Жұмбақтар: Киім-кешек


Жайсам - жамшыдай, Жапсам - қамшыдай.



Күрке ғой көрсең алыстан, Астында адам қорғалар. Ұстасаң бір тал қамыстан, Төбеден суы сорғалар.



Бір нәрсе, биік іші қуыс, Ол заттың сүйегі көп айқұш-ұйқыш, Көзі бар жарқыраған төбесінде, Жайса үлкен, жинағанда бір-ақ уыс.



Япырмай, отау көрдім есігі жоқ, Өзінің күн түсетін тесігі жоқ. Көтерген шаңырақты жалғыз бақан, Уығының байлауы бар, шешуі жоқ.



Талтаймашқа мен талтайдым, Талтаймаш маған талтайды.



Таңертең тұрдым, Айырыма міндім.



Күндіз толады, Түнде солады.



Азанда тұрдым, Екі сайды қудым.



Ерте тұрдым, Екі айыр жолға түстім.



Тұла бойы тыста, Екі қолы іште.



Пәндер