Жұмбақтар: Жеміс-жидек, көкөніс, егін


Өзі ұзын жіңішке, Бұтағы жоқ.



Тасқа шығар көк, Бірақ тамыры жоқ.



Ұзын терек, Іші кеуек.



Ақ сәлделі молдалар Ертелі-кеш аллалар.



Буын-буын, буыншақ, Түйін-түйін, түйіншек. Қырық қыздың шешесі, Әлі көрсем келіншек.



Айтайын мен бір жұмбақ қыл тамаша, Тыңдама жұмбағымды ұнамаса. Ішінде сүйектері бақша-бақша, Басында бар шағасы оннан аса.



Сырты бүтін, Іші түтін.



Аяғынан қаз тұрған, Қалпағы бар антұрған.



Бір кезде қыз келіншек болған мырза, Өзінің көркемдігіне болып ырза. Бір аздан соң түрін көрсең, Қалады бөлек-бөлек болып сайда.



Мұз астында қыстайды, Жасыл тонын тыстайды.



Пәндер