Жұмбақтар: Киім-кешек


Iшi мата,
Тысы мата,
Арасы мақта,
Төрт бұрышты қабылған,
Бұл не,
Жатарда табылған?



Киiмдегi қуыс,
Ұсақ-түйекке ыдыс.



Жайсаң түңлiк,
Жисаң дiңгек.



Дөңгелек өзi,
Төртеу көзi.
Ұстайды мықтап,
Тұрғанды сырттап.



Қолы бар, Саусағы жоқ.
Мойны бар, Басы жоқ.



Ашамайды арта салдым, Айыл жібін тарта салдым.



Жансызға бітеді екен құйрық қанат, Адамнан қалмаймын деп етер талап, Ішінде қанатының екі жіп бар, Не нәрсе бұл айтқаным, тезірек тап.



Үшеуі салпы, Бірі таңқы.



Алды ұзын, арты қысқа, Беттері өзіне сай әрбір тұста, Суықта да, жылыда да пана болар, Таппасаң басыңдағыны қолыңа ұста.



Басы жоқ, құсқа біткен екі қанат, Адамнан қалмаймын деп қылдым талап. Ішінде қанатының екі жіп бар, Не нәрсе бұл айтқаным, тезірек тап.



Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz