Жұмбақтар: Жеміс-жидек, көкөніс, егін


Айт десе жүгірмес, Су тисе сілкінбес.



Шеңбер жасап өседі, Желмен бірге көшеді.



Онда барып ондай болдым, Мұнда келіп мұндай болдым, Белін буған қындай болдым.



Басына үлпілдетіп таққан шашақ, Бұралып тал шыбықтай тұрған жасап.



Қатар-қатар тұрғандар, Түлкі тымақ кигендер.



Қалың киімді ұнатады, Шешіндірсең жылатады.



Жер астында ақбоз ат, Терісі бар он қабат. Жалынан ұстап соярсың, Жей бастасаң жыларсың.



Бар екен жер астында түйме басты, Мәнісін адам тауып айта алмасты. Өзінің кемеліне әбден келіп, Басына көріктей ғып ығыр шашты.



Тоғай толған жандар бар, Әр жандардың ішінде Бөлмелеп салған тамдар бар.



Бір нәрсе ұзын бойлы сәлдесі бар, Қойнында құшақтаған баласы бар. Айтайын мұның жайын сұрасаңыз, Аққұба ұйықтап жатқан анасы бар.



Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz