыланады.
Сондықтан мұғалім көрнекіліктері көрсеткенде сөзбен байланыстырып, толықтырып отыруы керек. Себебі кез келген көрнекі құрал жеке нәрсені көрсетуге арналады. Табиғат суреттері арқылы адам баласының өмір шындығына тікелей қатынасы ашылады. Қазіргі таңдағы келесі проблемалардың бірі болып табылатын ұлттық мәдениет үрдістерін өркениетті өмірмен байланыстырып тәлім-тәрбиеге пайдаландым.
Көрнекіліктің оқушыға берері.
1.Оқитын тақырыпты терең түсінуге, негізгі түйінін ажырата білуге үйретеді.
2. Тақырыпты жеңіл, тез түсінуге ықпал етеді.
3. Қайталау кезінде алған білімді жүйелеуге көмектеседі.
4. Пәнге деген қызығушылығын арттырады.
Көрнекі оқыту - ақыл-ойын, логикалық ойлауыл дамыту.
Сабаққа тиімді қолданылған көрнекілік түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ілтипатымен таңдап, жемісті менгеруіне ықпал етеді. Өйткені бастауыш сынып оқушылары айналадағы көрген нәрсеге қызыққыш келеді.
Тез сергіп, тапсырманы жылдам, дұрыс орындайды.
Ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттырады. Сөздік корларын көбейтуге, өз ойын жүйелеп байланыстырып баяндай білуге, тіл байлығын арттыруға көп септігін тигізеді. Байқампаздығы артады.
Еліміздінң ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағыдыры ұстаздардың қолында - деп, елбасымыз Нурсұлтан Назарбаев айтқандай қазіргі қоғамымызға білімді, тәрбиелі, саналы ұрпақты тәрбиелеп дайындауда әр ұстаз өз шеберлігін шыңдап, шығармашылықпен жұмыс істеуге тиіс.
Әр бала бір жұлдыз,
Жарқырауына жәрдем бер - деген нақылды ұстанып, әр баланың қалаған ісін таңдауға, өз ойларын ашық айтуға, өзін еркін сезінуге, жалпы ойлау қабілетін дамытуға мүмкіндік беруіміз керек.
1.3.Сыни ойлауға негізделген сабақ құрылымындағы өзгешеліктер

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы - әлемнің түпкір - түпкірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выгодский теорияларын басшылыққа алады. Мақсаты: Барлық жастағы оқушыларға кез - келген мазмұнға сын тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға, саналы шешім қабылдауға сабақтарға үйрету.
Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда, оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға, тез арада дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін бірден - бір тиімді технология. СТО технологиясын пайдаланатын әр ұстаз өз педагогикалық қызметінде, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым - қатынасқа дегенде көзқарасының мүлдем өзгергенін байқайды. Бұл бағдарлама басқа технологиялардан өзінің құрылымы мен ерекшеленеді. Сабақ жоспарының құрылымы үш кезеңнен тұрады. Әр кезеңнің өзінің қызметі бар. Жалпы стратегияларының саны 100 - ден асады.
СТО технологиясының сабақ кезеңдері: Қызығушылығын ояту - Эвокация Мағынаны тану - Реализация. Ой толғаныс - Рефлексия.
Эвокация - қызу оқу жұмысымен шұғылдануға қызығушылықтың оянуы.
Реализация - оқып жатқан тақырыптардың қажетін түсіну.
Рефлексия - тұжырымға келу, қорытындылау, жаңа білімді бекіту.
Қызығушылығын ояту. Мағынаны тану. Ой толғаныс
Бұл кезеңде мұғалім бұрынғы білетін білімдерін жаңа материалмен ұштастыруға жағдай жасайды.Сабақтың мазмұнына сай алынған стратегиялар арқылы оқушылардың ойы шыңдалып, аршылады. Сабаққа белсенділігі, ынта - жігері артады.
Бұл кезеңде мұғалім жаңа ақпаратты таныстырады.Тақырып бойынша жұмыс жасауға итермелейді.Таңдап алынған стратегияларға байланысты өз бетімен білім алуға көмектеседі. Мағынаны тану кезеңі негізгі кезең сондықтан оқылып жатқан материалдың қажеттілігін түсіндіреді.
Бұл бағдарламаның қорытынды үшінші кезеңінде үйренгенін саралап, салмақтап ой елегінен өткізеді, білімді бекітеді. Оқушылар осы кезеңде өз шығармашылықтарын көрсете алады.Өзіне және сыныптастарына сын көзбен қарайды.Өздерін бағалайды. Оқып, білгендерін таразылайды.
СТО - дамыту сабақтарының мақсаты біреу (нақты сабаққа байланысты ) Міндеттері үш түрлі болады. Олар: Мазмұнға байланысты, СТО ды дамытуға байланысты, топпен жұмысқа байланысты.
Сабақ құрылымы үш кезеңнен тұрғанымен, ондағы қолданылатын стратегиялар ауыса береді. Ал, кейбір стратегиялар кезеңге нақты арналған. Сол себептен, орынымен пайдаланған ұтымдырақ болады.
Сабақ кезеңдеріӘр кезеңде қолданылатын стратегиялар
Қызығушылығын ояту кезең
Болжау кестесі, Тірек сөздер, Венн диограммасы, Т кестесі, бір айналым күнделік, Блум таксаномиясы, Миға шабуыл, Топтастыру,
Мағынаны тану кезеңі
Т кестесі, Пікір - талас, Аквариум, İNSERT, RAFT, ДЖИК СО, Куббизм, Геометриялық фигуралар, Бір айналым сұхбат, Түртіп алу, Жұпта талқылау, Бағытталған оқу, Талдау картасы, Топтастыру
Ой толғаныс кезеңі
Эссе, Топтастыру, Пирамида, Құндылық сызығы, Т кестесі, Sinkuein немесе бес жолды өлең, RAFT, Түйін сөз, Семантикалық карта, Концептуалды таблица, Бір айналым сұхбат,
Миға шабуыл стратегиясы - бұл ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін іздеуде қолданылатын тиімді әдіс. Қандайда бір проблеманы әр мүшенің пікірін еркін тыңдау арқылы шешу. Бұл әдіс жеке тұлғаны қалыптастырудағы маңызды әдістердің бірі. Миға шабуыл стратегиясының өзіндік ережесін сақтап, дұрыс пайдаланса оқушының стандарты емес шығармашыл ойлауын жақсы дамытады. Миға шабуыл стратегиясының қағидасы қиын емес. Мұғалім топ құрады да, қандай да бір проблеманың шешімін табуды өтінесіз (айтасыз). Барлық оқушылар өз пікірлерін айта бастағанда, ешкім оның ойын бөліп, өз пікірін айта алмайды және бағаланбайды. Іс - тәжірибеден байқағанда бірнеше минут ішінде көптеген пікірлер яғни шешімдер табуға болады. Бұл жерде пікірдің көптігі мақсат емес, ол тек нақты саналы шешім қабылдауға негіз болады. Қағидасы: - Ұсынылған пікір бағаланбайды, сыналмайды. - Жұмыс пікірдің сапасына емес санына бағытталған (неғұрлым пікір көп болса, соғұрлым нақты шешім қабылдауға таңдау болады). - Барлық пікірлер бір ауыз сөзбен жазылып отырғаны жақсы. - Белгіленген уақыт сақталуы тиіс.
ДЖИК СО немесе Бедерлі пышқы стратегиясы - ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты: жалпы мәселені алдымен жұпта сосын ұжымда талқылау. Қолданылуы: Алдымен сынып 4 топқа бөлініп отырады - бұл жұмыс немесе бастапқы топтар деп аталады. Мәтін немесе тапсырма 4 бөлікке бөлініп дайындалады. Бірдей мәтін бөлігін алған оқушылар енді эксперт немесе жанұя топтарын құрады, яғни эксперт топтар басқа топ құрады, мәтіннің бірдей бөліктерін талдайды.
Төрт логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1 - бөлігін бірлер, 2 - бөлігін екілер, 3 - бөлігін үшіншілер, 4, 5- бөліктерін - бесінші және төртінші топқа бөлінетін оқушылар алады. Бастамас бұрын бастапқы топтардағы мәтінді мұқият меңгеру қажет себебі жанұя топтарға түсіндіруге жауапты екенін түсіну керек. Келесі кезекте бастапқы топтар қайта табысып, үйреніп келген бөліктерінің мазмұнын ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін - бірі оқытуға, сол арқылы ойлануға үйренеді.
ДЖИК СО немесе Бедерлі пышқы стратегиясының тақырыптың мазмұнын жақсы меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін тиімді әдіс.
Мынадай кескін бойынша түсінуге болады.
İNSERT немесе түртіп алу стратегиясы - түртіп алу әдісі. Қолдарына қарындаш алып, v- білемін, + - білмеймін, - - мен үшін жаңа білім (ақпарат), ? - мені таң қалдырды - деген белгілерді қойып отырып мәтіннің мазмұнын түсінеді. Бұл әдіс оқығанын саналы түсінуге, өз ойын басшылыққа алуға, ойын білдіруге үйрететін ұтымды әдіс.Оқушылар білгендерін анықтап, білмейтіндерін сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білетіндерімен жаңа материалды байланыстыруға дағдыланады. Кесте толтырылады.v + - ?
Куббизм стратегиясы - Ойын арқылы оқыту. Кубиктің алты жағына жазылған сөздер бойынша жұмыс жасайды. Қандайда бір затты жан жақты талдайды, талқылайды, сол арқылы білімдерін қайталайды, жаңа білім қосады.
Сипатта (түрі, түсі, көлемі)
Салыстыр (ұқсастығы, айырмашылығы)
Ұсын (қалай, қай жерде пайдаланылады?)-
Дәлелде (қарсы және қарсы емеспін)
Талда (қалай жасалған, неден тұрады?)
Ой толғау (бұл неден жасалған?)
Кубикпен жұпта немесе топта жұмыс жасайды. 1, 2 - сыныптарда үш жағын ғана пайдалануға болады. Бастауыш сыныптарда түрлі - түсті түрде пайдалануға болады.
Sinkuein немесе бес жолды өлең стратегиясы - оқушы берілген тапсырма бойынша өлең құрастырады. Бес жолды өлеңді құрудың ережесі мынадай: бірінші жолда 1 зат есім, екінші жолда 2 сын есім, үшінші жолда 3 етістік, төртінші жолда 4 сөзден тұратын сөйлем яғни ойды түйіндеу, бесінші жолда тақырыпқа байланысты 1 синоним сөз жазылады.
Кім? Ана
Қандай? Мейірімді, ақылды
Не істеді? Бағады, тәрбиелейді, өсіреді.
Түйін Ағайын - алтау, ана - біреу.
Синоним Адам
RAFT стратегиясы - Оқушы қандайда бір объектіні алып, сол рольге еніп өз ойын жазады. Бұл стратегияны қолдануда бала сол зат туралы ойын жазба түрде, бірінші жақта хабарлайды. Мысалы: Мен қазақтың қара домбырасымын. Менің күмбірлеген қоңыр үнімді ұнатпайтын қазақ жоқ. Мен әр қазақтың төрінде ілулі тұрамын. Мен адамның көңіл - күйін шектерім арқылы жеткіземін. т.с.с
Венн диаграммасы стратегиясы - Бұл стратегияның мақсаты салыстыру, пайымдау. Екі зат немесе мезгілдің (объектінің) айырмашылығы мен ұқсастығы жазылады. Бір біріне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сын тұрғысынан ойлау технологиясын оқу үрдісінде қолданудың маңызы
Бастауыш сыныпта лексиканы сын тұрғысынан ойлау арқылы оқыту
Сын тұрғысынан ойлау технологиясын биологияда қолданудың маңызы
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы студенттердің когнитивті процесін арттыру
Сыни тұрғысынан ойлау технологиясы ұғымына жалпы түсінік
СЫНИ ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ЖӘНЕ КӨПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ПСИХОЛОГИЯ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Жалпы білім беретін мектептер тәжірибесінде оқытудың жаңа технологияларын пайдалану жолдары
БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ КУРСЫН ОҚЫТУДА ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Қазақ тілін оқытудың жаңа технологиялары
Жаңа педагогикалық технологияларды қолдану
Пәндер