Жұмбақтар: Діни


Қырық сегіз оқ, садақ бар тал белімде,
Шешенің мені жеңер бар ма еліңде,
Бес бақан, отыз оқ жұмбағым бар,
Таба ғой шешен жігіт қапелімде.



Төрт жүз ат айдадым санамай,
Қырық ат айдадым байламай.



Бар екен бір ғажайып тіпті өлмеген,
Адамға мына жүрген көрінбеген .
Жұмбақ тұр тіпті қиын таң қалғандай,
Бар ма екен үлкен кісі бұны білген.



Бар екен бір қақпалы үлкен шаһар, Өзінің қырық сегіз көшесі бар. Мұқтажың көңілге алған табылады, Не керек қандай қажет жұмысың бар?



Құдай берген ақ атан, Салсам - жүк көтерер, Жүрсе - ізді, Панасы - қызды.



Айнала ақ терек, Бұтақсыз, жапырақсыз.



Жүз он төрт балапан бар бір ұяда, Сөздері балдан тәтті бек зияда. Жүз он төрт балапанда бес мың тіл бар, Білмейді қайбір надан қапияда.



Мекеде бір дария бар беті қатқан, Бетіне бетегесі шығып жатқан.



Диірмен-диірмен тасы бар, Алтын күрек қасы бар. Оны тапқан адамның Бір жүз жиырма бес жасы бар.



Қат, қат, қат кигіз, Қатауыл тұрған қай кигіз? Бүк, бүк, бүк кигіз, Бүктеулі тұрған қай киіз?



Пәндер