Ұстаз өнегесі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Ұстаз өнегесі

Ұстаз - жас ұрпақты, жалпы адамды ізгілікке баулып, жақсылыққа тәрбиелейтін, білім беретін оқытушы. Қазіргі қоғамда оқу-тәрбие жұмысын жүргізуші маман педагог ұстаз деп аталады. Дегенмен, ұстаз ұғымы арнаулы білім, қажетті құжатқа байланысты емес. Үлгілі, өнегелі, өмір тәжірибесі бай адам ғана ұстаз бола алады. Жалпы “Ұстаз - тәрбиелеуші” ұғымы діни ілімнен бастау алады. Ол адамзатты ғылымды сүюге, танымға құштарлыққа үндейтіні Құран Кәрімнің беташар сүресінің Алланы “Рабби - тәрбиелеуші” мағынасында ұлықтаумен басталуынан көрінеді. Мұсылмандар пайғамбары Мұхаммедке (ғ. с. ) келген алғашқы уахидің де “Оқы, оқы, оқы…” деп басталуы адамды ізгілікке бастаушы ғылым-білімнің маңызын, осы ілімді шәкірт жүрегіне егуші ұстаз қызметінің маңызын аңғартады. Діни танымда, халықтың мифологиялық санасында шәкірттің ұстазға бұлтақсыз мойынсұнуы мен шексіз берілуін, өз еркін ұстазға сеніп тапсыруы арқылы ақиқат ілімді иеленетіні насихатталған. Мұның бір мысалын Мұса (ғ. с. ) пайғамбардың Қызыр (ғ. с. ) пайғамбарға шәкірт болуынан көреміз. Демек, бұдан ұстаздың зор жауапкершілігін, оның терең ілім иесі болуымен қатар, кемел адамдық қасиеттің иесі болуы керектігін байқаймыз. Дәстүрлі қазақ мәдениетіндегі рухани-ақылақтық тәрбие ісінде “Ұстаз - шәкірт” қарым-қатынасы кең тараған әрі ғылыми, ағартушылық, мәдени, кәсіптік тәрбие беру тәжірибесін рухани тәжірибемен ұштастырған ерекше жүйе болды. Қазақ халқының шәкіртті ұстаз алдына апарғанда айтылып, мәтелге айналған “Сүйегі - менікі, еті - сенікі” деген сөзінің астарына үңілсек осыны аңғарамыз. Бұл мәтел кеңеcтік замандағы атеистік идеологияға сай бұрмаланып түсіндіріліп келсе, герменевтикалық тұрғыдан сөз астарына үңілсек: “сүйегінің - асылының, рухының иесі - Алла бар, оған қиянат жасама, ал етін сомдау, яғни біліммен көркейту ұстаздың ісі” деген тұспал бар.

Бұл мәтелде ұстаздың шәкірт тәрбиелеу ісіндегі ең негізгі ұстанымның бірі - шәкірттің өзіндік “меніне” құрмет, қайталанбас адамдық тұлғасы қалыптасуына ықпал ету міндеті көрінеді. Ұстаз - пір, яғни ақиқат жолындағы рухани тәрбиеші, жолбасшы ұғымы да қазақ дәстүрлі мәдениетіне жат емес. Қазақ халқының рухани мәдениетінде бай мұра қалдырған, рухани адамгершілік мұраттары мен ақылақтық ұстанымдары, үлгі-өнегесі түркі әлеміне, жалпы адамзатқа ізгілікті, игілікті жол нұсқайтын рухани ұстаздар бар. XIX-XX ғасырларда А. Құнанбаев көшбасшысы болған, ағартушылық идеясын басты ұстаным тұтқан Алаш арыстары қазақ қауымын тың өріс, жаңа өркениет көшіне ілесуге үндеді және осыған негіз боларлық ғылыми-әдістемелік негіз жасады. Кеңестік дәуірде өркендеген ғылым-білім саласындағы жетістіктер негізінде ұстаз мамандығы, педагогика ғылымы жаңа деңгейде дамып өрістеді. (қараңыз Мұғалім)

Ұстаз тұлғасы

Ұстаздық еткенің,

Білім дәнін еккенің.

Мектепте білім беру жауапты іс. Өйткені, мектеп арқылы жеке тұлға тәрбиеленеді. Бүгінгі мектеп оқушысы ертеңгі ел тізгінін ұстайтын азамат.

Бастауыш мектептің негізгі міндеті - жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға ұстаз. Тек мықты ұстаз ғана ауыр жүкті алып жүре алады.

Мектепте оқитын әрбір баланың терең білім алуына қалай жетуге болады? деген ой әрбір мұғалімді толғандырады.

Психологиялық зерттеулер бойынша, баланың білім алуындағы кемшіліктің себептерінің бірі- баланы жақсы көрудің жетіспеушілігі мен баланың өзін төмен бағалауы.

Мұғалімнің міндеті - баланың өзіне деген сенімін арттыру, өзін тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу, өзін тұлға ретінде сезінген бала әрқашан өмірде өз жолын таба алады.

Мұғалім істеген ісі өнімді, берекелі болуын тілесе, әуелі өз қызметін шын көңілмен жақсы көруі керек. Мұғалім үлгілі, арман болуға жараса, оның өнегесіне балалар да ықыласпен еліктейді, бағынады.

Мұғалім- психологиялық танымдық процестерді қалыптастырудағы негізгі тұлға. Әрбір баланың психологиясын білу көп ойлануды, көп ізденуді қажет етеді.

Егеменді еліміздің дүние жүзі елдерімен терезесі тең болу үшін оның негізгі тұтқасын ұстайтын дүние әлемін шарлайтын біздің дарынды да, қабілетті ұландарымыз. Халқымыз « Басында бұлағы бар өзен ұзақ ағады» - деп бекер айтпаған.

Ал, қазіргі қоғамда ақыл-ойы кемел, шығармашылық жағынан қабілетті, іскер және білімді адам керектігі - әр ұстаздан талап етіледі.

Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім деңгейі мен іздену шеберлігіне байланысты. Педагогикалық қызметке ынтасы жоғары, білім беру саласындағы үнемі жаңарып отыратын өзгерістерге икемді, жаңа технологияларды меңгере отырып, оқу-тәрбие үрдісінде қолдана алатын шығармашыл маман болуы тиіс

Мұғалімдік еңбектің психологиясы күрделі және жауапты екенін айта келіп, жазушы - педагог М. Әуезов шын мұғалімге тән мынадай қабілет-қасиеттерді атап көрсетеді: эрудиция қабілеті, әр жастағы баланың даму ерекшеліктеріне сай келетін тәрбиенің тиімді әдісін таба білу, баламен тіл табыса білу шеберлігі, ақыл- парасатының мол болуы, оқыту мен тәрбиенің жаңа әдістерін тәжірибеге батыл енгізу, оқушының сеніміне бөленуі, ұйымдастырушылық қабілетті қалыптастыру.

«Осындай қабілетті, қасиеттерді, іскерліктерді өз бойына жинаған мұғалім ғана - нағыз ұстаз бола алады »- деп ойлаймын.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүріңдер- бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелген міндет ауыр» деген болатын.

Еңбек жолы жеңіл болмағанымен, бұл мамандық иесінің әр жеткен жетістіктен рахаттанып, әр оқушының ақ жарқын күлкісінен өзіне бақыт нұрын сезінуге мүмкіндігі мол.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЕКТЕП МҰҒАЛІМІ МҰҒАЛІМДІК МАМАНДЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мұғалімнің оқушыларға ықпал етуінің жолдары
Абайға апарар жол
Ата мен ана – бала тәрбиесiнiң қамқоршысы, өнегесi
Ұстазым – ұлағатты үлгі өнеге
Абай өнегесі
Абайдың ақындық өнері
Ақыл ой тәрбиесі
Ұстазыңды түсінген сен тереңнен
Педагог тұлғасының кәсіби қалыптасуы мен дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz