Бастауыш сынып оқушыларының бойында гуманистік көзқарасты қалыптастырудың ізгіліктік негіздері


Омарова Гулнара Арыстанбековна
Бастауыш сынып оқушыларының бойында гуманистік көзқарасты қалыптастырудың ізгіліктік негіздері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстан Республикасында қабылданған білім беруді гуманитарландыру тұжырымдамасында жалпы адамзаттық құндылықтар мен Қазақстанның ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, өтпелі кезеңде гуманитарлық білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың стратегиясын ұсыну, оның серпінді дамуы мен қызмет атқаруына жағдай жасау мақсаты көрсетілген [1] .
Гуманистік педагогика жүйесін уағыздап, бүкіл дүниеге белгілі болған педагогтар - М. Монтессори, Р. Штайнер, С. Френе. Олар ұсынған тәрбие бағыттары бұл күнде атаулы педагогика лауазымын алған [2] .
М. Монтессори педагогикасы тәрбиенің еркін табиғи сәйкестілек идеясына негізделген. Мұндағы басты шарт - баланың өз белсенділігі. Тәрбие ең алдымен әртүрлі міндеттерді атқаруға бағытталған дидактикалық материалдарды тәжірибеде қолдану тәсіліне сүйенеді. Сонымен бірге, оқу мен тәрбиені жеке даралап жүргізуге, тұлғалық ерекшеліктерді ескеруге үлкен мән беріледі.
Р. Штайнер Вальдорф педагогикасын дәріптеді. Бұл тәрбие ағымы әрбір баланың даму ерекшелігін ажырата отырып, оның даралығын, яғни ойлау, мінез, ерік, ес, және т. б. психикалық қасиеттерін түсінуді басты қажеттілек деп білді. Осы негізде даралап тәрбиелеудің әдістері мен формалары жобаланады. Баланың іс-әрекеті оның көңіл-күйі мен ой-өрісімен ажыралмас тұтастыққа келтіріледі.
Батыс елдерде С. Френе педагогикалық тұжырымдамасы кең тараған. Оның басты белгілері: 1) балалардың жас ерекшелік психологиясындағы, қабілеттері мен қызығуларындағы әр түрлілік міндетті түрде ескеру; 2) Олардың интеллектуал және көңіл-күй белсенділігін мақсатты түрде ынталандырып бару; 3) барша оқу кезеңдерін қоғамдық пайдалы еңбекпен байланыстыру; 4) мектептің өзіндік басқару жүйесінің тиімділігін көтеру; 5) жоғары моральдық және азаматтық мұраттар рухында тәрбиелеу [3] .
Қазақстан Республикасында білім беруді гуманитарландыру тұжырымдамасында жастарға гуманистік тәрбие беру мәселесі жалпы адамзаттық құндылықтар мен ұлттық құндылықтар мазмұнында қалыптастырылуы тиіс делінген. Осы тұрғыдан қазақ философтары: Ә. Нысанбаев [4 ] , С. Нұрмұратов [5 ] , т. б. еңбектерінде адам бойындағы ізгі ниет пен ізгілік қасиеттердің қалыптасуы гуманистік бағыттылықты көрсетеді десе, педагогтар: А. П. Сейтешев [6 ] , Г. М. Храпченков [7 ] , Г. А. Уманов [8 ] , Л. А. Байсерке [9 ] , Т. Ахметов [10 ] , Э. А. Орынбасарова [11 ] , С. О. Нұрмұқашева [12 ] , А. К. Меңжанова [13 ] , А. Н. Көшербаева [14 ] , С. Оспанова [15 ] , т. б. педагогтар оқу-тәрбие процесін гуманитарландыру гуманистік тәрбиенің ізгіліктік компоненттері арқылы жас ұрпақ бойында гуманистік көзқарасты қалыптастыруы міндетті шарт болуы тиіс деп тұжырымдайды. Онда: «Гумандылық - тарихи алмасатын адами көзқарастар жүйесі, рухани құндылықтарды жеке тұлға ретінде мойындаушы, оның бостандыққа, бақытқа, дамуы мен өзіндік қабілетті көрсету құқығы, адам игілігі әлеуметтік институттардың қызметтік бағалау белгісімен есептелетін, ал теңдік, әділеттілек, адамгершілік принциптері адамдар арасындағы көңілдің тілектелген нормасы болып табылады» - деп айтылған тұжырымның өміршеңдігін зерттеу маңызды педагогикалық мәселе екендігі бүгінгі күні есепке алынған.
Гуманизмнің негізгі және оның тәлім-тәрбиелік маңызы туралы құнды ой-пікірлер қазақ даласындағы ұлы ғұламалар Әл-Фараби [16 ] , Жүсіп Баласағұн [17 ] , Қожа-Ахмет Иассауи [18 ] , Махмуд Қашқари, Имад-ад-Дин Әбул-Қасым Әл-Фарабилердің [19 ] , т. б. еңбектерінен көрінеді. Сонымен қатар күміскөмей, жезтаңдай ақын-жыраулар Шалкиіз, Доспанбет, ұлы ағартушылар Ы. Алтынсарин [20 ] , Ш. Уәлиханов [21 ] , А. Құнанбаевтың [22] ұлттық құндылықтар жайында жастарды адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу, қазақ зиялылары Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев болашақ ұрпақты адалдық, парасаттылық, шыншылдық сияқты қасиеттерге тәрбиелеудегі халық даналылығын жоғары бағалаған.
Мектепте бастауыш сынып оқушыларына гумандық тәрбие беру проблемасын зерттеуде Ш. А. Амонашвили [23], В. Н. шацкий [24], Н. Л. Грозденская, Д. Б. Кобалевский, Н. А. Ветлугина, т. б. ауқымды үлес қосса, қазақстандықтардан Н. Д. Хмель [25], М. Н. Сарыбеков [26], т. б. оқу-тәрбие процесін гуманизациялау туралы көлемді зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Біздің зерттеу тақырыбымыз бүгінгі күнге дейін республика көлемінде өз деңгейінде ғылыми тұрғыдан толықтай, қарастырылмай келе жатқан мәселелерінің бірі. Сонда да болса, көрнекті ғалым - психолог Қ. Б. жарықбаев [27], А. А. Бейсенбаева [28], С. Қалиев [29], С. А. Ұзақбаева [30] т. б. өздерінің зерттеулерінде гумандық қарым-қатынастардың қалыптасып дамуы, олардың заңдылықтары мен қалыптасу әдістемелерін қарастырған.
Оқушыларда ізгілікті қалыптастыру мәселесіне қатысты А. А Бейсенбаеваның [31], мектеп білімін ізгілендірудің теориясы мен практикасы, балабақша балалары іс-әрекеттерін ізгілендіру мәселесі, Қ. Т. Әтемованың [32] оқушыларда гумандық қасиеттерін қалыптастыруда мектеппен отбасының бірлескен жұмысының маңыздылығы туралы келелі мәселелер көтерілген.
С. А. Ұзақбаеваның [33] халықтық педагогика арқылы гумандық қарым-қатынастарын қалыптастыру, Г. А. Умановтың [8] қиын балаларды қайта тәрбиелеу арқылы адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, тұтас педагогикалық процесте болашақ ұстаздардың педагогикалық қарым-қатынастарын тәрбиелеудің келелі мәселелерін зерттеген.
Қоғамдағы әділдікті ешқашанда күштеу, зорлау арқылы жүзеге асыруға болмайды. Бұл рухани әлемнің заңдылығына қайшы келетін іс-әрекеттер. Тек адамға біткен ішкі нұрдың күшімен, шыдамшылық пен мойынсұнушылық арқылы барлық қайшылықты жеңіп шыққанда ғана руханилықтың есігі ашылады. Қаталдық пен қатыгездіктің арасы жер мен көктей. Ал іштегі жылуы жоқ қаталдық-қатыгездік деп аталады.
Ал, жақсылықтың өзіндік ерекшелігі туралы қазақстандық философ Қ. Әбішев былай дейді: «Жақсылықтың ешбір айнымайтын өлшемі - адамдардың әлеммен қатынасында да, өзара қатынастарында да олардың ешқашан өшпес құндылықтар екенін мойындап, олардың жалпы дүние болуының негіздерін сақтау, қастерлеу және оны бұзатын, оны былғайтын, оны тәрк ететіннің бәрін де жамандық деп қарау» [34] .
Міне, рухани өмірдің талаптарын қанағаттандыру мақсатында жаңа ғасырда қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени салалардың басты бағдары мен құндылықтары өзгеріп, білім беру жүйесінде ізгілік пен демократиялық ұстанымдар қалыптаса бастады. Әлемдік білім кеңістігімен үйлесімділікке бет алып отырған еліміздегі білім берудің жаңа мазмұны басқару жүйесіне тың жаңалықтар енгізілуін талап етеді.
Осы мақсатта біліктілекті арттыру жүйесін басқаруды білім беру үрдісіне қатысушы оқушы және мұғалім тұлғасының айналасына шоғырландыру арқылы тұлғаның бойында ізгіліктік, рухани қасиеттер пайда болатынын жаңа мазмұнда беру мәселесі көтерілуде.
Қазақ этнопедагогикасының тарихына жасалынған талдау қазақтың ұлттық мектебінің педагогикалық, психологиялық және ізгіліктік негізі халықтық тәлім-тәрбиеден, белгілі ақын-жыраулардың дүниетанымдық көзқарасынан бастау алып Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Шәкәрім Құдайбердиевтің педагогикалық ой-пікірінен жалғасын табатынын көрсетіп отыр. Олар адамның адам болып қалыптасып, рухани ішкі қуаты кемелденуі, оның өзіндік мұраттарына жете алуы әркімнің өз мүмкіндігіне байланысты екенін психологиялық-педагогикалық тұрғыдан дәлелдеп көрсете алған [35] .
Бүгінгі жаңа қоғамда болып жатқан терең әлеуметтік-экономикалық өзгерістер білім дамуына жаңа ықпалдарды талап етеді, қалыптасқан әдіснама мен педагогика ғылымының парадигмаларын өзгертуді қажет деп санайды. Білім беруді дамыту концепциясы тек қана білімнің теориялық ұстанымдарының жаңартылуына бағытталған, ал реформаның негізгі талаптарына жауап бере алмауда. Сол себепті Қазақстан Республикасының 2005-2015 жылдар аралығында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес білім берудің әрбір кезеңдеріне білім жүйелерінің жетілген жаңа үлгілерін енгізу міндеттелді, оның ішінде, гуманитарлық тәрбие парадигмасына айрықша назар аударылып отыр.
Алайда, жоғарыда қарастырылған жұмыстарда бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігіне сәйкес олардың гуманистік көзқарасын қалыптастыру мәселесінің зерттелмегенін аңғардық. Яғни жас ұрпақтың гуманистік көзқарасын қалыптастыру мәселесінің өзектілігі мен оның жас ұрпақтың жас ерекшеліктері арасындағы байланыстың толық белгілі бір педагогикалық қайшылықты тудырып отыр. Өйткені гуманистік көзқарас қалыптастырудың мазмұндық өлшемдері айқындалмай оны қалыптастыру нәтижесіз болары сөзсіз, сондықтан гуманистік көзқарастың басты өлшемі ретінде тәрбиенің ізгіліктік мазмұны есепке алынуы қажет. Осы тұрғыдан Қазақстанда соңғы жылдары гуманистік тәрбиенің мазмұн құраушы элементтерін және олардың өзара байланысын зерттеу күн тәртібіне қойылып отыр. Гуманистік көзқарастың негізгі ұстанымы болып табылатын ізгіліктік мазмұнды ашып көрсету және оны жас ерекшеліктеріне сәйкес пайдалану мүмкіндіктерін жүзеге асыру қарама-қайшылықтары зерттеу мәселелері ретінде алынып отыр.
Аталған қайшылықтарды шешу үшін біз зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Бастауыш сынып оқушыларының бойында гуманистік көзқарасты қалыптастырудың ізгіліктік негіздері» деп таңдауымызға себеп болды.
Зерттеу мақсаты : бастауыш сынып оқушыларының гуманистік көзқарасын қалыптастырудың ізгіліктік мазмұнын айқындау және оны оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың тиімділігін тексеру.
Зерттеу объектісі: Бастауыш сыныптардағы оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні : Қазақ этнопедагогикасының тәрбие құралдары.
Зерттеудің ғылыми болжамы : егер, қазақ этнопедагогикасындағы жеке тұлғаның сапалық қасиеттерін қалыптастыру жүйесін ғылыми педагогикалық тұрғыдан қарастырып, жеке тұлғаның адами немесе рухани құндылықтарды қабылдауына қандай да бір арнайы ұйымдастырылған педагогикалық шарт ықпал ететінін растай алатын болсақ және жас ұрпақтың тәрбие жүйесіндегі жас ерекшелік қажеттілектерді есепке алудың мүмкіндігін анықтауға болады. Бұл мәселе арнайы ұйымдастырылған педагогикалық шарттар ретінде гуманистік тәрбиенің ізгіліктік мазмұнын анықтаумен және оны бастауыш сыныптың оқу-тәрбие үдерісінде тиімді пайдаланудың әдістемелік мазмұнын айқындаумен тікелей байланысты болады. Осы негізде талдауға алынған ғылыми ұстанымдар мен озат тәжірибелерді сараптау нәтижесінде бастауыш сыныптарда гуманистік көзқарасын қалыптастырудың ізгіліктік мазмұнын тұжырымдалады. Яғни, жеке тұлғаның гуманистік көзқарасын қалыптасуы аталған процесті басқару қызметінің ерекшелігіне тәуелді болатыны және оның бірнеше кезеңді қамтитындығы жеке тұлғаның гуманистік көзқарасын қалыптастыру әрекеттерінің рухани құндылықтар мазмұнын, олардың ізгіліктік бағытын тәрбие мақсатымен сәйкестендірумен қамтамасыз етіледі. Гуманистік көзқарастың ізгіліктік мазмұны бүкіладамзаттық құндылықтарды қабылдаудың жетекші күші екендігі тағы да расталып, оны қалыптастырудың жолдары көрсетіледі.
Зертеудің міндеттері:
- Зерттеу тақырыбы бойынша гуманистік тәрбие және көзқарас қалыптастырудың әлемдік және Қазақстандық зерттеу жұмыстары мен тәжірибелерге талдау жұмыстарын сараптау;
- Зерттеу тақырыбы бойынша «гуманистік көзқарас», «ізгіліктік манмұн», «бастауыш сынып оқушыларының гуманистік көзқарасы» ұғымдарына берілген ғылыми-педагогикалық анықтамаларға талдау жасау;
- Қазақ этнопедагогикасының тәрбие құралдарының гуманистік сипаты мен оның ізгіліктік мазмұнын айқындау;
4) Қазақ этнопедагогиканың тәлім-тәрбие құндылықтары негізінде бастауыш сынып оқушыларының гуманистік көзқарасын қалыптастыру жағдайын зерттеу;
5) Бастауыш сынып оқушыларының гуманистік көзқарасын қалыптастыру нобайы негізінде ізгіліктік мазмұнын пайдаланудың педагогикалық шарттарын анықтау;
6) Бастауыш сынып оқушыларының гуманистік көзқарасын қалыптас-тырудың ізгіліктік мазмұнын пайдалану әдістемесінің тиімділігін тәжірибелік-эксперимент арқылы тексеру нәтижелері.
Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық, психологиялық, философиялық, әдеби, ғылыми-әдістемелік еңбектерге теориялық талдау жасау, қазақ этнопедагогикасының тәрбие құралдарының нәтижелілігін салыстыру, педагогикалық эксперимент.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
1. Гуманистік тәрбие және көзқарас қалыптастырудың әлемдік және Қазақстандық зерттеу жұмыстары мен тәжірибелерге талдау жұмыстары негізінде ғылыми тұжырымдама дайындалды.
- «Гуманистік көзқарас», «ізгіліктік мазмұн», «бастауыш сынып оқушыларының гуманистік көзқарасы» ұғымдарға ғылыми-педагогикалық анықтамаларға талдау жасалынды.
3. Қазақ этнопедагогикасының тәрбие құралдарының гуманистік сипаты мен оның ізгіліктік мазмұны айқындалды.
4. Бүгінгі күнгі білім беру жүйесінде қазақ этнопедагогиканың тәлім-тәрбие құндылықтары негізінде бастауыш сынып оқушыларының гуманистік көзқарасын қалыптастыру жағдайы зерттелді.
5. Бастауыш сынып оқушыларының гуманистік көзқарасын қалыптастыру нобайы негізінде ізгіліктік мазмұнын пайдаланудың педагогикалық шарттарының тиімділігі тәжірибелік-эксперимент арқылы расталды.
Зерттеу орны: Тараз қаласы № 30, № 47 орта мектептердің бастауыш сыныптары.
Зерттеудің негізгі кезеңдері :
Бірінші кезеңде зерттеу проблемасының теориялық кезеңдері жасалды, бастауыш сынып оқушыларына оқу-тәрбие ісінде мұғалімнің оқушылармен және гуманистік қөзқарасын қалыптастырудың ізгіліктік мазмұнын жетілдіру жолы белгіленеді. Алынған материалдар зерттеудің ғылыми аппаратын жасауға негіз болды.
Екінші кезеңде ұсынылған нобай негізінде бастауыш сынып оқушыларының гуманистік көзқарасын қалыптастырудың ізгіліктік мазмұнын пайдалану әдістемесі оқу-тәрбие үдерісіне енгізіліп, оның тиімділігі тәжірибелік-эксперимент арқылы тексерілді.
Үшінші кезеңде зерттеу материалдары талданды және алынған нәтижелер мен қорытындылар мектептің оқу-тәрбие үрдісіне ендірілді.
Зерттеудің мазмұны: Кіріспеде (3-7 бет) зерттеудің көкейкестілігі анықталған. Осы проблема бойынша зерттелген ғылыми еңбектерге шолу жасалынған. Зерттеудің ғылыми аппараты жасалынып, зерттеу мақсаты, міндеттері, зерттеудің ғылыми болжамы анықталған.
1-ші бөлімде (9-52 бет) зерттеу проблемасы бойынша ғылыми-теориялық әдебиеттерге педагогикалық талдау жасалынған. Зерттеудің проблемалық негіздері айқындалды.
2-ші бөлімде (53-84 бет) Бастауыш сынып оқушыларының гуманистік көзқарасын қалыптастыудың ізгіліктік мазмұнына арналған ғылыми тәжірибелік эксперимент жүргізіліп, оның нәтижесі алынды.
Қорытындыда (85-86 бет) зерттеу проблемасы бойынша педагогикалық тұжырым жасалынды.
Қорғауға ұсынылады:
1. Зерттеу тақырыбы бойынша гуманистік тәрбие және көзқарас қалыптастырудың әлемдік және Қазақстандық зерттеу жұмыстары мен тәжірибелерге талдау жұмыстарын сараптау нәтижесі;
2. Бастауыш сынып оқушыларының гуманистік көзқарасын қалыптастыру нобайы негізінде ізгіліктік мазмұнын пайдаланудың тиімді әдістемелік кешені;
3. Бастауыш сынып оқушыларының гуманистік көзқарасын қалыптастырудың ізгіліктік мазмұнын пайдалану әдістемесінің тиімділігін тәжірибелік-эксперимент арқылы тексеру нәтижелері.
1 Бастауыш сынып оқушыларының гуманистік көзқарасын қалыптастырудың теориялық негіздері
1. 1 Гуманистік көзқарас қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Ғаламдық жаһандану жағдайындағы жаңа қоғамда орын алған iрi экономикалық өзгерiстер мен технологиялық жетiстiктер - қоғам дамуының қозғаушы күшi болып табылатын бiлiм жүйесiне орасан ықпалын тигiзiп отыр. Әлемдiк қауымдастықтың бiртұтас бiлiм кеңiстiгiн қалыптастыруға бағытталған ортақ мүддеге барынша әрекеттенуi - жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сiңiрген саналы һәм парасатты тұлғаны тәрбиелеу қажеттiгiн де алға тартып отырғаны шындық.
Ел Президентiнiң сөйлеген сөзінде: “. . Барлық дүние мектептен басталады. Сондықтан 2008 жылдан бастап 12 жылдық жалпы орта білім беретін жүйеге көшіп, педагогтардың профессионалдық деңгейі мен жаңа оқулықтар мен білім технологиялардың сапасын арттыруымыз қажет. ”, - деп, атай келе “Қазақстан - 2030” бағдарламасында: “ . . . бiздiң жас мемлекетiмiз өсiп-жетiлiп кемелденедi. Бiздiң балаларымыз бен немерелерiмiз онымен бiрге ер жетедi. Олар өз ұрпақтарын жауапты да жiгерлi, бiлiм өресi биiк, денсаулығы мықты өкiлдерi болмақ [36] .
Қазақстан Республикасында қабылданған білім беруді гуманитарландыру тұжырымдамасында (1994) жалпы адамзаттық құндылықтар мен Қазақстанның ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, өтпелі кезеңде гуманитарлық білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың стратегиясын ұсыну, оның серпінді дамуы мен қызмет атқаруына жағдай жасау мақсаты көрсетілген [1] .
Қоғамды демократияландыруды мақсат ететін гуманитарлық білім және тәрбие беру адамдардың әлеуметтік-экономикалық мінез-құлқына, этносаралық, әлеуметтік-топтық, мемлекетаралық қатынастардың жай-күйіне тікелей ықпал етеді, жаңа артықшылықтар берілетін құндылықтар жүйесін және азаматтардың өмірлік бағдарын, ізгілікті қоғамның рухани бітімін қалыптастырады.
ХХІ ғасырда өркениетті дамудың талабы - қоғамды ізгілендіру, яғни әлеуметтік қатынастарды ұйымдастырудың тиімді нысандарына қол жеткізуіне байланысты болып отыр. Ізгілендіру мақсатына жету құралы - зиялылықты қалыптастыруды, сезім, көңіл-күй мәдениетін тәрбиелеуді, өмірлік құндылықтар мен бағдарлардың белгілі бір жүйесін орнықтыруды көздейтін сан қырлы процесс - гуманитарландыру болып табылады. Өйткені біз ертеңгі күні өзіміз қалыптастыратын қоғамда өмір сүретін боламыз, сол себепті болашақ балаларымыз гуманистік көзқараста тәрбиеленгені тиімді болмақ.
Гуманизм (лат humanus - адамгершілік) адамгершілік, адамға деген сүйіспеншілік идеясын бейнелейтін қөзқарас. Гуманизм (адамгершілікті) - әлемде адамды ең жоғары құндылық деп таныған біртұтас теориялық тұжырымдама. Бұл тұжырымдаманың басты ережесі тұлға қадір-беделін қорғау, оның еркіндігін тану және мойындау, бұл үшін қолайлы (өмірлік, еңбектік, оқу және т. б. ) жағдайлар түзеп беру. Гуманизм - бұл жалпы адам болмысының, сонымен бірге әрбір жеке тұлғаның әмбебеп маңыздылығын қолдау- қуаттау беретін идеялар мен құндылықтар жиынтығы. Құндылықты бағыт-бағдар және нұсқау көрсетпелер жүйесі ретінде гуманизм бүгінгі Қазақстанда қоғамдық мұратқа айналып отыр [37] .
Адам өзінің ойына, әрбір ісіне баға беріп отырады. Ізгі ойы, ізгі ісі, адамда жағымды сезім туғызады. Адамға пайда келтіретін жағымды ой мен істі ізгілік деп білеміз. Адам ойының және ісінің ізгі, не болмаса жауыз болуына қарап, сол ой мен іске іштен баға бергенде болатын жағымды не жағымсыз сезімдер мінез-құлық сезімдері деп аталады [38] .
«Адамға қалай болса, қашан болса, пайда келтіретін ой мен іс - ізгілік деп аталады. Ізгілікке ұмтылу, жауыздықтан безу адамның жаратылысының өзінде бар нәрсе». М. Жұмабаев ағамыз айтқандай бастауыш сынып оқушыларының бойына ізгілік сезімін ояту бұл ұстаздар қауымының алдында тұрған үлкен міндет деп ойлаймын. Ізгілік арқылы біз оқушыларға жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренуге тәрбиелейміз. Баланы тәрбиелейтін ұстаздар қауымы болғандықтан, балаларға ізгі ісін көрсете біліп, ізгі сөздер айтуға тәрбиелеу қажет деп ойлаймын. Себебі, сол бір ізгі сөздің артында балаларда үлкенді сыйлау мен құрметтеу арқылы баланың бойында адамгершілік, ізгілік қасиеттері дамиды. Барша кезеңдері педагогтар қауымы гуманистік тәрбиемен дүниені қайта жасау үмітін ешбір жоғалтқан емес. Егер барлық адамдар қайырымды, адал, әділетті болған жағдайда, олар арасындағы дау-дамай өршімей, соғыс, қақтығыс, қарсы тұру, себептері әлдеқашан жойылған болар еді. Бірақ бұл үшін адамның өзін өзгерту қажет. Мұның бірден-бір жолы - тәрбие . Бүгінгі заман бағытын жұмсартып, бала пайдасына орай гуманистік тәрбиеге бет бұрады. Бірақ мектепті ізгілендіру істері әлі орнына қойған жоқ, бұл бағыттағы ұнамды істер жүргізілуде.
Ізгілікті (гуманистік) педагогика - бұл өз мүмкіндіктеріне орай тәрбиеленуші балаларды оқу-тәрбие үдерісінің белсенді, саналы, тең құқықты қатысушылары ретінде танытатын ғылыми теориялар жүйесі. Гуманизм тұрғысынан тәрбиенің ізгі мақсаты - әрбір тәрбиеленушіні іс-әрекеттің, таным мен қатынастың толыққанды субъекті деңгейіне көтеріп, еркін, өзіндік басқарымға ие тұлғаны баулу. Тәрбиелік үдерістің гуманизациялық өлшемі тұлғаның өз мүмкіндіктерін іске асыра алу дәрежесімен, оған берілген барша табиғи нышандардың ашылуымен, оның берілген барша табиғи нышандардың ашылуымен, оның еркіндікке ұмтылу қабілеті мен жауапкершілігі және шығармашылығы бағаланады. Гуманистік педагогика басты назарда тұлғаны ұстайды. Оның өзіндік белгілер: басты назар ақпарат көлемі мен нақты ептілектер және дағдылар дамытудан гөрі, тұлғаның психикалық, тән-дене, ақыл-парасат, адамгершілік және басқа да инабаттық-ізеттік сапаларын дамытудың маңыздылығын алға тартады; бар күшін әрқилы оқу және тұрмыс жағдайларында өз таңдауына қабілетті еркін, дербес ой толғастырып, іс-әрекетке келе алатын тұлға азамат - гуманист қалыптастыруға шоғырландырады; оқу-тәрбие үдерісін жаңаланған бағдарламаларға келтіруде табыстарға жету үшін қажетті ұйымдастыру шарттарын қамтамасыз ете алады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz