Жұмбақтар: Киім-кешек


Дөңгелек айналасы, төртеу көзі, Сөйлейтін ешбір хабар жоқ-ты сөзі. Нәрсені қашық тұрған жақындатып, Жібермей ұстап тұрар мықтап өзі.



Не нәрсе жұдырықтай дөп-дөңгелек, Ішінде бөлмесі бар бөлек-бөлек. Бөлмесіне көп түлік еркін сияр, Қабаттап айдап тықсаң ептеңкіреп.



Бір нәрсе қолға жұмсақ былқылдайды, Аузында екі тісі жылтылдайды. Салуға өзге нәрсе бұйрығы жоқ, Арнап салған нәрсеге жыртылмайды.



Кірт етіп кіріп кетті, Сырт етіп шығып кетті.



Өздігінен бата алмас, Адам өмірімен қатарлас. Ол болмаса пендеңіз, Тіршілік өмір жасамас.



Артында құйрығы бар, Төреден бұйрығы бар.



Ерте тұрдым, Екі айыр жолға түстім.



Пәндер