Шығармашылық есептер арқылы мектеп оқушыларының физикаға қызығушылығын арттыру әдістемесі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

ӘОЖ 373. 5. 016. 026. 6:53 (574) Қолжазба құқығында

САРИЕВА АЙГҮЛ ҚАМЗАҚЫЗЫ

Шығармашылық есептер арқылы мектеп оқушыларының

физикаға қызығушылығын арттыру әдістемесі

13. 00. 02 - Оқыту және тәрбиелеу теориясы мен әдістемесі (физика)

Педагогика ғылымдарының кандидаты

ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2009

Жұмыс Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық Білім Академиясында орындалды

Ғылыми жетекшісі
физика-математика ғылымдарының докторы Ерматов С. Е.
Ғылыми жетекшісі: Ресми оппоненттер:
физика-математика ғылымдарының докторы Ерматов С. Е.:

педагогика ғылымдарының докторы

Құрманов М. Қ.

педагогика ғылымдарының кандидаты

Қаймолдина Ә. Қ.

Ғылыми жетекшісі: Жетекші ұйым
физика-математика ғылымдарының докторы Ерматов С. Е.: М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

Диссертация 2009 жылы сағат Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14. 08. 05 диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: 050012, Алматы қаласы, Төле би көшесі, 86, 4-қабат, 415-бөлме

Диссертациямен Абай атындағы Қазақтың Ұлттық педагогикалық университетінің кітапханасында танысуға болады (050010, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 30)

Автореферат 2009 жылдың таратылды.

Диссертациялық кеңестің

ғалым хатшысы Ж. Ә. Шоқыбаев

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңындағы өзгерістер орта мектептегі білім мазмұнының құрылымын әдістемелік жағынан толықтыру мен дамытуды қажет етеді. Осы орайда бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі мектеп оқушылардың ой өрісінің даму деңгейін көтеру, олардың ғылыми танымдық іс-әрекеттерін белсендіру, оқуға, білім алуға ынталандырудың тиімді әдістемесін жасау болып табылады.

Физика пәнінің мазмұны мен әдістемелік жүйесінің қоғам дамуының жаңа кезеңдерінде құрылымы жағынан да, мазмұндық жағынан да үнемі жетілдіріліп отырылуын отандық ғалымдардың да (С. Е. Ерматов, Қ. Жаңабергенов, Т. К. Кенжебаев, А. Б. Мәженова, Д. М. Қазақбаева, У. Қ. Тоқбергенова, А. Қ. Қаймолдина және т. б. ), шетелдік ғалымдардың да (В. Г. Разумовский, Ю. И. Дик, О. Ю. Овчинников, А. В. Усова, т. б. ) бірқатар зерттеу еңбектерінен аңғарамыз.

А. Е. Әбілқасымова, Л. С. Выготский, П. Я. Гальперин, В. В. Давыдов, Л. Н. Занков, А. Н. Леонтьев, Э. М. Мамбетакунов, М. И. Махмутов, С. Л. Рубинштейн және т. б. ғалымдар өмiрдiң өзгермелi жағдайларында еркiн бағдарлай алатын, алған бiлiмiн толықтырып, дамытуға, сол арқылы өз мүмкiндiктерiн iске асыруға және адамгершiлiк тұрғыда өзбетiнше дұрыс, жауапты шешiм қабылдауға қабiлеттi тұлғаны іс-әрекет үстінде қалыптастыру мен дамытудың тиімді жолдарын зерттеген.

Физика есептерінің мазмұны мен әдістемесі туралы (Р. И. Малафеев, В. Г. Разумовский, ) алғашқы еңбектерде сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың техникалық шығармашылығын қалыптастырудың жолдары көрсетіліп, әдістемесі жасалды. Соңғы жылдары мәселенің мән-жайы шығармашылық іс-әрекетті өндіріс орындарындағы техникалық қондырғыларды мектептегі физика-техникалық үйірмелерде модельдеп көрсету арқылы (В. П. Басаргин, В. Н. Косов, А. П. Смыслов), физика сабағында олимпиадалық есептер шығарту және физикалық есептерді өз бетінше көбірек орындату арқылы (Н. М. Евсеева, Л. М. Чечин О. Ю. Овчинников, ), оқушылардың шығармашылығын қалыптастыру; оқушылардың ғылыми ойлау қабілеттерін (Б. Е. Акитай, Н. М. Зверева, М. С. Слепцова), компьютерлік техника негізінде оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеттерін белсендіру (Н. В. Разумовская Н. Керімбаев, М. Б. Шабад) жолдары қарастырылған.

Біздің ғылыми және әдістемелік әдебиеттерге жасаған талдауымыз физиканы оқыту әдістемесінің үнемі жетілдіріліп отыратынын көрсетті. Алайда, қазіргі білім беру мен тәрбиелеу жүйесінде үнемі туындап отыратын жаңа талаптарға сәйкес оқушылардың шығармашылығын, пәнге қызығушылығын шығармашылық есептерді қолдану арқылы оқыту әдістемесінің теориялық және тәжірибелік тұрғыдан зерттелінуінің жеткіліксіз орын алып отырғандығы байқалды. Физикалық шығармашылық есептерінің оқушылардың шығармашылық потенциалын жүзеге асыру мен дамытудағы мән-мағынасының, маңыздылығының сыры ашылмай, назардан тыс қалып отыруы; оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерінің, көбінесе, сабақтан тыс уақыттарда, факультативтік сабақтарда жетілдіру әдістемесінің басым болуы; физика сабақтарында оқушылардың білімін шығармашылық есептер арқылы дамытуға арналған зерттеу жұмыстарының жеткіліксіз қарастырылуы «Шығармашылық есептер арқылы мектеп оқушыларының физикаға қызығушылығын арттыру әдістемесі» атты зерттеу тақырыбын таңдауымызға негіз болды.

Зерттеудің мақсаты − шығармашылық есептер арқылы оқушылардың физика пәніне қызығушылығын арттыруды әдістемелік тұрғыдан негіздеу және ғылыми-әдiстемелiк жағынан қамтамасыз ету бағытындағы материалдарды тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында сынақтан өткізу.

Зерттеу нысаны - мектепте физиканы шығармашылық есептер негізінде оқыту үдерісі.

Зерттеу пәні - мектепте шығармашылық есептер арқылы оқушылардың физикаға қызығушылығын арттыру.

Зерттеу болжамы - егер оқушылардың физикаға қызығушылығын арттыру шарты ретіндегі шығармашылық есептерді шығарудың әдістемесі жасалып, іске асырылса, онда мектепте физиканы оқытудың тиімділігі артатын болады, өйткені ондай есептер тұлғаның шығармашылық қабілеттіліктерінің дамуына және пәнге қызығушылығының дамуына ықпал етеді.

Осы мақсатқа жету және ұсынылған болжамның дұрыстығын тексеру үшін мынандай зерттеу міндеттері анықталды:

− зерттеу тақырыбы бойынша психологиялық-педагогикалық, әдістемелік, ғылыми көпшілік әдебиеттерге талдау жасау.

− оқытуда шығармашылық есептерді пайдалану арқылы оқушыларының физикаға қызығушылығын арттырудың әдістемелік негізін айқындау.

− физикалық шығармашылық есептердің жүйесіне, мәніне, мазмұнына талдау жасау және оларды шығару жолдарын жетілдіру шараларын қарастыру.

− шығармашылық есептер негізіне қойылатын талаптар мен критерийлерді тұжырымдау.

− шығармашылық есептерді пайдаланудың әдістемесін жасау және оның тиімділігін тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында тексеру.

− зерттеу мәселесі бойынша әдістемелік ұсыныстар даярлау.

Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін мынандай зерттеу әдістері қолданылды.

Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесіне қатысты психологиялық, әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау; оқушылардың қызығушылығын арттырудың құралы болып отырған шығармашылық есептердің мазмұндық жүйесіне талдау жасау; шығармашылық есептерге қойылатын талаптар мен критерийлерді анықтауда ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді, оқулықтар мен оқу құралдарын талдау; диагностикалық сауалнамалар, бақылау жұмыстарын әзірлеу; оқушылар және мұғалімдермен әңгімелесу, сабаққа қатысу; алдыңғы қатарлы озық тәжірибелерді пайдалану; әртүрлі мазмұндағы шығармашылық есептерді құрастыру; педагогикалық эксперимент жүргізу, оның нәтижесін математикалық жолмен қорыту.

Зерттеудің негізгі кезеңдері. Бірінші кезеңде (2002-2004ж. ж. ) психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттер мен ғылыми зерттеу еңбектеріне жан-жақты талдау жасалды. Мұғалімдердің мектеп практикасында шығармашылық есептерді қолдану жағдайын, оқушылардың физикалық есептерді шығару қабілеттерінің бастапқы көрсеткіштерін айқындау үшін әлеуметтік зерттеу әдістері пайдаланды. Зерттеудің мақсаты, нысаны, пәні, болжамы, міндеттері анықталды. Зерттеу жұмысының теориялық негіздері анықталды.

Екінші кезеңде (2004-2007ж. ж. ) физиканы оқытуда шығармашылық есептерді қолдану негізінде мектеп оқушыларының пәнге қызығушылығын арттыруға ықпал ететін тиімді әдіс-тәсілдер анықталып, шығармашылық есептерді шығару біліктіліктерін қалыптастыруды ұйымдастырудың дидактикалық тұрғыдан әдістемесі жасалынды.

Үшінші кезеңде (2007-2009ж. ж. ) зерттеу жұмысының негізгі бөлігі орындалды. Дайындалған әдістеменің мазмұны талданып, қызығушылықты арттыруда шығармашылық есептерді қолдану әдістемесін жетілдірудің тиімділігі эксперимент жүзінде тексерілді. Зерттеу жұмысының қорытындылары және эксперимент нәтижелері өңделіп, әдістемелік нұсқаулар тұжырымдалды.

Зерттеу жүргізілген тірек оқу орындары: Алматы қаласындағы Ы. Алтынсарин атындағы №159 жан-жақты профилді гимназиясы, №86 мектеп гимназиясы, Шығыс Қазақстан облысының Аякөз қаласындағы №5 орта мектебі, Аякөз ауданының Ақшәулі орта мектебі.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:

-оқушылардың қызығушылығын арттыруда шығармашылық есептердің мүмкіндігі анықталып, олардың классификациялануы іске асырылды;

-шығармашылық есептердің мазмұнына, құрылымына қойылатын талаптар мен критерийлер жасалды;

-шығармашылық есептер арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырудың әдістемесі жасалды;

-шығармашылық есептер арқылы оқушылардың физикаға қызығушылығын арттыру әдістемесі тәжірибелік сынақтан өткізілді.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы. А лынған мәліметтер мұғалімдерге шығармашылық есептерді пайдалану жолымен оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру бойынша нақты кеңестер ұсынуға мүмкіндік береді, оқушылардың шығармашылық есептерді шығаруға ынтасын қалыптастыруға жағдай жасайды. Орта мектепте физиканы қызықты оқыту негізінде алынған зерттеу мәліметтері және солардың негізінде алынған ұсыныстар келесі жұмыстарды іске асыруға қажетті қорытынды мәліметтер болып табылады: орта мектепте оқыту үдерісін ұйымдастыруда, оқу-ағарту саласы қызметкерлерінің біліктілігін көтеру семинарларында пайдалануда, оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру бойынша жасалатын әдістемелік ұсыныстар мен бағдарламалар жасауда және т. б.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

-физикалық шығарашылық есептердің классификациясы;

-шығармашылық есептердің мазмұнына, құрылымына қойылатын талаптар мен критерийлер;

-шығармашылық есептер арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырудың әдістемесі;

-шығармашылық есептер арқылы оқушылардың физикаға қызығушылығын арттыру бойынша эксперимент қоюдың нәтижесі.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі зерттеудің міндеттеріне сәйкес әдістерді пайдаланумен; зерттеу кезінде алынған қорытындылардың жалпы орта білім беретін мектептердің іс-тәжірибесіне сәйкестігімен; ауыл және қала мектептерінде жүргізілген педагогикалық эксперименттік жұмыстың кезеңділігімен, тиімді ұйымдастырылуымен және оның нәтижелерімен қамтамасыз етілді.

Зерттеу нәтижелерінің сынақтан өткізілуі және тәжірибеге енгізілуі эксперимент жүргізу барысында жүзеге асты. Зерттеу нәтижелері Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ Білім академиясының жаратылыстану пәндерін оқыту лабораториясының мәжілістерінде (1994-1998ж. ж. ), Алматы қалалық педагог кадрлардың білімін көтеру және қайта даярлау институтының ғылыми теориялық конференцияда (Алматы, 1999ж. ), «ХХІ ғасырда білім беру және тәрбие жұмыстарының жүйелерінің дамуының басым бағыттары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Шымкент, 2001ж. ), «Қазақстан Республикасы: Тәуелсіз дамудың 10 жылдығы» атты халықаралық конференцияда (Қызылорда, 2001ж. ), «ХІ ғасырда орта білім беру: жайы және даму болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Астана, 2002ж. ), ІІ Республикалық педагогикалық оқулардың материалдарында «ХХІ ғасырдағы орта білім: ізденістер, мәселелер, болашағы» (Алматы, 2004ж. ), сондай-ақ баспа беттерінде жарияланған ғылыми еңбектерде, мектеп практикасында көрініс тапты.

Диссертация құрылымы кіріспеден, екі тараудан, қорытындылар мен тұжырымдамадан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Физиканың табиғат заңдарын терең түсіндіруінің арқасында, ол ғылым ретінде қоршаған ортаны жіті танып, жан-жақты көзқарастар қалыптастырған адам баласының тыныс-тіршілігінің басқа да көптеген салаларына әсер етуде. ТМД және шет елдер тәжірибесінде физика ғылымының орта мектепте пән ретінде орны мен маңызын ғылыми-техникалық прогрестің келер онжылдықтағы жетістіктеріне байланысты бағалау қабылданған. Мәселен, бұл жөнінде халықаралық сарапшылардың болжамы мынандай: адам қызметінің барлық сферасына компьютерлер енеді; миллиондаған мамандықтар лазерлер мен роботтармен байланыста болады; адам қызмет сферасының кеңеюі (денсаулық сақтау, гигиена, өндіріс, ауыр және жеңіл өнеркәсіп, күрделі индустриялық әскери жабдықтар және т. б. ) жаңа технологияларды енгізілуімен байланысты болады.

Психологиялық-педагогикалық теорияларда қызығушылықты жіктеудің бірнеше түрі бар: дүниеге деген қарым-қатынасының сипаты, мазмұны мен кеңдігі, күші (белсенді, немқұрайды), тұрақтылығының дәрежесі (тұрақты, тиянақсыз), пайымдауы мен тереңдігінің дәрежесі бойынша және т. б.

Психолог ғалымдардың (В. В. Давыдов, Б. М. Теплов, П. М. Якобсон және басқалары) еңбектерін салыстыра жүргізілген талдауға сүйене отырып, зерттеу жұмысымызда қызығушылықтың психологиялық табиғатын, оқушының оқыту үдерісі барысында өсіп келе жатқанын байқауға көмектесетін механизмдерін қарастырдық. Төменде оқушының физикаға қызығушылығының артуында шығармашылық есептердің алатын орны көрсетілген (1-сурет) .

1-сурет-Оқушының физикаға қызығушылығының артуында шығармашылық есептердің алатын орны

Мектепте физиканы оқытудың күйіне талдау, білім саласында болып жатқан өзгерістер мен жаңалықтарға қарамастан, оқушылардың басым көпшілігінің физикаға қызығушылығы енжар, ал сабақтар әлі де орындаушылық бағытын ұстануға бейімдейтін дәстүрлі әдістермен жүргізілетінін көрсетеді.

Қазіргі кезде мектепте физиканы оқыту үдерісінде дамыта оқыту теориясы ерекше орын алады. Дамыта оқыту үдерісінде міндетті түрде «жаңа өнім» - «жаңа нәрсе» алыну қажеттігі туралы ой жетекші болып табылады. Мұндағы «өнім» − білім, білік, материалды объект немесе олардың біреуі болуы мүмкін. Шығармашылық есептерге қойылатын талаптарды ескеретін болсақ, онда оқыту үдерісіне іс-әрекеттік тұрғыдан келу қажеттігі туындайды. Мұнда алынған «өнімнің» қасиеттерін іс-әрекеттің мақсатында көрсетілген қасиеттерімен салыстырып, қасиеттер арасында өзгешеліктер болған жағдайда, оның себептері айқындалады. Құбылыстың күнделікті өмірде, тұрмыста, өндірісте және т. б. жерлерде қолдануын жан-жақты қарастырады.

Зерттеу жұмысында шығармашылық есептер арқылы физикаға қызығушылықты арттыру осы дамыта оқыту идеясы негізінде жүзеге асырылды. Көбіне орнындаушылық бағытын ұстанатын дәстүрлі және ойлау мектебі-дамыта оқыту әдістерінің салыстырмалы көрінісі төмендегідей (1-кесте) .

1-кесте − Дәстүрлі және дамыта оқыту әдістемелерінің салыстырмалы көрінісі

Жүйенің сипаты
Дәстүрлі оқыту
Дамыта оқыту
Жүйенің сипаты: Оқыту мақсаты
Дәстүрлі оқыту: Білім, білік, машықтардың берілуі
Дамыта оқыту: Қабілетті дамыту
Жүйенің сипаты: Интегративтік атауы
Дәстүрлі оқыту: Есте сақтау мектебі
Дамыта оқыту: Ойлау мектебі, жаңалықтар практикасы
Жүйенің сипаты: Педагогтың негізгі ұраны
Дәстүрлі оқыту: Маған қарап орында
Дамыта оқыту: Қалай орындайтыныңды ойластыр
Жүйенің сипаты: Мұғалімнің ролі
Дәстүрлі оқыту: Ақпаратты тасымалдаушы, білімді үгіттеуші, нормалар мен дәстүрлерді сақтаушы
Дамыта оқыту: Оқу үдерісін басқаруда оқушының іс-әрекетін ұйымдастырушы, кеңесші
Жүйенің сипаты: Мұғалімнің функциясы
Дәстүрлі оқыту: Білімді беру
Дамыта оқыту: Оқушыны «өсіру»
Жүйенің сипаты: Мұғалім мен оқушының қарым - қатынасының стилі
Дәстүрлі оқыту: Монологты (мұғалім тарапынан)
Дамыта оқыту: Диалогты
Жүйенің сипаты: Оқыту әдісінің басымдылығы
Дәстүрлі оқыту: Ақпараттық
Дамыта оқыту: Проблемалық - ізденушілік
Жүйенің сипаты: Сабақты ұйымдастыру формасы
Дәстүрлі оқыту: Фронтальды, топтық
Дамыта оқыту: Дара, топтық

Физикалық шығармашылық есептерін жалпы үш түрге бөлу қабылданған. «Не істеу керек?» деген сұраққа жауап беретін зерттеушілік есептеріне және «Қалай істеу керек?» (В. Г Разумовский., Р. И. Малафеев) деген сұраққа жауап беретін құрастыру есептеріне. Одан кейінгі кезеңде шығармашылық есептерді тапқырлық есептер тобына ажырату пайда болды (Г. С. Альтшуллер) . Мұнда физикалық эффектілердің үйлесімділігін пайдалана отырып, техникалық шығармашылықтан теорияға көшу ұсынылады Одан кейін шығармашылық есептер оқыту үдерісіне қатысты «шығармашылық» ұғымымен бірге қарастырылып, толықтырылды.

В. Л. Данилов: «Кез-келген шығармашылық есептің кілті болып табылатын қандай да бір формула немесе схема болмайды. Дайын формуланың немесе кілттің болуы есептің шығармашылығын, жалпы шығармашылық ойлауды жоққа шығарған болар еді» деген пайымдайды. Егер шығармашылық есепті шығару үдерісі мұғалімнің ешбір басқаруынсыз жүргізілетін болса, онда бейберекетсіз іс-әрекеттерді тудыратын, нәтижесінде есепті шығарудың тәсілдерін іздеуден бас тартуға соқтыратын жағдай пайда болады. Ал мұндай жағдайлардың жиі қайталануы оқушылардың қызығушылығын ғана емес, өздерінің мүмкіндіктеріне деген сенімсіздіктерін туғызады.

Шығармашылық есептердің мазмұнымен және оларды орындау әдістемесімен айналысып жүрген физик-әдіскерлердің (В. П. Басаргин О. Ю. Овчинников, Д. В. Богоявленская, Н. Н. Тулькибаева, А. В. Усова) барлығына ортақ ой - шығармашылық есептің нақты анықтамасы жоқ. Есептің бір оқушы үшін шығармашылық, ал келесі бала үшін қарапайым болатынын үнемі есте ұстаған жөн. Оқу-танымдық іс-әрекеттің арқасында ғана оқушы әлемді, табиғатты, оның заңдарын танып білуінде жаңалықтар ашады, бірақ мұндағы айырмашылық − осы жаңалықтардың субъективтік сипатта болуы. Осы орайда іс-әрекетті бағалаудың критерийі ретінде жалпы «жаңашылдықты» емес, жаңашылдықтың тек білімге қатыстылары ғана алынады.

Есепті шығаруында оқушының өзі үшін жаңа болып табылатын жаңашылдыққа мұғалім үнемі назар аударып, оның іс-әрекетінің дұрыс ұйымдастырылуы мен басқарылуына жауаптылықпен қарағаны жөн. Осы жерде, егер қарастырылып отырған есептің шешімін шығармашылық деп қарастыратын болсақ, онда физикадағы кез-келген есептің шығарылу нәтижесі шығармашылық болмай ма? - деген сұрақтың тууы заңды. Осы сұраққа жауап беру үшін келесі есептерді қарастырайық:

1) Изоляцияланған тұтқаға зарядталған металл шар бекітілген. Шариктің зарядын өлшеу үшін ондағы барлық зарядты толығымен электрометрге беру керек. Осыны тәжірибеде көрсетіңдер.

2) Қандай әдіспен зарядталған өткізгіштің барлық зарядын басқа өкізгішке беруге болады?

Осы екі есептің шешімдерін шығармашылық деп қарастыруға бола ма? Егер есептердің ұсынылып отырған шешімдерімен оқушы бұрыннан таныс болмаса, онда бұл сұраққа нақты жауап беруге болар еді. Шындығында, шешімі бұрын белгісіз болған кез-келген есептің (ол физикалық, математикалық, химиялық және т. б. болсын) шешімінің табылуы адам шығармашылығының нәтижесі болмақ. Ал, бұл шешімдердің бұған дейін белгілі болғандығынан ештеңе өзгермейді. Мұнда ең басты мәселе − шығармашылықтың белгісі ретіндегі жаңашылдықтың оқушы үшін субъективтік сипатта болуы.

Бірінші есептегі тапсырманы орындау оқушы үшін аса шығармашылық іс-әрекетті қажет етпейді. Себебі, есептің шартында жасырын немесе белгісіз жатқан физикалық заңдылық жоқ. Тапсырма әдеттегі іс-әрекеттер арқылы орындалады.

Екінші есеп қарапайым жолмен берілсе де, тапсырманы орындау үшін оқушыдан ақыл-ойдың және іс-әрекеттің кейбір амалдарын білуін қажет етеді. Мысалы, оқушы электр зарядының бөліну заңдылығын және оны жүзеге асырудың әдіс-тәсілдерін білуі тиіс. Оның үстіне есеп шартында керекті құралдар аталмайды, оны оқушы өз пайымдауынша таңдап алады.

Зерттеу жұмысымыз физика курсының «Электродинамика негіздері» бөлімі бойынша жүргізілді. Бұл бөлім келесі құрылымда (2-кесте) оқытылды: электромагниттік өріс және электр заряды туралы түсінік; өріс пен заттың электрлік және магниттік қасиеттерінің өзара әсері; ток заңдары мен электр тізбегі; электродинамиканың негізгі техникалық қолданылулары.

2-кесте − «Электродинамика негіздері» бойынша шығармашылық есептердің мазмұндық топтамасы

Есептер топтары
Есептерде қарастырылатын объектілер мен құбылыстар
№: 1.
Есептер топтары: Заттың түрлі құрылымдық формаларының ерекшеліктерін айқындайтын есептер
Есептерде қарастырылатын объектілер мен құбылыстар: Электромагниттік өріс, электр заряды, ток заңдары
№: 2.
Есептер топтары: Физикалық құбылыс пен объектілердің белгілері мен мәндерін айқындайтын есептер
Есептерде қарастырылатын объектілер мен құбылыстар:

Өріс пен заттың қасиеттері, заттың электрлік және магниттік қасиеттері және олардың өзара

әсерлері

№: 3.
Есептер топтары: Компьютерге бағдарланған есептер
Есептерде қарастырылатын объектілер мен құбылыстар: Электр өрісінің кернеулігін; өткізгіштердің тізбектей және параллель жалғануында жалпы кедергіні; электр тогының энергиясының құнын есептеу; екі шаманың тәуелділігін негіздеу және т. б.
№: 4.
Есептер топтары: Физикалық заңдарды меңгеруге бағытталған есептер
Есептерде қарастырылатын объектілер мен құбылыстар: Зарядтың сақталу заңы; тізбек бөлігі және толық тізбек үшін Ом заңы; Джоуль-Ленц заңы, Фарадей заңы, т. б.
№: 5.
Есептер топтары: Физикалық теорияның негізгі қағидаларын айқындайтын, физикалық құбылыс пен объектілердің қасиеттерін түсіндіретін және теорияның пайдалануын тағайындайтын есептер
Есептерде қарастырылатын объектілер мен құбылыстар: Электр, магнит өрісінің бар болуы; электр өрісінің потенциалдылығы; электр тогының түрлі ортада таралуы; электролиз заңының техникалық қолданысы және т. б.
№: 6.
Есептер топтары: Приборлардың құрылысы мен жұмыс істеу принципін қарастыратын есептер
Есептерде қарастырылатын объектілер мен құбылыстар: Электр тізбегін құрастыру; электрөлшеуіш приборлар.
№: 7.
Есептер топтары: Зерттелетін құбылыс пен объектілерді бақылауды ұйымдастыруға бағытталған есептер
Есептерде қарастырылатын объектілер мен құбылыстар: Электр зарядының бөлінгіштік қасиеті; электр тогының жұмысы мен қуаты; өткізгіштердің тізбектей және параллель жалғануы; электр тогының түрлі әсерлері және т. б.

Белгілі әдіскер Л. И Иванованың есепті шығаруға қатысты: « . . . есеп шығару сабағы көбіне оқушылардың бірсарынды іс-әрекеттерін қалыптастырып, оларды шаршатып жібереді…» деген пікірі орынды. Бұл ойды «Бүгінгі сабақта не өттің?» деген сұраққа көп жағдайда оқушының: «Ештеңе де, тағы да есептер шығардық» деп жауап беруі растайды. Осыған орай сабақта әртүрлі шығармашылық есептерді ұсыну сабақтың өне бойында оқушылардың қызығушылығының жоғалмауына мүмкіндік береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Физикалық олимпиадалардағы шығармашылық есептерді шығару әдістемесі
Физикалық сыныптан тыс жұмыстардың классификациясы
Оқушылардың физикадан сыныптан тыс жұмыстарының формалары
Гуманитарлық бейіндегі сыныптарда физиканы оқытуда оқушылардың сыныптан тыс жұмыстарын ұйымдастыру
Физика сабағында есептерді шығару классификациясы
Физикалық оқу эксперименттің түрлері
Физикадан есептер шығару
Сыныптан тыс жұмыстардың классификациясы
Жобалық оқытудың мақсаты мен ерекшеліктері
Сабақтан тыс жұмыстар арқылы оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz