Жұмбақтар: Оқу-білім және оның құралдары


Жер көрдім қаласы бар, Үйлері жоқ мекендейтін. Көп көрдім, өзен көрдім, Сулары жоқ тереңдейтін.



Бір сирағы біз, Бір сирағы салады із.



Болғанда айналасы, түсі қара, Ілулі көпшілікке тұрған жаңа. Бірде бар, бірде жоқ боп құбылып тұр, Ақылым жете алмай жүр буған жаңа.



Болғанда айналасы, түсі қара, Ілулі көпшілікке тұрған жаңа. Бірде бар, бірде жоқ боп құбылып тұр, Туа салып анадан соны қуған.



Алыстан үйде отырып, алдым хабар, Формалап әрбір жерді бояу жағар, Айлықпен анда-санда барған деп, Тоқтамастан тана тағар.



Аяғы жоқ жүреді, Аузы жоқ сөйлейді.



Бір мақұлық бар тілі жоқ, Сөйлегенде міні жоқ.



Әкеміз Ормамбет хан, біз немере, Ойласаң ойға түсер әрбір неме. Адамға тілсіз, жайсыз сөйлеседі, Қолы жоқ, аяғы жоқ ол немене?



Келеді сапар тартып алуан жолдан, Тамаша қызығы көп түспес қолдан. Қызығын оқысаңыз тамашалап, Қаласаң хабарласып барлық жайдан.



Үйіне мәңгі қайтпайтын, Қонақтар түнде келеді. Іздесе адам таппайтын, Жаңалық айтып беретін.



Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz