Жұмбақтар: Жеміс-жидек, көкөніс, егін


Өзі қызыл , өзі қызық , Ортасында бір сызық .



Үстіне тігіп көк шатыр , Астында қызғылт дәу жатыр .



Үлпершекке қан құйып , Үріп талға байладым.



Ирек-ирек әкесі бар, Желбіреген шешесі бар, Тәттібике деген қызы бар.



Бұты, бұты ұзын, Бұтынан да қолы ұзын.



Қыста-мазар, Жазда-базар.



Азар, азар кетті, Әкесі мазар кетті, Баласы базар кетті.



Аспай піскен, Қайнамай түскен.



Отырған мекен етіп жапан дала, Бір талай мақұлыққа болған ана. Мезгілі жеткен шақта жүкті болып, Алты айда табады екен сансыз бала.



Түсі бар ақты, көкті, қызыл ала, Пайдасы адамзатқа тиген жаңа. Қойыпты ортасына қазық қағып, Сүйкімді көреді екен бала-шаға.



Пәндер