Жұмбақтар: Қару-жарақ, аңшы және аңшы құралдары


Бір нәрсе үш қанатпенен ұшар,
Мысалы аяқпенен аузын ашар,
Өлік құс тірі құстың қанын шашар.



Белі қайқы,
Жоны тайқы.



Сырты ағашпенен қабатталған,
Ілініп бір бөлігі салақтаған.
Асылды ішіндегі алсаң тартып,
Тіліндей оқ жыланның жалақтаған.



Қара күшігім қабаған,
Артына киіз жамаған.



Бір нәрсе қимылдамас жүр дегенде,
Көтерілмес орнынан тұр дегенде,
Қарап жатыр десең де қимылы тез,
Жылдамдығын білдірер білмегенге.



Бір нәрсе алты аяқты жүрген өзі,
Ешкімді құтқармайды келсе кезі.
Қызығы әр жәндіктен алып жесе,
Ғажайып маңдайында жалғыз көзі.



Шаңырақты, түндікті,
Шіреніп жатқан бір мықты.
Тие көрме құрғырға,
Тиіп кетсең ырғытты.



Жатады көкке қарап аузын ашып,
Жалғанда сағасынан бір-ақ басып,
Ұстайды, жібермейді кім болса да,
Қалады байқамаған асып-сасып.



Болғанда қолы біреу төрт саусақты,
Қызметке жақынырақ жүрер жағы.
Жұмсасаң жібермейді, іркілмейді,
Жаурадым, шөлдедім деп айтпас тағы.



Өзі батыр,
Жер астында жатыр.



Пәндер