Қазақ тіл білімі корифейлерінің ізін басып келген ғалымдар



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Шамғали Сарыбаев - қазақ тіл білімі корифейлерінің ізін баса келген ғалымдардың бірі.
2. Ш. Сарыбаевтың алғашқы еңбектері
3. Ғали Бегалиев - әдістеме ғылымының дамуына өзіндік үлес қосқан ғалымдардың бірі
4. Ғали Бегалиевтің әдістеме жөніндегі алғашқы мақалалары
5. И.Ұйықбаевтың қазақ тілін оқыту әдістемесі тарихына қосқан үлесі
6. И.Ұйықбаев құрастырған Қазақ тілі методикасының библиографиялық көрсеткіші атты еңбегі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Шамғали Сарыбаев
Шамғали Сарыбаев - ХХ ғасырдың 20 жылдарында А.Байтұрсынұлы бастаған қазақ тіл білімі корифейлерінің ізін баса келген ғалымдардың бірі.
Ш.Х. Сарыбаев 1893 жылы, наурыз айының 11-күні Батыс Қазақстан облысының Орда ауданына қарасты Қарашағыл деген мекенде дүниеге келген. Жастайынан еңбекке араласады. 1913 жылы Шамғали Орынборда мұғалімдер даярлайтын құсайния татар мектебіне оқуға қабылданады. Сонда өздігінен орыс тілін үйреніп, татар әдебиетін біліп шығады. Мектепті 1916 жылы бітіріп, Қазалы қаласына келіп бала оқытумен айналысады.
1918 жылы Шымкентте уездік халық ағарту мекемесіне басшылық жасайды. Кеңес өкіметі орнаған жылдары Ташкенттегі Педагогика институтында қазақ тілі пәнінен оқытушылық қызметте болады. Өз заманының зиялы азаматы ретінде Ш.Х. Сарыбаев өзінің мұғалімдік тәжірибелерінен түйген келелі ойларын сол кездегі Жаңамектеп, Еңбекші қазақ , Еңбек т.б. сияқты баспасөз беттерінде жариялап отырады. Оның Сауатсыздықпен күресу жолдары, Тіл құралды оқытудағы тәжірибелер, Қазақ мектептеріндегі орыс тілін оқыту жайы тәрізді мақалалары жарияланады.
Ұстаз-ғалым елді сауаттандыру үшін қазақ тілінің қадірін арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударады.
Шамғали Сарыбаев 1923-34 жылдары Ташкентте Орта Азия коммунистік университетінде ұстаздық қызмет атқарады. Ал 1934 жылы Қазақстанға қайтыр оралып, Алматыдағы сол кездегі Журналистика институтында 1937 жылға дейін дәріс береді. Жоғары оқу орындарында қызмет еткен жылдары оның қаламынан қазақ тілі мен оның оқыту әдістемесінің әртүрлі мәселелеріне байланысты ғылыми мақалалары жазылып, жарияланады. Ғалым кейін 1954 жылға дейін Абай атындағы КазПИ-де қызмет істейді.
Ш. Сарыбаевтың алғашқы еңбектерінің бірі Е.Қожантаев пен Ғ.Табынбаевпен бірігіп жазған Үлкендер үшін әліппе 1921 жылы Ташкент қаласында жарыққа шығады. ХХ ғасырдың 20 жылдарындағы сауат ашу науқаны басталған тұста бұл әліппенің қазақ жастарының сауатын ашудағы маңызы ерекше болған. Кейін 1931 жылы Ташкент қаласында қазақтың мақал-мәтелдерін жинап бастыруда үлкен еңбек еткен ақын Ө. Тұрманжановпен бірге Бірінші басқыш мектепке арналған әліппе кітабы , 1932 жылы Қ.Оспанұлымен бірге Екпінді күш 1 - класс үшін әліппе кітабы, 1933 жылы А.Әлібайұлы, М.Долайұлымен бірге жазған Ана тілі бастауыш политехника мектептерінің 3-4 кластары үшін атты оқу құралдары басылады.
Осылайша мектепке оқулық жазу сияқты жауапты да күрделі істерді істеу қажеттілігі туып тұрған заманда, соның үдесінен шығуды көздеп , ғылымдағы негізгі тырнақ алды туындыларын арнаған ғалым кейін іргелі ғылыми мәселелермен де айналысады.
Қазақстанға келгеннен кейін ғалым қаламынан туған Түоліше жазылатын бір мәнді сөздер туралы, Емле жүйелері, Сызықшаның бастауыш пен басқа мүшелер арасында жазылатын орындары, Грамматикалық мағына деген не?, Табыс жалғауының тасалануы, т.б. сияқты тіл білімінің өз кезеңіндегі өзекті мәселелеріне арналған ғылыми мақалалары жарыққа шыға бастайды.
А.Байтұрсынұлының Тіл танытқышынан сусындап өскен бұл кездегі ғалымдар түркі тіл білімі үшін ең маңызды саналатын күрделі теориялық мәселелерді көтере алғандығымен де ерекшеленсе керек. Айталық, автор қаламынан шыққан Грамматикалық мағына деген не? Төрт етістік (отыр, тұр, жатыр,жүр), Қосылып жазылмайтын сөздер атты мақалалардың көтерген жүгі жеңіл емес еді.
1920-190 жылдар мектеп ісі үшін, жалпы ағарту саласы үшін аса ауыр жылдр болғанын атап өту парыз. Бұл заман салған ауыртпалықтармен қатар, жазу таңбасының қайта-қайта өзгеруімен де байланысты болды. Ахмет Байтұрсынұлының реформаланған әліппесімен сауатын ашып қалған қазақ жастарына аз жылдың ішінде латын қаріпін, одан да көп ұзамай Кирилл жазуын меңгеру қажеттілігі туындады. Осы ретте мектепке арнап оқулық , оқу құралдарын жазу, емлені реттеу, оның негізгі принциптерін белгілеу сияқты күрделңі мәселелер ғалымдар алдында тұрған келелі міндеттер болды. Ш.Х. Сарыбаев та мұндай күрделі мәселелерден шет қала алмады. Емле жүйелері, Ы,і-нің жазылуы туралы, Қосымшалардың өзгеруіндегі қайшылық т.б сияқты мақалаларын ғылым осы мәселеге арнаған.
Ғалым 1944 жылы Орыс мектептерінде қазақ тілін оқыту методикасы атты тақырыпта кандидаттық дисертация қорғайды. Бұл жұмыс қазақ тілін оқыту әдістемесінен арнайы қорғалған тұңғыш ғылыми жұмыс еді. Кейіннен Жоғары мектептер программаларын( Т. Қордабаевпен бірге), Қазақ тілі методикасының программасын жазады.
Жоғары оқу орындарында қызмет етіп жүрген жылдарда әдістемелік негіздегі өзінің негізгі туындылары жазады. Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері атты еңбегі соның куәсі.
1956 жылы Ш.Сарыбаевтың Қазақ тілі әдістемесінің кейбір мәселелері деген кітабы шықты. Бұл еңбектің қазақ тілінің әдістемесін дамытуда өзіндік үлесі болғаны анық.

Ғали Бегалиев
Әдістеме ғылымының дамуына өзіндік үлес қосқан ғалымдардың бірі - Ғали Бегалиев.
Ғали Бегалиев 1887 жылы Батыс Қазақстан облысы, Қазталов ауданында дүниеге келген. 1907 жылы Қазандағы Мухамедия медресесінде оқиды. 1907-1909 жылдары Торғай облысында мұғалімдік қызметте болады. 1910-1912 жылдары Орынборда орысша курсты бітіріп, Батыс Қазақстан облысының Ақбұлақ стансасындағы қазақ мектебінде мұғалім болып жұмыс істейді. 1918 жылы Орал қаласында бірыңғай еңбек мектептерінде мұғалімдер даярлайтын курс ұйымдастыруға қатысып, онда негізгі пәндерден дәрістер оқиды.1922-1924 жылдары Орда қаласындағы педагогикалық техникумда мұғалімдік қызметте болады. Ал 1924-1930 жылдары Орал қаласындағы Қызыл Ту газетінде, Алматыдағы Еңбекші қазақ газеттерінде істейді. Осы жылдары КазПИ-де қазақ тілінен және қазақ тілінің оқыту әдістемесі пәндерінен сабақ береді. Қазақ ССР оқу министрлігінде инспектор болып жұмыс та істейді. 1931-1933 жылдары ол Мәскеудің әдіскер - тілшілер даярлайтын педагогикалық ғылыми зерттеу институтының аспирантурасында оқып, филология ғылымының кандидаты атағын алады.
Ғали Бегалиевтің әдістеме жөніндегі алғашқы мақалалары 1930 жылдары жарық көреді де, онда негізінен өзі жақсы меңгерген бастауыш мектептердегі қазақ тілін оқытудың қыр сырын ашуға талаптанады. Ауыл мектептерінде сабақ беріп жүрген мұғалім-ұстаздарға көмек болатын әдістемелік кеңестер жазады. Әдіскер-ғалымның Бастауыш мектептегі қазақ тілінің методикасы(1940), Әріп, дыбыс, буын, Бастауыш ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихи дамуына үлес қосқан ғалымдар еңбектерінің орны
Орта мектепте етістіктің шақтарын оқытудың тиімді жолдары
Сөйлемнің тқрлаусыз мүшелері
Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі; өлең сөздің теориясы; шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері; әдеби үдеріс (процесс), әдеби әдіс, бағыттар мен көркемдік тәжірибелер
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН БАСҚА ҰЛТТАРҒА ОҚЫТУ ТАРИХЫ, ЗЕРТТЕЛУІ
Қазақ тілінің сарфы
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму тарихы
Журналистиканың қоғамдағы орны
Оралхан Бөкейдің монологтары
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің даму тарихы жайлы
Пәндер