Жұмбақтар: Жеміс-жидек, көкөніс, егін


Күннің нұрын сүйемін, Күнге басымды иемін. Моншағым жоқ мойнымда, Үлкен қалпақ киемін.



Бір сиырым ала бас, Жан-жағына қарамас.



Жиып қойсаң анасын, Жеуге болар шикідей, Бұл іске қайран қаласың.



Ол күнді күзетеді, Күн оны түзетеді.



Күннен көзін алмайды, Мойны бірақ талмайды.



Бір үйде бар мың қақпа, Бір қақпасы күн жақта.



Өзінің жаны жоқ, Айға, күнге қарайды.



Бір ел бар су ішетін тамақ емес, Сөйлесіп бір-бірімен қылмас кеңес, Үстіне жаздыгүні киім киер, Қыстыгүн жалаңашы ештеңе емес.



Көгеріп май алдында түрге келген, Күшімен адамзаттың өсіп-өнген. Тамыз бен қыркүйекте күні толып, Әлеумет пайдаланар алып жерден.



Бес-бес біләлі, Білектері қыналы, Жасыл ала тон киіп, Жайнап шыққан біләлі.



Пәндер