Жұмбақтар: Киім-кешек


Керегесі тыртық, уығы қысқа, Керек болған үй екен біздің тұсқа. Отарға мал айдасам, жолға шықсам, Үйімді тігіп жүрем жазда, қыста.



Бір нәрсе өзі түкті шұбар ала, Сипаты бек асып тұр көрсең жаңа. Ішінде шығар жері қиын екен, Егер де қолға түссе болар пана.



Бір нәрсе менен биік, Кейде менен аласа. Мұндай қызық дүниеде, Көріп пе едің тамаша.



Атамдікі - шошақ, Апамдікі - жалпақ.



Төрттен қосқан басы бар, Маңдайында шашы бар. Өзің көрген баяғы, Салпылдайды сабағы.



Дөп-дөңгелек басы бар, Маңдайында шашы бар. Өзің көрген баяғы, Сапылдайды сабағы.



Шылдыр-шылдыр жүгенім, Сұлу қара құнаным. Көлеңкесі көсіктей, Ауырлығы асықтай.



Сылдыр-сылдыр кісенім, Сылдырлайды кісенім, Құлағында құлпы жоқ, Құдіретті кісенім. © www.ZHARAR.com



Биік таудың басында қара лашық, Түңлік жабық болғанмен есік ашық, Қайда жүрсең қажетің соған түсіп, Құтылмассың керексіз деп одан қашып.



Бір жануар бар екен өзі сұсты, Себеппен ортасында сызық түсті. Бір жігітті тұрады буындырып, Дүниеде көрмедім ондай күшті.



Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz