АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ДЕҢГЕЙЛІК ТАПСЫРМАЛАР



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
АҒЫЛШЫН ТІЛІНЕН ДЕҢГЕЙЛІК ТАПСЫРМАЛАР
Оқу - тәрбие саласының барлық сатысында жас жеткіншектерге сапалы білім мен саналы тәрбие беру басты мақсатым. Оқу үрдісінің тиімділігін арттыруда әсіресе әдіс тәсілдерді дұрыс таңдай білу,оқушыларға бірыңғай талап қою,дидактикалық білім мен тәлім тәрбие беру, ой өрісін дамыту, білімнің мазмұнын дәл тиянақты анықтау және өз бетімен оқи білуге, білім алуға үйретемін.
Бүгінгі таңда ағылшын тілін оқыту үлкен шығармашылық ізденіс пен біліктілікті талап етеді. Мұғалім педагогикалық заңдылықтарды неғұрлым жақсы білсе, оқу технологиясының талаптары соғұрлым нақты орындалады.
Деңгейлеп оқыту технологиясы - білім беруді жетілдірудің бір жолы.
Мақсаты: әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарап оқыту мен білім деңгейі ерекшелігіне қарай бейімдеу.
Ерекшелігі: 1. Озат оқушылар өздерінің қабілетімен икемділігін одан әрі бекіте түседі.
2. Әлсіздер оқуға ниет білдіріп , сенімсіздіктен арылады.
3. Оқушылардың оқуға деген ынтасы артады.
Оқушы бір, екі адаммен немесе топпен қарым-қатынасқа түсу арқылы диологты, монологты, сұраққа-жауапты және т.б меңгере келіп, жұптық, топтық, ұжымдық қатынастарға үйренеді.
Деңгейлік оқыту мәселесі өз алдына жеке бір ғылыми зерттеуді қажет етеді. Біздің зерттеу объектіміз деңгейлік тапсырма арқылы оқыту мәселесі. Сонымен, деңгейлік тапсырмалар оқушылардың әртүрлі білім дәрежесіне сай ұсынылады. Деңгейлік тапсырмаларды орындағанда мұғалім - бақылаушы, кеңесші.
Ағылшын тілінде оқушының білім сапасын жетілдірудегі жетістіктерін деңгейлеп оқыту технологиясында жүйелі, әрі үзіліссіз дамытуды көздеген төмендегідей жұмыстар құрылыммен іске асады.
Оқытудың үш өлшемді жүйесінің педагогикалық технологиясы оқытуды ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында өздігінен дұрыс шешім қабылдай алатын тұлғаны қалыптастыруды көздейді.
Дыбыстарды қайталау барысында үлгерімі төмен оқушылармен төмендегідей жұмыстар жүргіздім.
1.Мына сөздерді көшіріп жазда, қай әріптің орны алмасып тұрғанын аңғарып, астын сыз.
cake - take big - bag ball - hall
plate - place nine - fine cup - cap
six - sit cat - rat milk- silk
2. Сөздің бірінші әріпін тауып жаз.
- ed ( bed ), - ar ( car ), - ench, - ree, - poon, - helf, - itchen, - able, - ace, - ie;
3. Мына сөздердегі дауысты дыбыстардың астын бір, дауыссыздардың астын екі сыз.
stone, kite, hat, back, stand, late, hand, my, turn, pupil, green, name, so.
Орташа оқитын оқушыларға осы тақырыпта төмендегідей тапсырма ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілін деңгейлеп оқыту әдісі
Ағылшын тілін саралап оқыту әдісі
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ ДАМЫТУДАҒЫ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
Жаңартылған білім жүйесінде ағылшын тілін оқытуда заманауи педагогикалық технологияларды пайдалану
Мәтінге бейнелі сөздерді қолдану
Ағылшын тілі сабағында оқушыларды денгейлеп оқыту жолдары
Ағылшын тілі сабағында жоғары сынып оқушыларының аудармашылық құзіреттілігін дамыту ерекшеліктері
Орта буын оқушыларының ағылшын тілі сабағында шығармашылық пен ізденіс қабілетін дамыту жолдары
ҚАЗАҚ ТІЛІН ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСНАМАСЫ
«Тіл сабақтарындағы сөздік жұмысы»
Пәндер