Блум таксономиясы арқылы бастауыш мектепте оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың жолы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Блум таксономиясы арқылы бастауыш мектепте оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың жолы

Смагулова Марал Елтайқызы

№ 5 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі

Астана қаласы

Қазіргі Қазақстан бастауыш мектебіндегі жаңа өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке дара күшін дамуын қамтамасыз ететін жаңа бағытты, жобаны іздестіру және оны қолдануға бағытталған Республиканың « Білім туралы» Заңында «әр баланың жеке қабілетіне қарай интелектуалдық дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту» білім саясатының басты ұстанымы екендігі атап көрсетілген.

Мектептегі оқу үрдісінің негізгі мақсаттары - баланың білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, шығармашылық қабілеттерін дамыту болып табылады.

Шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеудің алғы шарттарына мына нәрселерді жатқызуға болады:

  1. Шығармашылық қабілет деңгейін анықтау. (топтау, бақылау, қалыптастыру)
  2. Қызығушылық пен таным белсенділігін арттыру
  3. Оқушы потенциалына сай шығармашылық тапсырмаларды әдістемелік тұрғыда жүйелі түрде орындату
  4. Мұғалім өз ісіне ізденімпаздықпен қарап, саабақты шығармашылықпен өткізу қажет.

Оқушының танымдық шығармашылық іс-әрекетінің табысты өтуі мұғалімге,

оның ізденіс әдістерін дұрыс таңдап алуына байланысты. Олай болса, Ж. Аймауытов « Білімдендіруді жүзеге асыратын - мұғалім » деген екен. Ендеше, мұғалім оқушыларды білім жүйесімен, іскерлікпен, дағдымен қаруландырып қоймай, олардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамытады.

Жалпы өз іс-тәжірибемде байқағанымдай, оқу үрдісінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру - іс-әрекеттер барысында оқушының ізденімпаздығы, бейімділігі, жаңа нәрсені жасауда қажеттілікттердің пайда болуы арқылы дамиды.

Осы шығармашылық деңгейге жету үшін американдық ғалым Б. Блумның бір ізбен реттелген мақсаттар жүйесін сабағымда пайдалануды жөн көрдім.

“Блум таксономиясы” кестесі

Мақсаттар жүйесі
Оқушылардың іс-әрекеті
Мақсаттар жүйесі: Білім
Оқушылардың іс-әрекеті: Оқушы меңгеретін және оған берілетін білім негіздері
Мақсаттар жүйесі: Түсінік
Оқушылардың іс-әрекеті: Оқушы білімді қабылдайды, түсінеді, түсіндіреді
Мақсаттар жүйесі: Қолдану
Оқушылардың іс-әрекеті: Алған білімді қолданады
Мақсаттар жүйесі: Талдау
Оқушылардың іс-әрекеті: Білімді жай қабылдамайды талдайды, саралайды салыстырады
Мақсаттар жүйесі: Жинақтау
Оқушылардың іс-әрекеті: Алған білімнен жаңа өнім жасап шығарады
Мақсаттар жүйесі: Бағалау
Оқушылардың іс-әрекеті: Өз пікірін білдіреді, сынайды, жоққа шығарады не мақұлдайды

Блумның бұл таксономиясы танымдық үрдісті ең қарапайым деңгейден бастап бірте-бірте күрделенетін 6 деңгейге жіктейтіндігін ескере отырып, қарапайым деңгейге есте сақтау, түсініп білу, еске түсіру, ал одан кейінгі түсіну деңгейінде сол ақпаратты басқаша, өз сөзімен жеткізе алумен жалғасады. Жаңа ақпаратты бөліктерге бөліп зерттеуден кейін оны өз тәжірибесінде тасымалдай алу сияқты алдыңғыға қарағанда күрделі әрекетке ұласады. Қарама - қарсылық туғызу, шешім қабылдау, баға беру оқушының білімін дамытудағы ойлаудың жоғары деңгейінде жүретін жұмыстар. Сөз етіліп отырған деңгейлерге сәйкес танымдық үрдістің мақсаттары бірте-бірте күрделенетіндігі заңдылық. Әр қадам сайын сол деңгейде орындалған әрекетке баға беруді жүзеге асыру арқылы оқушының білім деңгейі артып, шығармашылығы шыңдалады. Шығармашылық жұмыстарды орындағанда оқушылар өзінің болжау, топшылау, түрлі құбылыстардың арасындағы байланыстарды салыстыра білу қабілетіне сүйене отырып, ой қорытындысын жасап, жаңа шешім табады, өзіндік жаңалық ашады. Бұл жаңалықты бала шығармашылығын дамытуда пайда болған өзгеде жоқ қайталанбайтын өнім деп қарауға болады. Оқушы білімін шығармашылық деңгейге жетелеу өнімді тәсілдермен жүзеге асады. Ол өнімді деңгей деп аталады.

Өнімді, шығармашылық деңгей - анализ/талдау/, синтез /жинақтау/, баға. Блум таксономиясының ұтымдылығы да сол, ол оқушыларды шығармашылық деңгейге жетелеуімен ерекшеленеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығармашылық қабілет деңгейін анықтау
Блум таксономиясының мақсаттары
Бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың теориялық негізі
Жаңартылған бағдарламаларда оқыту мақсаттарын жүйелеу
Математиканы оқытудың жалпы әдістері
Жазу - жазбаша мәтін жасауға бағытталған сөйлеу әрекетінің бір түрі
Таксономия технологиясының педагогикалық мәні
Мектепте қазақ тілін бастауыш сыныптарда оқытудың өзіндік ерекшелігін қарастыру
Қазіргі замануый технологияны, соның ішінде бастауыш мектепте оқу-тәрбие үрдісінде «Сын тұрғысынан ойлау технологиясын» қолдану
Оқушылардың шығармашылықты дамытуының өлшемдік сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz