Жұмбақтар: Киім-кешек


Аузы бiр –
Қос құбыр.



Ерте тұрдым да,
Қос жолға түстiм.



Күндiз
Таяғымды қаптаймын,
Түнде
Босағаға тастаймын.



Күнi бойы жүргiзедi,
Үйге де кiргiзедi.
Бiрақ, өзi iзеттi,
Босағада қалып
Шығуымды күтедi.



Бес айналы туыс,
Тапқаны бiр қуыс.



Қаз-қарта тесiгi бар,
Қақпақсыз есiгi бар.
Көмейiнде тiлi бар,
Аузын буар жiбi бар,
Кеме сынды пошымы,
Бiлсең айтшы, осыны?



Есiгi бiреу,
Бөлмесi бесеу.



Аузы бiреу бес құдық,
Қыстыкүнi бойлатам,
Бесеуiне бес құрық.



Ағайынды бес туыс,
Жамылатын тоны бiр.
Бесеуiнде бес қуыс,
Сырттан кiрер жолы бiр.



Қандай байлық iшiнде,
Барын өзiм бiлетiн,
Қоймалар көп үстiмде,
Көшiп бiрге жүретiн.



Пәндер