Жұмбақтар: Діни


Біреу екеу болмайды, Екеу үшеу болмайды, Үшеу төртеу болмайды, Төртеу бесеу болмайды, Бесеу алтау болмайды.



Шығасың, шығасың - шыға алмайсың, Қарайсың, қарайсың - көре алмайсың. Не сұрасаң - баршаға береді.



Ақ арқанға байлаулы ақбоз ат, Ат пысқырса - жоқ қылады, Арқан үзілсе - шоқ қылады.



Бір жанды бұл уақытта неғылып жүр? Боларын қияметтің сағынып тұр. Құдайдың құдіретін дұрыс деме, Үстіне он төрт көрпе жамылып тұр.



Ала қарға алалайды бар адамдарды, Жылында бір келеді, жаралайды.



Көрінеді ту алыстан көкше теңіз, Тырнадан он бірі семіз, бірі арық, Бөлініп бір топ үйрек кетті-ау ұшып, Ол үйрек әлде жеті, әлде сегіз.



Намазды бес уақытта бес оқиды, Құтпанды бәрінен де кеш оқиды. Мен сенен ақын болсаң сөз сұрайын, Намазды жыл он екі ай неше оқиды?



Бадахшанда бір ай бар, Жер жүзінде бір ай бар. Ол жүз айдың ішінде, Масқара болған бір ай бар. Масқара демей не дейін, Құранға түскен шырай бар.



Отыз дуадақ, Бес безгелдек, Бір әдемі атты кісі, Бір аққу.



Бір түп әңгелекте он екі әңгелек болады, Он екі әңгелектің біреуін тапқан адамға сауап болады.



Пәндер