Жұмбақтар: Жеміс-жидек, көкөніс, егін


Формы бар домалақ, Көміп қойдым сығалап, Жақсы болса тұрмысы, Шығады екен қоғалап. Бес ай тамам біткенде, Қаптап алдым құмалақ.



Аласа ғана бойы бар, Қабат-қабат тоны бар.



Аласа талда алуан алма, Алқызыл болмай аузыңа салма.



Шақырсаң өздігінен бара алмайды, Сұрасаң бірде жауап бере алмайды. Егер де отқа салсаң өліп кетер, Бір жерін кесіп алсаң қанамайды.



Қозғалмай бір орында қарап тұрар, Адамның қажетіне жарап тұрар. Қаншалық жәбір көрсе, сабыр етіп, Және де көбеймекке талап қылар.



Ұзын-ұзын ұзарады, Ағарады, бозарады. Өскен сайын басын иіп, Мұңаяды, қызарады.



Қалтырап жап-жалаңаш, Тұрғанда терек, қарағаш. Көк желегін жамылып, Құлпырар қыста қай ағаш.



Жазы, қысы өзгермес, Жаралған баста түрінен. Қанша аяз болса да, Айрылмайды гүлінен.



Тікен, тікен тік пісте, Қысы-жазы бір түсте.



Кескінсіз, талдай, Миуасы балдай.



Пәндер