Ұстазы мықтының – ұстанымы мықты (эссе)
Ұстазы мықтының – ұстанымы мықты
(эссе)
Еліміздің ертеңі – бүгінгі
жас ұрпақтың қолында,
ал жас ұрпақтың тағдыры
ұстаздардың қолында
Н.Назарбаев.
Менің ұстаздық мамандығына қызығушылығым бала кезімнен басталды.
Меніңше, ұстаздық – киелі маман, Ұстаз – ұлы есім. Ұстазы мықтының –
ұстанымы мықты демекші өзім ұлағатты ұстаздардан тәлім тәрбие, білікті
білім, өмірлік өнеге алып, сол ұстаздардың шеберліктеріне қызыға қарап
өмірге бағдар алдым.
Мұғалімнің негізгі міндеті — жеке тұлғаны дамытып, оның алғашкы
қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен
дүниетанымын қалыптастыру, окуға дегеп қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру
болып табылады. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға ~
ұстаз. Тек мықты үстаз ғана осындай ауыр жүкті алып жүре алады.
Халқымыз әрқашанда Ұстаз мәртебесін көтеріп, аса жоғары қастерлеп,
бағалаған. "Ұстаздық еткен жалыкпас, үйретуден балаға", "Адамның адамшылығы
жаксы ұстаздан болады", деп айтқан ұлы Абай.
Ал чехтің педагогі Я.А.Коменский: "Мүғалім - мәңгі нұрдың кызметшісі, ол
барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз
жалын иесі", — деп, ұстаздар қауымын жоғары бағалаған. Білім беру ісінде
ұстаз басты әрі шешуші тұлға болып саналады.
ХХІ ғасыр есігін ашқан қазіргі таңда мектепке, ұстаздарға үлкен
талаптар қойылуда. Ұстаз ұғымы – мағынасы кең, мәні терең, тарихи ұғым.
Адамзат баласының дамуында білімнің қажеттілігі сол білімді таратушы,
жеткізуші ұстаздың қажеттілігімен бірдей маңызға ие болған. Ұстаздың
білімділік, абырой беделінің айнасы – шәкірті, деп халық тегін айтпаған.
Әлемнің талай ой алыптары, небір ғұламалар ұстаз алдынан өткен, олар
өздерінің ұстаздарына мәңгі борыштар екенін болашақ ұрпаққа өсиет етіп
қалдырған. Сондықтан ұстаз мақсаты - өз шәкіртіне саналы да білімді,
парасатты, жан-жақты қазіргі өмір талабына сай сегіз қырлы бір сырлы азамат
тәрбиелеу.
Белгілі ағартушы, қазақ әдебиетінің ірі өкілі Жүсіпбек Аймауытов ұстаз
қызметін Ұстаз - шәкірттерге сабақ берумен, білім үйретумен шектелген
маман иесі емес, ол шәкірттерінің алдағы өмірін көз алдына келтіріп, өз
басынан кешірген тәжрибесіне сүйеніп, келешекте жазатайым аяғын шалыс
басып, өмірден соққы жеп, өкінбеске күні бұрын сақтандыратын қорғаушысы,
қамқоршысы, - деп биік баға берген.
Мұғалім ең алдымен бала жүрегімен пернелерін дәл тауып, оны ойната
білетін тамыршы болуы тиіс.
Ол оңайлықпен келе ме, бала жүрегінен орын алуға жол қайда?
Ұстаздың өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, терең білімі, айқын
қойылған мақсат жолындағы ізденіске толы еңбегі – бала жүрегіне жол табар –
қыл көпір, міне осы деп, көп жылғы еңбегіме сүйеніп толық айта аламын.
Осының бәрін мейрімділікпен ұштастыру - нұр үстіне – нұр, ұстаз
шеберлігінің бір қыры.
Ұлы Абай Мейрімділік – бауырым деп адам баласын жақын тартқанда іске
асатын қасиет деп бағалаған. Мейрімділік бар жерде сенім бар. Сенім барда
не қажеттің бәрі бар...
Ұстаздың қоғам өмірінде алатын орны мен олар атқарып отырған
міндеттердің айрықша маңыздылығын Елбасымыз Н. Назарбаев Мұғалімдер –
қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең саналы бөлігі болып
табылады деп атап көрсетті.
2030 жобасын басшылыққа алған біздің республикамызда білім берудің
жаңа жүйесі жасалып, жаңа базистік оқу жоспарына көшу, білім мазмұның
жетілдіру, жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерге көшу, яғни
әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.
Дегенмен, мұғалім мамандығы көңіл жібітетіндей қорғауды, қамқорлықты
қажет етеді.
Қазіргі кезде өзінді табу оңай емес. Өйткені білім беру жүйесіндегі
жаңа құбылыстар кімді болса да, тіпті тәжірибесі, еңбек өтілі көп адамды
адастыруы мүмкін. Сондықтан ұстаз шын мәнінде керекті пайдалы нәрсені,
керексіз бірақ көзге түсетін нәрседен айырып беруші шеберлікті қажет ететін
мамандық, бұл - бір. Екінші, ХХІ ғасыр - компьютерлік ақпараттар легі
заманы. Әлемдегі болып жатқан хабарлар туралы интернет арқылы минутында
мағлұмат алып отырған жасөспірімді әлденемен тандандыру, жаңа сабақ
түсіндіріп, дәріс беру, қолдан келе беретін оңай іс емес. Ұстаз осыған
дайын болу керек.
Ұлтымыздың жарық жұлдызындай ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынов Білімділікке
жеткізер баспалдақ, ол біліктілік, сол білімді іске асыра білу дағдысы деп
айрықша көрсеткен. Жаңа ғасыр мұғалімі шәкірт алдында терең білім, жан-
жақты білікті тұлғасымен дараланып қадірленуі тиіс.
Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы десек, оларды
парасатты, саналы азамат етіп тәрбиелеу — әрбір ұстаздың борышы. Бүгінгі
мүғалім кіші мектеп оқушыларына тек білім беріп қана қоймай, оларға
халықтык педагогиканың нәрлі қайнарымен сусындату, әрбір оқушы бойына
ұлттық мінез-күлық, адамгершілік, сыпайылық пен кішіпейілдік қасиеттерін
калыптастыруға, баланың жан дүниесін рухани қазыналармен байытуға, қазақ
халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін меңгертуге тиіс.
Алдыңғы қатарлы тәжірибені жетілдіре отырып, оқу үрдісіне жаңа әдіс-
тәсілдерді, оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, окушылардың жалпы дамуын
камтамасыз етуі керек. Бала жаны жаңалыкка құмар, білмегенін білгісі келіп,
белгісіз нәрсені ашуға тырысатын болғандықтан, мұғалім олардың осы
талпынысын дамытуға көңіл бөлуі тиіс. Оқушылардың сүйіспеншілігін арттыру
максатында сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді енгізіп, оны ұйымдастыру
формасын түрлендіріп отыру — мұғалімнің басты міндеті екені белгілі. Мұндай
жағдайда мұғалімнің шеберлігі, ұйымдастырушылық кабілеті үлкен рөл
атқарады. Мектеп окушылары үшін мұғалім - олардың еліктейтін, үлгі ететін
абыройлы жан. Олар ұстазының бүкіл ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz