Жұмбақтар: Киім-кешек


Қара үй, Қара үйдің ішінде ақ үй, Ақ үйдің ішінде бес бала, Бесеуінің қолында бес айна.



Барады, барады, Аузын ашып қалады.



Аузы аңқайып қалады, Босағада тұрады.



Сырты қара, іші қызыл, Сұғып алсаң жып-жылы.



Ерте тұрдым, керек қылдым, Қажетімді өтеп алып, Босағаға тастадым.



Он екі тесігі бар жалғыз тілі, Жып-жылтыр, сыртында жоқ тіпті міні. Көтерер адамзатты қиналмай-ақ, Жоқ екен күштілікке ешбір кемі. Сап алар аузын буып қапшығына, Өзінде дайын екен арқан жібі.



Ағайынды төрт кісі, Бір қалпақты киеді, Төрт кісіні төрт жерден Төрт ғашығы сүйеді.



Күні бойы сен оны Екі аяқтап аласың. Жатар кезде өзіңнен Аулақтатып қашасың.



Қалада бір нәрсе бар, он сайы бар, Жігітке пайда болар бір жайы бар.



Бес ін, Бес іннің аузы бір ін.



Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz