Жұмбақтар: Діни
Үш жүз алпыс бес шығыршық, Қырық сегіз тығыншық, Аққу жылына екі рет балалайды.
Қолымда бес алмам бар, Бес саусақтың саласындай. Оның үшеуі күнді көріп, күнге піскен, Екеуі көлеңкенің саясында.
Қолымда бес сақинам бар шығармай, Оны тапқан жігітке мен тиемін мал шығармай.
Бір сарай ішінде көп ағаш, Бұтағы жиырма төрт, басы құрдас. Құдайдан бір нұр келді бөліп ал деп, Бөледі қалайынша ақыл сынас. Ішінен бес бұтағы шықты басқа, Сөз айтты ақылменен қарындасқа. Екеуі күндіз алды нұрдан бөлеп, Үш бұтақ алды қылып басқа. Бес бұтақ ортасынан бөліп алды, Он тоғыз бұтағы мақрұм қалды. Шығарды Даужан Сұлтан Темірұлы, Тәубәға көп құрбылар зейін салды. Қыдыр етсең сол нұрды ықыласыңмен, Құдайым берер дәулет шыныменен Жұмбақтың шешуі сол емес пе Баршасын айтып жаздым күніменен.
Бір үйде бір қыз көрдім екі есікте Бір жігіт оған келіп кездесіпті. Көтеріп қыз аяғын "Cұқыба” айтып, Екеуі бір кәлиме сөйлесіпті. Келер жігіт жалғыз келіп еді, Қайтарда ашты екеуі бір есікті.
Бір құстың зияны бар адамзатқа, Шығады мезгілімен әр уақытта. Еш адам онан қашып құтылмайды, Құдая, сол құсыңнан өзің сақта!
шінде мың қасқырдың бір жолбарыс, Қасымнан айқайласам кетпейді алыс. Қасқырды қашар деген бар үмітім, Жолбарыс шаппай кетпес көптен таныс.
Қолымда сақинам бар ал шығармай, Екі қасқыр мал жейді қан шығармай.
Бұрынғы уақытта бір хан болған, Лашын, сұңқар, қаршыға, бүркіт салған. Оның төртеуі де қарап болып, Күйкентай отыз үш мыңға барған.
Дүниеде бір жан бар мұздан тайғақ, Өтеді қой мен ешкі одан айдап. Ебі келсе түйе мен сиырда өтер, Бұл сөзге "хадис” пенен "аят” айғақ.
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz