Өзін-өзі тану пәні сабағында жүргізілетін тренинг жаттығулар


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Өзін-өзі тану пәні сабағында жүргізілетін тренинг жаттығулар

Жасөспірімдердің өзара қарым-қатынасын дамытуға бағытталған ойындар жинағы

Топтағы қарым-қатынас деңгейін арттыру жаттығулары

Аппаратшылар

Топтан үш адам шақырылады - бұлар механик аппаратшылар, басқа қатысушылар - роботтар. Механик-аппаратшылардың міндеті - роботтар бір-бірімен соқтығыспауы және сынып қалмауы керек. Роботтар механик-аппаратшылардың белгілеген бағыттары бойынша бөлме ішіндегі түзу сызықтармен қозғалады. Егер роботтар дуалға немесе бір біріне соқтығысып қалса, олар сынып, қатты шырылдай бастайды. Оларды басқа жаққа тек механик-аппаратшылар ғана бағыттай алады.

Механик-аппаратшылардың құпиясы оларға ойша үшбұрыш құру керек. Бірақта жүргізуші бұл туралы айтпайды. Қатысушылар өздері біліп, дұрыс стратегия табу керек.

Анализдеуге арналған материалдар болып келесі сұрақтарға жауаптар табылады:

  • Осы жаттығудан кейін не сезінесіңдер;
  • Тапсырманы орындай алдыңыздар ма;
  • Бұған сізге қанша уақыт керек болды;
  • Осы міндетті орындау үшін сіз қандай стратегияны таңдауыңыз;
  • Оны жасап шығу үшін не істедіңіз;
  • Әрбір қатысушы-аппаратшы қандай рөл атқарады ;
  • Тапсытманы орындау кезде сізге не қиындық жасады;
  • Бұл тапсырманы басқаша қалай орындауға болар еді;

Гирлянда

Қатысушылар теңдей екі топқа бөлінеді. Олардың міндеті өз киімдерінен грилянда байлау керек. Кімде грилянда ұзындау болса, сол жеңеді.

Бұл ойын-жарыс микротоптпар қақтығыстарды шешеді. Микротоптардағы қарым-қатынастар «ойдағыдай емес» болып тұрғанда жақсы жетістіктерге жету үшін, бұрыннан дос еместерді топтастырып араластырып жіберу керек. Сонымен бірге онша таныс еместерді. Сонда ойынның қызған кезінде қатысушылар өз қарым-қатынастарын тезірек және ұтымды етіп реттеп алады.

Анализдеуге арналған материалдар болып келесі сұрақтарға жауаптар табылады:

  • Топтардың бірі жеңе алды ма?
  • Бұл үшін қанша уақыт керек болды?
  • Тапсырманың орындалуына не әсерін тигізді?
  • Әрбір қатысушының рөлі?
  • Сіздерге, ұтылған топқа тапсырмаларды орындау кезінде не кедергі жасады?

Сөйлейтін мүсіндер

Бір қатысушы мүсінші болады да, ал екі ойыншы өз еркімен шығып сазбалшық болады. Былайша айтқанда «фигураны жасайтын материал» болады.

Болашақ мүсіншілердің көздерін байлайды. Бақылаушы болып табылатын қатысушылар тобы бір ертегінің екі кейіпкерін жасырады, жұмбақтар айтады. Мысалы: қызыл телпек және қасқыр, Мальвина және Пьеро. Жасырған кезде «кейіпкерлер» кім болып жатқанын білмеу керек.

Мүсінші өз жұмысын аяқтаған кезде «мүсіндердің» көздерін шешеді. Жүргізуші оларға ертегінің атын айтады, бірақта қай кейіпкер екенін айтпайды. Олар диалогты бастайды, сол арада кім кім екенін түсіну керек. Бұл жаттығу қатысушыларға өз қарым қатынастарын бірлесіп тұрғызуға талаптандырады. Олар бір мақсатқа ұмтылатындықтан (кімнің кім екенін түсінгілері келеді) түсінбеушіліктен бірге шығу керек болғандықтан екеуі бірлесіп мәселені кешеді. Сонымен бірге қатысушыларға өз шығармашылық қабілеттерінің ашылуына ықпал етеді. Егерде бір-бірімен келіспей жүрген қатысушыларды топтастырып ойнатса осы жаттығудың әсерін байқауға болады.

Анализдеуге арналған материалдар болып келесі сұрақтарға жауаптар табылады:

  • Осы жаттығудан кейін сіз не сездіңіз?
  • Тапсырманы орындай алдыңызба және кейіпкерлерді тани алдыңыз ба?
  • Жаттығу кезінде не байқадыңыз?

Зум

Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші: «қазір біз үлкен жылдамдықпен машиналар жүріп жатқан трассадамыз. Ал біз былай жүріп барамыз. Мен басымды бірден оң жақтағы көршіге бұрамын және оған «зум» дыбысын айтамын. Ал ол болса осы дыбысты оң жақтағы көршісіне айтып жалғаса береді. Ал егер біреу тежеп тоқтағысы келсе, ол кішкене артқа шайқалып осы дыбысты кері бағытқа бұрып жібереді. Бұл жаттығу бөлініп кеткен топ мүшелерінің басын қосқанға жақсы.

Бұл ойын жоғарғы эмоционалды өтетін болғандықтан күрделі сабақтар алдында жүргізуге болмайды.

Бұзылған телефон

Ойыншылар бір - бірінің құлағына сыбырлап айта алатындай болып отыру керек. Жүргізуші бір сөзді ойлап тауып, бірінші қатысушының құлағына айтады. Осылай жалғаса береді. Соңынан жүргізуші ең соңғы қатысушыдан келіп не естігенін сұрайды. Барлық кезде бастапқы сөзден қызықты өзгеріс болады. Мысалы: бастапқы сөз «сұлу» болса ол басқаша өзгеріп, «ұлу» болып кетеді. Бірақ сөзді ойын барысында әдейі өзгертуге болмайтынын айтып қойған дұрыс.

Дос іздеймін

Топтың әрбір қатысушысы таза қағазға дос іздейтіні туралы хабарландыру жазады. Ең бастысы аты-жөні жазылмаса болғаны. Бұған 8-10 минут уақыт беріледі. Бұл хабарландыру бөлменің әр жеріне жабсырылады. Сосын барлық қатысушылар оқып шығып, үш хабарландыруды таңдап алады. «X» немесе «V» белгісін қойып шығады. Сосын барлық хабарландыруларды жинап, қойылған белгілер саналады. Содан кейін неге бір хабарландырулар көп белгілер жинағанын талқылап шығуға болады.

Талдауға материалдар болып келесі сұрақтарға жауаптар негіз бола алады:

  • Осы жаттығудан кейін сіз не сезінесіз?
  • Хабарландыруды таңдау кезінде неге сүйендіңіз?
  • Бұған қанша уақыт керек болды?
  • Қанша хабарландыру таңдадыңыз?
  • Сіздің хабарландыруларыңзда акцент неге қойылады: өзіңізді таныстыруға ма, әлде достарыңызға қоятын талаптарға ма? Неге?
  • Сіздің хабарландыруларыңызға қанша адам жауап берді?
  • Қазір мүмкіндік болса хабарландыруды өзгертер ме едіңіз?

Өз тобыңызды адамдар арасындағы қатынастарды талқылауға тартыңыздар. Қатысушылардың позициясын бағалаудың қажеті жоқ. Олар бір - біріне кері байланыс берсін. Жауап берерде не сезініп не ойлағанын айтсын және де өздері үшін қай позиция тиімді екенін анықтап алсын.

Теңіз фигурасы

Жүргізуші айтады: «теңіз толқиды бір, теңз толқиды екі, теңіз толқиды үш», «теңіз фигуралары қатып қал». Еркін қозғалушылар соңғы сөзде қатып қалады. Жүргізуші мүсіндерді аралап жүріп, оның біреуін көрсетіп, қандай фигура екенін айтуға тырысады. Егер жүргізуші дұрыс айтса онда фигура тіріліп, әйтеуір бір қимыл жасайды. Содан кейін осы ойыншы жүргізуші болады. Ойын жаңадан басталады.

Мен не екенімді ешқайсыңыз білмейсіз . . .

Қатысушылар шеңбер бойымен отырып, бір-біріне доп лақтырады. Доп кімде болса сөз шумуғын аяқтау керек: «Мен не екенімді ешкім білмейді . . . ».

Жүргізуші доптың бәрінде болып шыққанын қадағалайды. Бұл жаттығудың көмегімен сіздің тобыңыздағы әрбір қатысушының сыртқа көрінбейтін жасырын мінезін анықтауға көмектеседі. Сонымен бірге қатысушылардың бір-біріне деген сенімін, құрметін, байланысының дәрежесін көтереді.

Үйін - Жота - Жол

Ойыншылар 6-10 адам болып топтарға бөлінеді. Әрбір топтың қатысушылары қол ұстасып шеңбер түзеді. Ойын оңға қарай жәй жүгірумен басталады. «Жол» деген сигнал бойынша ойыншылар қатар түзеп отыра қалу керек.

Жүргізуші «Үйін» деген кезде әрбір топ екіге бөлініп, қол ұстасып қолдарын жоғары көтеру керек. «Жота» сигналында ойыншылар қайтадан қатарға тұру керек. Бірақ біріншілері тік тұрады қалғандары бірінен соң бірі төмендей отыру керек. осы айтқандарды дұрыс және тез орындаған топ ұпай алады. Ұпайды көп жинаған топ ұтып шығады.

Талдауға материалдар болып келесі сұрақтарға жауаптар негіз бола алады:

  • Осы жаттығудан кейін сіз не сезінесіз?
  • Тапсырманы орындай алдыңыз ба?
  • Сізге қанша уақыт қажет болды?
  • Оны орындау үшін сіз не істедіңіз?
  • Әрбір қатысушы қандай рөл атқарды?
  • Тапсырманы орындау үшін сізге не кедергі жасады?

Саусақтар

Жүргізуші саусақтарымен санның белгісін көрсетеді. Сол көрсетілген сан бойынша қатысушы орнынан тұру керек. Тұрған ойыншы ойынды жалғастырады. Топтың лидері әр кезде бәрінен бұрын тұруы мүмкін екенін ескеру керек. Сонда ол өзінен басқа тұрғандар көп болса қайтадан отыра салады.

Талдауға материалдар болып келесі сұрақтарға жауаптар негіз бола алады:

  • Сіз қандай бағытты таңдадыңыз?
  • Кімге қарап жасадыңыз?
  • Сіздің араңызда тапсырманы орындау үшін кедергі жасаған адамдар болдыма?

Өрмек

Барлық қатысушылар тығыз шеңбер жасап, қолдарын ортаға созады. Сигнал бойынша бәрі қол ұстасып қалу керек. Шарты: оң немесе сол жақтағы адамдардың емес алдындағы адамдардың қолын ұстау керек және тек бір ғана адамның қолын ұстаған дұрыс. Сосын қолдарын жібермей тұрып қатысушылар өрмектен шығып кетулері керек. Нәтижесінде улкен және кішігірім шеңберлер пайда болуы мүмкін.

Жақсы орындаған топтар үшін тапсырманы қиындатуға болады. Онда қатысушылар көздерін жұмып орындайды.

Жүргізуші мұқият қарап тұрады; кім қандай рөл атқарды, қандай ұсыныс берді, берілген ұсыныстарға қалай бағынды немесе қарсы шықты. Көмектесті ме, әлде кедергі жасады ма?

Талдауға материалдар болып келесі сұрақтарға жауаптар негіз бола алады:

  • Осы жаттығудан кейін не сезіндіңіз?
  • Тапсырманы орындай алдыңыз ба?
  • Қанша уақыт кетті?
  • Сіздің араңызда тапсырманы орындау үшін кедергі жасаған адамдар болдыма?

Өрмек - 2

Әрбір қатысушы өзіне бір қимыл ойлап тауып оны басқаларға кезегімен көрсетеді. Қатысушылардың мақсаты, бір-бірінің қимылын есте сақтау. Осыдан кейін қатысушылардың бірі алдымен өз қимылын сосын көрсетіп жатқан адамның қимылын қөрсетеді. Ал ол өз кезегімен ары қарай жалғастырады.

Бұл жаттығулар негізінде топтағы қатысушылардың кімге жақын екенін байқауға болады. өйткені көбінесе жүріс - достарына, сыйлайтын адамдарына беріледі. Ал аутсайдерлерге жай ғана қолдау үшін жүріс беріледі.

Аралар мен жыландар.

Ойын басталарда теңдей екі топқа бөліну керек. Бірінші топ - аралар, екінші топ - жыландар болады. Әрбір топ өздеріне «Патша» тағайындайды. «Аралар патшасы», «жыландар патшасы» сыртқа шығып кетеді. Осы уақытта жүгізуші екі затты тығып қояды. Біреуін аралар патшасы, екіншісін жыландар патшасы табу керек. Бұл заттар «бал» және «жылан жұмыртқасы». Аралар мен жыландар өз патшаларына дыбыстап көмек көрсетеді. Патша неғұрлым жасырынған затқа жақындаған сайын оған тобы «ж-ж-ж» деп немесе «ш-ш-ш» деп қаттырақ дыбыстап тұрады. Қай топтың патшасы затты бірінші болып тапса сол топ ұтады ойын кезінде сөйлеуге тиым салынады.

Талдауға материалдар болып келесі сұрақтарға жауаптар негіз бола алады:

  • Қай топ өз патшасына жақсы көмектесті?
  • Сіздер бір-біріңізбен қалай өзара әрекеттестіңіздер?
  • «Патша» рөлінде өздеріңізді қалай сезіндіңіздер?
  • Осы рөлде ең қиыны не болды?
  • Патша мен топ бір-біріне риза ма?

Көлік құралы

Қатысушылар шеңбер құрап отырып, бір ойыншы өз қалауымен ортаға шығады. Және транспорт құралының бір бөлшегін бейнелейді. Оған екінші ойыншы қосылады т. с. с.

Транспорт құралы дайын болған кезде, басқа қатысушылар олардың қандай транспорт құралын жасап шығарғанын анықтайды. Бұдан кейін машина екі метр болса да алға жылжуға ұмтылады.

Жүргізуші біз транспорт құралын жасауға жиналдық, брақ бізде не пайда болғанын білмейміз дейді. Қалған ойыншылар қандай транспорт бейнеленгенін табады.

Бұндай жаттығулар ойыншылардың бірін-бірі «сезінуіне» мүмкіндік береді.

Зейінін шоғырландыруды дамытуға арналған жаттығулар

Арифмометр

Қатысушылар шеңбер құрап отырады да, бірінші ойыншы бір сан айтады. Шеңбердегі келесі ойыншы арифметикалық «қосу немесе азайту» белгілерін, келесісі қайтадан сан солай жалғаса береді. Ойыншы арифметикалық белгіні айтуы тиіс болса «тең болады» деп айтуына болады. Сол кезде келесі ойыншы шешімін табу керек.

Жүргізуші есептің шешімінің дұрыстығын тексеріп тұрады.

Егер ойын бар уақытта бір бағытта (сағат тілімен) жүретін болса, онда барлық уақытта сол ойыншылар арифметикалық белгіні айтады ал қалғандары санды.

Бұл үрдісті әр түрлі үлгіде болуы үшін мынадай ережелер керек: Есептің шешімін соңңы созді айтқан адамнан кейінгі төртінші ойыншы ойынды жалғастырады.

Немесе мынадай өзгеріс: соңғы шешімді «тең болады» деп айтқан адамның алдындағы ойыншы шешімін айтады, және ойынның бағыты (сағат тіліне қарсы бағытта) өзгереді.

Боб - Доб

Барлық қатысушылар үстел бойымен отырады.

Үстелдің бір жағында жүргізуші отырады. Біреуіне тиын (немесе кішкене зат) береді.

Үстелдің астынан бір-біріне білдіртпей тиынды беру керек.

Ойламаған жерден жүргізуші дауыстап: «Барлықтарың қолдарыңды үстелдің үстіне!»

Барлығы үстелдің үстіне алақандарын қою керек.

Жүргізуші тиын кімде екенін табуы тиіс (алақандарын үстел үстіне қойғанда дыбысынан және т. б. )

Оның бұйрығымен алақандарын көтерулері керек.

Егер жүргізуші қателессе, ойын қайталанады, ал тапса тиын кімде болды сол ойыншы жүргізуші болады, ал жүргізуші барлығымен бірге қатысушы сияқты үстел бойына отырады.

Бұл барлығына бала кезден белгілі ескі ойын бірақ ол осы бөлімге арналған міндеттерді шешеді. Бұл ойынды шағын топпен (10-15 адамға дейін) жүргізген тиімді. Ал топ үлкен болса, оларды бірнеше топтарға бөліп, топ ішіндегі жүлдегерді анықтауға болады.

Назар аудар!

Қатысушылар әр түрлі қимылдар, іс-әрекеттер жасап жүреді. Жүргізуші «Назар аударыңдар !» дегенде жүргізушінің қимылын қайталайды.

Мысалы, «Назар аударыңдар, оң қолдарыңды көтеріңдер!» - қатысушылар орындайды. Ал егер ол «секіріңдер, өтінемін» - десе онда бұл әрекетті орындауға болмайды. Себебі «назар аудар!» деп айтылған жоқ.

Жүргізуші бастапқыда ақырын бастайды да, «Назар аударыңдар» деген сөзді екпінмен айтады.

Қатысушыларды шатастыру және тапсырманы орындау барысында қатысушылардың көп күш жұмсау үшін дауыс ырғағын төмендетіп, жоғарлатып, темпін өзгертіп, біртіндеп ойынды қиындата түседі.

«Иә» немесе «Жоқ» деп айтпаныңыздар

Ойынға 5-30 адам қатыса алады.

Жүргізуші айтады: «Сізге жүз теңге беріп жіберді ма? Не қаласаңыз соны алыңыз, қараны ақпен алмаңыз». «Ия» және «Жоқ» деп айтпаңыз.

Сосын жүргізуші бір қатысушымен әңгімені бастайды. Үрейлі дауыспен сұрақтар қояды. Мысалы, «Сіз білесіз, шөптің түсі қандай?» (Ереже бойынша, «ия» деп жауап бермеуі керек. Егер «ия» деп жауап беріп қойса, белгәше, орамал, фант, бәтеңке т. б. беруге тура келеді.

Тапқыр ойыншы жеңілмеу үшін «білмеймін» деп жауап береді. Ал жүргізуші жаңадан басқа сұрақтар қояды.

Ал аспанның түсі қандай?

Қардың түсі қандай?

Аспан көк, қар ақ. Ой мен қателестім. Қар туралы: бордың түсі сияқты деп айту керек.

Кім дұрыс емес жауап берсе, фант беруге тура келеді.

Жүргізуші барлық ойыншылармен әңгімелеседі, оларды «тұзаққа түсіруге» тырысады.

Егер жүргізуші бірнеше фант алса, қатысушылар оларды қайтарып алуға тырысады.

Егер жүргізуші ешқандай фант жинай алмаса, онда жүргізушінің орнына басқа ойыншы ауысады.

Жауап берушіге көмектесуге болмайды. кез-келген сұрақта және жауапта күлмеу керек екендігі туралы жиі келісім болып тұрады. Күлген ойыншы фант береді.

Тиым салынған қимыл

Жүргізуші түсіндіреді: мен көрсеткен қимылдарды барлық ойыншылар қайталауы тиіс. Тиым салынғанынан басқасын қолын басына айналдыру.

Жүргізуші қолдарымен, аяқтарымен, басымен, бүкіл денесімен әр түрлі қимылдарды.

Ыңғайлы сәтті пайдаланып, күтпеген жерден тиым салынған қимылдарды жасайды. Кім сол қимылды қайталаса, және орындауға тырысса сол ойыншы ойынның тәртібін бұзушы болады және ойыннан шығарылады.

Бастапқыда жүргізуші жай ырғақпен қатысушыларға басты ережені яғни, тиым салынған қимылды қайталамауға мүмкіндік жасай жүргізеді. Сосын ойын қарқыны жылдамдайды. Соңында бір немесе бірнеше ойыншы жеңімпаз атанады.

Тиым салынған күн

Жүргізуші апта күндерін атайды, ойыншылар әр күн атаудан кейін бір рет шапалақтайды. Сәрсенбі - тиым салынған күн. Жүргізуші сәрсенбі күнді айтқанда, шапалақ ұрмай зейінді болу керек.

Жүргізуші жәй ырғақпен бастайды және апта күндерін атап шығады. Ал сосын шатастыру үшін араластырып жылдам айта бастайды. Бұл ойынды 15-200 адамға дейін жүргізуге болады.

Байланыс

Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Олардың біреуі алфабит бойынша әріптерді айта бастайды. Жүргізуші тоқтатады, мысалы, «м» әріпіне келген болса сол әріптен келетін сөз ойластырады.

Егер қатысушылардың біріне ой туындаса, бұл қандай сөз екенін білу үшін ол «бұл жәндік» дейді, ал тағы біреуі кім ойлап тапты: «Байланыс бар ма, бір, екі, үш . . . » және бірге айтады (мысалы, «маса» ) .

Егер ол үлгерсе, онда қатысушылар әрі қарай табады, егер үлгермесе, сөздің келесі әріпін айтады және ойын жалғаса береді.

Келесі ойынды сөзді тапқан адам жүргізеді.

Бұл ойынды 10-12 адамнан құралған топта жүргізген жөн.

Қызыққыш

Ойыншылар дөңгелек құрып отырады.

Бір жүргізуші қызыққыш ортасында тұрады. Ойыншылар дайындал дегенше ол әлдебір әріпті дауыстап айтады және күтеді. Ол ойыншыларға тез-тез қарап, оларға қысқа сұрақтар қояды: Кім? Қайда? Қашан? Не үшін? Ойыншылар хабарланған бас әріпке тез сөзбен жауап беруі керек. Мысалы, хабарланған әріпке «к» жауаптары төмендегідей болуы мүмкін «композитор», «киноға», «күнде» т. б.

Жауап беруші адам басқа әріптен басталатын сөз айтса, ол бұрынғы «қызыққыштың» орнына отырады. Бастапқы кезде «қызыққыш» жүргізуші болады, ал ойынға ырғақ пен қарқын береді, ойындарға өзгертулер мен толықтырулар енгізіп, осындай әрекеттермен түзетеді.

Дақтар

Барлық ойыншылар шеңбер бойымен тұрады, және жүргізуші өзін қосып әр ойыншыға реттік сан береді.

Жұргізуші шеңбердің ортасына шығып екі сан айтады, мысалы, 3және 15. Қатысушылардың қайсысының саны айтылса, солар ортаға келіп, тізелерін ұрып «ой-ой-ой» деп айқайлап, серіктестерінің орнын алуға тырысады.

Сол кезде жүргізуші бір бос тұрған орынғабарып тұрады. Бір қатысушыға орын жетпей ортада қалып қойса сол жүргізуші болады.

Бұл ойын көңілді әрі топтағы қатысушылардың көңіл-күйін көтеруге көмектеседі.

Шалқан - қырыққабат

Шалқан - алақанның төмен қарағанын білдіреді (ол шалқанның жер астында өсетінін білдіреді) . Қырыққабат - жоғары ашылған алақан (ол қырыққабаттың жер бетінде өсетінін білдіреді) .

Жүргізуші «шалқан» немесе «қырыққабат» деп айтады да, қатысушыларды шатастыру үшін алақанмен көрсетеді. Кімде-кім шатастырып қалса, кейін бір өлең шумағын немесе ән айтып береді.

Шапалақтар ырғағы

Қатысушылар жұпқа бөлінеді.

Әр жұп кезекпен буынға бөліп, ырғақпен (мысалы, Спартак) айтады.

Барлығы бірдей ырғақпен, фудбол жанкүйерлері сияқты «Спартак чемпион!» деп қол шапалақтайды.

Бір адам екі рет қол соғып қоюға болмайды, және қол соғуды жіберіп алуға да болмайды. Егер ойыншы осы ережені бұзса онда қайтадан бастайды.

Бұл жаттығу тек қана зейін шоғырландыруға ғана емес, қатысушылардың өзата түсінісуіне, тыңдауына, сезінуіне көмектеседі.

Балықтар, құстар, аңдар

Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші жқдырықтарыңды тізелеріңе қойып отырыңдар дейді.

«Балықтар, (немесе құстар, немесе аңдар) ?»

Қатысушылар бұл класқа жататындарды көрсету керек. Ойластыруға үш секунд уақыт кетеді.

Егер қатысушы тапса онда ойын жалғаса береді, ал таппаса ойыншы бір жұдырық жіберіп алады.

Ойын бір немесе бірнеше жеңімпаз болғанша жалғаса береді.

Зат есім - сын есім

Жүргізуші шеңбер бойымен қолына доп ұстап айналып жүреді. Ол бір ойыншыға допты лақтырып қандай да бір зат есім, (мысалы, «тал») ал ойыншы осы сөзге тез арада сынесімдегі бір сөзді (мысалы «талдай») ойлап тауып, допты қайта жүргізушіге лақтырады.

Егер үш секунд ішінде ешқандай сын есімдегі сөзді таппаса, онда ол фант береді, ол фант үшін қайтадан орындайды.

Ойынды қызықты әрі күрделі етіп жүргізу үшін, сын есімді тез арада ойлап табу қиын болатындай қйын зат есімді ойлап табу керек. Мысалы, шалбар, камзол, пианино т. б.

Есеп

Жүргізуші әр түрлі сандарды айтады, сол кезде қанша сан айтылса сонша ойыншы бір мезгілде орындарынан тұру керек.

Тапсырма үнсіз орындалады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тренердің басты міндеті - семинар тақырыбын тренингке қатысушылардың өздерінің ашықтауына мүмкіндік жасау
Семинар - тренингтің оқыту кезеңі
Өзін-өзі тану пәні бойынша тренинг-сабақ
Бастауыш сынып оқушыларына өзін-өзі тану пәнін ұйымдастыру
«Сөйлеуді жетілдіру жолдары»
Эксперименталды оқыту жүйесіндегі оқушының өздік жұмысы
Бастауыш мектепте өзін-өзі тану пәнін оқыту
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың қиыншылығы
Топтық психотерапия
Бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz