Жұмбақтар: Оқу-білім және оның құралдары


Жаны жоқ қаршыға қолға қонар, Жем алып қиын жерден аузы толар, Мен өзім қаршығамнан баһра алдым, Шешуі осы сөздің қиын болар.



Ат міндім қарала аяқ қаздақтатып, Жүргенде жол салады табандатып.



Астында төсегі бар салған тағы, Адамша сөз сөйлейді тілі жоқ, жағы, Теңізден салған жолы сайрап жатыр, Мүдірмей ойлап тапшы мұны-дағы.



Бір ат бар бесеу ара,өзі жорға, Саламын жорғалатып жолдан-жолға. Найзамен қар үстіне суды құйып, Ғажайып бір іс қылдым осы жолда.



Қара-дүр қасы, Жарық-дүр басы, Тұқаң-тұқаң еткенде, Келеді көздің жасы.



Атыңнан айналайын Әбдіхалық, Дымдыға дымсыз кірер басы жарық.



Жаны жоқ, бірақ ізі бар, Жетектеп өзің жүресің. Сол ізді қайта зерттеп кеп, Көп нәрсені білесің.



Бір бөлек көріп жүрмін жайма базар, Өн бойы бір азамат қағаз жазар. Қасында құдығы бар тастан соққан, Суарып қолда сайман пайдаланар.



Жапанда бір құдық бар суы тәтті, Қшінде бір бәйтерек бек айбатты. Жаралған десең болар, қандай шебер, Адамзат не бол десе,сол болыпты.



Бір нәрсе құмырсқа бел,сүйрік тұмсық, Екі бүйірі шығыңқы, көзі қисық. Жансызда жалықпайтын соны көрдім, Жорғалап қызмет етер құстай ұшып.



Пәндер