Жұмбақтар: Жеміс-жидек, көкөніс, егін


Әрі қызыл, әрі тәтті, Татқан жанды таңырқатты.



Гүлсіз миуа піседі, Көп жесең тіл жарады. Ай сияқты дөңгелек, Бұны кім табады?



Сырты қызыл, іші ақ, Ортасында бір таяқ.



Сары қапта бір қап ұн, Ұн ішінде бір ұстұн.



Болат жапырақ шешесі бар, Тәтті бике қызы бар, Тастай қатты баласы бар.



Әңкүр-мәңкүр әкесі бар, Жайлы шыбық шешесі бар. Сұлу бикеш қызы бар, Арамзада ұлы бар.



Жер астында жез қазық, Жеуге болар ас қазық.



Жаздай інге тығылып, Жатқан қызыл түлкіні Құйрығынан суырып, Әкелді әжем бір күні.



Тоғыз қабат қызыл торқасында, Өседі екен ақ сүйрік ішінде.



Қанттан ақ, бүйірі тоқ, Жерден алар керегі көп. Киетіні қызыл, жасыл көйлектер Ол не екен; кәне, достар, ойлап көр?



Пәндер