Дарынды балаларды анықтау мен дамыту: тәрбие жұмыстарының педагогикалық жүйесі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

№ 9 СОӨЖ тақырыбы: Дарынды балалармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының жүйесі

1) Педагогикалық ұжымның дарынды балалармен жүргізетін жұмыстарының жүйесі.

Дарынды балаларды оқытумен тәрбиелеуді ұйымдастырудағы басты міндет балалардың қабілеттері мен талаптарын жан-жақты аша түсу үшін дарындылықтың ерекшеліктерін анықтау мен айқындау болып табылады. Дарынды балаларды анықтау - баланың дамуын талдау мен байланысты ұзақ процесс. Дарындылықты қандай да бір әдіспен анықтау мүмкін емес. Дарынды баланы тәрбие беру мен оқыту барысында біртіндеп, сатылап анықтау қажет. Дәл қазіргі уақытта баланы дарынды және дарыны жоқ деп бөле отырып, біз баланың келешек өміріне жасанды түрде қол сұғып отырмыз. Өйткені баланың бойындағы қайталанбас ерекшелігі өсе келе баланың шын мәнінде талантты болатынына кепілдік бола алмайды. Ең алдымен баланың даму ерекшелігіне көңіл бөлген жөн. Одан кейін міндетті түрде ата-анасымен тығыз байланыс жасап, ол баланың неге бейім екендігін ескеріп, үйден көбірек қадағалауын ескерткен жөн. Ол үшін сабақтарда түрлі қызықты ойындар, шығармашылық тапсырмалар, логикалық жаттығулар пайдаланудың мәні зор. Шығармашылық - жаңа нәрсе ойлап табуға бағытталған қабілеттер деңгейі. Олай болса кез келген баланың психологиясын педагогикалық тұрғыдан жете бақылап, әр баланың жеке дара қасиеттерін, қабілеттерін ашуда түрлі жұмыстар жүргізуге болады. Бұл жағдайда ең алдымен баланың даму ерекшелігіне көңіл бөлген жөн. Сонымен бірге сабақты мұғалім қазіргі заман талабына сай баланың жеке басының ерекшеліктерін ескеріп, оларға берілетін білімді топтап, жекелеп тапсырмалар берген дұрыс және дамыта оқыту жүйесі бойынша баланың жауабына шек қоймай оның өз ойын еркін бүкпей айтуға ықпал жасау қажет. Ойын бүкпей, еркін сөйлей алатын бала жан-жақты болған оқиғаларға, құбылыстарға жіті көңіл бөліп ой елегінен өткізіп отырады. Ондай оқушылардың ой-өрісі кең, тереңнен ойлай біледі. Сол себепті мұғалім күнделікті сабақ жоспарын жасағанда сынып оқушыларының жеке дара ерекшеліктерін ескеріп, ол оқушыларға түрлі тапсырмалар береді. Бастауыш сыныптарда оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашу деген әдістемелік кітапшаны әр мұғалім басшылыққа алса, «Бастауыш мектеп», «Қазақстан мектебі» журналдарын оқыса, бұл жұмыстарды әрине жандандыруға болады. Баланың шығармашылық қабілеттерін ашу - мұғалімнің ең басты міндеті. Себебі ұлы ойшыл М. Горький: «Адамдағы дарындылық қасиет туа бітті қан арқылы берілетіні де, одан қалды жүре пайда болатыны да болады деген. Туа бітті болатыны - тұқым қуалаушылық. Бұл қасиет өсіп те кететін, өшіпте қалатын процесс. Сондықтан оны үнемі үздіксіз шыңдап отырмаса өшіп қалуы да мүмкін» - деген. Жаңа буын оқулықтарын оқытуда мұғалім сабақты тақырып мазмұнына сәйкес әртүрлі формада құрып, оқушының білімі мен іскерлік қабілетін шыңдай түсуді қажет етеді. Ана тілі сабақтарында белгілі бір тақырып аясын кеңейтіп, туған тіліміз бен әдебиетімізді, ата тарихымызбен этнография, көркем өнер түрлері мен байланыстыра отырып, сол арқылы оқушыға жан-жақты икемді тәрбие берудің мүмкіндігі мол.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық ұжымның дарынды балалармен жұмыс жүйесі: анықтау, дамыту және педагогикалық қолдау
Дарынды балалармен тәрбие жұмысының жүйесі: анықтау әдістемелері мен шығармашылықты дамыту жолдары
Бастауыш сыныпта дарынды балаларды анықтау және дамыту әдістемесі
Дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және педагогикалық қолдау әдістері
Мектепке дейінгі ұйымдағы дарынды балаларды анықтау және дамыту: теориялық және практикалық аспектілер
Бастауыш сыныпта дарынды оқушыларды анықтау және дамыту: педагогикалық-әдістемелік негіздері
Мектеп пен отбасы ынтымақтастығы арқылы дарынды балаларды дамыту
Дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыру: анықтау, әдістеме және мұғалімдерге қойылатын талаптар
Дарынды балаларды айқындау және дамыту: мектептегі ұйымдастыру мен әдістемелік тәсілдер
Дарынды балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру жүйесі мен әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz